Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. 1990 жылдардағы ERP-жүйелердің дамуы 5 страница



Университетте студенттерге білім беруде тегін бағдарламалық қамтамасыз (Free Software) етуді қолдан жөн. Тегін бағдарламалық қамтамасыз етуде келесідей артықшылықтар бар:

· Үлкен сенімділік және тегін программалардың қорғалуы(тегін программаларды жөндеу меншік программаларға қарағанда тезірек)

· Программаны қалағанша қолдану, тарату және қайта өңдеу мүмкіндігі;

· Ең жаңа компьютерлік технологиялар қолданылады;

· Көптеген тегін программалар құрылғанынан көптілді болып құрылады;

Осыдан университетте оқу жоспарында және ғылыми жұмыстарда тегін программалық қамтамасыз етуді қолданған жөн. Бағдарламалық қамтамасыз етуді дұрыс таңдау оқу үдерісін жақсартатына көзіміз жетеді.

Бүгінгі күнде өзіміз қолданатын меншіктелген MS Windows операциялық жүйесінің орнына келесідей тегін операциялық жүйелерді ұсынар едім: Linux Ubuntu тобына кіретін Ubuntu, Kubuntu, Xubuntu, Runtu, Linux Mint операциялық жүйелері.

Linux операциялық жүйесінің артықшылықтарының бірі оның орнатылуының қарапайымдылығында. Заманауи GNU/Linux жабдықтарын орнату күнделікті қолданатын Windows жабдықтарына қарағанда әлдеқайда оңай және жылдам.

Өте әлсіз машиналарға бағытталған жабдықтар болады(процессор 300-400 МГц, жады128 Мб бастап), бірақ ең жаңа GNU/Linux жабдығына 1 ГГц басталатын процессор, жадысы 512-1024 Мб және қатқыл диск 20 Гб басталатын компьютер жеткілікті. GNU/Linux операциялық жүйесінің жабдықтары оңай таралады және қолжетімді программаларды қамтиды. Linux операциялық жүйесінде ыңғайлы және компьютерлік ресурстарға талап қоймайтын графикалық интерфейс бар.

Заманауи оқыту жүйесі әлемдік Интернет жүйесін қолданудан тұрады. Оңай программалармен әлемдік желіде жұмыс жасауда Mozilla FireFox web-браузерін, Mozilla Thunderbird және claws-mail почта қызметтерін пайдалануға болады. бқл программалар ыңғайлы, функционалды және қорғалған болып табылады.

Көп жағдайда оқу үдерісінде программалауды оқыту үшін Basic, Pascal және C/C++ программалау тілдерін қолданады. Тегін ортада Basicте программалаудың орнына OpenOffice.org Calc және Gambas (Linux үшін), Pascalде программалаудың орнына Gnu Pascal, Free Pascal және Lazarus виртуалды программалау жүйесін, ал C/С++ прграммалауының орнына gcc(g++) компиляторын қолдануға және оқуға болады.



Келесі этапта офистік программаларға тоқталсақ:

OpenOffice.org офистік бумасы көпплатформалы және заманауи GNU/Linux операциялық жүйесінің жабдықтарының құрамын кіреді. Бума келесі қосымшалардан тұрады: OpenOffice.org Writer мәтіндік редакторы, OpenOffice.org Math математикалық формулалар редакторы, OpenOffice.org Draw графикалық редакторы, OpenOffice.org Impress презентация көрсететін прграммасы, OpenOffice.org Base мәліметтер базасын басқару жүйесі және OpenOffice.org Calc электронды тблицалары.

OpenOffice.org форматындағы документтер MS Office форматындағы докуенттерге қарағанда аз орын алады. Сонымен қатар OpenOffice.org бумасының программалары файлдарды MS Office 95-2003 формасында сақтай алады және MS Office 2007 формасындағы файлдарды аша да алады.

 

 

5. Choose a suitable source of software for an international company? (Халықаралық компания үшін бағдарламалық қамтамасыз етудің қолайлы көзін таңда)

Бағдарламалық қамтамасыз ету

Бағдарламалық қамтамасыз ету кешені дерек қорларды қамтитын көп деңгейлі модельді, өңдеу барысының жиынтығы (қосымша серверлері) және бір немесе бірнеше серверлерде негізделетін клиенттік интерфейсті қамтамасыз етуге арналған WEB-сервистері.

