Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Жедел панкреатит диагностикасының фермент – маркері:



1. Жедел панкреатит диагностикасының фермент – маркері:

A. +α-амилаза

B. АЛТ/АСТ

C. креатинкиназа (КК)

D. лактатдегидрогеназа (ЛДГ)

E. сілтілік фосфатаза (СФ)

 

2. Қандағы мочевина концентрациясын анықтау үшін аналитикалық реактив ретінде қолданылатын фермент:

A. +уреаза

B. глюкооксидаза

C. холестеролоксидаза

D. липаза

E. нуклеаза

 

3. Ацилдік топтарды тасымалдауға қатысатын карбоксилазалық ферменттердің коферменті:

A. биотин (витамин Н)

B. тетрагидрофоль қышқылы (ТГФК)

C. флавин-мононуклеотид (ФМН)

D. +кофермент А (CоА)

E. флавинадениндинуклеотид (ФАД)

 

4. Бұл витаминнің ащы ішектен сіңірілуі үшін арнайы ішкі Кастл факторымен байланысуы керек (ол асқазанның париеталдық жасушаларында синтезделеді). Сіңірілген соң витамин порталдық қанағысымен гепатоцитке өтеді. Ол асқорыту трактісінің бездерінде, (өт құрамында түседі), бүйректерде өндіріледі. Ол -:

A. витамин В2

B. витамин В3

C. +витамин В12

D. витамин В5

E. витамин В6

 

5. Майда еритін витамин:

A. В2

B. Н

C. С

D. РР

E. +F

 

6. Ацилдік топтарды ауыстыру реакциясы келесінің коферменті қатысуымен өтеді:

A. биоцитиннің

B. тиаминпирофосфаттың

C. флавинадениндинуклеотидтің

D. пиридоксальфосфаттың

E. +коэнзима А-ны

 

7. Пируватдекарбоксилазалық комплекс келесі органелланың ішкі мембранасында болады:

A. ядроның

B. лизосоманың

C. жасушаның орталығында

D. +митохондрияның

E. Гольджи комплексінің

8. Изоцитраттан α-кетоглутараттың түзілетін декарбоксилденіп - дегидрлену реакциясын катализдейтін фермент:

A. α-кетоглутаратдегидрогеназалық комплекс

B. пируватдегидрогеназалық комплекс

C. цитратсинтаза

D. аконитаза

E. +изоцитратдегидрогеназа

 

9. Гемдік емес темір құрамды электрон тасымалдаушы комплекстердің компоненті:

A. цитохром с

B. FeSпротеиндер

C. +цитохромb

D. цитохром а

E. цитохром а3

 

10..Үшінші комплекстің негізгі қызметі электрондарды ауыстыру:

A. убихинонға

B. бірінші комплекске

C. екінші комплекске

D. +цитохромс-ға

E. төртінші комплекске

 

11. ҮКҚЦ-дағы изоцитратдегидрогеназаның ингибиторы:

A. СО (йіс газы)

B. АДФ

C. АТФ

D. +НАДН

E. кальций ионы

 

12. Тыныс алу тізбегі компоненттерінің кезектесіп орналасуының себебі:



A. +редокспотенциалдарының мәндерінің біртіндеп жоғарлауы

B. тотығу

C. редокспотенциалдарының төмен болуы

D. амфотерлік

E. редокспотенциалдарының теңесуі

 

13. Майлардың эмульгациясын өткізеді:

A. слекей амилазасы

B. панкреаттық липаза

C. 7-α – гидроксилаза

D. +өт қышқылының тұздары

E. ГМК-КоА-лиаза

 

14. Жай протеиндердің бірінші реттік құрылымы сипатталады:

A. полинуклеотид тізбегінің тармақталуы бойынша

B. +полипептид тізбегінің тармақталмауы бойынша

C. полипептид тізбегінің тармақталуы бойынша

D. сутек байланысы болуы бойынша

E. эфирлік байланыстың болуы бойынша

 

