Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Балалар стоматологиясынан МЕ тесттері 8 страница



 

357. Балалардың бассүйегіндегі, бет сүйектерінің гематогенді остеомиелитінің ЕҢ жиі орналасу жерін көрсетіңіз:

1. Төменгі жақтың денесі

2. Жоғарғы жақтың денесі

3. Мұрын және иек сүйектері

4. Жоғарғы және төменгі жақтың альвеолярлы өсіндісі

5.+Жоғарғы жақ өсінділері және төменгі жақтың буын өсіндісі

 

 

358. Клиникаға ата анасы 3 жасар қызды алып келді. Бала туылған кезде, төменгі жағының оң жағының буын өсіндісінің жедел гематогенді остеомиелитімен ауырған. Кейіннен науқастың аузы жабылып қалған, тек сұйық тағаммен тамақтанады.

ЕҢи қолайлы нақтама қойыңыз және ем жоспарын құрыңыз.

1. Самай-төменгі жақ буынының деформацияланған остеоартрозы, жасөспірімдік кезеңге дейін механотерапия

2. Буын өсіндісінің созылмалы гематогенді остеомиелиті, секвестрэктомия содан кейін сүйектік пластика

3. Төменгі жақтың оң жағының микрогениясы, остеотомия және сүйектік пластика

4.+Самай-төменгі жақ буынының анкилозы, микрогения, төменгі жақ бұтағының біркезеңдік сүйектік пластикасымен остеотомия көрсетілген

5. Самай-төменгі жақ буынының деструктивті остеомиелиті, секвестрэктомия, қабыну үрдісі аяқталғаннан кейін сүйектік пластика

359. Жақсүйектердің гематогенді остермиелитімен ауыратын балаларға белсенді түрде инфузионды ем жүргізеді. Құйылатын ерітінділердің фармакодинамикалық бағыты бойынша арналған:

1. Шокпен күресу

2.+Дезинтоксикация үшін

3. Парентеральды тамақтану үшін

4. Иммунды жүйені ынталандыру үшін

5. Бұлшықеттік тонусты бір қалыпта ұстап тұру үшін

 

360. Гиперэргиялық тип бойынша өтетін жақсүйектерінің гематогенді остеомиелитінің асқынуы:

1. Ауыз қуысы түбінің флегмонасы

2. Тромбогеморрагиялық синдром

3. Мұрын қуысының қабынуы

4.+Токсикоинфекциялық шок

5. Тромбофлебит

 

361. Гематогенді остеомиелитімен ауыратын балаларға интенсивті терапия жүргізгенде төменде келтірілген жалпы компоненттердің барлығы кіреді, ТЕК біреуінен басқасы:

1. Алмасу үрдістерін түзеу



2. Тыныс алу қызметтерін түзеу

3.+Бұлшықет тонусын бір қалыпта ұстап тұру

4. Өмірге қажет қызметтерді қалпына келтіру

5. Адекватты қанайналымды бір қалыпта ұстап тұру

 

362. Балалардың жақ-сүйектерінің гематогенді остеомиелиті кезінде балаларға детоксикация мақсатында инфузионды терапия жүргізеді. Трансфузионды терапияны бақылаудың ЕҢ ақпаратты белгісі:

1.+Енгізілетін ерітінділер және шығарылатын зәр мөлшерінің балансы

2. Енгізілетін ерітінділер және шығарылатын зәр мөлшерінің арасындағы дисбаланс

3. Енгізілетін ерітінділер мөлшерінің ұлғаюы және шығарылатын зәр мөлшерінің төмендеуі

4. Енгізілетін ерітінділер мөлшерінің ұлғаюы және шығарылатын зәр мөлшерінің күрт төмендеуі

5. Енгізілетін ерітінділер санының төмендеуі және шығарылатын зәр санының ұлғаюы

 

363. Төменде келтірілген медикаментозды терапияның ішінде барлығы гематогенді остеомиелит кезінде қолданылады ТЕК біреуінен басқасы:

1. Дезинтоксикациялық терапия

2. Симптоматикалық терапия

3. Қабынуға қарсы терапия

4. Гипосенсибилиздеуші

5.+Тіндік терапия

 

364. Төменде келтірілген ем-шаралардың ішінде барлығы жедел фазалы гематогенді остеомиелит кезінде қолданылады, ТЕК біреуінен басқасы:

1. Іріңді шығару

4. Иммунотерапия

3. Детоксикациялық терапия

5.+Гормональды препараттарды қолдану

2. Антибактериальды және гипосенсибилиздеуші терапия

 

365. Төменде келтірілгендердің барлығы жаңа туылған балалардағы гематогенді остеомиелит инфекциясының біріншілік ошағы бола алады, ТЕК біреуінен басқасы:

1. Туылу жолдарының патологиясы кезінде нәрестені инфицирлеу

2. Кіңдіктің ұзақ уақыт бойы жазылмайтын жарасы

3. Жаңа туылған нәрестенің отиті

4. Емізетін ананың маститі

5.+Одонтогендік ошақтар

 

366. Қабылдау бөліміне 4 айлық баланы алып келді. Оң жақ көзінің қабағының терісі гиперемияланған, көз саңылауы жабық. Көздің төменгі қыры бойынша көздің сыртқы бұрышында жылға бар, жоғарғы жақтың оң жағынан альвеолды өсінді муфта тәрізді қалыңдаған, өтпелі қатпар тегістелген. Дене қызуы 39,7, бала мазасыз. Баланың анамнезінде – терінің іріңді ауруымен ауырған. Келтірілген клиникалық мағлұматтар қай нақтамаға ЕҢ дұрыс сәйкес келеді?

1. Оң жақ көзінің дакриоциститі

2. Ұрт аймағының одонтогенді абсцессі

3. Ретробульбарлы кеңістігінің флегмонасы

4.+Жоғарғы жақтың гематогенді остеомиелиті

5. Бетсүйегі аймағының одонтогенді емес абсцессі

 

367. Гематогенді остеомиелиттің қоздырғышы болып келеді:

1. Гемолитикалық стрептококк

2. Анаэробты микрофлора

3. Фильтрлейтін вирус

4. Актиномицеттер

5.+Стафилококк

 

368. Көптеген зерттеушілер гематогенді остеомиелитті, сепсистің көрінісі ретінде, септикопиемия ретінде қарастырады. Қандай клиникалық белгі бұл тұжырымға сәйкес келеді?

1.+Екіншілік пиемиялық ошақтардың пайда болуы

2. Анемия, лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы

3. Пароксизмальды тахикардия

4. Терінің бозаруы

5. Дене салмағының азаюы.

 

369. Жақтардың гематогенді остеомиелитінің токсикалық түрінде НЕҒҰРЛЫМ дұрыс белгісі:

1. Тахикардия

2. Тұрақты емес АҚ

3. Дене салмағының азаюы

4. Анемия, лейкоцитоз, ЭТЖ жоғары

5.+Температуралық шкаланың гектикалық типі

 

370. Гематогенді остеомиелиттің септикопиемиялық түрінде НЕҒҰРЛЫМ дұрыс белгісі:

1. Сепсистің бастапқы стадиясы

2. Іріңді- резорбтивті қызба

3. Жергілікті іріңді үрдіс

4.+Екіншілік пиемиялық ошақтардың пайда болуы

5. Септицемия

 

371. Гематогенді остеомиелиттің септикопиемиялық түрінің дамуының бастапқы механизмі болып табылады:

1.+Бір мезетте немесе әртүрлі уақытта қанайналымға микроорганизмдердің және олардың токсиндерінің түсуі

2. Созылмалы инфекция ошағы және баланың организмінің арасындағы динамикалық тепе-теңдік

