Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жедел подагралық артритті басу үшін қандай препарат тағайындалады?



8 вариант

Жедел подагралық артритті басу үшін қандай препарат тағайындалады?

+ колхицин

?

Буындардың зақымдануымен көкбауырдың ұлғаюы және лейкопения қандай ауруда байқалады?

+ Фелти синдромында

?

Ревматизмде Ашоф-Талалаев гранулемасының дамуы қандай уақыт аралығында байқалады?

+ 4-6 ай шамасында

?

Жүрек ұшындағы систолалық шу қандай ақауда байқалады?

+ миральды қақпақшаның жеткіліксіздігінде

?

Митральды стеноздың тікелей белгісіне тән?

+ жүрек ұшындағы диастолалық шу

?

Науқаста дерматомиозит диагнозын нақтылаудағы бағалы диагностикалық әдісті атаңыз?

+ терінің, бұлшықеттің биопсиясы

?

Ревматоидты артритпен ауратын науқаста аса қауіпті асқынуы болып табылады?

+ бүйрек амилоидозы

?

Науқаста жалпы қан анализінде лейкопения, гемолитикалық анемия анықталған, осы белгілер қандай ауруға тән?

+ жүйелі қызыл жегіге

?

Түйінді периартритпен науқаста асқазан-ішек жолдарының зақымдануы қандай түрде байқалады?

+ панкреатит

?

Жүйелі қызыл жегінмен науқасты емдеуде қолданылатын базисті терапия қандай препаратпен жүргізіледі?

+ преднизолонмен

?

Науқас 30 жаста, І типті қантты диабетімен ауруды. Науқас инсулин енгізгенен кейін 3 сағаттан кейін комалық жағдайда клиникаға әкелінді. Тез арада қандай шара қолдану керек?

+ 20 мл 40% глюкоза ерітіндісін енгізу

?

Науқас 8 жаста, тісін жұлдырғанан кейін қан тоқтамай қойды. Аамнезінде кейінгі 4 жылда буындарына қан құйылулар және иектен қан кетулер болған. Осындай көріністер атасында байқалған. Объективті қарағанда: жұлынған тістің орнынан қан кетуде, тері қабаттары таза, қалыпты түсті, тізе буынының аздаған деформациясы байқалады, бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған, манжеттік сынама теріс мәнді. Лабораторлы көрсеткіштерде: НЬ 135 г/л, лейкоциттер 5,0 х 10 9 /л, тромбоциттер 250 х 109/л, қан ұюының басталуы: 10 минут, аяқталуы19 минут, аутокоагуляционды тест 15 секунд, қан кету ұзақтығы 3 минут, протромбинді индекс 90%. Науқастан қандай диагнозды болжайсыз?

+ гемофилия

?

16 жастағы жасөспірім жігітте дене тұлғасының жоғарғы жағы жақсы дамыған. Әскери комиссариатта тексеру барысында артериалық гипертензия анықталды. Қарағанда дене бітімі пропорциональды емес, мойын тамырларының пульсациясы күшейген, аяқ артерияларының пульсациясы әлсіреген, жауырын аралық аймақтан систолалық шу естіледі. Аяқтарында қан қысымы төмен. Науқастан қандай диагнозды болжайсыз?



+ қолқа коарктациясы

?

Клиникаға жас босаңған әйел жалпы әлсіздікке, тез шаршауға, буындарының ауырсынуына шағымданып келді. Анамнезінде: бір ай бойы қызба, буындарының ауырсынуы байқалған. Объективті қарағанда: бетінде эритематозды бөртпелер, перифериялық лимфа түйіндері ұлғайған. Науқастан қандай диагнозды болжайсыз?

+ жүйелі қызыл жегі

?

Ауруханаға 40 жастағы әйел босаңғаннан кейін пайда болған әлсіздікке, саусақ буындарының ауырсынуына шағымданып келді. Рентенологиялық зерттегенде саусақ буындарында кертіктену мен остеопороз белгілері анықталды. Қандай патологиялық процесте рентгенограммада буындардың кертіктенуі мен остеопорозыанықталады?

+ ревматоидты артритте

?

Науқас 38 жаста, анамнезінде 15 жылдан бері ревматизммен ауырады. Кейінгі уақытта төс артында шаншып, қысып ауырсыну пайда болды. Қарағанда белсенді ревматизмдік үрдістер белгісі жоқ.. Жүрегін тексергенде сол жақ қарыншаның гипертрофиясы анықталды, жүрек ұшында систолалық шу, қолқаныңы үстінен диастолалық шулестіледі. АҚ 160/40 мм. Сынап бағанасында, пульсі ырғақты, 72 рет минутына. Сан артериясының үстінен Траубе қос үні және Виноградов-Дюрозье шуы естіледі. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

+ қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі

?

Науқаста климакстық кезеннен бастап тізе буындарының ауырсынуы, ауырсынудың кешкі уақытта күшеюі байқалады. Буындарының қозғалысы шектеліп, механикалық түрдегі ауырсыну, қозғалғанда буындарында крепитация байқалады. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

+ деформирлеуші остеоратроз

?

Науқас 35 жаста, босаңғанан кейін тері қабаттарының ісінуі, бетінің «маска» тәрізді тырысуы, терідегі іріңдіктер мен тырнақтарының деформациясы, шашының түсуі, ауыз қуысының тартылып тырысуы, терісінің қатаюы пайда болды. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

+ жүйелі склеродермия

?

Жалпы тәжірибелік дәрігердің қарамағына келген науқастың жалпы қан анализінде келесі өзгерістер анықталды: эритроциттер – 3,6 х 109г/л, гемоглобин – 100 г/л, түсті көрсеткіш – 0,83, қан сарысуындағы темір – 9мкмоль/л, қан сарысуының темірді байланыстыру қасиеті – 76мкмоль/л. Осы науқасқа қандай емдеу шарасын тағайындау керек?

+ темір сульфаты 150 мг/тәулігіне

?

Гиперхромды макроцитарлы анемиямен (пернициозды) науқасқа қандай ем тағайындаған дұрыс?

+ цианокобалаин инъекциясын

?
20 жас, науқас М. 3 ай бойына оң мықын аймағындағы ауру сезiмiне шағымданады, тамақ қабылдаумен байланысты емес, күніне 4-5 рет сұйық үлкен дәрет, қан және кiлегейсiз, әлсiздiк, бас ауруы, дене қызуының 37,8 градусқа дейiн көтерiлуi, 8 кг. арықтаған. Объективтi: iшi жұмсақ, мықын аймағында ауырсыну. Қанда: Нв-96г/л, лейк.-7,9 мың, ЭТЖ-36мм/сағ., жалпы ақуыз 68 г/л. Клиникалық диагноз қойыңыз:

+ Крон ауруы

?