15. Протеиндердің төртінші реттік құрылымы:

A. тізбекішілік ковалентті және ковалентсіз байланыстар арқылы тұрақтанады

B. бірден генетикалық қалыптасуға қабілетті

C. +протомерлердің бірінші реттік құрылымына тәуелді

D. генетикалық қалыптаспайды

E. барлық фибрилалық протеиндер үшін бірдей

 

16. Протеин зарядының пайда болуының себебі:

A. гидраттық қабықтың түзілуі

B. пептидтік байланыстың түзілуі

C. полипептидтік тізбекте спиральденген конфигурацияның түзілуі

D. +бос амино- және карбоксилдік топтардың иондануы

E. мыс құрамды комплекстік қосылыстың түзілуі

 

17. Гемоглобиннің адам ағзасында атқаратын қызметі:

A. қоректік (резервтік)

B. гормоналдық

C. +тасымалдаушылық

D. құрылымдық

E. қорғаныстық

 

18. Альдостерон химиялық құрылысы бойынша:

A. протеин

B. пептид

C. +стероид

D. аминоқышқылдық туынды

E. азоттық негіздер туындысы

 

19. Соматотропин:

A. +бүкіл ағзаның дамуы мен өсуін стимулдейді

B. қалқанша без әрекетін стимулдейді

C. бүйрекүстілердің милы қабатының әрекетін стимулдейді

D. қандағы кальций ионы, фосфор қышқылы мөлшерін реттейді

E. глюкокортикостероидтар биосинтезінде бүйрекүстілердің активтенуін жоғарлатады

 

20. Протеин табиғатты гормондарға жатқызылады:

A. +соматотропин

B. кальцитриол

C. тестостерон

D. эстрадиол

E. глюкагон

 

21. Гипофиз гормондарына жатқызылады:

A. трийодтиронин

B. соматолиберин

C. +кортикотропин

D. кальцитонин

E. тироксин

 

22. Бүйрекүстілер қызметі бұзылысымен байланысты аурулар:

A. Иценко-Кушингауруы

B. +феохромоцитома

C. Базедовауруы

D. акромегалия

E. микседема

 

23. Көмірсулардан майлар синтезін (липогенезді) стимулдеуші гормон:

A. +инсулин

B. тироксин

C. глюкагон

D. липотропин

E. соматотропин

 

24. Құрамында глюкоза және фруктоза қалдықтары болатын көмірсу:

A. лактоза

B. мальтоза

C. +сахароза

D. изомальтоза

E. седогептулоза

 

25. Слекейдің α-амилазасыныңрН оптимумының мәні:

A. 1,5-2,5

B. 3,0-3,5

C. 4,0-4,5

D. +6,0-7,0

E. 9,0-10,0

 

26. АІТ-де крахмалдың қорытылуына қатысатын фермент::

A. +амило-1,6-гликозидаза

B. альфа-амилаза

C. целлюлаза

D. сахараза

E. лактаза

 

27. Гликолиздегі субстраттық фосфорлану реакцияларының бірі:

A. альдолазалық реакция

B. гексокиназалық реакция

C. +пируваткиназалық реакция

D. 6-фосфофруктокиназалық реакция

E. глюкозо-6-фосфатизомеразалық реакция

 

28. Қай жасушаларда АТФ –тың негізгі берушісі анаэробтық гликолиз үдерісі болып табылады:

A. гепатоциттерде

B. +эритроциттерде

C. адипоциттерде

D. нейрондарда

E. нефрондарда

 

29. Гликогенфосфорилазақай көмірсу алмасуының спецификалық ферменті:

A. гликолиз үдерісінің

B. гликогенез үдерісінің

C. +гликогенолиз үдерісінің

D. глюконеогенез үдерісінің

E. пентозофосфаттық циклдің

 

30. Пастераэффектісін сипаттайды:

A. +жасушаның аэробтық жағдайға ауысқан кезінде қандағы лактат концентрациясының азаюы

B. жасушаның аэробтық жағдайға ауысқан кезінде қандағы лактат концентрациясының жоғарлауы

C. жасушаның аэробтық жағдайға ауысқан кезінде жасушаның глюкозаны қабылдауының жоғарлауы

D. жасушаның анаэробтық жағдайға ауысқан кезінде жасушаның глюкозаны қабылдауының жоғарлауы

E. жасушаның аэробтық жағдайға ауысқан кезінде глюкозаны қабылдаудың өзгермеуі

 

31. Қан плазмасында мысты тасымалдайды:

A. альбумин

B. гемоглобин

C. трансферрин

D. липопротеин

E. +церулоплазмин

 

32. Гипопротеинемиябайқалады:

A. +жедел және созылмалы қанкету кезінде

B. күшті терлеу кезінде

C. профуздық ішөтуде

D. үзіліссіз құсуда

E. қанның қоюлануында

 

33. Цитохромдар құрамындағы темірдің атқаратын қызметі:

A. +электрондарды тасымалдау

B. простагландиндер синтезіне қатысу

C. көмірсу-липидтік алмасуды реттеу

D. көмірсу синтезіне қатысу

E. фосфатазаны активтендіреді

 

34. Fe2+ ионын гемнің молекуласына қосылуын қамтамассыз ететін фермент:

A. гемоксидаза

B. +феррохелатаза

C. гемоксигеназа

D. порфобилиногенсинтаза

E. дельта-аминолевулинатсинтаза

 

35. Қан сарысуындағы билирубиндік фракция (альбуминмен комплекс) аталады:

A. биливердин

B. вердоглобин

C. тікелей билирубин

D. байланысқан билирубин

E. +бос билирубин

 

36. Феррохелатаза:

A. аскорбин қышқылы арқылы активтенеді

B. құрамында биотин коферментін ұстайды

C. порфобилиногенге темірді қосылдырады

D. аллостерлік фермент болып табылады

E. +протопорфиринге темірді қосылдырады

 

37. Гемтүзіледі:

A. Fe2+-ті порфобилиноген сақинасына қосылдыру арқылы

B. Fe2+-ті уропорфириноген сақинасына қосылдыру арқылы

C. Fe3+-ті порфобилиноген сақинасына қосылдыру арқылы

D. +Fe2+-ті протопорфиринIX сақинасына қосылдыру арқылы

E. Fe3+-ті протопорфиринIX сақинасына қосылдыру арқылы

 

38. Ересек адамдағы гемоглобиннің протеиндік гетеротетрамер - ол құралады:

A. +екіα- жәнеекіβ-тізбектерден

B. екіα- жәнеекіγ-тізбектерден

C. екіα- және екіδ-тізбектерден

D. төрт α-тізбектерден

E. төрт ε-тізбектерден

 

39. Гем синтезінің витамин В6 болуын катализ қызметі үшін қажет ететін ферменті:

A. +дельта-аминолевулинатсинтаза

B. порфобилиногенсинтаза

C. УПГ-синтаза

D. КПГ-оксидаза

E. гемсинтаза

 

40. Билирубиннің залалсыздануы атқарылады:

A. +бауырда

B. өкпеде

C. бүйректе

D. бас миында

E. ащы ішекте

 

41. Гем ыдырауының қай өнімі ішекте кездеседі:

A. билирубинглюкуронидтер

B. +уробилиноген

C. вердоглобин

D. билирубин

E. биливердин

 

42. Ксенобиотиктерді залалсыздандыру реакцияларына қатысатын трипептид:

A. анкерин

B. карнитин

C. карнозин

D. +глутатион

E. аквапорин

 

43. Химиялық канцерогендер –бұлар:

A. +полициклді ароматтық көмірсулар

B. онкогендік вирустар

C. путресцин

D. кадаверин

E. УФ-сәулелер

 

44. Глюкоза эритроцитке келесі жолмен түседі:

A. +жеңілдетілгендиффузия

B. активті тасымалдану

C. қарапайым диффузия

D. эндоцитоз

E. экзоцитоз

 

45. Тотыққан глутатионды тотықсыздандыратын фермент:

A. каталаза

B. +глутатионредуктаза

C. глутатионперокидаза

D. метгемоглобинредуктаза

E. глутатион-S-трансфераза

 

46. Фибрин-полимердің жеке пептидтерге ыдырау үдерісін катализдейді:

A. +плазмин

B. плазминоген

C. тромбостенин

D. протромбиназа

E. антитромбин

 

47. Глутаматты карбоксилдендіру үшін қажет витамин:

A. витамин А

B. витамин Д

C. витамин С

D. +витамин К

E. витамин Е

 

48. Дефосфорландыру үдерісіне қатысушы фермент аталады:

A. +фосфатаза

B. киназа

C. трансфераза

D. оксидоредуктаза

E. лигаза

 

49. Заттардың гидролиттік емес ыдырауын катализдейтін ферменттер:

A. +траснферазалар

B. лигазалар

C. изомеразалар

D. гидролазалар

E. лиазалар

 

50. Дегидрогеназалық ферменттердің коферменті:

A. тиаминдифосфат (ТДФ)

B. тетрагидрофоль қышқылы (ТГФК)

C. кофермент А (CоА)

D. +никотинамидидадениненуклеотид (НАД)

E. флавин-мононуклеотид (ФМН)

 

51. Қансарысуындағы бұл фермент активтілігі остеомаляция және сүйек ұлпасы жаңатүзілісі кездерінде жиі байқалады:

A. лактатдегидрогеназа (ЛДГ)

B. креатинкиназа (КК)

C. α-амилаза

D. АЛТ/АСТ

E. +сілтілік фосфатаза (СФ)

 

52. ВитаминВ2-нің коферменттік формасы:

A. тиаминдифосфат (ТДФ)

B. тетрагидрофоль қышқылы (ТГФК)

C. кофермент А (CоА)

D. +флавинадениндинуклеотид (ФАД)

E. никотинамидаденинуклеотид (НАД)

 

53. Бұл витамин изоаллоксазиннің (гетероциклдік флавин) рибитол спиртімен байланысқан туындысы болып табылады. Рибофлавиннің ең бай шығу көзі – ащытқы саңырауқұлақтары (негізінен сыра ащытқылары), сүт өнімдері, бауыр, бүйрек, жүрек. Ол

A. витамин В1

B. витамин В3

C. витамин В5

D. +витамин В2

E. витамин В6

 

54. Бұл витаминнің ағзада жетіспеушілігінде қан капиллярларының жоғары сынғыштығы, өсудің тежелуі, инфекцияны қабылдауға жоғары бейімділік, қызылиектің ауырсынушылығы мен ісінуі, олардың босаңсуы мен тіс тазалағанда қанауы байқалады. Бұл -:

A. витамин В2

B. витамин В3

C. витамин В5

D. витамин В6

E. +витамин С

 

55. Витамин – антиоксидант (немесередокс-витаминдер)

A. В1

B. К

C. +А

D. РР

E. В3

 

56. Кофермент А (КоА; HSКоА) қатысатын реакция типі:

A. карбоксилдендіру

B. тотығу – тотықсыздану

C. трансаминдену

D. +ацилдендіру

E. нитроландыру

 

57. Пируватдекарбоксилаза пируваттан карбоксилдік топты СО2 түрінде бөледі, ал қалған ацетилдік қалдық қосылады:

A. аскорбин қышқылына

B. тиаминдифосфатқа

C. +липой қышқылына

D. тиаминпиррофосфатқа

E. никотинамидке

 

58. Сукцинил-КоА-дансукцинат түзілетін реакцияны катализдейтін фермент:

A. сукцинатдегидрогеназа

B. цитратсинтаза

C. α-кетоглутаратдегидрогеназалық комплекс

D. +сукцинаттиокиназа

E. аконитаза

 