Операциялық жүйе

Жүйенің серверлік бөлігі UNIX ұясының HP -UX базасында өнеркәсіптік деңгейде қызмет етеді. Көп мақсатты көпшілік пайдаланатын HP - UX операциялық жүйесі тоқтаусыз жұмыс істеудің тұрақтылығын (тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн, жылына 365 күн), жоғары сенімділігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ жүйенің одан әрі кең жайылуы үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. HP - UX операциялық жүйе 2 және одан да көп түйінді кластерлік жүйе құруға мүмкіндік береді.

Мәліметтер базасын басқару жүйесі

Қолданбалы БҚ серверлік бөлігі ORACLE Inc. бағдарламалық өнімдер негізінде жетілдірілген.

Мәліметтер базасы ретінде мәліметтерді талдау мен өңдеу жүйесі қызметтерінің кейбір бөліктерін қамтитын күшті ДББЖ ORACLE Database пайдаланылады.

Резервтік орталықтың үнемі дайын болып тұру ережесіндегі қызметін қамтамасыз ету мәліметтерді аз іркілістермен мәліметтер базасына бағыттаумен қамтамасыз етіледі. Мәліметтердің ауыстырылуының кепілдігі бойынша қызметі XP диск ауқымдарын айналау технологиясын қамтамасыз етеді, ол мәліметтерді кез келген байланыс желісі бойынша жеткізуді және олардың сыпайылығы мен мүлдем бүтіндігіне кепілдікті қамтамасыз етеді.

Келіп түскен мәліметтерді өңдеу, оларды синтаксистік талдау, электрондық қойылған қол сыпайылығы мен басқа да логикалық және қызметтердің күрделі есептелуін тексеру арнайы қосымша серверге жүктелген.

Қолданбалы бағдарламамен қамтамасыз ету

Қолданбалы кіші жүйенің бағдарламалық қамтамасыз етуі WEB-технологияны пайдалануға негізделген, төлем жүйелері серверлерінің кластерінде және жұмыс станциясында орналастырылған.

Әрбір кіші жүйе мониторинг үшін қажетті барлық қызметті, басқаруды, есеп беруді, биллингті қамтамасыз ететін арнайы қосымшалар жиынтығына ие. Барлық қосымшалар қазіргі пайдалану интерфейсіне ие.

Жүйенің барлық элементтерінің тоқтаусыз және тұрақты қызмет жасауын бақылау үшін арнайы бағдарламалық өнім пайдаланылады. HP Server Insight Manage өнім көмегімен серверлердің жағдай мониторингін жүргізеді.

Пайдаланушының төлем жүйесіне ену үшін төлем хабарламаларымен қорғалған кепілдендірілген алмасуды қамтамасыз ететін арнайы бағдарламамен қамтамасыз ету пайдаланылады. Барлық бағдарламалық қамтамасыз ету ҚБЕО Куәландырушы Орталықпен біріктірілген, Қазақстан Республикасында сертификатталған қазіргі заманғы аутентификациялау құралдары мен әдістері, авторизациялау және ақпаратты қорғау пайдаланылады.

Microsoft Corporation — дүниежүзіндегі ең ірі компаниялардың бірі. Бағдарламалық қамсыздандыру өндірісінің және сервер мен жеке компьютерлер үшін интернет технологияларды құруы мен қызметін көрсететін АҚШ-та тіркелген көпұлтаралық компания[3].

Apple Inc. -дербес және планшетті компьютерлер, аудиоплеерлер, телефондар менбағдарламалар өндіруші американдық корпорация. Дербес компьютерлер жасау саласында пионер компания.[2]. Бас пәтері — Калифорния штатындағы Купертино қаласында.

Компанияның ең танымал өнімдері компьютердің Macintosh желісі, iPod, iPhone және iPad. 2011 жылдың тамыз айында Apple компаниясы әлемдегі нарықтық капитализация бойынша ең қымбат компания болып танылған.