3. Лимфатикалық қантамырларға және аймақтық лимфа түйіндеріне микроорганизмдердің түсуі

4. Иммундық жүйенің және организмнің спецификалық емес реактивтілігінің өзгеруі

5. Ішкі ағзалардың созылмалы аурулары

 

372. 3-жасар баланың ата-анасы, ауыз қуысының шектеліп ашылуына, бет конфигурациясының бұзылуына шағымданып келді. Қарап тексергенде, микрогения белгілері, сол жақ мықын аймағының бетінде «лампасты» тіліктер анықталды. Анасының айтуы бойынша, бала өмірінің бірінші айында іріңді үрдіс салдарынан оперативті ем қолданылды.

Микрогенияның дамуына қандай патологиялық үрдіс себепші болды?

1. Буын өсіндісінің жарақаты

2. Одонтогенді қабынулы үрдіс

3. Буын өсіндісінің басының шығуы

4. Самай-төменгі жақ буынының туа пайда болған ақауы

5.+Буын өсіндісінің гематогенді остеомиелиті, остеоартрит, СТЖБ анкилозы

 

373. 5-жасар балада, СТЖБ анкилозы және төменгі жақтың микрогениясы нақтамаланды. Бұл клиникалық жағдайда қандай ем әдісі ЕҢ рациональды?

1. Динамикада бақылау

2. Ортодонтиялық ем

3. Жақ бұтағының остеотомиясы

4. Жақ остеотомиясы және сүйектік пластика

5.+Жақ остеотомиясы және компрессионды-дистракционды остеосинтез

 

374. Ерте балалық шақта, жақтардың гематогенді остеомиелитімен ауырған балада, қандай асқыну дамуы мүмкін

1. Тістер түсінің өзгеруі

2. Тіс пішінінің ақауы

3.+СТЖБ анкилозы және микрогения

4. Жақтардың қабынулы контрактурасы

5. Одонтогенді қабыну үрдістерінің дамуы

 

375. 5 жастағы диспансерлік бақылауда тұрған баланың шықшыт буынында ауруы бар. Туғанда жарақат алғаннан кейін пайда болған. Тексергенде: ауызы шамалы ашылады, жағы өспей қалған.

Балаға қай ем тиіәмді?

1. Артропластика

2.+Сүйекті кесіп, қосу

3. Ауру сезіміне қарсы дірілер
4. Антибактериальды ем
5. Сүйекті кесіп, бет бейнесін түзеу

 

376. 5 жасар бала мұзға құлағанан кейін дәрігерге қаралған. Диагнозы: 5.1, 6.1 тістің жартылай шығуы. Тіс қозғалғыштығы 2-дәрежелі Дәрігер тактикасын анықтаңыз:

1. Тістер репозициясы

2. Тістер репозициясы

3. Ұлпаны ашу, репозиция

4. Тістерді жұлу, ортодонтиялық ем

5.+Тістерді жұлу, нұсқау беру, динамикалық бақылау

377. Төменде аталған клиникалық белгілердің ТЕК БІРЕУІНЕН БАСҚАСЫ балалардағы тістердің жарақаттары нәтижесі болып табылады:

1. Жақтар одонтогенді қабыну кистасының дамуы

2. Жұқпалы аурулардың пайда болуы

3. Пародонт патологиясының дамуы

4. Түбір қалыптасуының тездетілуі

5.+Ұлпаның өлуі

378.10 жасар балада 1.1 тісі жарақаттанған. Тексеру кезінде сауыт ақауы анықталаған. Дәрігер тактикасын анықтаңыз:

1.+Өткір қырларын егеу, реминералдаушы заттармен қалпына келтіру

2. Кальций құрамды препараттар қолдану

3. Ұлпаны витальды ампутациялау

4. Уақытша сауыт дайындау

5. Окклюзиядан шығару

379. 12 жасар бала клюшка соққысынан жарақат алған. 2 күннен кейін дәрігерге келген. Тексергеннен кейін диагноз қойылды: 11 тіс сауытының сынуы, ұлпа камерасы ашылған. Дәрігер тактикасын таңдаңыз:

1. Тісті жұлу

2. Емдік төсем қолдану, тісті пломбалау

3. Ұлпа қабынуын биологиялық әдіспен емдеу

4. Витальды ампутация, тіс сауытын қалпына келтіру

5.+Ұлпа витальды ампутациясы және экстирпациясы, кейін пломбалау және

тіс сауытын қалпына келтіру

380. 10 жасар балада жарақат нәтижесінде жоғарғы ортаңғы күрек тістері жартылай шыққан. Жарақат 4 сағат бұрын болған. Хирург-стоматолог тактикасы:

1. 1.1, 2.1 тісті жұлу

2. Репозиция, эндодонтиялық емдей

3. Тістер репозициясы, лигатуралық байлау

4. Тістер репозициясы, фиксация, эндодонттық емдеу

5.+Тістер репозициясы, фиксация, эндодонттық емдеу

 

381. Балаларда қосарланған бассүйек-ми және жақ-бет аймағының жарақаттары кезінде жедел жәрдем көрсету?

1. Динамикада бақылау

2. Жатқызу орнын анықтау

3. Жалпы жағдайының ауырлығын анықтау

4.+Негізгі симптомокомплекске сәйкес баланы госпитализациялау

5. Емдік-профилактиалық шараларының жоспарын құру

382. 3-жасар бала, бірнеше сағат бұрын әткеншек теуіп жүріп, құлап тістерін жарақаттап алған. Қарап тексергенде: 5.1 интактты тісінің III –дәрежелі қозғалғыштығы анықталды, оральды бағытта ығысуы, шырышты қабаттың жыртылуы.

Төменде келтірілген алғашқы нақтамалардың ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы?

1. Тістің соғылуы

2. Шегеленіп шығу

3. Тістің толық шығуы

4. Тіс сауытының сынуы

5.+Тістің толық емес шығуы

383. 5- жасар бала бірнеше сағат бұрын әткеншектен құлап, тістерін жарақаттап алған. Қарап тексергенде: 5.1 интактты тісінің III –ші дәрежелі қозғалғыштығы, оральды бағытта ығысуы, шырышты қабаттың жыртылуы.

Науқасты жүргізудің НЕҒҰРЛЫМ қолайлы тактикасы?

1.+Тісті жұлу, динамикада бақылау

2. Диспансерлік бақылау

3. 5.1 тісті реплантациялау
4. Тісті шендеу
5. Тісті реставрациялау


384. 8-жасар баланы қарап тексергенде, 8.4 тісінің тіс сауыты толық бұзылған. Дәрігер тісті жұлуға шешім қабылдады. Тіс жұлу операциясы қиын болды, экскаватор, элеватор қолданылды.

Бұндай тіс жұлу әдісі кезінде қандай асқыну болуы НЕҒҰРЛЫМ ықтимал?

1. Жұмсақ тіңдердің домбығуы

2. Көрші тістің шығуы

3. Антогонист – тісінің шығуы.

4. Қызылиек шырышты қабытының жыртылуы

5.+Тұрақты тіс ұрығының зақымдануы

385. Емханаға велосипедтен құлап, жарақат алған 4-жасар баланы алып келді. Қарап тексергенде:5.1 тісі интактты, I-дәрежеде қозғалмалы, қызылиектің жыртылуы.

Төменде келтірілген алғашқы нақтамалардың ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы?

1. Тістің сынуы

2. 5.1 тісінің соғылуы

3. 5.1 тісінің толық шығуы

4.+5.1 тісінің толық емес шығуы

5. 5.1 тісінің шегеленіп шығуы

386. Емханаға велосипедтен құлап, жарақат алған 4-жасар баланы алып келді. Қарап тексергенде: 5.1 тісі интактты, I-дәрежеде қозғалмалы, қызылиектің жыртылуы.