59. ЭТТ-ның митохондриялық протеин емес компоненті:

A. цитохром с

B. FeSпротеин

C. +кофермент Q

D. цитохром а

E. QH2 – дегидрогеназа

 

60. КомпонентFо–АТФ-синтетазаның қызметі:

A. +Н+өткізуші каналды қалыптастыру

B. АТФ синтездеу

C. АТФ-ті АДФ-ке ауыстыру

D. электрондарды тасымалдау

E. матрикс заттарын сорғызу

 

61. Әйелде тиреотоксикоз (қалқанша безінің гиперқызметі), температурасы жоғарлаған. Тироксиннің жылуды өндіруге қатысы қандай?

A. ол тотығу мен фосфорланудың қосарлануының активаторы

B. ол аллостерлік модулятор

C. +ол тотығу мен фосфорланудың ажыратқышы

D. ол ацетил-КоА-ның тасымалдаушысы

E. аминоқышқылдардың дезаминденуінің ингибиторы

 

62. Егер тыныс алу тізбегі үдерісі ІІ комплекстен басталса (кофермент ФАД-тан), онда синтезделеді:

A. +2 АТФ

B. 1 АТФ

C. 3 АТФ

D. 6 АТФ

E. 9 АТФ

 

63. Майлар қорытылуының негізгі өнімдері:

A. β-моноацилглицериндер және холестерин

B. май қышқылдары мен фосфолипидтер

C. фосфолипидтер мен холестерин

D. май қышқылдары, фосфолипидтер, холестерин

E. +май қышқылдары мен глицерин

 

64..Қалдық хиломикрондардың түзілуі бөлінуімен байланысты:

A. шеткеріапопротеиндердің (С IIжәне Е)

B. интегралдықапопротеиндердің (апо-В 100, апо-В 48)

C. фосфолипидтердің

D. +триацилглицериндердің

E. гидрофобтық липидтердің

 

65. Бауырда түзілетін келесі липопротеиндер холестеринді ұлпалардан бауырға тасымалдайды:

A. хиломикрондар

B. +тығыздығы жоғары липопротеидер

C. тығыздығы өте төмен липопротеиндер

D. тығыздығы төмен липопротеиндер

E. тығыздығы аралық липопротеиндер

 

66. Май қышқылдарының β-тотығу үдерісі өтеді:

A. +митохондрия матриксінде

B. цитоплазмада

C. Гольджи комплексінде

D. ЭПС цистернасында

E. ядрода

 

67. Холестериннің синтезі үдерісінде ацетил-КоА-ның 3 молекуласынан түзіледі:

A. изопентенилпирофосфат

B. сквален

C. +мевалонат

D. ланостерин

E. холестерин

 

68. Мевалон қышқылының 6 молекуласы фосфорлану, декарбоксилдену, конденсациялану реакциялары арқылы скваленді түзеді, ол ары қарай айналады:

A. +холестеринге

B. май қышқылына

C. триацилглицеринге

D. глицеринге

E. фосфоглицеринге

 

69. Протеиндердің шіруі үдерісінің реакциялары:

A. +дезаминдендіру және декарбоксилдендіру

B. дефосфорландыру және фосфорландыру

C. аминдендіру және дезаминдендіру

D. метилдендіру және деметилдендіру

E. карбоксилдендіру және декарбоксилдендіру

 

70. Тікелей емес дезаминдену реакциясында негізгі рольді атқарады - α-кетоглутарат және...:

A. +глутамат

B. треонин

C. гистидин

D. цистеин

E. аланин

 

71..Аммиактың шығу көзі:

A. амидтендіру үдерісі

B. креатиннің синтезі үдерісі

C. кетоқышқылдардың тотықсызданып аминденуі

D. кетоқышқылдардың трансаминденуі

E. +нуклеозидтер мен азоттық негіздердің дезаминденуі

 