6. Create a network diagram for certain system(Белгілі бір жүйе үшін желілік диаграмманы жаса)

Желілік диаграмма - жоба жұмыстарының және ондағы байланыстардың графикалық көрсетілімі.Жобаны жоспарлау және басқаруда желі ұғымы жобада орындалатын жұмыстар жиыны мен жоба кезеңдері арасындағы тәуелділікті анықтайды. Желілік диаграмма желілік модельдегі жұмыстарды желілер арқылы байланысқан жұмыстар ретінде көрсетеді.Төбе - жұмыс немесе басымдық диаграммасы деп аталатын граф бүгінгі күні желінің ең жиі кездесетін түрі болып табылады. Төбе - оқиға деп аталатын басқа желілік диаграмманың түрі бар. Іс жүзінде бұл тип аз қолданылады. Жұмыстың бұл түрінде граф оқиғалар арасындағы байланыс ретінде көрсетіледі. Әр түйін жұмыстың басы мен аяғын көрсетеді. Бұл диаграммаларға мысал ретінде REPT - диаграммалар жатады. Алайда бұл желінің көрсетілімдері арасындағы айырмашылық аз болғанымен, төбе - оқиға ретінде берілген жобаларда үлкен және қиын байланыстарды жасау қиын болуы мүмкін. Сол себепті жобалаудың бұл типін сирек қолданады.

Желілік жиаграмма бизнес - процесстерді модельдеу үшін қолданылатын қүрал, блок - схема болып табылмайды. Желілік диаграмманың блок - схемадан басты айырмашылығы желілік диаграмма тек элементар жұмыстар арасындағы логикалық байланыстарды модельдейді. Желілік диаграмма кірістерді, процесстерді, шығыстарды көрсетпейді және циклдардың немесе ілмектердің қайталануына мүмкіндік бермейді.REPT - диаграммалар (Program (Project) Evaluation and Review Technique) жобаларды басқару кезінде қолданылатын жобаларды және бағдарламаларды бағалау және анализ техникасы. REPT - диаграммалар - жобаны орындауға қажетті тапсырмаларды анализлеу әдісі. REPT - диаграммалар негізі жобаны толық орындауға қажетті немесе әр тапсырманы орындауға қажетті уақытты анализдеу үшін қажет.

 

7. Create a project communication matrix for certain system(Белгілі бір жүйе бойынша байланыс матрицасын жаса)

Жобаның жетекшісі мен жоба командасына кімге коммуникацияда қатысу керектігін анықтауға қарапайым коммуникацилық матрица көмектесе алады. Коммникациялық матрица – бұл баған мен жолдардың тақырыптарында жобаға қатысушы адамдар жазылған кесте. Баған мен жолдардың қиылысындағы белгі, ол екі мүдделі адамдардың өзара карым-қатынас (контакт)сақтауға тиіс дегенді білдіреді.

Көптеген жоба жетекшілері автоматтандыруды жүргізбейді, кестесін құрмайды және де коммуникациялық матрица қолданбайды. Кейін бұл проекттің жетекшісі кімге және қашан, және не қажет екенін ұмытып кетеді. Содан кейін шағымданулар басталады.

Коммуникациялық істер, жобалық цикл сатысы

Программа дайындау

Идентификация

Алдын ала бағасын беру

Қаржыландыру

Іске асу

Баға және аудит

Коммуникациялық мақсат

Еуро Одақ қолдауы жайында хабарлама

Жоба дайындалу барысында ақпарат беру

Жоба дайындалу барысында ақпарат беру

ЕО тарапынан бөлінген қаржыға назар аударту

Ақпараттандыруды жақсарту

Нәтижені көрсету

Жауапкершілік аймағы

Еуропалық комиссия

Еуропалық комиссия

Еуропалық комиссия

Еуропалық комиссия / Серіктес

Серіктес

Еуропалық комиссия / Серіктес

Кілттік хабарлама типі

«The world's

biggest donor

at

the service of

the Millennium

Goals»

«More, better,

faster - Europe

cares»

«The EU and

<partner>

delivering

more

and better aid

together»

«The world's

biggest donor

at

the service of

the Millennium

Goals»