Науқасты емдеу тактикаларының ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы?

1.+Диета, антисептикалық өңдеу, бақылау

2. Диспансерлік бақылау

3. Тісті шендеу

4. Тісті реставрациялау

5. Физиотерапия

387. 6-жасар балада 7.4 тісі толық бұзылған. Дәрігер оны жұлуға шешім қабылдады. Тіс жұлу операциясы қиын болды, элеватор, тегістегіш қолданылды.

Төменде келтірілген асқынулардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

1. Антогонист-тісінің шығуы

2.+Көрші тісінің шығуы

3. Жұмсақ тіңдердің жыртылуы

4. СТЖБ зақымдануы

5. Жақтың сынуы

389. Ерте жастағы балаларда жарақаттардың қай түрі НЕҒҰРЛЫМ жиі кездеседі?

1.+Тістің шығуы

2. Түбірінің сынуы

3. Сауытының сынуы

4. Сауытының бір бөлігінің сынуы

5. Айналмалы байламның жыртылуы

390. Алдыңғы түбірлері қалыптаспаған уақытша тістердің толық емес шығуы кезінде науқасты емдеудің НЕҒҰРЛЫМ мүмкін болатын тактикасы?

1. Тісті жұлу

2. Тісті бақылау

3. Иммобилизация

4.+Репозиция, иммобилизация

5. Реплантация, иммобилизация

391. 5- жасар бала бірнеше сағат бұрын әткеншектен құлап, тістерін жарақаттап алған. Қарап тексергенде: 5.1 интактты тісінің III –ші дәрежелі қозғалғыштығы, оральды бағытта ығысуы, шырышты қабаттың жыртылуы. Төменде келтірілген нақтамалардың ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы

1.+Тістің толық емес шығуы

2. Тіс сауытының сынуы

3. Тістің толық шығуы

4. Шегеленіп шығуы

5. Тістің соғылуы

 

392. 3 жасар бала құлап тісін жарақаттады. Қарап тексергенде сау 5.1 тістің ІІІ дәрежелі қозғалғыштығы анықталды, ауыз ішіне қарай ығысқан, қызылиегі жыртылған.

Ем тактикасының қайсысы НЕҒҰРЛЫМ ТИІМДІ?

1.+Репозиция, фиксация, протездеу
2. Диспансерлік бақылау

3. 5.1 тісреплантация
4. Тісті шендеу
5. Тіс реставрациясы

393. 8 жастағы бала 3 күн бұрын велосипедтен құлап, жоғарғы жағының алдыңғы топ тістерінің ауыруына шағымданып келді. Қарап тексергенде: 1.1 тіс сау, аздап түсі өзгерген, аздап қозғалады, перкуссия ауырады. Рентгенограммада: түбірдің 2/3 бөлігі қалыптасқан, периодонт саңылауы азадп кеңейген.

Төменде аталған болжам диагноздардың ҚАЙСЫ НЕҒҰРЛЫМ дұрыс? Қай ем тактикасы тиімді?

1. Тістің соғылуы, шендеу

2. Жедел жартылай пульпит, виталді ампутация

3. Созылмалы гранулденген периодонтит, тісті жұлу

4.+Жедел жарақаттық периодонтит; эндодонттық ем

5. Жоғарғы жақсүйектің созылмалы остеомиелиті, секвестрлерді алып тастау

394. Тұрақты тістің толық шығуында төменде аталған ем әдістерінің қайсы НЕҒҰРЛЫМ ТИІМДІ?

1. Тісті жұлу

2. Протездеу

3.+Тіс реплантациясы

4. Түбір ұшы резекциясы

5. Бірнеше тістерді шендеу

395. 3 жастағы баланың ата-аналары хирург-стоматологқа қаралды. Анамнезінде: 1 жыл бұрын құлаған, ұрт аймағының жұмсақ тіндерінің зақымдануына байланысты БХӨ жүргізілген. Бір жыл бойы ұрт аймағында абсцесс түзіліп тұрады, өздігінен ашылады.

