Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Науқас 43 жаста,аспаз болып жұмыс істейді, 14 жылдан аса темекі шегеді. Анамнезінде 4 жыл қатарынан кілегейлі іріңді қақырықтың бөлінуімен



2 вариант

Науқас 43 жаста,аспаз болып жұмыс істейді, 14 жылдан аса темекі шегеді. Анамнезінде 4 жыл қатарынан кілегейлі іріңді қақырықтың бөлінуімен зорықтыратын жөтел, аздаған физикалық күштемедегі ентігу мазалайды. Қарағанда: кеуде клеткасы бөшке тәрізді, бұғана үсті ойықтары тегістелген. Дауыс дірілі екі жақтан да әлсіреген. Перкуссияда қорапты дыбыс анықталған. Тыныс алуы қатқыл дем шығарудың ұзаруымен, өкпенің барлық аймақтарында ысқырықты сырылдар естіледі дем шығару ың ұзаруымен. Осы жағдайда қандай ем тағайындаған дұрыс?

+ бронхтарды кеңейтетін препараттар

Науқас 15 жаста, сасық иісті мөлшері 200 мл клегейлі-іріңді қақырықтың бөлінуімен жөтел, қантүкіру, дене қызуының 38,2 С дейін жоғарлауы, жалпы әлсіздік, ентігу мазалайды. Бала күнінен жиі жөтел байқалған. Кейінгі 5 жыл қатарынан жиі ауратының жоғарыда аталған шағымдардың пайда болғанын айтады. Осы науқаста қандай патолгия дамыған?

+ бронхоэктаз ауруы

Ауруханадан тыс пневмонияда тиімді антибактериальды терапия жүргізуге болатын препараттарды атаңыз?

+ пенициллин, эритромицин, азитромицин

Науқас 20 жас, студент, кейде болатын экспираторлы ентігумен тұншығу ұстамаларына шағымданады. Ауырғанына 2 жылдай болған. Ұстамалар көбінесе түнгі уақытта байқаладыжәне ұстама соңынан барлық симптомдар басылады. Дәрі-дәрмек қабылдамаған. Бала күнінен көктемгі мезгілде вазомоторлы ринит байқалады. Күніне 1,5 қорап темекі шегеді. Анасы бронхылық демікпемен ауырған. Объективті қарағанда және рентгенологиялық зерттеулерде патологиялық өзгерістер анықталған жоқ. Жалпы қан анализінде эозинофилдер - 6%. Науқаста қандай патология дамыған?

+ атопиялық бронхылық демікпе, жеңіл ағымы

Ентігу. бөшке тәрізді кеуде клеткасының пайда болуы, саусақтарының «барабан таяқшасы» тәрізді және тырнақтарының «сағат әйнегі» тәрізді өзгеруі қандай патологиялық жағдайға тән?

+ өкпе эмфиземасына

Науқас 55 жаста, артериалық гипертензияның II дәрежесі анықталған (АҚ 165/100 мм сынап бағанасына дейін жоғарлайды). Ауырғанына 12 жылдай уақты болды. Осы науқасқа қандай емдеу схемасын тағайындаған дұрыс?



+ b-блокаторлар мен диуретиктер

Қандай науқастарға медикаментозды емес артериалық қысымды төмендетуге бағытталған ем тағайындайды?

+ НЦД-ң гипертониялық түрімен науқастарға

Науқас 50 жаста, кейінгі жылдары төстің артындағы түнгі уақытта болатын, ұзақтығы 15 минут шамасындағы, өз бетінше немесе нитроглицерин қабылдағанда басылатын ауырсынуға шағынады; АҚ - 120/80 мм сынап бағанасында, пульсі - 62 рет минутына, қалыпты жағдайдағы ЭКГ-да өзгерістер жоқ. Физикалық күштемелік сынамалар теріс, физикалық күштемеге толеранттылығы жоғары. Ұстама кезіндегі ЭКГ-да ST сегменті кеуделік тіркемелерді жоғарлаған. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

+ вариантты стенокардия

Ангинозды синдроммен науқаста ЭКГ-да ST сегментінің горизонтальды депрессиясы анықталды. Изокет ингаляциясынан кейін ауырсыну басылып ST сегменті қалпына келді. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

+ күштемелік стенокардия ФК-III

Науқаста митральды қақпақшаның пролапсымен байланысты кеуде клеткасындағы ауырсыну байқалады. Осы жағдайда қандай ьдиагностикалық әдіс тағайындаған тиімді?

+ эхокардиография

Қандай жүрек ақауында жүрек ұшында диастолалық шу естіледі, І тон «шапалақты» және митральды қақпашаныңы ашылу тоны естіледі?

+ митральды стенозда

Қандай жүрек ақауында ІІ тыңдау нүктесінде дөрекі систолалық шу және ІІ тонның әлсіреуі естіледі?

+ қолқа сағасының тарылуында

Науқас 19 жаста, физикалық күштемелердегі ентігуге, жүрек маңындағы және жауырын ортасындағы ауырсыну сезіміне шағынады. Анамнезінде ревматизммен ауырған. Объективті қарағанда: акроцианоз, жүрек шекаралары жоғары және оңға ығысқан, І тон күшейген, жүрек ұшында диастолалық шу естіледі, «бөдене бытпылы» ырғағы, жыбыр аритмиясы анықталды. Кеуде ағзаларының R-графиясында: контрас енгізілген өңеш кіші радиуста ығысқан. ЭКГ-да: Р - mitrale, оң жақ қарыншаның гипертрофиясы анықталды. Сіздің диагнозыңыз?

+сол жақ атриовентрикулярлы тесіктің тарылуы

Науқас 30 жаста, ревматизмдік этиологиялы митральды қақпашаның стенозымен 2 ай бұрын операция жасалған. Қазіргі уақытта шағымдары жоқ. Объективті зерттегенде өкпеде, жүректе, құрсақ қуысы ағазаларында өзгерістер анықталған жоқ. Осы науқасқа стеноздың рецидивін алдын-алу үшін қандай шаралар жасалған дұрыс?

+жыл бойы бициллинмен профилактика жасау

Урогенді реактивті артриттің диагнозын нақтылау үшін қандай зерттеу әдісі ең маңызды болып табылады?

+ үрпідегі жұғынан хламидияларды анықтау

Бірінші ретті остеоартрозбен науқас оң жақ тізесінің қозғалысының күрт шектеліп, қатты ауырсынуына шағынады. Остеоартрозбен ауырғанына 15 жыл болды. Анамнезінде жарақаттар болмаған. Науқастағы оң жақ тізе буынының толық блокадасының себебін атаңыз?

+ буындық остеофит

Науқас 62 жаста, кейінгі 2 жылда тізе буындарында ауырсыну мазалайды, әсіресе оң жақ тізесі, ауырсыну жүргенде, баспалдақпен төен түскенде күшейеді. Қарағанда: оң жақ тізесінің көлемі ұлғайған, ісінген. Буын маңындағы тері қабаттары ұстағанда ыстық, сол жақ буынына қарағанда. Тізе буындарын R-графиялық зерттегенде екі жақтада остеофитоз анықталған. Науқаста қандай аурудың көрінісі болуы мүмкін?

+ екінші ретті синовитпен остеоартроз

Остеартроздың рентгенологиялық бейнесіне тән өзгерістерді атаңыз?

