Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Симфиздің төменгі қыры мен сегізкөз мүйісіне дейінгі қашықтық:



Симфиздің төменгі қыры мен сегізкөз мүйісіне дейінгі қашықтық:

- 11 см

+ 13 см

- 14 см

- 16 см

- 13,5 см

?

Мықын сүйектерінің алдыңғы жоғарғы қырларының ара қашықтығы:

- 24-25 см

- 27-32 см

- 30-32 см

+ 25-26 см

- 23-24 см

?

Кіші жамбастың тар бөлігінің жазықтығының көлденең өлшемі:

- 12 см

- 13 см

- 11 см

- 12,5 см

+ 10,5 см

?

Шынайы конъюгата:

- 21 см

+ 11 см

- 13 см

- 12 см

- 10,5 см

?

Ұрықтың иегі мен басының шүйде шұңқырының ара қашықтығы- бұл:

- тік өлшем

- вертикальді өлшем

- кіші қиғаш өлшем

- орташа қиғаш өлшем

+ үлкен қиғаш өлшем

?

Кіші жамбастың тар бөлігінің жазықтығы шектелген:

- құйымшақ ұшы, симфиз, промонториум

- құйымшақ ұшы, шондаңай бұдырлары, промонториум

- симфиздің ортасының ішкі беті, құйымшақ, шондаңай бұдырлары

- симфиздің төменгі қыры, сегізкөз мүйісі, құйымшақ-сегізкөздің біріккен жер

+ симфиздің төменгі қыры, шондаңай сүйектерінің қырлары, құйымшақ-сегізкөздің

біріккен жері

?

Оң жақ қиғаш өлшем- бұл ара қашықтығы:

- симфиз бен сол жақ сегізкөз-мықынның біріккен жері

+ сол жақ қасаға бұдыры мен оң жақ сегізкөз-мықынның біріккен жері

- оң жақ қасаға бұдыры мен сол жақ сегізкөз-мықынның біріккен жері

- оң жақ қасаға бұдыры мен оң жақ сегізкөз-мықынның біріккен жері

- сол жақ қасаға бұдыры мен сол жақ сегізкөз-мықынның біріккен жері

?

Шынайы конъюгатаның шекарасы болып табылады:

- құйымшақ ұшы мен симфиз

- шат симфизінің ортасы мен сегізкөз мүйісі

- құйымшақ ұшы мен шат симфизінің ішкі қыры

- симфиз бен сегізкөз-құйымшақтың біріккен жері

+ сегізкөз мүйісі мен шат симфизінің жоғарғы ішкі қыры

?

Кіші жамбастың кіре беріс жазықтығының оң жақ қиғаш өлшемі:

- құйымшақтың ұшынан симфиздің төменгі қырына дейінгі аралық

- сегізкөз-құйымшақтың біріккен жерінен шат симфизінің ішкі бетіне дейінгі аралық

+ оң жақ сегізкөз-мықынның біріккен жерінен сол жақ мықын-шаттың тігісіне дейінгі аралық



- сегізкөз-құйымшақтың біріккен жерінен симфиздің төменгі қырына дейін аралық

- сол жақ сегізкөз-мықынның біріккен жерінен оң жақ мықын-шаттың тігісіне дейінгі аралық

?

Перзентхана жұмысының көрсеткішіне барлығы жатады, біреуінен басқа:

- ана өлімі

- өлі туылу

- оперативті активтілік

- қалыпты босану жиілігі

+ ЖДА-да қабылданған босану пайызы

?

 

Созылмалы өкпе текті жүректің ЭКГ-белгісі:

+ V1- V2 тіркемелерінде R тісшесінің биіктеуі

- V5- V6 тіркемелерінде R тісшесінің биіктеуі

- V1- V2 тіркемелерінде R тісшесінің жарықшақтануы

- V1- V2 тіркемелерінде S тісшесінің тереңдеуі

- V5-V6 тізбегінде Т тісшесінің теріс болуы

?

Бронхоэктаз ауруының клиникалық белгісіне жатады:

- тұншығу ұстамасы

- жатқанда ентігу

- құрғақ жөтел

- көпіршікті қақырық жөтел

+қантүкірудің болуы

?

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруының негізгі этиологиялық факторы:

- үйдегі шаң-тозандар

- аэрополлютанттар

- кәсіби зиянкестер

- тұрмыстық химиялық заттар

+темекі шегу

?

Атопиялық бронх демікпесіне тән лабораторлық белгі:

- лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы

- сиал қышқылдарының жоғарылауы

- анемия, лейкопения

- лимфоцитоз, лейкоцитоз

+қанда және қақырықта эозинофилия

?

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруларының диагностикасындағы маңызды әдіс:

- физикальді қарау

- бронхография

- рентгендік тексеру

+спирография

- пневмотахометрия

?