Азаматша М. 22 жаста іштің сол жақ бұрышының толғақ тәрізді ауырсынуына, әлсіздікке, шырышты және қанды жиі нәжіске, дене қызуының 38,40 С жоғарлауына шағымданады. Тері жамылғылары бозғылт. Ішті пальациялағанда жұмсақ, кіндік айналасында ауырсыну, ішек жолдары бойынша шұрылдау байқалады. Сіздің диагнозыныз:

+ спецификалы емес ойық жаралы колит

?

Науқас 70 жаста. Эпигастр тұсының тұйықталып үнемі ауырсынуына, тәбетінің болмауына, дене салмағының азаюына, нәжістің қара түске боялуына, көп жылдар бойы созылмалы атрофиялық гастритпен ауруына шағымданады. Жағдайының нашарлауы соңғы 2 айда болған. Қараған кезде: терісі бозғылт, ішті пальпациялағанда эпигастр тұсында ауырсыну, мелена. Қан анализі: Нв 100 г/л, эритроциттер 2,7х1012/л, ЭТЖ – 35 мм/сағ. Сіздің диагнозыныз:

+ асқазанның қатерлі ісігі

?

Науқас 72 жаста, қанды құсыққа, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, эпигастр тұсында тартыну сезіміне шағымданады. Қараған кезде: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, терісі бозғылт, АҚ 100/70 мм.сн.бғ. Пульс жиілігі минутына 100 соққы. Іші жұмсақ, эпигастр аумағы ауырсынады. Сол жақ бұғана үстінде және бұғана астында ұлғайған лимфа түйіндері пальпацияланады. Сіздің диагнозыныз:

+ асқазанның қатерлі ісігі

?

Пневмония кезінде антибактериальді терапияны шамамен қанша уақытқа тағайындайды:

+ дене қызуы қалыпты болып, сол деңгейде 4-5 күнге шейін тұрақталғанға дейін

?

.Бронхиальді демікпесі бар науқастарда қабылдаған емнің нәтижесін сақтап тұру үшін не қажет:

+ ингаляциялық кортикостероидты үнемі қабылдау

?

.Созылмалы обструктивті өкпе ауруы бар науқаста өкпелік жүрек дамуының негізгі себебі

+ өкпе артерияларының ұзақ уақытты старылуыжәне гипоксиясы

?

47 жастағы, қантты диабетпен ауыратын және пневмонияға байланысты ем алып жүрген науқас 2 аптадан кейін қайтадан қалтырап, шылқып терлеп, дене қызуы 39оС дейін жоғарылады. Тыныс алу жиілігі -32 рет минутына, пульс -108 рет минутына. Қан қысымы 110/70 мм.с.б. Қанда: лейкоциттер- 18 мың, таяқша ядролы -14%, сегмент ядролы -52%, лимфоциттер – 34%, эритроциттер тұну жылдамдығы – 48мм/сағ. Қаннан алтынды стафилококк егіліп алынды. Эхокардиографиялық зерттеуде қақпақшалар өзгермеген. Науқаста қандай асқынудың дамуы барынша мүмкін?

+ Сепсис

?

Еркек 40 жаста, эпигастрий аймағында ұзақ ауырсынуға, арқаға қарай иррадиациямен және оң жақ қабырға астының қатты ауырсынуына шағымданады. УДЗ: асқазан асты безі өзгерген және созылмалы холецистит көріністері. Берілген патологияда қандай лабораторлы көріністер ақпаратты болады?

+ қанда және зәрде амилаза деңгейі

?

Еркек, 50 жаста оң жақ тобықтың қатты ауырсынуына шағымданады. Бірнеше күн бұрын көп мөлшерде ет пен алкогольды қабылдаған. Аырсыну кенеттен басталды, танертеңгі уақытта сағат 6 бастап оң жақ тобықтың І-ІІ табаң бақайшақ буындары аймағында сезіледі. Объективті: аяқтың үлкен саусағының буыны үстінде қызарған, ұстағанда ыстық, пальпациялағанда ауырады, қозғалуы және жүруі мүмкін емес, дене қызуы – 38° С.

Аумақтық дәрігердің дұрыс диагностикалық тактикасының қайсысы дұрыс?

+ қандағы зәр қышқылы деңгейін анықтау

?

Науқас 63 жаста, ЖИА. Күш түсу стенокардиясы ФК ІІІ диагнозымен диспансерлік есепте тұр. Соңғы аптада ангинозды ұстамалар жиіленіп, 7-9 минутқа дейін ұзарған, ұстаманы басуға нитроглицериннің бірнеше таблеткасын қабылдау қажет болды. Берілген жағдайда аймақтық дәрігердің дұрыс тәсілін көрсетіңіз.

+ стационарға, кардиологиялық бөлімге емделуге бағыттама беру

?

Науқас 50 жаста, аз мөлшерді қақырық бөлінуімен жөтелуге, жүктемеде пайда болатын демікпеге шағымданады. Анамнезінде: 15 жыл бойы темекі тартады. Объективті: кеуде клеткасы бөшке тәрізді, бұғана үсті аймағы ісінген. Дауыстың дірілі екі жақта әлсіреген. Перкуторлы: қорапша дыбыс. Аускультативті: ұзақ дем шығаруымен, қурғақ сырылдар естіледі, форсирленген тыныс шығаруы кезінде белсенді. Мұндай ауру кезінде берілген зерттеулердең қайсысы жоғары диагностикалық ақпаратты болады?

+ спирография

?

Науқас 56 жаста, аумақтық дәрігердің қабылдауында соңғы ай бойы ақшыл – сұр түсті қақырықты жөтелуге, кешкі уақытта субфебрильді температураға, әлсіздікке, түнгі уақытта терлеуге, 4 кг арықтауға шағымданады. Анамнезінде: туберкулезбен ауыратын науқаспен қарым қатынаста болғанын айтады. Объективті: өкпе аускультациясында тынысы везикулярлы, сырылдар естілмейді.

Айтылған зерттеулердің қайсысы алдын ала диагнозды қоюға дәлелді болады?

+ қақырықтың бактериоскопиялық зерттеуі

?

50 жастағы cеміздігі бар әйел, оң жақ қабырға астындағы ауырсыну сезіміне шағымданады. Ауры сезімі оң жақ бұғана үсті аймағына беріледі. Анамнезінде созылмалы холециститі бар. Науқас мазасыз, қозғыш, қарағанда тері түсі қалыпты, пальпацияда өт қабы нүктесінде ауру сезімі анықталады. Ортнер симптомы оң, температурасы қалыпты, қан анализі паталогиясыз. Науқаста қандай ауру бар деп ойлайсыз:

+Созылмалы калькулезді холецистит

?

44 жастағы науқас оң қабырға астындағы, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, көп рет құсуға шағымданып дәрігерді үйге шақырды. Науқас үш күн бойы алкоголь ішкен. Жалпы жағдайы ауыр, тері қабаты бозғылт, құрғақ, дене қызуы 38,6 С. Пульс 110 рет минутына. ҚҚ 80/40 сын.бағ. Тынысы везикулярлы, төменгі бөлігінде екі жағында да әлсіреген. Тілі жабындымен жабылған, құрғақ. Іші жұмсақ, біраз кепкен, эпигастрий аймағында ауырсынады. Кера, Керте, Воскресенский симптомдары оң. Қандай тексеру диагнозын анықтауда нақты мәлімет береді?