72..Тирозин тирозингидроксилаза ферменті әсерінен айналады:

A. норадреналинге

B. дофаминге

C. меланинге

D. +ДОФА-ға

E. фенилаланинге

 

73. Цистеиннің синтезі үшін күкірттің шығу көзі:

A. карнозин

B. карнитин

C. +гомоцистеин

D. каротин

E. глицин

 

74..Пуриндік нуклеотидтердің синтезі үдерісінде пуриндік тұлға қалыптасады:

A. +5-фосфорибозил-1-дифосфат матрицасында

B. карбамоилфосфат матрицасында

C. оротидинмонофосфат матрицасында

D. формилтетрагидрофолий қышқылының матрицасында

E. метенилтетрагидрофолий қышқылының матрицасында

 

75. Тимин ыдырағанда түзіледі:

A. CO2, NH3жәнеβ-аланин

B. несеп қышқылы

C. +β-аминоизобутират

D. CO2 мен NH3

E. мочевина

 

76. Несеп қалыпты рН-ы мәнінің шектері:

A. +5,5 - 6,5

B. 6,5-6,6

C. 8-10

D. 11.5

E. 2-3

 

77. Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесі басқа жүйе тамырлар тонусын реттеу жүйесімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ол жүйе аталады:

A. комплемент жүйесі

B. иммундық жүйе

C. фибринолиз жүйесі

D. +калликреин-кинин жүйесі

E. биогендік аминдер жүйесі

 

78. Бүйректе синтезделетін гормон:

A. +альдостерон

B. вазопрессин

C. инсулин

D. эритропоэтин

E. мотилин

 

79. Бүйректе хлоранионы реабсорбцияланады:

A. +электрохимиялық градиент бойынша

B. активті тасымалдау бойынша

C. эндоцитоз бойынша

D. экзоцитоз бойынша

E. осмос бойынша

 

80. Құрылымы толық жетілмеген коллаген синтезделеді:

A. витамин А-ның жетіспеушілігінде

B. витамин В-ның жетіспеушілігінде

C. +витамин С-ның жетіспеушілігінде

D. витамин Д-ның жетіспеушілігінде

E. витамин Е-ның жетіспеушілігінде

 

81..Жасушааралық матрикстің негізгі компоненттерінің бірі болатын адгезивті протеинге жатқызылады:

A. актин

B. миозин

C. +фибринонектин

D. миоглобин

E. гемоглобин

 

82. коллаген химиялық табиғаты бойынша:

A. фосфолипид

B. гликолипид

C. липопротеин

D. +гликопротеин

E. фосфопротеин

 

83..Эндоплазмалықретикулум каналшаларында проколлаген:

A. глюкозалану жолымен түзіледі

B. +гидроксилдену жолымен түзіледі

C. дефосфорлану жолымен түзіледі

D. шектеулі протеолиз жолымен түзіледі

E. фосфорлану жолымен түзіледі

 

84..Коллагеннің коллагеназамен ыдырағанынан соң бірден:

A. +N- және С-соңдарының протеолизі өтеді

B. липидтік компоненттерінің бөлінуі өтеді

C. фрагменттердің "бүйірге бүйір" принципі бойынша жиналуы өтеді

D. ЛИЗ бен ПРО гидроксилденуі өтеді

E. фрагменттерінің денатурациясы және олардың ұлпалық протеазалармен гидролизденуі өтеді

 

85. 1,25(ОН)2 -D3 түзілуі қандағы Са2+ ионы және... концентрацияларының төмен болуынан стимулденеді:

A. +паратгормон

B. инсулин

C. кальцитонин

D. глюкокортикоид

E. жыныс гормоны

 

86..Жіңішке филаменттер протеині:

A. +актин

B. тропомиозин

C. миозин

D. десмин

E. коннектин

 

87. Са2+ ионының байланысуы тропонин-тропомиозиндік комплекстің ыдырауын жүргізеді және инициациялайды:

A. Кребс циклін

B. Кори циклін

C. пентозофосфаттық циклді

D. +актин-миозиндік циклді

E. мочевина циклін

 

88. Саркомердің жіңішке филаментінің протеині:

A. миозин

B. тубулин

C. +актин

D. карнозин

E. ламинин

 

89. Дерматолог қабылдауында науқас әйел. Оның жақтары, еріндерінің айналасында, мұрын үстінде, саусақтарының ішкі жақтарында, терілердің симмметриялық зақымдалулары (эритема) анықталған. Терінің зақымдалған бөлігінің түсі қанық аздап қарайған қызыл, ісінген, түлеген, гиперкератоз (қатайып қабыршақтануы) байқалады. Дене салмағы төмендеген. Анамнезінде тағамдық заттардың сіңірілуі бұзылуымен бірлескен энтерит, диарея, неврастения. Аурудың диагнозы қандай:

A. витамин В1-дің авитаминозы

B. витамин В2-нің авитаминозы

C. +витамин В3-тің авитаминозы

D. витамин В9-дың авитаминозы

E. витамин В5-тің авитаминозы

 

90. Бұл витамин имидазолдың туындысы және карбоксилдену реакцияларын катализдейтін ферменттердің спецификалық мульти-суббірліктік компоненттері ретінде қызмет атқарады.Олмай қышқылдарының, стериндердің, оксалоацеттат түзілуі мен қалыпты синтезі үшін қажет. Тағамдық өнімдерде кең таралған. Негізгі шығу көздері: ашытқыла, бауыр, бүйрек, жұмыртқа ақуызы, соя бұршағы, арахис, шоколад, саңырауқұлақтар. Ішек микрофлорасы арқылы синтезделеді (негізгі шығу көзі). Бұл қай витамин:

A. витамин В2

B. витамин В3

C. витамин В5

D. +витамин Н

E. витамин В6

 

91. Өт-тасы ауруынан зардап шегуші әйелдің бауыр аумағында ауырсыну пайда болды, склера, тері сарғаюы жылдам дамыған, нәжісі түссізденген, несеп қанық қою шай тәрізді түсті. Бұл пациентте билирубинннің мөлшері қалай өзгерген болады?

A. коньюгацияланбаған билирубин концентрациясы жоғарлаған

B. +коньюгацияланған билирубинконцентрациясы жоғарлаған

C. гомогентизин қышқыл концентрациясы жоғарлаған

D. гемоглобин концентрациясы жоғарлаған

E. гем концентрациясы төмендеген

 

92. Нәрестеде сульфаниламидтермен емдеген кезде екінші ретті порфирия дамуы мүмкін. Сульфаниламидтер әсерінің механизмі қалай?

A. +аминолевулинатсинтетазаның индукторы

B. аминолевулинатсинтетазаның ингибиторы

C. гемоглобиннің α- және β-тізбектерінің трансляциясын индукциялайды

D. аминолевулинатдегидратазаның ингибиторы

E. асқынтотықтар ыдырауын катализдейді

 

93. Зертелушіде анықталды: артериялық гипертензия, гипергликемия, гиепрлипидемия, тахикардия, тез жүдеу (жоғары тәбет болғанына қарамастан), гиперметаболизм, бұлшықет әлсізідігі. Бұл симптом қай ауруға тән?

A. Аддисонауруына

B. Кушингауруына

C. +Базедовауруына

D. инсулиномаға

E. микседемаға

 

94. Жастағы баланы зерттегенде дәрігер оның ақыл-ес және өсуінің біршама кем қалғанын анықтады. Бала енжар. Қанындағы холестериннің мөлшері төмен. Жалпы алмасу жылдамдығы төмен. Балада йодиназа синтезі бұзылған генетикалық тұқымқуалаушы ауру. Бұл ауру аталады:

A. фенилкетонурия

B. алкаптонурия

C. альбинизм

D. +кретинизм

E. охроноз

 