+ остеофитоз

Ревматоидты артиритке қандай өзгерістер тән?

+ буындардың тұрақты деформациясы

Науқас 45 жаста, саусақтарының некроздық өзгерістерімен Рейно синдромы байқалады, сонымен қатар жұтыну актісі бұзылған, өкпелік гипертензия белгілері, саусақ буындарының бүгілуінің қиындауы, саусақ маңындағы тері қабаттарының қалыңдауы, фалангалар лизисі салдарынан саусақтарының қысқаруы анықталды. Сіздің болжмады диагнозыңыз:

+ жүйелі склеродермия

35 жастағы К деген науқас, асқазан ойық жара ауруының өршуімен 2 апта уақытша еңбекке жарамсыз парағын аштырған. Бүгінгі күні сағ 2000жедел жәрдем көлігімен ішімдікпен мас болу жағдайымен хирургиялық бөлімшеге әкелінді. Диагнозы: асқазан жарасының тесілуі. Асқазан резекциясы жасалды. Кейін қандай құжат науқастың еңбекке жарамсыздығын дәлелдейді:

+ 094/у анқытамасы

Реанимация бөлімшесіне миокард инфарктысымен ауыратын науқас жеткізілді. Екінші тәулікте науқастың жағдайы күрт нашарлап, екі рет есінен танған. ЖСС минутына 36 рет. АҚ 100/65 мм.сын.бағ. ЭКГ-да: тәуелсіз жүрекшелер ырғағы минутына 100 рет, қарыншалар ырғағы минутына 33-36 рет. QRS кешені – 0,16˝, деформацияланған. Науқас жағдайының нашарлауы себебін анықтаңыз?

+ Толық АВ-блокадасының Морганьи-Эдемс-Стокс ұстамасымен болуы

50 жастағы ер адам отбасылық дәрігерде бронх демікпесімен диспансерлік есебінде тұр. Ұстама аптасына 1-2 рет болады, демікпенің түнгі симптомдары айына 2 рет. Фенотерол ингаляциясын үнемі қолданады. Төменде көрсетілген ағым нұскаларынын қайсысы дурыс?

+ жеңіл ағымды персистирлеуші бронх демікпесі

Науқас аймақтық дәрігердің қабылдауына оң жақ қабырға астындағы қысқа мерзімді түйіліп ауыруына, оның оң жақ жауырынға таралуына шағымданып келді. Ауырсыну диетаны сақтамағанда, қатты эмоция кезінде пайда болады, науқас оны спазмолитиктерді қабылдаумен басады. Объективті: өт қалта тұсындағы ауырсыну. Сiздiң болжам диагнозыңыз?

+ өт шығару жолдарының гипертониялық тип бойынша дискинезиясы

70 жастағы науқасты соңғы 3 жылда тізе буынындағы, әсіресе оң жақ буынындағы, жүрген кезде пайда болатын, сатыдан көтерілген кезде күшейетін ауырсынулар мазалайды. Қараған кезде – ісіну, оң жақ тізе буын аймағында гиперемия бар. Тізе буының R-граммасында екі жақтан бірдей айқындалған остеофиттер анықталды. Сiздiң болжам диагнозыңыз?

+ остеоартроз

50 жастағы науқас анда санда болатын тұншығу ұстамасына, айқын ентігуге, кілегейлі қиын бөлінетін қақырықты жөтелге шағымданады. Ұстамалар аптасына 2-3 рет қайталанады. Қарағанда: қол саусақтары «барабан таяқшасы» және «сағат әйнегі» тәріздес, кеуде қуысы бөшке тәрізді. Перкуссияда қорап тәрізді өкпелік дыбыс, аускультативті – әлсіреген везикулярлы тыныс. Науқаста қандай патология дамыған?

+ Өкпе эмфиземасы

28 жастағы науқас тұншығуға, ұстама тәрізді құрғақ жөтелге шағымданады. Соңғы аптада түнде 2 рет тұншығудан оянып, беротекпен басқан. Күнделікті преднизолон 10 мг қабылдайды.Қарағанда ТАЖ– 22 рет мин. Тыныс шығару шыңы - 68%. Болжам диагнозын анықта?

+ Бронх демікпесі, орта ауырлықдәрежесі, өршу сатысы, гормонға тәуелді түрі.ТЖ II

Науқас, 45 жаста көбінесе таңертеңгі уақытта 100 мл мөлшеріндегі шырышты-ірінді қақырықты жөтелге, 380C дейін дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Жөтел 5-6 жыл бойы мазалайды. Өкпеде әлсіреген тыныс, құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі.

Кандай диагноз болуы барынша мүмкін:

+ Созылмалы ірінді бронхит

Артериальды гипертониямен ауыратын науқасқа гипотензивті препарат тағайындау керек. Науқастың қосымша бронх демікпесімен ауыратынын ескере отырып, төмендегі препараттардың қайсысын науқасқа тағайындауға болмайды?

+ Карведилол

42 жастағы науқас,отбасылық дәрігерде соңғы 3 жыл бойы қант диабеті 2 тип диагнозымен бақылауда тұрады. Дәрігер тағайындауын бұлжытпай орындайды. Қандағы қант мөлшері 6,1ммоль/л. Соңғы 4 айда басы жиі ауыратын болған. Қарағанда АҚҚ 150/100 мм.с.б. 15 минуттан кейін өлшегенде АҚҚ осы деңгей сақталады. Науқастың АҚҚ төмендету керек пе және неге?

+ Иә,себебі қан қысымын төмендету науқас өмірінің болжамын жақсартуға көмектеседі.

50 жастағы науқас медициналық тексеруден өту үшін дәрігерге келген. Шағымы жоқ. Қарағанда: АҚҚ 160/100 мм.с.б., ЖЖЖ минутына 72 рет, ырғағы дұрыс, жүрек ұшы соққысы күшейген, дене қызуы қалыпты. Көз түбі тамырларын тексергенде артериалардың тарылуы мен тамыр суретінің иірімделуін анықтаған, кеуде қуысы өзгеріссіз. ЭКГ-де: сол қарынша гипертрофияланған. Биохимиялық анализде өзгерістер жоқ.

Сіздің әрекетіңіз?

+ Гипотензивті ем тағайындау, симптоматиялық гипертонияны жоққа шығару

35 жастағы науқас жанұялық дәрігерге төс артындағы ұзақтығы 3 сағат және одан көп қысып ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну жұмыстағы эмоционалды күш түсуден кейін пайда болған және соңғы 2 апта бойында сақталады. ЖЖЖ минутына 82 рет, АҚҚ 130/80 мм.с.б. Науқасты қараудағы келесі дұрыс қадамды таңдаңыз?

+ Сол жерде электрокардиограммаға түсіру

56 жастағы науқаста оң жақ кеуде торшасының тыныс алудан қалыңқы екендігі байқалды, оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде дауыс дірілі күшейген, осы жерде перкуторлы дыбыс тынықталған, бронхиальды тыныс пен крепитация анықталынады. Өкпенің басқа бөліктерінде перкторлы дыбыс қорап тәрізді, аускультацияда қатқыл дыбыс пен құрғақ сырылдар естіледі. Қан анализінде: нейтрофильды лейкоцитоз, эритроциттер тұну жылдамдығы – 37 мм/сағ. Рентгендік зерттеуде – оң жақ өкпенің жоғары бөлігінде интенсивті гомогенді қараю бар.