Созылмалы өкпе текті жүректің негізгі ренгенологиялық белгісі:

+жүректің оң жақ шекарасының ұлғаюы

- өкпе түбірінің инфильтрациясы

- диафрагманың төмен орналасуы

- өкпе ұшы құрылымының қараюы

- жүректің сол жақ шекрасының ұлғаюы

?

Пенкост обырының рентгенологиялық белгісі:

- шар тәрізді қараю

- бронхтардың деформациясы

+І қабырғаның деструкциясы

- өкпе түбіріндегі қараю

- өкпенің ауаға толығуы

?

Атипті пневмонияны емдеудегі тиімді антибактерияльді препарат:

- пенициллиндер

- аминогликозидтер

- цефалоспориндер

- тетрациклиндер

+макролидтер

?

Пневмонияның өкпеден тыс асқынуы:

- майлы гепатоз

- амилоидоз

- кардиомиопатия

- энцефалит

+ миокардит

?

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруына тән:

- «ауыз толтыра» қақырықты жөтел

- ұсақ және орташа көпіршікті сырылдар

- тұншығу ұстамасы

+құрғақ ысқырықты сырылдар

- қан аралас қақырықты жөтел

?

Реноваскулярлы артериалық гипертензияға қандай гипертензия жатады:

+бүйрек артерияларының атеросклерозындағы

- пиелонефриттегі

- гломерулонефритте

- диабетиттік нефропатиядағы

- жүктілердегі

?

Созылмалы қанайналым жеткіліксіздігінің дамуындағы негізгі патогенетикалық тізбегіне не жатады:

- миокардтың жиырылуы қызметінің жоғарлауы

+миокардтың жиырылу қызметінің төмендеуі

- қантамырлар кедергісінің жоғарлауы

- натрий мен судың ұсталып қалуы

- кардиомиоциттердің массивті некрозы

?

Ренопаренхималық гипертензияға тән белгі қандай:

- артериялық гипертензияның жиі кризбен жүруі

+несептің жалпы анализіндегі айқын өзгерістер

- медикаментозды емнің аса тиімділігі

- ағымының қауіпсіз болуы

- бүйрек артерияларының маңындағы шудың естілуі

?

Сол жақ қарыншаныңы артқыдиафрагмальды бөлігінің миокард инфакртісінде қандай тіркемелерде өзгерістер болады:

+ II, III, AVF

- V5-V6, I, AVL,

- V3-V4

- V1-V2

- I, AVL

?

Бала 4 жаста. Шағымдары: тәбеті төмен және кіндік тұсында ауырсыну, тамақ қабылдауымен байланысты емес. Ауырсыну қысқа уақытта және өздігімен жойылады. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Тамақтануы қалыпты. Тілі ақ жамылғымен жабылған. Ішті пальпациялағанда ауырсынусыз. Үлкен дәреті қалыпты, дизуриялық белгілер жоқ. Үлкен нәжісінде құрттар табылмаған. Қандай диагноз дұрыс?

+асқазанның функционалдық бұзылуы

- қарапайым диспепсия

- жедел гастрит

- дисбактериоз

- энтеробиоз

?

Бала 11 жаста. Шағымдары: эпигастрий аймағында әлсіз ауырсыну, тамақ қабылдағаннан кейін пайда болды, кекірік, эпигастрий аймағында ауырлық сезімі. Анамнезінде: осы шағымдары 2 жасынан мазалайды. Анасында – созылмалы гастрит. Объективті: баланың жағдайы қанағаттанаралық. Тыныс алу, жүрек қан тамыр жүйелерінде өзгерістер жоқ. Ішті пальпациялағанда – эпигастрий аймағында белгісіз ауырсыну, үлкен дәреті қалыпты. Қандай аурумен салыстырмалы диагноз жүргізуге болады?

+созылмалы гастродуоденитпен

- геморрагиялық васкулиттің абдоминальды түрімен

- крупозды пневмониямен, абдоминальды синдромымен

- өт жолдарының ауруларымен

- дизбактериоз

?

Бала 13 жаста. Шағымы: іштің түнде және ашқарында ауырсынуы, әртүрлі интесивті, тамақ қабылдағанда ауырсыну қайтады, қыжылдау, кекірік, жүрек айну, үлкен дәреті қатуға бейім. Анамнезінде: 10 жасынан ауырады, гастродуоденит диагнозы қойылған, мерзімдік өршуі байқалады. Диета ұстамайды. Анасында, атасында – ойық жара ауруы. Объективті: баланың жағдайы қанағаттанарлық, физикалық дамуы орташа. Тілі ақ жамылғымен жабылған. Ішін пальпациялағанда эпигастрий және пилородуоденалды аймағында ауырсыну, Мендель симптомы оң. Бауыры ұлғаймаған. Қандай диагноз тура келеді?

- өт шығару жолдарының дискинезиясы

- созылмалы холецистит

+12елі ішектің ойық жарасы

- созылмалы гастродуоденит

- созылмалы панкреатит

?