Науқасты жүргізу тактикасының қайсысы НЕҒҰРЛЫМ ТИІМДІ?

1. Иммуномодулятор тағайындау

2. Антибактериалды терапия тағайындау

3. Физиотерапевтиялық ем тағайындау

4. Шұғыл хирургиялық әрекет жүргізу

5.+Баланы тексеру, жоспарлы түрде жара ревизиясын жүргізу.

396. Поликлиникаға мұз айдынында құлаған 5 жастағы баланы әкелді. Қарап тексергенде 5.1, 5.2 тістер сау, ІІ дәрежеде қозғалады, шырышты қабат ашық қызыл түсті. Өз осінен оралді бағытта ығысқан. Баланың жағдайы қанағаттанарлық.

Төменде аталған диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ ДҰРЫС?

1. Тісті соғып алу

2. Толық шығуы

3. Жедел пульпит

4.+Жартылай шығуы

5. Жедел жарақаттық периодонтит

397. 7 жасар бала 2.1 тісін жарақаттаған. Қарап тексергенде тіс сауытының кесу қыры аймағында ақау анықталды. Емдеудің қай тактикасы ЕҢ ТИІМДІ?

1.+Өткір қырларын тегістеу, ремтерапия, реставрацияя

2. Құрамында кальций бар препараттарды тағайындау

3. Уақытша сауыт дайындау

4. Ұлпаның виталді ампутациясы

5. Тісті окклюзиядан шығару

398. 12 жасар бала 3 сағат бұрын спорттық снарядтан құлап, жоғарғы орталық күрек тістерін жарақаттап алды. Қарап тексергенде 1.1, 2.1 тістер І-ІІ дәрежелі қозғалғыш, тістері сау. Науқасқа шұғыл көмек көрсетудің қай тактикасы ЕҢ ТИІМДІ?

1. 1.1, 2.1 тістерін жұлу

2. Тістер репозициясы, лигатурамен бекіту

3. Тістер репозициясы, эндодонттықем

4. Тістер репозициясы, жазық шина – скобаменфиксация

5.+ Тістер репозициясы, фиксация, эндодонттық ем

399. Бірнеше сағат бұрын 2 жасар бала әткеншектен құлап тісін жарақаттап алды. Қарап тексергенде: 6.1 сау тісі ІІІ дәрежелі қозғалады, оралді бағытта ығысқан, қызылиек шырышты қабады жыртылған.

Төменде аталған болжам диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ ДҰРЫС?

1. Тісін соғып алу

2. Қадалып шығу

3. Тістің толық шығу

4. Тіс сауытының шығуы

5.+Тістің жартылай шығуы

400. Жарақаттан 40 минуттан соң арнайыландырылған клиниканың қабылдау бөліміне 4 жасар баланы әкелді.Қарап тексергенде: Қарап тексергенде: 6.1 сау тісі ІІІ дәрежелі қозғалады, оралді бағытта ығысқан, қызылиек шырышты қабады жыртылған.

Төменде аталған ем әдістерінің қайсысы НЕҒҰРЛЫМ ДҰРЫС?

1.+Тісті жұлу,тіс қатарының ақауын протездеу

2. Диспансерлік бақылау

3. 6.1 тісінің реплантациясы
4. Тісті шендеу
5. Тіс реставрациясы

401. 7-жасар балаға, еріннің сол жағынан алған жарақатынан кейін, сол жерінде дөңгелек пішінді түзілім пайда болды. Түзілім көк түсті, жұмсақ эластикалық консистенциялы, ауру сезімі жоқ, айналасындағы шырышты қабат өзгермеген.