-Қанның биохимиялық анализі

+УДЗ

?

65 жастағы ӨСОА-мен ауыратын науқаста аздаған физикалық жүктемеден кейінгі ентігу, аз мөлшердегі қақырықты жөтел, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі, зәр көлемінің азаюы байқалады. Объективті: акроцианоз, мойын веналарының ісінуі, эпигастрий аймағындағы пульсация, өкпе артериясында ІІ тонның акценті, тахикардия, бауырдың ұлғаюы, ісінулер. Науқастың ЭКГ-да барынша мүмкін анықталатын белгі:

+ оңжақ қарынша гипертрофиясы

?

Науқас Г, 31 жаста. Қыжылдауға, эпигастрий аймағында тұйық, сыздап ауырсынуға, iш қатуға бейiмдiлiкке шағымданады. ФГДС: кiлегей қабатының гиперемиясы, iсiнуi, асқазанның антралды бөлiмiнде ұсақ нүктелi қан құйылулар байқалады. Сiздiң болжам диагнозыңыз?

+ созылмалы гастрит В тип

?

68 жастағы науқас әлсіздікке, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, нәжісінің тұрақсыздығына шағымданады. Объективті: тері мен көзге көрінетін кілегейлі қабаттар бозғылт - сарғыш түсті. Беті ісінген. Тілі таңқурай түстес, "лакталған". Бауыры, көкбауыры шамалы ұлғайған. Қанда: эр-2,6 млн., Нв-104 г/л, ТК-1,2, лейк-2,7 мың, тромб-115 мың. ЭТЖ-50 мм/сағ, макроцитоз, полисегменттелген нейтрофильдер. Билирубин - 38,5 мкмоль/л. Миелограмма: мегалобласты қан түзілу. Науқасқа қандай ем нәтижелі болады?

+ В-12 витамині

?

36 жастағы науқас, ішінің ұстама тәрізді ауыруына, жиілеген сұйық қанды үлкен дәретке шағымданады. Антибиотиктермен емдегенде профузды ішектік қан кетулер болған. Об-ті: тамақтануы төмен, іші жұмсақ, тоқ ішек бойында ауырсыну сезімі бар, нәжісі тәулігіне 20 рет, қанды бөліністер. Ирригоскопия: тоқ ішек қабаттары жоқ, псевдополиптер бар. Қанында: ЭТЖ-20 мм/сағ., белок-54г/л. Диагнозды анықтау үшін қандай тексеру жүргізіледі?

+ аспирациялы биопсиямен колоноскопия

?

86 жастағы науқас беліне берілетін ішінің ауыру сезіміне, ішінің кебуі, қатуы, "қой" нәжісі сияқты беткі қабатында кілегей мен қан аралас нәжіске, әлсіздік пен жүдеуге шағымданады. Анамнезінде: тоқ ішек бөлігінде полиптер. Об-ті: тамақтануы төмен, бозарған, тілі ақ жабындымен жабылған, іші жұмсақ, төменгі бөлігінде ауыру сезімі бар. Қанында: лейк-10 мың, ЭТЖ-52 мм/сағ. Ирригоскопия: сигма маңында 20 см бос жердің циркулярлы тарылуы, тарылу орталығында барий депосы бар. Клиникалық диагнозы қандай?

+ ішек обыры

?

Балалардағы менингококкты менингитте пенициллиннің мөлшері:

+ 300 мың/кг және жоғары

?

1 жас 2 айлық баладағы ЖРВИ диагнозы қойылған. Емінде қандай үстел № тағайындау қажет:

+ 16б

?

Менингококкты инфекциямен ауырған балаға люмбальді пункция жүргізгеннен кейін қанша уақытқа қатаң төсектік тәртіп тағайындалады:

+ 2 сағат

?

4 жастағы қыз бала қызуының жоғарылауымен, қайталап құсумен жедел ауырды, 2 күні көзінің қасаң қабығының тамырларының инъекциясы пайда болды, аңқасында шамалы гиперемия, бадамша бездерінде ұшықтық бөртпелер бар, нәжісі сұйылған тәулігіне 3 рет. Диагнозын қойыңыз:

+ энтеровирустық инфекция

?

Менингококкты менингитте негізгі патогенетикалық терапия:

+дегидратационды терапия

?

. Жедел ішек инфекциясымен ауырған баланың нәжісінде қан бар. БЖАИЖ бағдарламасының ұсынуы бойынша тағайындау қажет:

+ ципрофлоксацин

?

Жедел ішек инфекциясы клиникалық диагнозын қою үшін диагностикалық болып табылатын зертханалық зерттеу әдісін таңдаңыз:

+ бактериологиялық нәжіс анализі

?

Скарлатина кезінде антибактериалдық емге қолданылады:

+пенициллин

?

БаладаЖРВИ, көмей стенозыIIдәрежелі. БЖАИЖ бағдарламасы бойыншатағайындаңыз:

+ сальбутамолмен ингаляцииялар

?

Балаға қойылған болжамдық диагноз: Вирусты гепатит. Клиникалық диагнозды дәлелдеу қолданылатын зертханалық әдіс:

+ серологиялық қан анализі

?

3 айлық бала. Күніне жетіп туған, салмағы 4 кг. Табиғи тамақтандырылында. Витамин D қабылдамаған. Ұйқысының бұзылуына, мазасыздық, емізу кезінде терлегіштікке шағымданады. Қарау кезінде: тері қабаты дымқыл, қызыл дермографизм, шүйде аймағының тақырлануы байқалады. Еңбегі үлкен 1,5x1,5 см шеті жұмсарған, әлсіз бүлшық еттік гипотония. Қаңқа мен ішкі мүшелер өзгерісі жоқ. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу жүргізу керек?

+ кальций, фосфор, сілтілі фосфатаза

?

10 айлық шала туған бала. Салмағы 2300г, 1 айынан бастап жасанды тамақтандыруда, 1 аптада 2-3 рет 1 сағаттан таза ауаға шығады. Қосымша тамақ 6 айдан бастап манка және күріш ботқасы енгізілді. Кейбір кезде көкөніс ұнтағы берілген. Пневмония, стафило­коккты энтероколитпен ауырған. Қарау кезінде: жағдайы қанағаттанарлық, мандай және төбе төмпешігі байқалады, омыртқаның қисаюығ қабырғасында «тасбиік», буындары әлсізденген, терлегіштік, адинамия. Қандай спецификалық ем тағаындау керек?

+ Д витамин курсі

?

Бала 5 жүктіліктен, өз уақытында 3000г салмақпен 4 босанудан туылған, бойы 50см. Туылған кезде терісінің сарғыштығы, әлсіздік, дауысы әлсіз. Емуі нашар, лоқсыды, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы анықталған. Сіздің алдын ала диагнозыңыз?