Бала 3 жаста. Шағымдары: жиі ішінің өтуіне, тәбеті нашар, салмақ қоспауына. Анамнезінде: бала 1 жүктіліктен, 3400 г салмақпен туған, бойы 51см. Алғашқы күннен бастап үлкен нәжісі тұрақсыз. Ол стафилококкты энтероколит немесе дисбактериоз деп бағаланған. 11 айлығында энтероколлитпен ауырған. Бір жаста салмағы 8700г, 2 жасында -10 кг, 3 жасында 10,5 кг.сүт тағамдарын жақтыртпайды. Ферменттермен және биопрепараттарды қабылдаған. Әкесі сүтті жақтыртпайды. Қарағанда: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Жұмсақ тін тургоры төмен, терісі бозғылт. Іштің кебуі байқалады. Пальпация кезінде тоқ ішектің қорылдауы байқалады. Бауыр +1,5см. Қандай диагноз туралы ойлауға болады?

+лактоза жақпауы

- муковисцидоз

- целиакия

- хлоридтық диарея

- натриялық диарея

?

Бала 1 жаста. Шағымы: сұйық нәжіс (1 күнде 3 рет), салмақ қоспауы. Анамнезінде: қалыпты жүктілік, туған салмағы 3300 г, бойы 51 см, 4,5 айға дейін табиғи тамақтануда. Тамағы: манна ботқасы, лоқсу пайда болған, жиі, көлемді, көпіршікті, иісі жағымсыз, сұйық нәжіс. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Салмағы - 7500 г. Бозару және терінің құрғауы, глоссит, афтозды стоматит. Іші үлкен, үрленген, пальпациялағанда ауырсынусыз, копрограммада май қышқылдары және сабындар көп, бауыры +2см, көк бауыры ұлғаймаған. Сіздің болжам диагнозыңыз?

- лактозаға төзімсіздік

- муковисцидоз ішек түрі

+целиакия

- ұйқы безінің гипоплазиясы

- дисахаридтік кемістік

?

Нервопатолог қабылдауында 11 жасар қыз бала. Дәрігерге қаралмастан бұрын 1 ай бұрын баспамен ауырған. Соңғы кездері тез шаршағыш, үлгерімі нашарлап, тітіркендіргіштік пайда болды, жылауық, мимикалық бұлшық еттерінің тартуы, жүрісінің тұрақсыздығы, жазуы өзгерген. Объективті қарағанда: жүрек шекараларының кеңеюі, тахикардия, жүрек ұшында систолалық шу, сонымен қатар бұлшықет тонусы төмендеген және сіңірлік рефлекстері де төмендеген, координациялық сынамалардың бұзылуы. Дәрігер қойған диагноз: жедел ревматикалық қызба (кіші хорея), аурудың этиологиясы қандай?

- вирустық этиология

+стрептококктық инфекция

- аденовирустық инфекция

- стафилококктық инфекция

- ротовирустық инфекция

?

10 жасар балада баспамен ауырғаннан кейін 2 аптадан сон дене қызуы 38° жоғарлаған, алдымен тізе буынында, кейін сирақ, тобық буынының ауырсынуы, қызаруы және ісінуі пайда болды. Объективті қарағанда: ісіну, қозғалысының шектелуі және тізе, сирақ тобық буынында ауырсыну, жүрек шекараларының солға қарай ұлғаюы, тахикардия минутына 108 ретке дейін, 1 тонның бәсіңдеуі, жүрек ұшында және Боткин нүктесінде музыкалды систолалық шу. АҚҚ 90/50 мм.с.б. Қан анализінде: Эр - 4,3х 1012/л, НЬ - 132 г/л, Л -12хЮ12/л, СОЭ-48ммв Iсағ. Алдын ала қойылған диагноз: Ревматизм? Диагнозды нақтылау үшін қандай лабораторлық-құралдық зерттеу жүргізу керек?

+СРБ, сиал қышқылы, стрептококктық антидене титры, ЭКГ

- құрсақ қуысының УДЗ

- кеуде клеткасының рентгенограммасы

- эхоэнцефалограмма

- қанның биохимиялық анализі (АЛАТ, АСАТ)

?

Бала 1,5 жаста. Шағымдары: әлсіздік, тамақтан бас тартуы, дене қызуының 38° көтерілуі, мұрын бітуі, жөтел. 7 күн ауырып жүр. Соңғы 2 күнде катарльді көріністермен температураның азаюына қарамастан жағдайы нашарлаған. Объективті қарағанда: жалпы жағдайы ауыр, тері жамылғысы бозарған, аңқасы қызарған. Өкпе перкуссиясында айқын өкпелік дыбыс, аускультацияда қатаң тыныс, сырылдар естілмейді. Жүрек шекаралары: оң жақ – оң парастерналды сызығынан, жоғарғы –екінші қабырғадан, сол жақ – сол жақ ортаңғы бұғана сызығынан 3см сыртқа. Пульс - 180 рет минутына тондары ырғақты, ұшында нәзік систолалық шу естіледі. Қандай лабораторлы-құралдық зерттеулерді дереу жүргізу қажет?