Төменде келтірілген алғашқы нақтамалардың ішінде НЕҒҰРЛЫМ қолайлысы

1. Фиброма

2. Папиллома

3. Төменгі еріннің атеромасы

4. Төменгі ерін аймағында гематома

5.+Төменгі еріннің ретенционды кистасы

402. 12-жасар баланың ата-анасы стоматолог-хирургқа келіп қаралды. Анамнезден: бір жыл бұрын әткеншектен құлап, жарақат алған. Травмпункте,бетінің жыртылғып-соғылған жарасына біріншілік хирургиялық өңдеу жасалған. Бір жыл ішінде бет аймағының тіңдерінде үнемі абсцесс түзіледі, өздігінен жарылады.

Науқасқа ем жүргізудің НЕҒҰРЛЫМ қолайлы тактикасы?

1. Физиотерапиялық ем жүргізу

2. Иммуномодулятор тағайындау

3. Жедел хирургиялық араласу жүргізу

4. Антибактериальды терапия тағайындау

5.+Баланы қарап тексеру, жоспарлы түрде жара ревизиясын жүргізу.

403. 2-жасар баланың ата-анасы 40 минут бұрын жарақат алған баласын алып келді. Шағымы: ауыз қуысындағы қанталаған жара. Бала ауыз қуысында ұстаған үшкір затқа құлаған. Қабылдау бөлімінің дәрігері, жұмсақ таңдайдың жыртылып-соғылған жарасы нақтама қойылған.

Қандай ем шараларының жүргізген НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?

1.+Жалпы жансыздандыру арқылы біріншілік хирургиялық өңдеу

2. Антисептик ерітінділерімен жараны жуу, стационарлы ем

3. Біріншілік хирургиялық өңдеу, диета

4. Жараны жуу, амбулаторлы бақылау

5. Стационарлы ем, бақылау

404. Клиниканың қабылдау бөліміне, ит тістеп алған 6-жасар баланы, жарақаттан кейін 2 сағаттан кейін алып келген. Бет жарасы біріншілік хирургиялық өңделді.

Ең бірінші қандай алдын-алу шараларын қолдану НЕҒҰРЛЫМ қолайлы?

1. Сіреспені алдын-алу мақсатында сіреспеге қарсы сарысуды қолдану

2. Құтыруды алдын-алу мақсатында антибактериальды терапияны қолдану

3. Дифтерияны алдын-алу мақсатында дифтерияға қарсы вакцина қолдану

4.+Құтыруды алдын-алу мақсатында антирабиялық сарысуды қолдану

5. Тұмауды алдын-алу мақсатында тұмауға қарсы вакцина қолдану

 

405. Клиникаға, оң жақ бет аймағының іріңдеген жарасы бар 7-жасар баланы алып келді. Жарақатты ойын барысында 2 күн бұрын алған. Алғашқы медициналық көмек алмаған.

Науқасқа ем жүргізудің НЕҒҰРЛЫМ қолайлы тактикасы?

1.+Кейінге қалдырылған БХӨ, дренаждау, антибактериальды және физиотерапия
2. Жара қырларын ашу, екіншілік тігіс салу, физиотерапия
3. Жара қырларын ашу, жергілікті тіңдермен пластика жасау
4. Қабынуға қарсы терапия, физиотерапия

5. Пластиналы тігіс салу, физиотерапия

406. Емханаға балабақшадан, әткеншектен құлап, бетін жарақаттап алған 5-жасар баланы алып келді. Балабақша қызметкері, баланың есінен таңғанын және екі рет құсқанын айтты.

Балада жарақаттың қандай түрі болуы НЕҒҰРЛЫМ мүмкін?

1.+Қосарланған жарақат: бет аймағының жарасы және бас миының жарақаты

2. Қаңқа сүйектерінің жарақаты және бет аймағының жарасы

3. Бет қаңқасының бірнеше сүйектерінің сынуы
4. Беттің жұмсақ және сүйек тіңдерінің жарақаты

5. Жақтардың сынуы


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 52 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.047 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>