+нәрестенің гемолитикалық ауруы

?

Балаға 3 ай. Перзентханада гемолитикалық аурудын (Rh фактор бойынша сәйкестелмеген), сарғаю түрі диагнозы қойылды. Екі реттік қан алмастыру жүргізілген. Қазіргі уақытта бала табиғи тамақтануда, 3 ай ішінде 2200г салмақ қосқан. Бала қандай маманда қаралу керек?

+ педиатр және невропатолог

?

 

Бала 7 жаста. Анамнезінде: әжесі бронх демікпесімен ауырады, 6 айынан бастап цитрустарға аллергиясы бар. 3 жасында жедел есекжемен ауырған. 1 сағат бұрын, жөтел, қиын шулы тыныс пайда болды. Объективті: тері қабаты бозғылт, мұрын-ерін үшбырыштының цианозы, экспираторлы ентігу 1 минутта 50 рет, тынысы әлсіз, құрғақ ысқырықты сырылдар, перкуссияда өкпеде қороб тәрізді дыбыс. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

+ демікпе

?

Балаға 2 жас, бірден қатқыл жөтел пайда болды, тыныстың қиындауы, мазасыздық, 1 сағат бұрынбала балық жеген. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, инспираторлы ентігу, қатқыл тыныс. Анамнезінде: балада бірнеше рет терісінде бөртпелер байқалды. Баланың анасында нейродермит. Көрсетілген клиникалық көріністер қай ауруға тән?

+ аллергиялық ларинготрахеит

?

Бала 6 жаста. Шағымы: тізе табан буынының ауырсынуына, дене қызуы 37,6° дейін. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, екі жақ тізе буынының ісінуі, қозғалғанда ауырсынуы байқалады. Бөксе аймағымен бүкіл буындарда симметриялық геморрагиялық бөртпелер бар. Диагноз қойылған: геморрагиялық васкулит. Бұл ауру немен қауіпті?

+ Асқазан ішектен қан кетумен

?

5 жасар бала. Шағымдары: оң жақ тізе буынының ауырсынуына. Анамнезінде: жиі мұрыннан қан кету, жарақттан кейін буын мен теріге қан құйылу байқалған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері қабаты бозғылт. Денесінде экхимоз диаметірі 6 см. Оң жақ тізе буыны шар тәрізді, бірден қозғалыстың тежелеуі байқалады. Буын сұйықтығында – гемолизденген қан алынған. Қан анализінде: эр.- 3,6х1012, НЬ - 100 г/л, СОЭ - 20 мм/сағ, тромб. - 200x10%, Ли-Уайт бойынша қан ұю ұзақтығы 18 мин. Рекальцификация уақыты 450мин. Доннорлық плазма құйғаннан кейін рекальфткация қалыпына келді. Диагноздың қайсысы дұрыс?

+ А гемофилиясы

?

8 жасар бала. Ылғалды жөтел мен дене температурасы жоғарлауына шағымданады. Объективті: тері қабаты бозғылт. өкпеде қатқыл тыныс, құрғақ жайылған сырылдар, өкпенің барлық жерінде естіледі. Рентгенде: өкпе суретінің, өкпе түбірінде күшеюі көрінеді. Перифериялық қанда: L — 5,0 х 10 /л (п - 8 %, с - 51%, л - 39 %, м - 6 %); СОЭ - 6 мм\сағ. Диагноздың қайсысы дұрыс?

+ жай бронхит

?

Балаға 3 ай. Жиі қинайтын жөтел, тыныстың қиындауы. Объективті: жағдайы ауыр, қосымша бұлшық ет қатысуымен экспираторлы ентігу. Өкпеде «короб» тәрізді дыбыс, әлсіреген тыныста ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммада: өкпенің желденуі, интерстиция мен тамыр суретінің күшеюі, перибронхиалды тығыздалу. Перифериялық қан анализінде лифоцитоз бен ЭТЖ жоғары. Диагноздың қайсысы дұрыс?

+ бронхиолит

?

Науқастың қол білезігінде,аяғында тұрақты ауырсыну,жансыздану бар. Қарау кезінде білезіктерінде, өкшеде акрацианоз, алақанда акрогипергидроз, гиперкератоз, тырнақтардың сынғыштығының жоғарылауы және “қолғап”, ”шұлық” типті гипестезия байқалады. Синдромды айтыңыз:

+ вегетативті полиневрит

?

Науқаста көзден жас ағу, тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінің гиперакузиясы, гипогевзиясы,Белла симптомы, оң жақта Шарконың леп белгі симптомы. Қандай жүйке зақымдалған?

+бет

?

Науқаста жүрек айнумен, құсумен,брадикардиямен,нистагммен бірге бас айналу ұстамасы бар. Атаксия түрін атаңыз.

+ вестибулярлы

?

Науқас 30 жаста, І типті қантты диабетімен ауруды. Науқас инсулин енгізгенен кейін 3 сағаттан кейін комалық жағдайда клиникаға әкелінді. Тез арада қандай шара қолдану керек?

+ 20 мл 40% глюкоза ерітіндісін енгізу

?

Науқас Ф.-та неврологиялық сурет динамикалық атаксиямен, интенционды дірілдеумен, нистагммен, адиадохокинезм, асинергия, дисметрия,мимотүсу-мен зақымдалған (ошақ жақта гипотония,скандирленген сөйлеу,жүріс атак-сиямен,жүрген жақта ақаумен)сипатталады. Зақымдалу ошағы қайда орна-ласқан?

+мишық жарты шары

?

Интра неонаталды кезеңде балалардың церебралды салдануына алып келетин, ми қан айналымының бұзылыстарының алғышарты

+ антенаталдық гипоксия немесе асфиксия

?

Айқын тетрапарез, психикалық арта қалу, псевдобульбарлы синдромы байқалады

+ окклюзионнды гидроцефалия үшін

?

Қайталама субарахноидалды қан құйылудың балаларда пайда болуы

+ мальформация кезінде

?

Айқын білінетін нәрестелердің бұлшықет гипотониясы нені көрсетеді?

+ көрсетілген барлық себептер болуы мүмкін

?

Ерте жастағы балаларға Фенобарбиталды немен қоса қолдану тиімді?

+ кальция

?

Науқас В., 22 жаста Банк қызметкері 2 апта бұрын грипті бастан өткізген «аяғында». Тамағындағы үнемі ауырсынуға шағымданады, «жұтқыншақ туберкулезімен ауруымен ауратынын,тамағым шіріп жатыр,тістерім түсіп қалды,миым еріп кетті деп айтады.Жүруден бас тартады, яғни «барлық ішкі құрылысым жабысып қалған».Ол өзін «тірі өлікпін»деп санайды. Эмоциональды фон төмендеген.Қарым-қатынастан бас тартады «аузымның іші тола микроб» деп санайды. Синдромалды диагнозды ата?