-жалпы зәр анализі

+СРБ, сиал қышқылы, ЛДГ, ЭКГ

- коогулограмма

- миелограмма

- жалпы билирубин, темір сарысуының ТТТ

?

4 жасар бала ауруханада полисегментарлы пенвмониямен жатыр. 6 –шы күні баланың жалпы жағдайы нашарлады, әлсіздік, ентігу, тахиаритмия, жүректің көлденең шекарасының ұлғаюы, жүрек үндерінің әсіресе 1 тонның күшеюі, функционалдық, систолалық шудын пайда болуы анықталады. Осы баланың жағдайының нашарлауы немен байланысты?

- нейротоксикозбен

- эндокардитпен

- перикардитпен

- өкпе ісінумен

+миокардитпен

?

5 жасар бала. Шағымдары: зәр шығарудың жиілігін және ауырсынуына, ішінің ауырсынуына. Дене қызуы 38,5°, әлсіздік. Ауырғанына 3 күн болды. Зәр анамнезінде: нәруыз- 0,099 г/л, лейкоциттер - 20-30 көз аймағында, бактериялар ++. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

- жедел гломерулонефрит

- цистит

- тубулопатия

- тұқымқуалаушы нефрит

+жедел пиелонефрит

?

3 жасар бала. Шағымдары: көп көлемде ісінулер, әлсіздік, диурез төмендуі, 1 апта бұрын пайда болған. Анамнезінде бірнеше рет тағамдық аллергиялар болған. Жалпы қарағанда: хал жағдайы ауыр, бет, аяқ бетінде айқын ісінулер бар, асцит көріністері байқалады. Жүрек тондары айқын. АҚ-90/50 мм с.б. Бауыр – қабырға доғасынан 4см шыққан. Зәрдің клиникалық анамнезінде: аққуыз - 20 г/л, лейкоцит. 0 - 1 көру аймағында, эритроцит. 0 - 1 көру аймағында, гиалинды цилиндрлер 2-3 көру аймағында. Тәуліктік диурез 200 мл. Бұл қандай синдромға тән?

+нефротикалық синдром

- нефритикалық синдром

- Берже синдромы

- гематуриялық синдром

- гипертензиялық синдром

?

Бала 9 жаста. Шағымдары: сирек кіші дәретке отыру, зәр түсі өзгеруі («ет жуындылары»), субфебрильді температура, жағдайының нашарлауы. 3 апта бұрын қызғымақпен ауырған. Жалпы қарағанда: бет ісінуі, АҚ - 140/90 мм с. б., жүректің жиырылу жиілігі 120 рет минутына, іші – пальпацияда ауырсынусыз, бауыр мен көк бауыры ұлғаймаған. Диурез төмендеген. Анамнез және клиникалық көріністері негізінде қандай диагноз қоюға болады?

- жедел пиелонефрит

+жедел постстрептококкты гломерулонефрит

- жедел цистит

- тұқым қуалаушылық нефрит

- зәр-тас ауруы

?

6 жасар қыз бала. Шағымдары: іштің ауырсынуы. Анамнезінде 1 апта бұрын жедел респираторлы аурулармен ауырған. Зәрдің 2 реттік анализінде: аққауыз -0,033 г/л, лейкоцит 16 - 20 көру алаңында, дизуриялық көріністерімен интоксикация симптомдары жоқ. Жалпы қарауда: ішкі ағзаларында патологиялық өзгерістер жоқ. Дәрігермен болжам диагноз қойылған: зәр шығару жолдарының инфекциялары. Қандай аурумен ажыратпалы диагноз жасау керек?

+пиелонефритпен

- тұқы қуалаушылық нефритпен

- зәр шығару жолдарының дискинезиясы

- холецистит

- зәр-тас ауруы

?

8 жасар қыз бала. Шағымдары: ауырсынумен жиі зәр шығару, субфебрильді температура, әлсіздік. Анамнезінен: 5 және 7 жасында жоғары температурамен 38-38,5° лейкоцитурия эпизодтары байқалған. Амбулаторлы емделді. Жалпы қарауда: бел аймағында оң жағында ұрғылау симптомы оң, қалған мүшелері патологиясыз. Қанның клиникалық анализінде: лейкоцит - 10,5x10 /литр, ЭТЖ - 26 мм/сағ. Зәр анализінде: тығыздығы 1018, аққауыз - 0,099 г/литр, лейкоцит. 50-60 көру аланында, бактерия +++. Анамнез бойынша қандай ауру туралы ойлауға болады?

-созылмалы гломерулонефрит, ремиссия сатысы

- жедел цистит

- зәр-тас ауруы

+созылмалы пиелонефрит

- интерстициалды нефрит

?