95. Жанұялық консультацияға бедеулік бойынша отбасы жұбы қаралған. Мамандар зерттегенде олардың денсаулықтарында қандай да бір ауытқулардың болмағаны анықталды. Тек ыждағатты сұрақ барысында ер адамның ұзақ мерзім бойы сүт тағамды диетада (рационында мүлде көк-өніс болмаған) отырғаны анықталған. Дәрігер қандай диагноз қойды:

A. витамин А-ның авитаминозы

B. витамин D-ның авитаминозы

C. +витамин E-нің авитаминозы

D. витамин K-ның авитаминозы

E. витамин C-ның авитаминозы

 

96. Бұл витаминнің жетіспеушілігі адам қанында пирожүзім қышқылының жиналып қалуына және оның мидағы концентрациясының жоғарлауына әкеледі. Бұл зат алмасуының биохимиялық бұзылысының салдары Вернике энцефалопатиясы (бұл орташа мидың жедеол қабыну) немесе полиневрит (жүйке ұлпасының зақымдалуы) болып табылады. Мұндай ауру негізінен басым түрде қабықшасынан терең тазартылған күріш және басқа дәнді дақылдарды қабылдаушы адамдарда пайда болады. Себебі неде:

A. витамин В2-нің авитаминозы

B. витамин В3-тің авитаминозы

C. +витамин В1-дің авитаминозы

D. витамин В5-тің авитаминозы

E. витамин В9-дың авитаминозы

 

97. Бұл витамин әртүрлі уақытта әртүрлі аталған: - өсу факторы L. casei; витамин М, маймылдардың қалыпты қанжасуы үшін қажет, витамин Вс, балапандардың өсу факторы. необходимый для нормального кроветворенияу обезьян; витамин Вс, фактор роста цыплят. В 1941 941 жылы ол өсімдіктердің жасыл жапырақтарынан бөлініп алынған, соған байланысты өзінің соңғы атауын алды. Бұл қай витамин:

A. +витамин В9

B. витамин В2

C. витамин В3

D. витамин В5

E. витамин В6

 

98. Ұқсас биологиялық активтілік көрсететін заттар тобы: - катехиндер, халкондар, дигидрохалкондар, флавиндер, флавонондар, изофлавонондар, флавонолдардың шығу көздері жалпы ортақ болады. Олардың құрылымдарының негізіне дифенилпропандық көмірсутектік тұлға «хромон» немесе флавон жатқызылады. Бұл топтағы заттар бір витамин атауымен аталған. Бұл қай витамин:

A. витамин В2

B. витамин В3

C. +витамин Р

D. витамин В5

E. витамин В6

 

99. Жедел жәрдем клиникасына науқас йіс газымен уланған диагнозы бойынша жеткізілген. Науқасқа қай препаратты бірден енгізу қажет?

A. аскорбин қышқылын

B. глюкозаны

C. +цитохром с-ны

D. тиаминді

E. никотин қышқылын

 

100. Жедел жәрдем бөліміне 55 жастағы әйел жеткізілген. Оң жақтағы қабырға астындағы ауырсынуға, лоқсуға, құсуға, жауырын асты ауырсынуына, асқазан күюі сезілуіне, ауызында ыстық сезілуіне арызданады. Әйелде тері мен склераның сарғаюы байқалады. Пациентте семіздіктің үшінші дәрежесі және айтуы бойынша гипертиреоз бар. Бастапқы диагнозды болжаңыз:

A. өт-тасы ауруы

B. ИТҚД

C. сарыауру

D. атеросклероз

E. +майлыгепатоз

 


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 47 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
2. Два резистора сопротивлением R1 = 5 Ом и R2 = 20 Ом подключены к зажимам источника тока напряжением 100 В , как показано на рисунке. Найти общую силу тока | В організмі хворого в результаті трансформації з”явилась популяція ракових клітин. Які клітини крові виявлять і будуть атакувати ці клітини?

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.111 сек.)