Қандай диагноздың болуы барынша мүмкін?

+ Оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің бөліктік пневмониясы

40 жастағы әйел адам алдын-ала медициналық қаралудан өтуге келді. Жүрек тұсындағы сирек болатын шаншып ауырсынуға шағымданады. Салмағы 90 кг, бойы 170 см, 5 жылдан бері күніне 1 қорап темекі шегеді, физикалық жаттығулармен айналыспайды. Соңғы рет 6 жыл бұрын тексерілген. Анасы 45 жасында миокард инфарктын алған. Физикалық тексеруде патология табылған жоқ. Бірінші кезекте қандай тексеру жүргізу керек?

+ Қан сарысуының холестериніне

25 жастағы әйел жанұялық дәрігерге шырышты - іріңді қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, дене қызуының 37оС көтерілуіне шағымданып қаралды. Суықтаудан кейін жедел ауырған. Жауырын аралық аймақтың сол жағынан құрғақ сырылдар естіледі. Жалпы қан анализінде әлсіз лейкоцитоз, эритроциттер тұну жылдамдығының жоғарылауы анықталған. Науқастың 8-10 апталық мерзімді жүктілігін ескере отырып қандай антибактериальді емді тағайындаған барынша тиімді?

+ Ампицилинді

47 жастағы ер адам соңғы 2 айда 500 м. жаяу жүргенде немесе 3 қабатқа көтерілгенде пайда болатын төс артындағы қысып ауырсынуға шағымданады. Кейде ауырсыну тыныштықта да пайда болады.Стенокардияның бұл түрін қалай жүктеуге болады:

+Тұрақты күш түсу стенокардиясы ІІ ФК

Науқас 35 жаста. РА-пен науқас 10 жылдай ауырады. Гриптен кейін жағдайы нашарлады, буындарының ауырсынуы күшейді, ауырсыну кешке дейін созылатын болды, температурасы 380С. Қол саусақтары, білезік сүйек, балтыр, шынтақ буындары ісінген, қозғалысы төмендеген. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары қатты, ырғақты. Жүрек соғысы 82, АҚ-110/70. Іш пальпациясы ауырсынулы. Қан анализінде ЭТЖ-60мм, Нв 98г/л, лейкоцит 3,5 (2-8(-32 РФ 1:128). Сіздің әрекетіңіз:

+ауруханаға жатқызу

жастағы науқас, әсіздікке, жүрегінің айнуына, тәбетінің төмендеуіне, бауырының сыздап ауруына шағымданады. Анамнезінде: 2 жылдан бері гепатит ауыруымен аймақтық дәрігерде «Д» тізімде тұрады. Ішімдік пен майлы тағамнан кейін жағдайының нашарлағанын байқаған. Склерасы, шырышты қабаты, тері жамылғысы сарғайған, нәжісі ағарған, зәрі «сыра түсті». Іші жұмсақ, сезімтал, оң қабырға астын пальпациялағанда бауыр қабырға доғасы қырынан 5см шығыңқы, шеттері доғал тәрізді. Курлов бойынша бауыр көлемі 15х20х18. Көкбауыр ұлғаймаған. Сіздің диагнозыңыз:

+ созылмалы гепатит өршу кезеңі

Науқас С., 60-жаста, сол жағындағы жамбас, тізе буындарының ауырсыну сезіміне шағымданады. Қарағанда: тізе буындары үлкейген, қызарған, ыстық, қимылы ауырсынумен шектелген. Қол ұшының дисталды фалангааралық буындары деформацияланған, Геберден түйіндері бар. Қанда: лейк.-10 мың, ЭТЖ -30мм/сағ. Несепте микроскопиялық тексергенде лейкоцитурия. Болжам диагнозыңыз.

+Остеоартроз

45 жастағы Л деген науқас. Ішінің жоғарғы бөлігінің ауырсынуына, сол жақ иыққа буыннына берілуіне шағымданады. 6 жылдан бері ауырады. Қарағанда: тізесін ішіне қарай бүккенде ауырсыну азаяды. Эпигастрий аймағы кепкен, аздаған қатаю байқалады, іштіктің тітіркенуі байқалмайды. Бел омыртқасынан солға қарай 8 кеуде омыртқасы пальпацияда ауырсынады. Тілі құрғақ, қоңыр жабындымен жабылған. Дене қызуы 37,5. Ps 95, АҚ 100/60 мм.с.б. Қан анализінде: лейкоциттер 10х109/л, э-1%, таяқша ядролы-12%, сегм.н.74%, л-8%, м-4%, ЭТЖ-30мм/сағ. Тұрғылықты дәрігердің әрекеті:

+ хирургия бөлімшесіне шұғыл жатқызу

Нервопатолог қабылдауында 11 жасар қыз бала. Дәрігерге қаралмастан бұрын 1 ай бұрын баспамен ауырған. Соңғы кездері тез шарғағыш, үлгерімі нашарлап, тітіркендіргіштік пайда болды, жылауық, мимикалық бұлшықеттерінің тартуы, жүрісінің тұрықсыздығы, жазуы өзгерген. Объективті қарағанда: жүрек шекараларының кеңеюі, тахикардия, жүрек ұшында систолалық шу, сонымен қатар, бұлшықет тонусы төмендеген және сіңірлік рефлекстеріде төмендеген, координациялық сынамалардың бұзылуы. Дәрігер қойған диагноз: жедел ревматикалық қызба (кіші хорея), аурудың этиологиясы қандай?

+ стрептококктық инфекция

10 жасар балада баспамен ауырғаннан кейін 2 аптадан сон дене қызуы 38° жоғарлаған, алдымен тізе буынында, кейін сирақ тобық буынының ауырсынуы, қызаруы және ісінуі пайда болды. Объективті қарағанда: ісіну, қозғалысының шектелуі және тізе, сирақ тобық буынында ауырсыну, жүрек шекараларының солға қарай ұлғаюы, тахикардия минутына 108 соқылыққа дейін, 1 тонның бәсіңдеуі, жүрек үшында және Боткин нүктесінде музыкалды систолалық шу. АҚҚ 90/50 мм.с.б. Қан анализінде: Эр - 4,3х 1012/л, НЬ - 132 г/л, Л -12хЮ12/л, СОЭ-48ммв Iсағ. Алдын ала қойылған диагноз: Ревматизм? Диагнозды нақтылау үшін қандай лабораторлық-инструменталдық зерттеу жүргізу керек?

+ СРБ, сиал қышқылы, стрептококктық антидене титры, ЭКГ

Бала 1,5 жаста. Шағымдары: әлсіздік, тамақтан бас тартуы, дене қызуының 38° көтерілуі, мұрын бітуі, жөтел. 7 күн ауырып жүр. Соңғы 2 күнде катарльді көріністермен температураның азаюына қарамастан жағдайы нашарлаған. Объективті қарағанда: жалпы жағдайы ауыр, тері жамылғысы бозарған, аңқасы гипертирленген. Өкпе перкуссиясында айқын өкпелік дыбыс, аускультацияда қатаң тынысы, сырылдар естілмейді. Жүрек шекаралары: оң жақ – оң парастерналды сызық жоғарғы –екінші қабырға, сол жақ – сол жақ ортаңғы бұғана сызығынан 3см сыртқа. Пульс - 180 соққы минутына тондары ритмикалық, ұшында нәзік систолалық шу естіледі. Қандай лабораторлы-интсрументалдық зерттеулерді дереу жүргізу қажет?