«Cooperation

that Counts»

«The EU

delivers»

Тапсырыс алушы – елдер орналасуы

Өзіне міндеттемелер алғаннан кейін ұйымдастырылатын пресс-

конференция

Ақпараттық компания

БАҚ арқылы ақпараттандыру

Құжаттандыру жайында БАҚ арқылы ақпараттандыру

Ақпараттық компания

 

Мақсат етілген нәтижелер жайында БАҚ-пен жұмыс істеу

Ең тиімді тәсілдер

Пресс-конференция, сұхбат

Ақпараттық компания

Ақпараттық компания

Пресс-конференция

Іс-шара, құрылыс алаңына бару, ТВ мен радиоға шығу

Бейнерепортаж, есеп беру

ЕО мекемесі және донорлардың халықаралық ұйым

Өзіне міндеттемелер алғаннан кейін ұйымдастырылатын пресс-

конференция

-

-

-

Ақпараттық компания

 

Негізгі нәтижелерді қоғамға жеткізу

Еуропа азаматтары

Өзіне міндеттемелер алғаннан кейін ұйымдастырылатын пресс-

конференция

-

-

БАҚ арқылы ақпараттандыру

Жоғары шенді шенеуніктер келгенде фототүсірім

БАҚ арқылы ақпараттандыру

 

 

8. Definition of V model of testing.(Тестілеудің V моделінің анықтамасын жаса)

IT саласындағы алғашқы мамандар іске асырған және құрған негізгі ұғымдар бірі, V-моделі болды. Бұл командалар механизмін қамтамасыз ету үшін құрылды:

*Пайдаланушы талаптарын қатесіз анықтайды және нақтылайды.

*Пайдаланушы талаптарына сәйкес жоба құрады.

*Құрылған жоба бизнес талаптарына сәйкес екенін растау.

V-моделін 1960 жылдардан бастап түрлі институттар мен авторлар өңдеп, жаңартты.

V-моделінің қадамдары:

1-қадам: бұл деңгейде (талаптарды анықтау және қабылдауды сынау) жоба командасы үш негізгі функцияларды орындау үшін жауапты болып табылады. Бірінші функциясы – қосымшаларды өндіруде жалпылама (ең негізгі) талаптарын анықтауды бастау. Екінші функция - жалпылама талаптарына сәйкестігін тексеру үшін жүзеге асырылатын тексеру қызметін жоспарлауды бастау. Үшінші функциясы - жалпылама талаптар (ең негізгі) орындалғанына көз жеткізу үшін тексеруді қажет ететін алдын ала белгіленген шарттарды құру.

2-қадам: бұл деңгейде (архитектурасын жобалау және кешенді тестілеу) жоба командасы төрт негізгі функциялары үшін жауапты болып табылады. Бірінші функциясы – құрылған талаптар анықтамасын одан әрі егжей-тегжейлі арттыру. Екінші функция – құрылған талаптар барысында анықталған талаптарға негізделген жоғары деңгейдегі архитектура құрылысын бастау. Үшінші функция - (архитектура жобалау сатысында) талаптарына сәйкестігін тексеру үшін жүзеге асырылатын тексеру қызметін жоспарлауды бастаңыз. Төртінші функциясы – архитектура жобалау фазасындағы талаптар орындалғандығын тексеретін алдын-ала белгіленген шарттар орнату қажет.

3-қадам: бұл деңгейде (толық жобалаужәне компоненттер тестілеуі) жоба командасы төрт негізгі функциялары үшін жауапты болып табылады. Бірінші функциясы - одан әрі жобалау архитектурасы кезеңінде белгіленген егжей-тегжейлі жалпылама талаптардың тереңдігін арттыру. Екінші функция – жобалау архитектурасы кезеңінде анықталған талаптарға негізделген архитектурасын анықтау және талаптар шешімдерін жалғастыру: қосымшаны құру үшін қолданылатын сипаттамалар (функционалдық және / немесе техникалық) кіреді.Үшінші функция - - толық жобалау сатысында талаптары орындалғандығын тексеретін алдын-ала белгіленген шарттар орнату қажет. Төртінші функциясы -талаптарға (толық жобалау сатысында) сәйкестігін тексеру үшін жүзеге асырылатын тексеру қызметін жоспарлау бастау.