+ Котар синдромы.

?

Науқас М., 30 жаста. Психиатриялық стационарда жатыр.3 кун арасында әңгімеге мүлдем түскен жоқ,бөлімшеде ешкіммен араласпай өзімен өзі жүреді.Біраз уақыт өткеннен кейін өзін басқа әлемде болғанын,ол әлемде әр адамнын өзінің нақты номері болатынын айтады.Науқастың номері 1110.. «Барлық адамдар және мен жатып қозғалдық барлығы сары тұманда болды.Бұл әлемнің адамдары теңіз тілінде сөйлейді.Қорқынышты болды,бірақ қызық.Өкінішті менің ол жақтан қайтып келгенім.».Синдромалды диагнозды ата?

-сананың күңгіртену синдромы.

+онейроидты синдром.

?

Науқас В., 32 жаста.Бөлімшеде қобалжыған,өзінің атын,мекен-жайын,қызметін айта алмайды.Вокзалда поездан қалай шыққанын және кафеде бір шөлмек сыра ішкенін біледі.Одан кейінгі оқиғаларды (2 күн қткеннен кейінгі) есінде жоқ.Ауруханаға қалай түскенін білмейді,бірнеше күн өткенен кейін және ем қабылдағаннан кейін биографиялық мәлімет берді (үйдің мекен-жайын, телефон, фамилия).Қызметкердің 2 күн бұрын болған оқиғаны айтуына сенімсіздікпен қарайды. Синдромалды диагнозды ата?

+сананың күңгіртену синдромы

?

Науқас П., 33 жаста қабылдау бөлімінде 13 қасиетті адам екенін айтады,кеше өлгендей,бүгін тірі мен көршілерімді үйлерінде тірілтім,яғни өлі болғандарды.Барлық өліктер оның денесінде«өлмейтін жан»деп айтады.Гипноз өткізуді ұсынды.Бүкірейген қалыпты ұстайды, хаотикалық қозғалыстарды қолмен жасайды.Үнемі дауыстар естиді,олар «жүректен» шығады.Ал кешке қарай «адамдардың жылағанын»естиді,олар тозақта қиналып жатады.Ол өзін құдайдың оны ерекше күш иесі деп таниды деп санайды,ол «Христа жасына»жеттім деп есептейді. Синдромальды диагноз?

+ парафренды синдром.

?

Науқас В., 38 жаста.10 күннен бері палатаның бұрышында отырады,түр әлпеті жоқ,себепсіз күледі.Қысқа уақыт ұйықтайды,сосын қайтадан «өз әлеміне»енеді.Біраз уақыттан соң «балықпен болдым» деп айтады. Теңіз жағлауында отырғанда толқындар аса күшпен тастарды итеретінін көргенін айтады.Айнала толған жыландар,олар таныс емес тілде сөйлейді. «Барлық көргендерімді айта алмайтынын» айтады.Тағыда «сол әлемде» болғысы келетінін айтады.Синдромалды диагнозды ата?

+онейроидты синдром.

?

Науқас С., 40 жаста,өз-өзіне қол жұмсау бойынша ауруханаға түседі.Төсекте қозғалыссыз көзі жабық жатады.Бет әлпеті мұңайған.Әңгімеге толықтай жоқ.Күшпен тамақ ішеді.Туыстарымен кездескенде үнсіз отырады.Дәрі салғаннан кейін (т/і барбамил және кофеин енгізгеннен кейін)жылайды,өмір сүргісі келмейтінін айтады.Өлтіруді сұрайды.Науқас алдында куйеуімен болған ұрыста оны қатты балағаттағанын айтады, «мен шынымен де ласпын,маған не үшін өмір сүру керек». Өзін «баяғыда өлгенін»айтады. Синдромалды диагнозды ата?

+ депрессивті синдром.

?

Науқас А., 22 жаста.Бөлімшеге психомоторлы қозу жағдайымен түседі.Төсектен секіріп кетеді,айқайлайды,түкіреді,басқа науқастарға шабуыл жасайды.Төсекте үнемі тыпырлайды,өз киімдерін лақтырады,төсек жабындыларын жыртады. Сұрақтарға жауап бермейді,бірақ арасында монолог типінде: «аминазинды алыңдар;төсекте аш қарынға темекі тартуға болама,сендер түзусіндер мен қисықпын,барлығы мұнда галоперидолда,шыбын сияқты» және т.б.Көңіл аудару мүмкін болмайды.

Синдромалды диагнозды ата?

+кататоникалық синдром.

?

Науқас К., 39 жаста. 2 күн бұрын үрей,тынымсыздық пайда болған.Оған өзінің бөлмесі халыққа толған сияқты көрінеді,қандай да бір адамдар қабырғадан айқайлайды,өлтірем деп қорқытады, «ішеміз»деп шақырады.Түнде ұйықтамаған,құйрығы кесілген тышқанды көреді,ертегідегі періште еденнен алтындарды жинауды бұйырады.Психиатриялық ауруханаға жатқызылды.Бөлімшеде қозғыш,жағдайы кешкі уақытта өзгереді.Контактыға формальды түрде түседі. Диагнозды ата?

+делириозды синдром

?

Науқас О., 31 жаста.Бөлімшеде ұзақ уақыт төсекке байлаулы болды.Сосын бірден күшті қозу басталды.Киімдерін лақтырып,басына бет орамал орап алды.Айналасындағыларға реакция жоқ.Шалқасынан жатып алады,кеудесін алақанымен жабып ұрады.Барлығын тыныш жасайды.Киіндіргенде және тамақтандырғанда қырсығады.Ал мамасы жеміс-жидек әкелсе қызғанып тығып жейді.Беті терісі жылтыр,еріндерін бұртыйтып алған.

+кататоникалық синдром

?

Науқас В., 38 жаста.10 күннен бері палатаның бұрышында отырады,түр әлпеті жоқ,себепсіз күледі.Қысқа уақыт ұйықтайды,сосын қайтадан «Өз әлеміне»енеді.Біраз уақыттан соң «балықпен болдым»деп айтады. Теңіз жағлауында отқанда толқындар аса күшпен тастарды итеретінін көргенін айтады.Айнала толған жыландар,олар таныс емес тілде сөйлейді. «Барлық көргендерімді айта алмайтынын»айтады.Тағыда «сол әлемде» болғысы келетінін айтады.Синдромалды диагнозды ата?

+онейроидты синдром.

?

Комбинирленген ауыздық контрацептивтерді жүктіліктен қорғану мақсатында тағайындайды:

+ етеккір циклінің 1- ші күнінен бастап

?

Ретракцияға анықтама беріңіз:

+ жиырылған бұлшық ет талшықтарының ығысуы

?

26 жастағы алғаш босанушы босану үйіне жыныс жолдарынан қанды бөліністердің болуына шағымданып келді.Толғақтар әлсіз, қысқа. Ұрықтың жамбас бөлігі кіші жамбастың кіреберісінде анықталады Қынаптық зерттеуде жатыр мойны каналы 1 саусақты оңай өткізеі, ішкі аңқада плацента ұлпасы анықталады, ұрық құйрығы кіші жамбастың кіреберісінен жоғары орналасқан, ұрық көпіршігі бүтін. Тактика:

+ кесар тілігі

?