+ СРБ, сиал қышқылы, ЛДГ, ЭКГ

4 жасар бала ауруханада полисегментарлы пенвмониямен жатыр. 6 күнінде баланың жалпы жағдайы нашарлады. әлсіздік, ентігу, тахиаритмия, жүректің көлдене шекарасының ұлғаюйы жүрек үндердің әсіресе 1 тонның керігерттеуы, функционалдық, систолалық шудын пайда болуы анықталады. Осы баланың жағдайының нашарлауы немен байланысты?

+ миокардитпен

5 жасар бала. Шағымдары: зәр шығарудың жиілігін және ауырсынуына, ішінің ауырсынуына. Дене қызуы 38,5°, әлсіздік. Ауырғанына 3 күн болды. Зәр анамнезінде: нәруыз- 0,099 г/л, лейкоциттер - 20-30 көз аймағында, бактерии ++. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

+ жедел пиелонефрит

3 жасар бала. Шағымдары: көп көлемде ісінулер, әлсіздік, диурез төмендуі, 1 апта бұрын пайда болған. Анамнезінде бірнеше рет тағамдық аллергиялар болған. Жалпы қарағанда: хал жағдайы ауыр, бет, аяқ бетінде айқын ісінулер бар, асцит көріністері байқалады. Жүрек тондары айқын. АҚ-90/50 мм с.б. Бауыр – қабырға доғасынан 4см шыққан. Зәрдің клиникалық анамнезінде: аққуыз - 20 г/л, лейкоцит. 0 - 1 көру аймағында, эритроцит. 0 - 1 көру аймағында, гиалинды цилиндрлер 2-3 көру аймағында. Тәуліктік диурез 200 мл. Бұл қандай синдромға тән?

+нефротикалық синдром

Бала 9 жаста. Шағымдары: сирек кіші дәретке отыру, зәр түсі өзгеруі («ет жуындылары»), субфебрильді температура, жағдайының нашарлауы. 3 апта бұрын қызғымақпен ауырған. Жалпы қарағанда: бет ісінуі, АҚ - 140/90 мм с. б., жүректің жиырылу жиілігі 120 рет минутына, іші – пальпацияда ауырсынусыз, бауыр мен көк бауыры ұлғаймаған. Диурез төмендеген. Анамнез және клиникалық көріністері негізінде қандай диагноз қоюға болады?

+ жедел постстрептококкты гломерулонефрит

6 жасар қыз бала. Шағымдары: іштің ауырсынуы. Анамензнен 1 апта бұрын жедел респираторлы аурулармен ауырған. Зәрдің 2 реттік анамнезінде: аққауыз -0,033 г/л, лейкоцит. 16 - 20 көру аланыда, дизуриялық көріністермін интоксикация симптомдары жоқ. Жалпы қарауда: ішкі ағзаларында патологиялық өзгерістер жоқ. Дәрігермен болжам диагноз қойылған: зәр шығару жолдарының инфекциялары. Қандай аурумен ажыратпалы диагноз жасау керек?

+ пиелонефритом

8 жасар қыз бала. Шағымдары: ауырсынумен жиі зәр шығару, субфебрильді температура, әлсіздік. Анамнезімнен: 5 және 7 жасында жоғары температурамен 38-38,5° лейкоцитурия эпизодтары байқалған. Амбулаторлы емделді. Жалпы қарауда: бел аймағында оң жағында ұрғылау симптомы оң, қалған мүшелері патологиясыз. Қанның клиникалық анализінде: лейкоцит. - 10,5x10 /литр, ЭТЖ - 26 мм/сағ. Зәр анализінде: тығыздығы 1018, аққауыз - 0,099 г/литр, лейкоцит. 50-60 көру аланында, бактерия +++. Анамнез бойынша қандай ауру туралы ойлауға болады?

+ созылмалы пиелонефрит

Бала 7 айда. Туғаннан табиғи қөректенуде. Шағымдары: мазасыздық, ұйқысы нашар. Жалпы қарауда: мандай және самай төмпешіктерінің ұлғаюы, рахиттік «тасбиік», іші үлкейген кеуде көкрегінің төменгіапертурасының кенеюі, бауыр шеті қабырға доғасынан 3 см шыққан, көк бауыр шеті пальпациаланады. Қан сарысуында: Са - 1,7 мм/л, Р -1.12мм/л. Қандай диагноз қоясыз?

+ рахит II, өршу кезеңі, жедел асты ағымы

Балаға 6 ай. Шағымдары: қозғылтың, енжарлықпен ауысуы, ұйқысы нашар, тәбіт төмендеуі, тершендік, теріде бөртпелер. Жалпы қарауда: жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғылары ылғалды, баздану тері бүкпелерінде шүйде сүйгенін жалпақтануы «бақа тәрізді» іш, буындардың босауы. Диагноз: рахит II, жеделдеу ағымы, өршу кезені. Д2 витаминінің курстың мөлшерін тағайындаңыз?

+ курстық доза 300-400 мың. ХБ

Балаға 3 ай. Шағымдары: мазасыздық, ұйқы бұзылысы, тершендік. Симптомдары – 2 ай бойы болған. Жалпы қарауда: тершендік, баздану, шүйдесінің тақырлауны, үлкен еңбегі шеттерінің жұмсаруы. Диагноз: рахит I, бастапқы кезеңі, жедел ағым. Спецификалық емес ем тағайындандар?

+ УФО №20

Бала 6 айында. Шағымдары: әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, құсу, іш қатуын. 2 апта бойы балаға берілген майлы ерітінділермен, Д витаминімен 5000 ME тәулігіне 4 рет. Жалпы қарауда: жағдайы орташа ауырлықта, әлсіз, тері асты май қабаты жұқарған, тері сертінділігі төмендеген, бауыр ұлғайған. Диурезі қалыпты. Токсикоздың белгілері бар. Баланың жағдайы нашаралауы неге байланысты?

+ Д вит. көп мөлшерде қабыладуы

2 айлық баланы дәрігер тексерген кейін рахиттің алдын алу ретінде тағайындады: 1) массаж; 2) таза ауада серуендеу; 3) УФО № 15. Қандай нұсқаулар рахиттың арнайы емес алдын алуына жатады?

+ режим, массаж, серуендеу

Дәрігер акушер 20 жасар жүкті әйелмен (365 апта мерзімде) мешелдің антенатальды алдын алуы жайлы әңгіме жүргізді. Ол нұсқау берді: витаминге бай тамақтану, таща ауада көп демалу, УФО курсымен күн тәртібін сақтау. Дәрігердің мешелдің спецификалық алдын алуына қандай кеңестері жатады

+ Д тобының витмаиндерін қабылдау

Бала 11 айының көктемде қаралған. Шағымы: жалпы жағдайының қанағаттанралы және дене температурасының қалыпты фонында 2 күн бойғы бірнеше рет қайталанған тырысуларға шағымданады. Объективті қарағанда: жағдайы қанағаттанарлық самай мен мандайында айқын байқалатын төмпешіктер, рахиттің «білезік және тасбиік» ішінің үлкеюі, үлкен еңбек -0,2-0,2 шеттері тығыздалған, нерв-бұлшықеттің қозғыштықтың симптомдарының оң болуы: Хвостеке, Люста, Труссо. Тырысудың этиологиясы қандай?