4-қадам: бұл деңгейде (программалау) жобалық топтың бір негізгі функциясы бар. Олар толық жобалау сатысында, техникалық коды (кез келген платформа немесе тілі) құру кезінде белгіленген сипаттамаларды түрлендіру керек.

5-қадам: осы деңгей (компоненттер тестілеуі) жобалық топтың үш негізгі функцияларды орындау үшін жауапты болып табылады. Бірінші - (3-қадамда белгіленген) алдын-ала белгіленген компонентті тестілеу жоспары бойынша компоненттер тестілеу фазасын жүзеге асыру орындалады. Екінші - барлық компоненттер / бағдарламалар үшін «алдын ала белгіленген күтілетін нәтижелері» және «іс жүзінде тест нәтижелері» арасындағы алшақтықты анықтау және түзету. Үшінші - компоненттер мен барлық күтілетін нәтижелерді алу үшін алдын ала анықталған сынақ жағдайлары орындалуын қамтамасыз ету. Бұл қадам тапсырманың барлық тиісті талаптарын қамтамасыз ету үшін және сәтті болуы үшін жоба өндірушілер мен сынақ-тест командалар тобымен бір немесе бірнеше рет қайталанады. Бұл қадам аяқталғаннан кейін жобалық команда 6-қадамға барады.

6-қадам: бұл деңгейде (Кешенді тестілеу) жоба командасы үш негізгі функцияларды орындау үшін жауапты болып табылады. Бірінші - (2-қадамда белгіленген) жоспар бойынша кешенді тестілеу фазасында іс-әрекетті орындау. Екінші - «алдын ала белгіленген күтілетін нәтижелері» және «іс жүзінде тест нәтижелері» арасындағы алшақтық анықтау және түзету. Үшінші - барлық алдын ала анықталған сынақ жағдайлары және барлық күтілетін нәтижелерге жетуді орындалуын қамтамасыз ету. Бұл қадам тапсырманың барлық тиісті талаптарын қамтамасыз ету үшін және сәтті болуы үшін жоба өндірушілер мен сынақ-тест командалар тобымен бір немесе бірнеше рет қайталанады. Бұл қадам аяқталғаннан кейін жобалық команда 7-қадамға барады.

7-қадам: бұл деңгейде (қабылдау тестілеу) жоба командасы үш негізгі функцияларды орындау үшін жауапты болып табылады. Бірінші - (1-қадамда белгіленген) жоспарға сәйкес қабылдау сынағы фазасында іс-әрекет орындау. Екінші – бағдарлама үшін «алдын ала белгіленген күтілетін нәтижелері» және «іс жүзінде тест нәтижелері» арасындағы алшақтық анықтау және түзету. Үшінші - барлық алдын ала анықталған сынақ мысалдары және барлық күтілетін нәтижелер алуды қамтамасыз ету. Бұл қадам тапсырманың барлық тиісті талаптарын қамтамасыз ету үшін және сәтті болуы үшін жоба өндірушілер мен сынақ-тест командалар тобымен бір немесе бірнеше рет қайталанады.. Бұл қадам аяқталғаннан кейін жобалық команда өз жұмысын аяқтайды, және бағдарлама өндірістік ортада жүзеге асырылатын болады.

 

9. Describe main concepts and give a definition of software engineering(Негізгі ұғымдарды сипаттаңыз және бағдарламалық қамтамасыз етудің анықтамасын беріңіз)

Бағдарламалық инженерия — инженерлік тәсілдерді қолдана отырып математика, информатика және компьютерлік ғылым қағидаларын интеграциялау.