Перинаталді өлімді азайту үшін жасалынатын маңызды шаралардың біріне нені айтуға болады?

+Ұрықтың қауіпті жағдайын өз уақытында диагностикалауды

?

Жыныстық жетілудің кідіруі – бұл болмауы:

+ екінші жыныстық көріністердің 14 жаста, ал етеккірдің - 16 жаста

?

Жатыр мойны ісігінің I сатысында қолданылатын ең:

+Комбинирленнен

?

Жатыр мойны дисплазиясын анықтаудағы ең ақпаратты әдіс:

+Көзделген биопсия жатыр мойны каналының шырышты қабатын қырнаумен

?

50 жастағы науқас постменопаузада қынаптан қанды бөліністердің пайда болуына шағымданып келді. Қарау кезінде жатыр мойны ісікпен деформацияға ұшыраған, жатыр 10 апталық жүктілікке дейін ұлғайған, инфильтраттар параметральды кеңістікте, ол өз кезегінде жамбас қабырғасына дейін жеткен. Күдіктенген диагноз: жатыр денесінің ісігі. Диагнозды нақтылау үшін диагностиканың қандай әдісін қолдану қажет?

+Гистологиялық зерттеу

?

Босану және түсіктен кейін қалып қойған шарананың орнында шырышты қабатта не түзіледі.

+Плацентарлы полип

?

Лапаротомия кезінде жатыр түтікшелері ұлғайған, қабырғаларын ақау бар екені анықталды. Түтікше қуысы қан ұйындыларына толған. Гистологиялық зерттеу кезінде түтікше қуыындағы шырышты қабықшада децидуальды реакция– хорион бүрі анықталды. Аталған жағдайда қандай патология орын алуы мүмкін?

+Жатырдан тыс жүктілік

?

19 жастағы пациент АҚ жоғарлауына, төс артының қысылу сезіміне, «өлім қорқынышы» сезімінің пайда болуына, аяқ қолдарының тоңуы мен жансыздануына, жүрек қағуына шағымданып келдң. Аталған симптомдар етеккірден 6-7 күн бұрын пайда болып етеккірдің келуімен жойылады. Етеккіралды синдромының қандай түрі ең ықтимал:

+криздік

?

Перинаталды өлім көрсеткіші келесі жолмен есесптелінеді:

+ (Өлі туылғандар саны + туылғаннан кейін алғашқы 168 сағатта өлген нәрестелер саны)/(тірі және өлі туылғандар саны) х 1000

?

Ана өлімінің көрсеткіші:

+ 100000 тірі туылған нәрестелер арасында жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңнің 42 тәулігіне дейін өлген әйелдер саны

?

Перинаталді өлімді азайту үшін жасалынатын маңызды шаралардың біріне нені айтуға болады?

+Ұрықтың қауіпті жағдайын өз уақытында диагностикалауды

?

22 жастағы әйел, жанұяны жоспарлау сұрағымен контрацепция әдісін таңдау үшін дәрігерге келді, анамнезінде трихомонадты кольпит, бірнеше жыныстық серіктесі болған. Осы жағдайда ұсынылатын контрацепция әдісі, қандай әсер ету механизміне ие болуы керек?

+Барьерлік эффект

?

Жүктілік кезінде немесе босанғаннан кейінгі 42 күннің ішінде, жүктілікті жүргізумен байланысты немесе қандайда бір себептердің салдарынан асқынған, бірақ, бақытсыз жағдай немесе кездейсоқ пайда болған себептерге байланыссыз болған әйелдің өлімі – бұл?

+Ана өлімі

?

20 жастағы тұрмыстағы әйел, өзін жүктімін деп санап (етеккірі 10 күнге тежелген), әйелдер кеңесіне есепке тұруға келді. Қарау кезінде анықталды: жағдайы қанағаттанарлық, іші жұмсақ, ауырсынусыз, АҚ-120/80 мм.сын.бағ., тамыр соғуы минутына 72 соққы. Гинекологиялық қарау кезінде: қынаптың шырышты қабаты көгерген, жатыр ұлғаймаған, оң жақ жатыр қосалқыларының ұлғаюы анықталды. Осы клиника аталған диагноздардың қайсысына сай келеді?

+Үдемелі түтіктік жүктілік

?

20 жастағы тұрмыстағы әйел, өзін жүктімін деп санап (етеккірі 10 күнге тежелген), әйелдер кеңесіне есепке тұруға келді. Қарау кезінде анықталды: жағдайы қанағаттанарлық, іші жұмсақ, ауырсынусыз, АҚ-120/80 мм.сын.бағ., тамыр соғуы минутына 72 соққы. Гинекологиялық қарау кезінде анықталды: қынаптың шырышты қабаты көгерген, жатыр ұлғаймаған, оң жақ жатыр қосалқылары ұлғайған. Кіші жамбас мүшелерін ультрадыбысты зерттеу кезінде үдемелі түтіктік жүктілікке күдік туды. Әйелдер кеңесі дәрігерінің тактикасы қандай?

+Науқасты шұғыл түрде госпитализациялау

?

Акушер-гинекологтың негізгі міндетіне не жатады?

+ана мен бала ауруларын төмендетіп, өлімді азайту

?

Төменде аталған негізгі құжаттардың қайсысы перзентхананың атқарған қызметі туралы жоғары медициналық статистика органдарына жолданады?

+№ 32 формадағы есеп

?

Қай кездегі ұрықтың өлімін антенаталді өлім көрсеткішіне енгіземіз?

+Жүктіліктің 22-42 аптасындағы

?

Өкпе томограммасы нені анықтауға көмектеседі:

+ қабат бойынша өкпенің рентгенологиялық зерттеуі

?

Өкпенің КТ-да суретті күшейту әдістемесі мынада:

+ 40-60 мл суда еритін контрастты затты көктамыр ішіне енгізуде

?

Өкпесі ауыратын науқастың томографиялық зерттеуі неден басталу керек:

+ тік және бүйірлік проекциядағы шолу рентгенорафиясынан

?

Құрт тәрізді өсіндінің атипиялық орналасуының қандай түрінде оң жақ қабырға астының аырсынуы тән:

+ бауырастылық

?

Құрт тәрізді өсіндінің атипиялық орналасуының қандай түрінде ауырсынудың бел бөлімінде локализациясы тән:

+ ретроперитониальді

?

Іш қуысының төменгі шекарасы не болып табылады?

+ мықын қыры, шап құрыстары, симфиздың жоғарғы аймағы

?

Алдыңғы бүйірлік құрсақ қабырғасының қай аймағына асқазан проекцияланады:

+ құрсақ үстіне

?