+ гипокальцемиялық тырысу

Бала 2 жаста. Шағымы. Аяғының О-тәрізді дефорациясы. Дамуы қалыпты. 8 айлыққа дейін төспен емізуде болған, мешелдің алдын алуы УФС түрінде алған. Күнделікті 3 сағ,таза ауада болады. Бір жастан кейін бала жүре бастады, сол кезде балтырларының қисаюы байқалған, соңғы кездері деформация кенеттен көбейген, жүрісі өзгерген, рахиттың арнайы емін алады. Лабораторлық зерттеулерде: гипофосфатемия, гиперфосфатоурия, қанында және зәрінде кальций қалыпта. Төмендегі диагноздардың қайсысы сенімдірек?

+ фосфатдиабет

Бала 3 айлық. Шағымы: мазасыз, дене салмағының аз қосуы, іш қатуға бейім. Еркін төспен емеді. Таза ауада сирек шығады. Туылғандағы салмағы 3100г, бойы 50 см. Объективті: іштің тері асты май қабаты жұқарған және жұмсақ тіндердің тургоры төмендеген. Салмағы 4320г, бойы 59см. Бақылауық салмақ өлшеуінде 80мл сут сорып алды. Балада қандай ауру туралы ойлауға болады?

+ гипотрофия

6 жасар бала, дәрігермен қаралынды. Шағымдары жоқ. Туылғандағы салмағы 3200 г., бойы 51 см. 2 айдан бастап жасанды тамақтануда. Тәбеті жақсы. Тамақтануы ретсіз, күніне 3 рет манка ботқасын жейді. Объективті қарағанда: салмағы 9500 гр., терісі бозғылт, солғын, ұлпа тургоры төмендетілген. Мешел белгілері бар. Нәжісі ботқа тәрізді, жағымсыз иісті. Тамақтанудың бұзылысының қандай түрі?

+паратрофия

Балаға 2 ай. Жиі түрде лоқсу мен құсуға, іштің қануына, мазасыздыққа шағымданды. Туғандағы салмағы 3400 гр., бойы 51 см. Қазіргі салмағы 4000гр., бойы 55 см. Табиғи тамақтандырылуда, анасының сүті жеткілікті. Лоқсу туылғаннан кейін бірден пайда болды. Объективті қарау: бозғылт, денесінде тері шел май қабаты жоқ, аяқ-қолдарында май қабаты жұқарған, ұлпа тургоры төмендеген. Сіздің диагнозыңыз?

+пилороспазм

Жедел жәрдем дәрігері гипертониялық ауруы бар науқаста бас миының ишемиялық зақымдалуын анықтады, АД=100/50мм.рт.ст. Аталған жағдайда көрсетілген дәрілердің қайсыларын қолдану қарсы көрсетілген?

+ Қан тамырын кеңейткіштер.

Науқас ауруханаға есі анық жағдайда, самай бөліміндегі соғылған жарақатпен түсті, 45 мин.сонсоғылу жағында, жарыққа реакцияның сақталуымен, қарашығының тарылуының салдарынан анизокория пайда болды. 20-30 мин. сон зақымдалу жағында, қарашық жарыққа реакция әлсіреуімен кеңейді. Науқас қарама – қарсы жақтағы аяқ- қолдарының қимыл қозғалысының қиындағанын байқады. Мүмкін диагноз:

+Эпидуральді гематома.

Ерте пайда болған бас миының ошақты зақымдалуы және/не қабаттық симптомдар салдарынан естін үдемелі жойылуы көбіне байланысты:

+ Қалыптасатын ишемиялық инсультпен.

40 жасар науқаста XII кеуде омыртқасының денесінің сынығы анықталған. Науқасты қандай қалыпта тасымалдау керек?

+ Арқасына не қарнына жатқызып.

37-жасар ер адам алкогольді масаю жағдайында креслода қолдарын кресло қолтіреуіштері арқылы салбыратып ұйықтап қалған. Оянған кезде оң жақ білезігінің ауыр парезін анықтаған, сезімталдықтын алақан және білек аймағында бұзылуы. Алғашқы медициналық көмек:

+ Тамыр ішілік тамшылы ксантиноланикотинат 2 мл (300 мг) + 300 мл гемодеза не реополиглюкин еңгізу.

Ауырды өз алдында көтеру барысында, бұрылу кезінде, белінде күрт ауырсыну пайда болды, одан кейін табанның парезі пайда болды, аногенитальді аймақта сезімталдықтын бұзылуы және кіші жамбас мүшелерінің қызыметінің бұзылуы. Көрсетілген бұзылыстардың мүмкін болу себептері?

+ Омыртқа аралық дисктің L4 зақымдалуы жарықтың түзілуімен.

Науқаста көлікте жүргеннен кейін оң аяғына иррадиациямен артқы бүйір беткейі бойынша, белінде ауырсыну пайда болды. Аталған симтоматика неге байланысты болуы мүмкін?

+ Омыртқа аралық жарық.

Науқаста омыртқа аралық дискінің зақымдалуы қатты ауырсыну синдромының дамуымен және түбіршектер қызыметінің жойылуымен. Осы жағдайда қандай шараларды қолдану керек?

+ Жансыздатқыштарды (аналгин, баралгин), ісінуге қарсы заттар еңгізу және нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызу.

Науқаста білегінің төменгі үштен бір бөлігінің алдыңғы беткейінде кесілген жарасы бар, III және IV саусақтар сезімталдығы мен қымыл қозғалысы (қарсы қою) жойылған. Көмек көрсету барысында қандай шара қате болады?

+ Науқас шұғыл көмекті қазет етпейді, учаскелік дәрігерге қаралуды ұсыну.

Ауыр бас- ми жарақаты, жамбас сынығы бар науқасқа желел көмек көрсету тактикасын дұрыс көрсететін баянды таңдаңыз. Көмек көрсету барысында қандай шара қате болады?

+ нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызыу.

Неврапатологқа науқас ұйқысының бұзылуы бойынша жіберілді.Қару барысында тәулігіне 1-2 сағат ұйықтайтынын айтты,бірақ соған қарамастан өте белсенді,түні бойы әдебиеттер оқиды.Әңгімелесу барысында монологқа тырысады,дәрігерге сұрақ қоюға мүмкіндік бермейді,үнемі бөле береді.Ойы жылдамдаған,көңіл –күйі жоғары.Жеңіл түрде эротикалық тақырыпқа секіріп кетеді,дәрігермен әңгімелесу арақашықтығын сақтамайды,жеңіл түрде "Сен" деп ауысып кетеді және айналадағылармен ерегіске түседі.Өзін мүмкіндік беруші адам деп санайды,мимикасы айқын,көзі жарқырап тұр,шырышты қабаты құрғақ.Науқаста қандай жетекші синдром?