Сондай-ақ, бағдарламалық инженерия бағдарламалық жабдықтаманы талдауға, жобалауға, бағалауға, іске асыруға, тестілеуге, техникалық қызмет көрсетуге және бағдарламалық қамтамасыз етуге жүйелі көзқарас ретінде де анықталады.
Бағдарламалық инженерия пәні компьютингтің сурақтар аумағына кіреді және компьютерлік ғылымдармен тығыз қатысы бар инжинерлік аумақ ретінде қарастырылуы мүмкін. Басқа бағдарламалық инженериядан ол материялдық емес бағдарламалық қамтамасыздандырумен ерекшеленеді және дискіретті жұмыс істелінеді. Бағдарламалық инженерия математикаға және инжинерингке негізделе отырып систематикалық моделдерді және жоғарғы сапалы бағдарламалық жабдықтамаларды сенімді өңдеу әдістерін жасаумен айналысады. Бұл әдіс бүкіл деңгейлерде қолданылады: теориядан нақты бағдарламалық жабдықтаманы жасау тәжірибесіне дейін.

«Бағдарламалық инженерия» термині алғаш рет 1968 жылы НАТО конференциясында «бағдарламалық жабдықтама дағдарысын» шешуде қолданылды. Содан бері ол бағдарламалық инженер мамандығына дейін өсті.

Бағдарламалық инженерияның негізгі мақсаттары:

-Жүйе қысқа мерзімде жасап бітілуі тиіс және тапсырыс беруші талаптарын қанағаттандыруы керек

-БЖ сапасы жоғары болу керек

-БЖ жасау белгілеген қаражат мөлшерінен аспауы тиіс

-Жүйелер тапсырыс бершінің құрылғыларында жұмыс істеп БЖ-мен байланыста болу керек

-Жүйе жеңіл масштабталатын болуы тиіс

 

 

10. Describe spiral model, compare with waterfall. Give an example(Спиральдң моделді сипатта және каскадты модельмен салыстыр, мысал келтір)

Өмірлік айналымның ең кең таралған үлгілері: каскадты, итерациялық, спиральді.

Спиральді модель – құрудың нұсқалары тізбегі ретінде беріледі және жүйеге қойылатын талаптар нұсқаларды құру кезінде анықталады.Спиральді үлгі типтік емес жүйелерді құру кезінде қолданылады. 1988 жылдан бастап пайдаланылады.

 

тәуекелділікті

талдау Талаптар

ендіру және сүйемелдеуді

талдау

 

Үлгінің артықшылықтары:

1. Өнімнің жұмыс істеу қабілетін жүйені қолданушылар тез арада көруге мүмкіндік алады. Соның нәтижесінде қосымша талаптар қойылады;

2. Ақпараттық жүйелер құру кезінде талаптарға өзгерістер енгізуге болады;

3. Жобаны басқару кезінде икемділік қасиетіне ие;

4. Сенімді және орнықты жүйені құруға мүмкіндік береді. Жүйеде қателер табылған жағдайла (әр сатыда) түзетуге мүмкіндік бар;

5. Әрбір қадамнан кейін талдау жүргізуге болады;

6. Тпсырыс берушінің тәуекелдідігін азайтады.

Үлгінің кемшіліктері:

1. Жобаның дамуында құрушыда анықталмағандық көбейеді;

2. Ресурсты жоспарлау және уақытша операцияларды орындау қиындық тудырады. Бұл мәселені шешу үшін уақытша шектеу қоюымыз керек.

 

Сипаттамалар

Модельдер

Каскадты

 

Спиральді

 

Құру жаңалығы және ресурстармен қамтамасыз ету

Есепті шешудің технологиялары мен әдістері жақсы жасалған. Тапсырыс беруші мен құрастырушының ресурстары жобаны жүзеге асыру үшін толықтай жеткілікті.

 

Құрастырушы үшін дәстүрлі емес жоба (типтік емес).

 

Жоба масштабы (көлемі)

Кішігірім және орта болуы керек.

 

Кез келген типтегі жобалар.

 

Жобаның орындалу мерзімі

1 жылға дейін

Бірнеше жылға дейін

 

Келісім шарттар

Тек бір ғана келісім шарт жасалады.

Әрбір нұсқа үшін жеке келісім шарт жасалады.

 

Жоба басында қойылатын негізгі талаптарды анықтау

Иә

 

Талаптарды өзгерту

Жоқ

Иә

 

Итерация жағдайларын құру

Жоқ

Иә

 

Ағымдағы программалық үлгіні тарату

Жоқ

 

Иә

             

 


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 57 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.036 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>