Бала 7 айда. Туғаннан табиғи тамақтануда. Шағымдары: мазасыздық, ұйқысы нашар. Жалпы қарауда: маңдай және самай төмпешіктерінің ұлғаюы, рахиттік «тасбиік», іші үлкейген кеуде көкрегінің төменгі аппертурасының кеңеюі, бауыр шеті қабырға доғасынан 3 см шыққан, көк бауыры пальпациаланбайды. Қан сарысуында: Са - 1,7 мм/л, Р -1.12мм/л. Қандай диагноз қоясыз?

+рахит II, өршу кезеңі, жедел асты ағымы

- рахит I, жедел ағымы

- рахит III, жедел асты ағымы

- «Д» дәрумен тәуелсіз рахит

- хондродистрофия

?

Құрт тәрізді өсіндінің атипиялық орналасуының қандай түрінде ауырсынудың бел бөлімінде локализациясы тән?

- жамбасішілік

- бауырастылық

+ ретроперитониальді

- ретроцекальді

- диафрагмаастылық

?

Ревизияда соқыр ішектің артында қысқа шажырқайда құрт тәрізді өсінді орналасқан. Бұл қандай атипиялық орналасу?

+ ретроцекальді

- жамбасішілік

- бауырастылық

- ретроперитонеальді

- диафрагмаастылық

?

Құрт тәізді өсіндінің қандай орналасуында шажырқай артылық флегмона дамуы мүмкін?

- медиальді

- жамбастық

+ ретроперитонеальді

- бауырастылық

- шажырқайартылық орналасуда

?

Пилефлебиттің диагностикасы үшін мағлұматты зерттеу қандай?

- лапароскопия

+бауыр және қақпа көк тамырының УЗД

- құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

- іштің пальпациясы

- коагулограмманы оқу

?

Флегмонозды аппендицит кезінде аурудың бірінші тәулігінде аппендэктомиядан кейін дуглас абсцесінің негізгі себебі қандай?

- антибиотикотерапияның болмауы

- антибиотиктер аз мөлшерде тағайындалуы

- құрт тәрізді өсіндінің аймағына дәкелік тампонды салмау болып табылады

- санациясыз құрсақ қабырғасын толық тігу

+ операция кезінде құрсақ қуысын аз санациялау

?

Аппендикулярлы инфильтратқа не кірмейді?

- құрт тәрізді өсінді

- соқыр ішек

- аш ішек

- үлкен сальник

+ кіші сальник

?

Өңеш дивертикулы диагнозын дәлелдеуінде негізгі болып табылатын зертеу?

- эзофагоскопия

+контрастті рентген зерттеуі

- УДЗ

- радионуклеидті зерттеуі

- компьютер томографиясы

?

Диагностика ретінде өнеште бөгде зат болңанда колданбайды?

- анамнез жинау

+өнеш зондтау

- өнеш контрасті рентгеноскопиясы

- өнеш эзофагоскопиясы

- ларингоскопия

?

Кардия ахалазиясы – ол?

+ кардиальді сфинктерінің жұтқанда спазм болуы

- кардиальді сфинктерінің үңірею

- асқазан кардиальді аймағының жетіспеушілігі

- асказандаіғы көп деген жаралар

- кардиального жомының кеуде қуысына транспозиция болуы

?

Өңештің дискинезиясында кай түрінде оңештін шектелген аумагында түйілу бақыланады?

- диффузді эзофагоспазм

- кардии түйілу

- ахалазия кардии

+ сегментарды эзофагоспазм немесе“ щелкунчик өңеші “

- гипомоторномды типте жылжымпаздық бұзылуы

?

Асқазанның қансыраған ойық жарасының диагнозын анықтау үшін бірінші кезекте не істеу қажет?

- жасырын қанға нәжіс анализі

- асқазанның контрастты рентгеноскопиясы

- жасырын қанға асқазан сөлінің анализі

+ фиброгастроскопия

- гемоглобин және гематокритті анықтау

?

Әйел 56 жаста. Төс артындағы қысып ауырсынуға, кекіруге, сілекей бөлінуінің жоғарылауына шағымданады. Ауырсыну тамақ қабылдағаннан кейін, жатқан кезде күшейеді. Диагнозы.

- кардиомиопатия

- нейроциркуляторлы дистония

- тұрақсыз стенокардия

+көкеттің өңештіктесігінің жарығы

- перикардит

?

Өкпе артериялары тармақтарының тромбоэмболиясының шұғыл диагностикасы

- дем шығару жылдамдығын анықтау

- эхокардиография

+электрокардиография

- фибриноген деңгейін зерттеу

- қанның клиникалық талдауы

?

ЖКС мен нуқастарда β–адреноблокаторларды қабылдау кезінде ЖЖЖ мақсатты деңгейі

- минутына 45–50

+минутына 55–60

- минутына 65–70

- минутына 75–80

- минутына 85–90

?

Инфарктан кейінгі кардиосклероз және сол коронарлы артерия бағанасының 90% тарылуының емі

+аортокоронарлы шунттау

- стентті имплантациялау

- дәр-дәрмекті терапия

- бақылау және 6айдан кейін қайта коронарография жүргізу

- бағаналы жасушалардың трансплантациясы

?