+ маниакальды синдром

Бұзылысты анықтаңыз: науқас 82 жаста,өзінің баларын және таныстарын танудан қалды. Өзінің қызын туған анасы ретінде «таниды».Ол өзін 18 жастамын деп санайды, «тұрмысқа шығуға дайындалады». Ерте балалық шағындағы оқиғалар есінде, бірақ соңғы уақыттағы оқиғалар есінде қалмаған. Амнестикалық бағдарлай алмау бар. Ұшқалақ, түнгі және кешкі уақытта бір жаққа кетуге жиналады, киімдерін жинайды, үйден шығуға тырысады. Көңіл-күйі кейде мейірімді,кейде ызалы. Жағдайды ата.

+деменция

Қыз бала 12 жаста, инфекционды мононуклеозбен ауырды.2 күн аралығында дене қызуы 40 градусқа шейн көтерілдіТөсекте жатып мазасызданады.Кілемнен қорықты,яғни дракон көретін,олар көптеген «кішентай динозаврларға»ауысады, «терезедегі перде тірі» деп санайды, көрінбейтін құбырларымен сөйлеседі«яғни оған үй тапсырмасын әкелген», ертең емтихан тапсыруым керек деп сендіреді.Үдемелі қорқыныш пен үрейдің фонында одеалды саусақтарымен жөндей бастайды,көзі бадырайған және ашық түрде таңқалғандай,вегетативті реакция айқын.Масасыздану кешкі және түнгі уақытта максимальды дәрежеге жетеді.Бөлменің үлкен болғанын байқайды,бірақ төбе төмен түсіп келе жатқанын,ашық түс мазалайды.Науқаста қандай жетекші синдром?

+ делириозды синдром

Науқас Л., 52 жаста. Тиреоидэктомиядан кейін және климактериялық кезең фонында мұңды және тұйық бола бастады.Кешке қарай жұмыста шаршағыштық,тәбетті мүлдем жоғалту,түнгі уақытта ояну және сосын ұйықтай алмады.Туыстарына ауырпашылық түсіре бастағанын байқады,яғни үйде ештеме жасамайды,үнемі төсекте жатып алады.Таңертең төсектен тұру қиынға соқты.Өзінің жеке қажеттілігінің болмауына байланысты өз –өзіне қол жұмсағысы келді.Сонымен қатар тек қатты жүдегені емес қартайғанын байқады.Кеуде тұсының қысылуына және дем алғанда ауаның жетіспеуіне шағымданады.Науқаста қандай жетекші синдром?

+ депрессивті синдром

Бас ми жарақаттымен қабылдау бөліміне науқасты түстті.Науқас қоршаған ортағаешқандай әсері жоқ.Тілссіз. Көз қарашығы жарыққа төмен.Патологиялық рефлексі әлсіз.Ауырсыну синдромы толық жоғалған.Жетекші синдромды ата.

+ сопорозды

Науқас Д., 38 жаста. Бір жыл бойы мас болған және аптаға дейін созылған,ашық аралық 1-2 ай.Кезекті масаюдан кейін кешкі уақытта үдемелі үрейді және белгісіз қорқынышты басынан өткізеді,іше алмады, «үнемі жүрек айниды», айқын дірілдеу болды.терезе алдынан желмен қозғалып тұрған денені көрді.Жартылай өзің құшақтап көшеге жүгірді.Көше ерекше қорқынышты боп көрінді.Бұл сезім жартылай көмілген өліктің жерден шығып оған қарай келе жатыр деп сезінеді.Үйге тығылды,балта дайындады.Жедел жәрдем қызметкерлерін «тірі өлік»деп санады. Бөлімшеде оны қинамауды сұрады және тезірек өлтіруді,түсіп келе жатқан төбені көрді,яғни одан біреу қарап тұр дейді.Уақыт пен орынға бағдары болды.Науқаста қандай жеткеші синдром?

+ делириозды синдром

Бөлімшеде науқас ешкіммен қарым-қатынасы жоқ,төсектен тұрмайды,көрпемен бүркеніп алған,өз бетімен тамақ ішпейді,персонал тамақтандырғанда ғана қасықты аузына апарғанда ғана ішеді.Өзіне өзі қарамайды төсегін жинамайды,ішкі киімін ауыстырмайды. Жетекші синдром ата.

апатиялық

+абулиялық

Науқас А. пневманиямен ауырады,жоғары қызбада түнгі уақытта бөлмеде қабырғада,төбеде үлкен көлемді өрмекшілерді және басқа қорқынышты жәндіктерді көреді,яғни олар құлап және айналасында жүгірді.Қорқыныштан ол айқайлап,көмекке шақырып,тығылуға тырысты.Медицина қызметкерімен әңгімеде атын,жасын дұрыс айтты,бірақ қайда екенін түсінбеді,айналасындағыларды өзінің достары немесе туыстары деп атады.Науқаста қандай жетекші синдром?

+ делириозды синдром

14 жастағы жас өспірім. Сөйлеуінде бұзылыс бар, анық емес, сөз алмастыруы шектеулі, стереотипті шабогмен. Бала кезінен психофизикалық дамуы артта қалған бала бақшаға бармаған алғашқы сөзін үш жасында ғана айтқан арнайы мектепте оқыған, бірақ 10 ға дейін санауды қиын үйренді, оқу білмейді, бірақ әріптерді жекелей оқи алады. Физиологиялық қажеттілігіне байланысты қызығушылығыда шектелген. Науқастағы жетекші синдромды табыңыз?

+имбецильді

Науқас дауысы қарлыққанша көп сөйлейді,кез-келген науқаспен сөйлесуге тырысады, бірақ соңғы жағын тыңдамайды,құштарлықпен басқаларға өлең арнайды.Санитарканың еден жуайындеп жатканың көрсе,көмектесуге ұмтылады,бірақ бастап жатқан бастамасын жылдам тастай салады,шахмат ойнап жатқан науқастарға кеңес береді. Ол өзінің іс-әрекетіне тұрақты емес,жылдам сөйлейды,көңіл күйі аса жоғары

+ маниакальды қозу

Жүктіліктің ерте мерзімінде өздігінен болатын түсіктің ең жиі себебіне не жатады?

+Хромосомдық ауытқулар

Әйелдер кеңесіне 29 жастағы жүкті әйел, ішінің төменгі бөлігі мен бел аймағының ауырсынуына шағымданып келді. Жүктілік мерзімі 15-16 апта. Анамнезінде: бір босану және үш медициналық түсік болған. Қынаптық зерттеу кезінде: жатыр мойнының қынаптық бөлігінің ұзындығы 2,5 см, сыртқы аңқасы үңірейіп тұр, цервикалді өзекше жабық, жатыр жүктіліктің мерзіміне сәйкес ұлғайған, жыныс жолдарынан бөлінділер шырышты, аз мөлшерде. Төменде аталған диагноздардың қайсысы сай келеді?

+өздігінен түсік болу қаупі

Жүктіліктің 30 аптасында, жүкті әйелде бірінші рет АҚҚ – 140/90 және 130/90 мм.сы.бағ. дейін жоғарылағаны анықталды. Лайықты клинико-лабораторлық тексерулерден кейін, мынадай диагноз қойылды: Гестациялық гипертензия. Төменде аталған түсініктемелердің ішінде қайсысы гестациялық гипертензияға сай келеді?

+Жүктіліктің 20 аптасынан кейін пайда болатын, АҚ босанғаннан кейін 6 апта ішінде қайта қалыпқа келетін гипертензия

Жүкті әйелде, жүктілігінің 37 аптасында байқалды: АҚ 140/90 мм.сын.бағ., жалпы зәр анализінде - белок 0,35 г/тәулігіне. Ең ықтимал диагноз қайсысы?