Алдыңғы бүйірлік құрсақ қабырғасының қай аймағына сигма тәрізді ішек проекцияланады:

+ сол жақ шап аймағына

?

Пти үшбұрышы құралған:

+ бел аймағының латеральді бөлімінің бұлшықеттерінен

?

Гангрена кезінде, өкпенің бір бөлігіне өршіген кездегі жағдайда, колалды

ем болып табылатың?

+ лобэктомия

?

Бронхоэктатиқалық ауруымен наукастарға бронхиальды талщық санация

ушін ең тиімді әдіс болып табылатың?

+ емдеу бронхоскопия

?

Өкпедегі ірінді ағып кетуге қандай әдіс жағдай жасайды?

+ постуралді дренаж

?

Бронхоэктоникалық ауру ең жиі жаралайды?

+ сол жақтын жоғарғы бөлігінін тілдік сегменттермен үйлестірілген

базальді сегменттердін төменгі бөлігін

?

Науқастын «қарапайым» плевра эмпиемасы толық емделген белгісі

болып есептелмейды егер?

+ плевра қуысы азайған жағдайда

?

Диафрагма рамолиционды кисталар үдерістердің қандай себептер кезінде дамиды?

+ қатерсіз ісіктің ыдырауы кезінде

?

Диафрагманың ретростернальді жарығынан ретрокостостернальді жарықтың негізгі айырашылығы не болып табылады?

+ жарық қақпасының қатаң ортада орналасуы

?

Он жақты диафрагмы релаксациясының клиникалық суреті өзине мына

сипаттаманы қоспайды?

+ сол жағынан дем алу қаблеті әлсіреуі

?

Пилефлебит емінде не колданбайды?

+ қақпа көк тамырының тромбэктомиясың

?

Аппендэктомиядан кейін пайда болған дуглас абсцесіне не тән емес

болып табылады?

+ диафрагма қозғалысының азаюы

?

.Науқас 60 жаста. Жедел жәрдем келген кезде, іштің жоғарғы бөлігіндегі белдемелі ауырсынуға, жүректің айнуы, жеңілдік алып келмейтің көп реттік құсуға, ішінің кебуіне шағымданды. Науқастың айтуы бойынша, жағдайының нашарлауын екі сағат бұрын қуырылған балық жеумен байланыстырады. Анамнезінде: екі жыл бұрын холицистэктомия жасалған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. ЖЖЖ 90 рет минутына. АҚ 120/80 мм сын.бағ. тілі құрғақ, ақшыл-сары жабынмен жабылған.іші шамалы желденген, жұмсақ, эпигастрии аймағында ауырсынумен. Құрсақтың тітіркені симптомы айқын емес. Мейо-Робсон симптомы анық емес. Ішектің перистальтикасы баяу. Бүгін үлкен дәрет болмаған. Сіздің болжам диагнозыңыз:

+ жедел панкреатит

?

Жедел жәрдем бригадасы дәрілік улануға байланысты шақыруға шықты. Науқас Б., 15 жаста, жұтқыншақ пен аузының құрғауына, сөйлеу мен жұтынудың бұзылуына, басының ауруына, жарықтан қорқуға, жүрек қағысы мен ентігуге шағымданады. Қараған кезде: терісі құрғақ, қызарған. Қарашығы кеңейген, жарыққа әсер етпейді. Жақыннан көргіштік бұзылған. Диплопия. Пульс 110 рет минутына. Науқастың қандай дәрілік затпен уланғанына күмандануға болады:

+ атропин (белена, белладонна)

?

.Науқас С., 56 жаста ентігу ұстамасына байланысты жедел жәрдем шақыртқан. Жағдайының нашарлауы бір сағат көлемінде. Жедел жәрдем келгенге дейін сальбутамолдың үш дозасын, эуфиллиннің бір таблеткасын қабылдаған, алайда жағдайы жақсармаған. Анамнезінде: бес жыл көлемінде бронхылық демікпесімен ауырады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, экспираторлық ентігу. ТЖ 26 рет минутына. Өкпесінде барлық өкпе алаңдарында құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Науқасқа қандай дәрілік затты енгізу қажет?

+ преднизолон

?

.Науқас С. 63 жаста, жөтелген кезде қанның бөлінуіне байланысты жедел жәрдем шақыртқан. Анамнезінде: 20 жыл бронхэктикалық аурумен аурады. Аталған қанкетуга қандай белгілер тән:

+ көпіршікт,і алқызыл түсті қан.

?

Науқас Г. 16 жаста.Шақырудың себебі: көшеде ес түссіз жатыр. Анамнезін анықтай алмады. Қараған кезде: жағдайы ауыр. Есі жоқ. Қарашығы тарылған «нүктелі», жарыққа әсер етпейді. Білегенде көптеген бұрынғы және жаңа инъекция орындары. Санаулы тыныс белгілері 5-6 рет 1минутына, жүрек тондары қатты, ырғақты. ЖСЖ 64 рет 1 мин., АҚ 90/60 мм сын.бағ.

Науқасты комадан шығару үшін қандай дәрілік зат енгізу керек.

+ налоксон

?

Жас ас үй қызметшісі әйелде ауыр бөшкені көтерген кезде кенеттен іштің төменгі жағындағы ауырсынуы, құсқысы келу және үлкен дәретке шақырулар сезімі пайда болды. Қандай белгінің жоқтығына байланысты жедел жәрдем дәрігері, жүкті трубаның үзілуінен, аналық бездің апоплексиясын ажырата алады:

+ жатырдан қанды бөліністердің бөлінуі

?

6-7 апта мерзімдегі жүкті әйел кенеттен пайда болған жалпы әлсіздік, бас айналу, қысқа мерзімдік талып қалу жағдайы, іштің төменгі жағындағы толғақ тәрізді ауырсыну, жыныс жолдарынан жағылмалы қанды бөліністің пайда болуына байланысты жедел жәрдем шақыртты. Объективті түрде: науқастың өңі бозарған, пульс мин. 90, А/Қ – 100/70 мм сын.бағ. (қалыптысы А/Қ -115/70 мм сын.бағ.), t-36,50. Құрсағы жұмсақ, іштің төменгі сол жақ бөлігінде аздап ауырсыну бар.Құрсақтың жиырылу симтомдары жоқ.

Сіздің әрекетіңіз:

+ инфузиялық терапия және шұғыл түрде емханаға жеткізу

?

Жаяу жүргінші өтетін жерде ЖКО (жол көлік оқиғасы) болды – жаяу жүргіншіні көліктің қағып кетуі. 5 мин. кейін келген жедел жәрдем жолдың өтетін жағында жатқан, оң жақ аяғының көптеген жабық сынықтарымен ер адамды тапты. Жәбірленуші қиналып, ауырсынудан ыңырсып, көмекке шақырып жатты, өңі бозарып, суық тер жапқан.АҚ-120/80 мм сын. бағ., пульс мин. 110.