Дилатационды кардиомиопатия кезінде ЭХО-КС тегі өзгерістер

+миокардтың диффузды қызметінің төмендеуі және камералардың кеңеюі

- қарынша аралық перде қалыңдығының 3– смден жоғарылауы

- шектелген диомталалалық қызметінің бұзылуыменсол жақ қарынша гипертрофиясы

- сол жақ қарынша қабырғасының жиырылуының жергілікті бұзылуы

- систоло–диастолалық дисфункция

?

№063 формасы бұл:

- баланың даму тарихы

- баланың медициналық картасы

+алдын-ала егу картасы

- науқастың диспансерлік картасы

- санитарлы – ағарту жұмысның кітабы

?

Жүрек ұшы түрткісінің V қабырғааралықта шашыранды, күшейген, биік, резистентті, сол жақ бұғана орта сызығынан 1 см сыртқа қарай орналасуы, ненің белгісі болып табылады:

- сол жақ қарынша гипертрофиясы

- сол жақ жүрекше гипертрофиясы

+ оң жақ қарынша гипертрофиясы

- оң жақ жүрекше гипертрофиясы

- жүректің оң және сол жақ бөлімдерінің гипертрофиясы

?

Ақшыл көк, пурпуралы эритемамен периорбитальды ісіну, ентігу, құрғақ жөтел, үдемелі бұлшықет әлсіздігі, иық және жамбас аймағы бұлшықеттерінің ауырсынуы тән:

+дерматомиозитке

- жүйелі васкулитке

- ревматоидты артритке

- жүйелі склеродермияға

- жүйелі қызыл жегіге

?

Адам папиллома вирусына қарсы вакцинацияны қай жаста жүргізеді:

+3 жаста

- 7 жаста

- 12 жаста

- 20 жаста

- 25 жаста

?

Климактериялық синдромның ерте симптомына жатады:

- терінің құрғауы, шаштың түсуі, тырнақтың сынғыштығы

- зәрді ұстай алмаушылық, қынаптың құрғауы

- остеопороз, Альцгеймер ауруы.

+ тершеңдік, жүрек қағысының жиілеуі, ашуланшақтық

- ЖИА-мен, инсультпен көрінетін, жүрек қантамыр жүйесі жағынан бұзылыстар

?

Құрсақтан тыс өмірде, бейімделу кезеңінің физиологиялық ағымында, жаңа туған нәрестенің дене салмағы қалыпқа келеді:

- 1-ші күннен бастап

- 3-ші күннен бастап

- 4-5-ші күндерден бастап

- туғаннан соң 1 аптадан кейін

+туғаннан соң 2 аптадан кейін

?

Соңғы бронхылы демікпенің ұстамасынан кейін, балаларды емханада дәрігер-педиатрдің бақылау жиілігі:

- аптасына 1 рет

+айына 1 рет

- 3 айда 1 рет

- 6 айда 1 рет

- жылына 1 рет

?

35 жастағы әйел адам, жүктілік мерзімі 5 апта. Шақырту себебі: іштегі ауырсыну. Жедел жәрдем келгенде іштің төменгі бөліміндегі толғақ тәрізді ауырсынуға, жыныс мүшелерінен тұрақты емес, жағылмалы қанды бөліністер және дене температурасының 37,30 -37,50дейін көтерілуіне шағымданды. Жағдайының нашарлауы үш күн ішінде болған. Сіздің алдын ала қоятын диагнозыңыз:

- мойындық жүктілік

- жүктіліктің үзілу қаупі

- құрсақтық жүктілік

+түтіктік жүктілікті үзу

- аналық без жылауығының айналуы

?

Науқас М., 57 жаста. Кенеттен пайда болған жиі жүрек қағысына байланысты жедел жәрдем шақыртқан. Анамнезінде: жүрекшелер жыбырының тұрақты формасы мазалайды, 2 жыл бұрын басынан миокард инфарктісін өткерген. Жедел жәрдем дәрігерімен сол жақ қарыншаның төменгі қабырғасының жедел миокард инфарктісі, жүрекшелердің пароксизмальді фибрилляциясы диагностикалаған. Миокард инфарктісінің түрін анықтаңыз:

- перифериялық

+аритмиялық

- абдоминалдық

- демікпелік

- ауырсынусыз

?

40 жастағы әйел жедел жәрдем шақыртқан. Жедел жәрдем келгенде іштің төменгі бөлігіндегі ұстама тәрізді ауырсынуға шағымданды. Жедел жәрдем дәрігері әйел адамның жыныс мүшелерінің қандай патологиялық жағдайын алдын ала болжай алады:

- жүкті жатырлық түтіктің жыртылуы

- фиброматозды түйіннің некрозы

- пиосальпинкс

+түтіктік жүктілікті үзу

- сальпингоофорит

?