+Преэклампсияның жеңіл дәрежесі

Жүкті әйел, жүктілік мерзімінің 30 аптасында жыныс жолдарынан қанды бөліністерге шағымданып келді. Анамнезінен: жүктілігі – 4, алда бірінші босануы тұр, жыныс жолдарынан қанды бөліністер осыған дейін де жүктіліктің 21 және 27 апталарында болған. Ең ықтимал диагноз қайсысы?

+Плацентаның төмен орналасуы

Жүкті әйел, 36-37 апталық жүктілігімен, қабылдау бөліміне аяқ-қолдарының 2 апта бойына ісінуіне шағымданып түсті. Жалпы зәр анализінде белок жоқ, АҚ – 120/80 мм.сын.бағ. Ең ықтимал диагноз қайсысы?

+Жүктіліктің 36-37 аптасы. Жүктілікпен шақырылған ісіну

Қабылдау бөліміне жүкті әйел келіп түсті, жүктілік мерзімі 37 апта. Леопольд-Левицкийдің екінші тәсілін орындау кезінде анықталды: жатырдың оң жақ бүйірінде ұрықтың ірі, тығыз, қозғалмалы бөлігі пальпацияланады. Ең ықтимал диагноз қайсысы?

+Ұрықтың көлденеңінен жатуы, 2 позиция

Жүктіліктің 36 аптасы, бір сағат бұрын ұрық маңы суының төгілгеніне шағымданады. Жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ және тамыр соғысы қалыпты. Ұрықтың жүрек қағысы тұншығып естіледі, ырғақты, минутына 140 соққы. Жатыры нормотонуста. Айнамен қарау кезінде артқы күмбезде мөлдір ұрық маңы суы анықталды. Ең ықтимал диагноз қайсысы?

+Жүктіліктің 36 аптасы. Ұрық маңы суының мерзімінен алдын төгілуі.

Қандағы хориондық гонадотропиннің максималді концентрациясы жүктіліктің қай мерзімінде тіркеледі?

+8-10 аптада

Қабылдау бөліміне жүктіліктің 35 аптасында, ішінің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырсынуымен, жүкті әйел келді. Толғақтары әрбір 4-5 минут сайын, 25-30 секундтан. Қынаптық зерттеу кезінде жатыр мойны жазылған, шеттері орташа қалыңдықта, жатыр аңқасының ашылуы 2 см. Ең ықтимал диагноз қайсысы?

+Жүктіліктің 35 аптасы. Босанудың І кезеңі.

26 жастағы жүкті әйелде, жүктілігінің 34 аптасында үйінде эклампсияның бір рет ұстамасы болды. Жедел медициналық көмек машинасымен перзентханаға жеткізілді. Түскен кезде: сана сазімі тежелген, АҚҚ – 180/110 және 170/100 мм.сын.бағ. Магнезиалді терапияны жүргізудегі жүктеме доза қандай болады?

+5 грамм құрғақ зат немесе 20 мл 25% MgSO4

Отбасылық амбулаторияның дәрігер гинекологына жүкті әйел 18 апталық жүктілігімен келді, 2 аптаның ішінде дене салмағының тез өсуіне шағымданады. Объективті: іш айналымы 93см, жатыр түбінің тұру биіктігі 20 см. Аяқ-қолдарында ісіну жоқ. АҚҚ, PS қалыпты. Ең ықтимал диагноз және зерттеу әдісі қайсысы?

+Жүктіліктің 18 аптасы. Суегіздік. Ультрадыбысты зерттеу.

Жүктілікктің қай мерзімінде плацентаның алда жатуынан қан кету байқалады?

+28-32 аптада

Жатырдың жиырылу дәрежесін қандай параметр бойынша анықтауға болады?

+жатыр түбінің тұру биіктігіне қарап

26 жастағы алғаш босанушы, жедел жәрдем машинасымен, үйінде болған эклампсия ұстамасынан кейін перзентханаға жеткізілді. Жүктілік мерзімі 36-37 апта. Сана сезімі тежелген. Тері жабыны бозғылт, анасарка, АҚҚ 170\100 мм.сын.бағ. Жүргізу тактикасы қандай?

+ жүкті әйел жағдайы тұрақтанған соң босануды шешу

Перзентханаға 24 жастағы жүкті әйел, жүктіліктің 39-40 апталық мерзімімен жеткізілді. Бойы 152 см, салмағы – 60 кг. Жамбас өлшемдері: 23-25-28-17,5 см, Соловьев индексі - 15 см, Іш айналымы - 105 см, жатыр түбі биіктігі - 39 см. Михаэлис ромбы – 10х 9 см. Ұрықтың жүрек қағысы айқын, ырғақты, минутына 140 соққы, ұрық басының тік өлшемі – 12 см. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны «пісіп жетілген», басымен келіп тұр, кіші жамбасқа кіре берісте, қозғалмалы. Диагоналді конъюгатасы - 11,5 см. Ең ықтимал диагноз қайсысы?

+Жүктіліктің 39-40 аптасы. Жалпыбірдей тарылған жамбас I дәрежесі.

Босанғаннан кейінгі кезең бұл?

+бала жолдасы бөлініп шыққаннан кейін басталып, 6-8 аптаға созылады

Босанғаннан кейінгі ерте кезеңнің патологиясын келесі клиникалық бейнеге қарап анықтаңыз: жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық, АҚ 100/70, PS=98 соққы минутына, тері жабыны кәдімгі түсте, жыныс жолдарынан біркелкі қанды бөліністер, 300 мл жетті және жалғасуда. Босану жолдарын қараған кезде – жыртылулар жоқ, бала жолдасы да бүтін, қабықтары түгел. Жатырды сыртқы сипалау кезінде жатыр жақсы жиырылып, көп ұзамай қайтадан босаңсиды. Ең ықтимал диагноз қайсысы?

+жатыр атониясы және қан кету

Жыныс еріндерінің жыртылуымен асқынған босанудан кейінгі 4 тәулікте, сыртқы жыныс еріндері мен аралықтың ауырсынуы мен ашуының пайда болуына шағымданды. Қарау кезінде: жараның беткейі қызарған, тіндері ісінген, іріңді бөліністер бар. Жара жеңіл қанталайды. Ең ықтимал диагноз қайсысы?

+босанғаннан кейінгі ойық жара

32 жастағы әйел, 2 апта бұрын мерзіміне жеткен қыз бала босанған. Нәресте бірден кеудесіне жатқызылған. Босанғаннан кейінгі ерте кезең ерекшеліксіз өткен. 4 тәулікте баласымен үйіне шығарылған. Қазіргі сәтте дене қызуының 38 градусқа жоғарылауына, денесінің қалтырауына шағымданады. Жалпы жағдайы удану есебінен орташа ауырлықта. Сүт бездері үстіндегі тері жабыны ыстық, пальпациялау кезінде қатты, ауырсынады. Үрпілерінен сүт бөлінуде. Жыныс жолдарынан мардымсыз, сірлі бөлінулер. Қынаптық зерттеу кезінде жатыры қалыпты өлшемде, ауырсынусыз, қозғалмалы, жатыр мойнының сыртқы аңқасы саусақ ұшын өткізеді. Ең ықтимал диагноз қайсысы?