Берілген жағдайда қажетті шұғыл емдеу шараларының алгоритмі:

+ адекваттық ауырсынуды басу, транспорттық иммобилизация, инфузиондық терапия, госпитализация.

?

Науқас Б., 35 жаста. Жедел жәрдем келгендегі шағымдары: жиі ауырсынумен жүретін кіші дәрет, зәр түсінің өзгеруі (ет жуындысы тәрізді). Жағдайының нашарлауы 3-4 сағат көлемінде, жоғардағы шағымдар пайда болғаннан кейін. Бұрындары ауырмаған. Бірінші қатарға қандай диагноз «сұранып тұр».

+несептасауруы
?

Жедел жәрдем шақырту себебі: кеудедегі ауырсыну. 50 жастағы науқас күрт пайда болған кеуде артындағы ауырсынуына, құрғақ жөтел және бас айналуына шағымданады. Соңынан инспираторлық типтегі ентігу, терінің бозаруы мен цианоз пайда болды. Перкуторлық жүрек оң шекарасының кеңеюі анықталады. Аускультативтік: ІІ тонның акценті және өкпе артериясының үстінде екіеселенуі байқалады.

Қандай диагноздың ықтималдығы жоғары?

+ өкпе артериясының тромбоэмболиясы

?

48 жастағы науқас таңғы астан кейін пайда болған жүрек қағу ұстамасына, күрт әлсіздікке, жүрек аймағындағы қысып ауырсынуға, қорқыныш сезіміне, ентігуге шағымданады. Өздігінен ұстаманы баса алмады. «103» шақырды. Объективті:терінің жамылғылары бозарған. Өкпесінде везикулярлық тыныс, сырыл жоқ. ТЖ 24 минутына. Жүректің тондары қатты, ритмді, шулар естілмейді. Пульс 190 рет минутына, ритмді, аз толымды. АҚ 105/70 мм с.б.б.

(әдеттегі қысымы 120/70 мм. с.б.б.). Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыры қабырға доғасының шетінде.

Көрсетілген препараттардың қайсысы қажетті көмек көрсетеді?

+изоптин

?

Жұмысынан үйіне қайтып келе жатқан 40 жастағы ер адамға мас жасөспірімдер шабуыл жасаған, оң иығына бірнеше пышақ жарақатын салған. Өтіп бара жатқандар ЖЖ шақыртқан. 15 минуттан кейін ЖЖ келгенде науқастың өңі бозарып, баяу қимылдап, оң қолымен қанап жатқан жарақатын басуға тырысуда. Пульс 1 мин. 120 соғ., АҚ 90/60 мм сын.бағ.

Шақыртылған ЖЖ бригадасының әс-әрекеттерінің алгоритмі:

+ белдікті (жгут) және асептикалық байламаларды тағу, ауырсынуды басу және инфузиондық терапия, госпитализация

?

29 жастағы науқастың жедел жәрдем шақырту себептері: іштің төменгі бөлігінде оң аяққа, белге, иррадиацияланатын толғақ тәріздес ауырсыну, құсу, жүрек айну, нәжіс және газардың ұсталуы. Ауырсыну 6 сағат бойы мазалайды. Физикалық жүктемеден кейін жағдайы нашарлаған. Қарау барысында: науқас мазасыз, терісі бозарған, АҚ 100/70 мм.с.б.б.,. PS 100 рет минутына, температурасы 37,10. Іші кепкен, іштің алдыңғы қабырғасындағы бұлшықеттің кернеуленуі және қозу симтоматикасы байқалады.

Осы жағдайдағы сіздің тактикаңыз:

+ хирургиялық стационарға жедел госпитализациялау

?

Науқас Б., 62 жаста. Жедел жәрдем келгенде, ауа жетпеуге, төс артында қатты ауырсынуға, өлім жайлы қорқыныш сезімге шағымданды. Жағдайының нашарлауы кенеттен түнде пайда болған. Қараған кезде: жағдайы ауыр, есі анық. Тері жамылғылары боз, ылғалды. Ортопное. Тынысы шулы, қолқылдаған. Өкпесінде түрлі калибрлі ылғалды көп сырылдар. Жүрек тондары тұйық, ырғақты. ЖСЖ 110 рет 1минутына, АҚ 160/100 мм сын.бағ.

Науқасқа алғашқы көмектің бірінші қатардағы дәрілік заты:

+ морфин

?

Жедел жәрдем бригадасы келген кезде, 40 жасар әйел, оң жақ бел аймағында қатты ұстамалы, бел мен шап аймағына таралатын ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну төрт сағат жалғасқан. Қараған кезде: науқас қобалжыған. Терісі бозғылт, суық. АҚ - 120/80 мм сын.бағ., пульс 80 рет 1минутына. Пальпацияда, оң жақ қабырға- омыртқалық бұрыштың ауырсынуы. Гинекологиялық анамнезі тыныш. Сіздің болжам диагнозыңыз.

+ несептас ауруы, бүйректік колика.

?

.26 жастағы әйел, үшінші жүктілік, үшінші рет босану. Кенеттен толғақтар басталды, тұрақты, қарқынды сипатта. Жүктіліктің жақсы даму қызметінің аясында босанушыда ұрықмаңы сулары кетуде. Мойынның ашылуы толық. Босанушыны стационарға жеткізу шешімі қабылданды. Тасымалдау кезінде көлікте босанушыда толғақтар басталды. Бқл жағдайдағы сіздің әрекетіңіз?

+ көлікті тоқтату және босануды қабылдау

?

Кардиогенді шок кезіндегі таңдаулы дәрілік зат:

+ допамин

?

.Егде жастағы науқастарда артериялық қысымды тез арада төмендету орынсыз:

+жедел ми қан айналымының бұзылысы

?

.«Болгарка» арасымен жұмыс жасап отырып ер адам сол жақ иығын жаралап алды. Қатты қан ағу орын алды. ЖЖ шақыртылды. Бригада келгенге шейін диспетчер жәбірленушіге жоғарыда жарақаттанған жердің жарасына тез арада белдік (жгут) тағуға кеңес берді. Қан тоқтататын белдікті дұрыс тағудың нұсқалары:

+ белдік жараның жоғарғы жағына тек қан ағуды тоқтату үшін ғана қысып таңылу керек.

?

Қабылдау бөліміне ауыр жағдайда, 35 жасар ер адам жеткізілді. Бастың ауырсынуы, іштегі қатты ауырсынуға,жүрек айну, құсу және көргіштігінің тез бұзылуына шағымданады. Анамнезінде: алкоголь қабылдап тұрады, жақында досымен техникалық спирт ішкен. Қараған кезде: жағдайы ауыр, тері жамылғылары боз, құрғақ. Жүрек тондары қатты, тахикардия - 100 рет 1 мин., АҚ 140/90 мм сын.бағ. берілген улану кезіндегі антидотты дәрілік затты көрсетіңіз:

+этил спирты

 

 


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 90 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Упр. 475. Раскройте скобки, употребляя гла­голы в требующейся форме. | 

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.127 сек.)