Науқас А., 45 жаста. Терілік қышу мен бөрітпелерге шағымданады. Анамнезінде: бөртпелердің пайда болуын левомицетин таблеткасын қабылдаумен байланыстырады. Объективті: мойын, кеуде бөлімінде көпмөлшердегі емес, айқын гиперемирленген, ірідақты бөртпелер мен тырнақ іздері байқалады. АҚ120/70 мм сын.бағ., дене температурасы 37,50 С. Алғашқы көмек көрсету кезінде қандай топ дәрілік заттарын қолдану қажет:

+ антигистамиді

- седативті

- протеаза ингибиторлары

- кортикостероидтар

- ыстықты төмендетушілер

?

Науқас С.,70 жасар, кардиология бөлімінде жедел миокард инфарктісіне байланысты стационарлық ем кезінде, 11 тәулікте кеуде клеткасында ауырсыну, ентігу мен қызба пайда болды. Аускультация кезінде: перикардтің үйкеліс шуы, тынысы әлсіреген, өкпенің екі жағынан артқы төменгі бөлімдерінде ылғалды сырылдар естіледі. ТЖ 28 минутына. Науқаста миокард инфарктісінің қандай асқынысын болжауға болады:

- миокардтың зақымдалу аймағының жайылуы.

- ауруханаішілік пневмония

+Дресслер синдромы

- идиопатиялық перикардит

- жүрек хордаларның жыртылуы

?

Жедел жәрдем шақыруға келген кезде, өмір белгілері жоқ 40 жасар әйелді анықталған. Туыстарының айтуы бойынша, он минут бұрын есінен танған, бұрындары ауырмаған. Объективті: естүссіз, ұйқы артерияларындағы пульс, тынысы, ккөз қарашықтарының жарыққа әсері анықталмайды, тері жамылғылары бозғылт, жылы. Жүрек-өкпелік реанимация жүргізілді. Жедел жәрдем дәрігері жүрек-өкпелік реанимацияның тиімділігін қандай критерилермен бағалау керек.

+ ұйқы артериясында пульстің пайда болуы

- қарашықтардың кеңейуі

- қасаң қабықтың құрғауы

- «мысықтың көзі» симптомы

- қасаң қабықтың бұлынғырлануы

?

Науқас 60 жаста. Жедел жәрдем келген кезде, іштің жоғарғы бөлігіндегі белдемелі ауырсынуға, жүректің айнуы, жеңілдік алып келмейтің көп реттік құсуға, ішінің кебуіне шағымданды. Науқастың айтуы бойынша, жағдайының нашарлауын екі сағат бұрын қуырылған балық жеумен байланыстырады. Анамнезінде: екі жыл бұрын холицистэктомия жасалған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. ЖЖЖ 90 рет минутына. АҚ 120/80 мм сын.бағ. тілі құрғақ, ақшыл-сары жабынмен жабылған.іші шамалы желденген, жұмсақ, эпигастрии аймағында ауырсынумен. Құрсақтың тітіркені симптомы айқын емес. Мейо-Робсон симптомы анық емес. Ішектің перистальтикасы баяу. Бүгін үлкен дәрет болмаған. Сіздің болжам диагнозыңыз:

+жедел панкреатит

- мезентериалді тамырлардың тромбозы

- тағамдық улану

- постхолецистэктомиялық синдром

- жедел ішек өтімсіздігі

?

Жедел жәрдем бригадасы дәрілік улануға байланысты шақыруға шықты. Науқас Б., 15 жаста, жұтқыншақ пен аузының құрғауына, сөйлеу мен жұтынудың бұзылуына, басының ауруына, жарықтан қорқуға, жүрек қағысы мен ентігуге шағымданады. Қараған кезде: терісі құрғақ, қызарған. Қарашығы кеңейген, жарыққа әсер етпейді. Жақыннан көргіштік бұзылған. Диплопия. Пульс 110 рет минутына. Науқастың қандай дәрілік затпен уланғанына күмандануға болады:

+ атропин (белена, белладонна)

- фенотиазин туындылары

- морфинмен

- хининмен

- аминазинмен

?

Науқас С., 56 жаста ентігу ұстамасына байланысты жедел жәрдем шақыртқан. Жағдайының нашарлауы бір сағат көлемінде. Жедел жәрдем келгенге дейін сальбутамолдың үш дозасын, эуфиллиннің бір таблеткасын қабылдаған, алайда жағдайы жақсармаған. Анамнезінде: бес жыл көлемінде бронхылық демікпесімен ауырады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, экспираторлық ентігу. ТЖ 26 рет минутына. Өкпесінде барлық өкпе алаңдарында құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Науқасқа қандай дәрілік затты енгізу қажет?

- атропин

- алупент

- теофиллин

+преднизолон

- адреналин

?

Науқас С. 63 жаста, жөтелген кезде қанның бөлінуіне байланысты жедел жәрдем шақыртқан. Анамнезінде: 20 жыл бронхэктикалық аурумен аурады. Аталған қанкетуга қандай белгілер тән:

- «кофе ұйындысы» тәрізді қан

- «тотбасқан» қақырық

- күңгірт қызыл түсті қан

- құсу кезінде күнгірт қызыл түсті қан бөлінеді.