+лактостаз

Ерте кездегі және ең ауыр шиеленісу оңеш күйігіне не жатады?

+ перфорация

Өңештің дискинезиясында кай түрінде оңештін шектелген аумагында түйілу бақыланады?

+ сегментарды эзофагоспазм немесе“ щелкунчик өңеші “

Асқазан жарасының қанталау кезінді диагнозды анықтау үшін басты ретінде не істеу керек?

+ фиброгастроскопия

Пострезекциондық пептикалық жара, ереже ретінде, тарамалдаушы?

+ анастомотикалық камера зонасында

Диагностикада негізі болып пострезекционды пептикалық жара болып?

+ асқазан секрециясын зерттеу

Өт тастарының пайда болатын негізгі жері?

+ Өт қапшығы

Өт-тас ауруының жиі кездесетің асқынуын атаңыз?

+ холецистит

Жедел холецистит кезінде ауырсыну қайда иррадиация береді?

+ оң жақ иық үсті

Жара ауруында операцияға абсолюттік көрсеткіш?

+ жараның пенетрациясы және мүше аралың жыланкөзгеайналуы

Асқазанның операциядан кейінгі ауруының жітелуінде мынандай айырма

ауру топтарын табады?

+ механикалық

Демпинг-синдром диагнозын коюшын косымша зертеу керек?

+барий пассажың бақылау

Ең тән телгі ілмек тудыратын синдром?

+ жиі өт қоспасымен кұсу, құсықтансон жеңілдік әкеледі

Ең жиі функционалды постгастрорезекционды синдром болып?

+ демпинг-синдрoм

Негізгі клиникалық көрініс постгастрорезекционды пептикалық жара

болып біреінен басқасы барлығы жатады ол?

+ іш жүрмеу бейімділік

Жедел холецистит кезінде ауырсыну мінездемесін көрсетіңіз?

+ ұстамалы тәрізді өспелі аурулары

Жедел холецистит ауырсыну басқаннан кейін науқасты зерттеу кезінде нені табуға мақсат қояды?

+ өт жолдарының тастарын табуға

Жедел холецистит қандай аурулармен жиі дифференциация жасайды?

+жедел панкреатит, жара тесілуі, жедел аппендицит

Механикалық сарғаюының этиологиялық себебі не болып табылмайды?

+ өт қалтасының асыра сілтеуі

Механикалық сарғаюға не тән болып табылмайды?

+ АЛТ, АСТ шұғыл жоғарлауы

Өкпе абсцессының дамуынын ең жиі кездесетін механизмы?

+ аспирациондық

Науқас 60 жаста. Жедел жәрдем келген кезде, іштің жоғарғы бөлігіндегі белдемелі ауырсынуға, жүректің айнуы, жеңілдік алып келмейтің көп реттік құсуға, ішінің кебуіне шағымданды. Науқастың айтуы бойынша, жағдайының нашарлауын екі сағат бұрын қуырылған балық жеумен байланыстырады. Анамнезінде: екі жыл бұрын холицистэктомия жасалған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. ЖЖЖ 90 рет минутына. АҚ 120/80 мм сын.бағ. тілі құрғақ, ақшыл-сары жабынмен жабылған.іші шамалы желденген, жұмсақ, эпигастрии аймағында ауырсынумен. Құрсақтың тітіркені симптомы айқын емес. Мейо-Робсон симптомы анық емес. Ішектің перистальтикасы баяу. Бүгін үлкен дәрет болмаған. Сіздің болжам диагнозыңыз:

+ жедел панкреатит

Жедел жәрдем бригадасы дәрілік улануға байланысты шақыруға шықты. Науқас Б., 15 жаста, жұтқыншақ пен аузының құрғауына, сөйлеу мен жұтынудың бұзылуына, басының ауруына, жарықтан қорқуға, жүрек қағысы мен ентігуге шағымданады. Қараған кезде: терісі құрғақ, қызарған. Қарашығы кеңейген, жарыққа әсер етпейді. Жақыннан көргіштік бұзылған. Диплопия. Пульс 110 рет минутына. Науқастың қандай дәрілік затпен уланғанына күмандануға болады:

+ атропин (белена, белладонна)

Науқас С., 56 жаста ентігу ұстамасына байланысты жедел жәрдем шақыртқан. Жағдайының нашарлауы бір сағат көлемінде. Жедел жәрдем келгенге дейін сальбутамолдың үш дозасын, эуфиллиннің бір таблеткасын қабылдаған, алайда жағдайы жақсармаған. Анамнезінде: бес жыл көлемінде бронхылық демікпесімен ауырады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, экспираторлық ентігу. ТЖ 26 рет минутына. Өкпесінде барлық өкпе алаңдарында құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Науқасқа қандай дәрілік затты енгізу қажет?

+ преднизолон

Науқас С. 63 жаста, жөтелген кезде қанның бөлінуіне байланысты жедел жәрдем шақыртқан. Анамнезінде: 20 жыл бронхэктикалық аурумен аурады. Аталған қанкетуга қандай белгілер тән:

+ көпіршікт,і алқызыл түсті қан.

Науқас Г. 16 жаста.Шақырудың себебі: көшеде ес түссіз жатыр. Анамнезін анықтай алмады. Қараған кезде: жағдайы ауыр. Есі жоқ. Қарашығы тарылған «нүктелі», жарыққа әсер етпейді. Білегенде көптеген бұрынғы және жаңа инъекция орындары. Санаулы тыныс белгілері 5-6 рет 1минутына, жүрек тондары қатты, ырғақты. ЖСЖ 64 рет 1 мин., АҚ 90/60 мм сын.бағ.

Науқасты комадан шығару үшін қандай дәрілік зат енгізу керек.

+ налоксон

Жас ас үй қызметшісі әйелде ауыр бөшкені көтерген кезде кенеттен іштің төменгі жағындағы ауырсынуы, құсқысы келу және үлкен дәретке шақырулар сезімі пайда болды. Қандай белгінің жоқтығына байланысты жедел жәрдем дәрігері, жүкті трубаның үзілуінен, аналық бездің апоплексиясын ажырата алады:

+ жатырдан қанды бөліністердің бөлінуі

6-7 апта мерзімдегі жүкті әйел кенеттен пайда болған жалпы әлсіздік, бас айналу, қысқа мерзімдік талып қалу жағдайы, іштің төменгі жағындағы толғақ тәрізді ауырсыну, жыныс жолдарынан жағылмалы қанды бөліністің пайда болуына байланысты жедел жәрдем шақыртты. Объективті түрде: науқастың өңі бозарған, пульс мин. 90, А/Қ – 100/70 мм сын.бағ. (қалыптысы А/Қ -115/70 мм сын.бағ.), t-36,50. Құрсағы жұмсақ, іштің төменгі сол жақ бө


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 142 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
В состав компрессорно-конденсаторного агрегата входят: компрессор, конденсатор, вентилятор с электродвигателем, ре­сивер, фильтр-осушитель, теплообменник, реле давления РД-1Б и РД-2Б-03, реле | 1.Науқас 43 жаста,аспаз болып жұмыс істейді, 14 жылдан аса темекі шегеді. Анамнезінде 4 жыл қатарынан кілегейлі іріңді қақырықтың бөлінуімен

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.09 сек.)