+көпіршікт,і алқызыл түсті қан.

?

Науқас Г. 16 жаста.Шақырудың себебі: көшеде ес түссіз жатыр. Анамнезін анықтай алмады. Қараған кезде: жағдайы ауыр. Есі жоқ. Қарашығы тарылған «нүктелі», жарыққа әсер етпейді. Білегенде көптеген бұрынғы және жаңа инъекция орындары. Санаулы тыныс белгілері 5-6 рет 1минутына, жүрек тондары қатты, ырғақты. ЖСЖ 64 рет 1 мин., АҚ 90/60 мм сын.бағ.Науқасты комадан шығару үшін қандай дәрілік зат енгізу керек.

- бемегрид

+налоксон

- атропин

- эуфиллин

- кордиамин

?

Жас ас үй қызметшісі әйелде ауыр бөшкені көтерген кезде кенеттен іштің төменгі жағындағы ауырсынуы, құсқысы келу және үлкен дәретке шақырулар сезімі пайда болды. Қандай белгінің жоқтығына байланысты жедел жәрдем дәрігері, жүкті трубаның үзілуінен, аналық бездің апоплексиясын ажырата алады:

- іштің төменгі жағындағы ауырсынуы

- артқы тік ішекте қысымды сезіну

+жатырдан қанды бөліністердің бөлінуі

- құсу

- үлкен дәретке шақырулар сезімі

?

6-7 апта мерзімдегі жүкті әйел кенеттен пайда болған жалпы әлсіздік, бас айналу, қысқа мерзімдік талып қалу жағдайы, іштің төменгі жағындағы толғақ тәрізді ауырсыну, жыныс жолдарынан жағылмалы қанды бөліністің пайда болуына байланысты жедел жәрдем шақыртты. Объективті түрде: науқастың өңі бозарған, пульс мин. 90, А/Қ – 100/70 мм сын.бағ. (қалыптысы А/Қ -115/70 мм сын.бағ.), t-36,50. Құрсағы жұмсақ, іштің төменгі сол жақ бөлігінде аздап ауырсыну бар.Құрсақтың жиырылу симтомдары жоқ. Сіздің әрекетіңіз:

- қосымша емдеу шараларынсыз, гинекологиялық бөлімге науқасты шұғыл арада жеткізу

+инфузиялық терапия және шұғыл түрде емханаға жеткізу

- ауырсынуды басу, госпитализация;

- окситоциннің 10 мг б/і енгізу, госпитализация;

- гинекологқа кеңес алу үшін бару ұсынылды.

?

Жаяу жүргінші өтетін жерде ЖКО (жол көлік оқиғасы) болды – жаяу жүргіншіні көліктің қағып кетуі. 5 мин. кейін келген жедел жәрдем жолдың өтетін жағында жатқан, оң жақ аяғының көптеген жабық сынықтарымен ер адамды тапты. Жәбірленуші қиналып, ауырсынудан ыңырсып, көмекке шақырып жатты, өңі бозарып, суық тер жапқан.АҚ-120/80 мм сын. бағ., пульс мин. 110. Берілген жағдайда қажетті шұғыл емдеу шараларының алгоритмі:

- науқасты носилкаға салу, жәбірленушіні ЖЖ салонына жеткізу, шұғыл арада госпитализациялау

- ауырсынуды басу, транспорттық иммобилизация, госпитализация.

- ауырсынуды басу, жәбірленушіні ЖЖ салонына жеткізу, аяқты иммобилизациялау, госпитализация.

+ адекваттық ауырсынуды басу, транспорттық иммобилизация, инфузиондық терапия, госпитализация.

- аяқты иммобилизациялау,оксигенотерапия,ауырсынуды басу, госпитализация

?

Гематоманың абсолютті белгілері

- сопор

+фазность (естің және вегетативті қызметтің бұзылысы)

- анизокория

- гемипарез

- сіңір тартылулар

?

Көлікті шұғыл тоқтатқаннан кейін жолаушыда жоғарғы және төменгі аяқ қолдарда енжарлық, зәрдің тоқтап қалуы пайда болды. Не болды?

- басмиының зақымы

- субарахноидальды қан құйылу

- мойын бөлігіндегі омыртқаның сынуы

+жұлын қызметінің бұзылуымен бірге омыртқаның мойын бөлігінің шығып сынуы

- омыртқаның жұлын компресссиясының жоғарғы кеуде бөлігінің сынуы

?

60 жастағы науқас пәтерінен есінен танып, гемиплегией жағдайында табылды. Науқаста не болуы мүмкін?

- миастения

- БМЖ

- бассүйек ішіндегі қан ұюының жарақаты

+ишемия түрі бойынша ЖМҚБ

- геморрагия түрі бойынша ЖМҚБ

?

Жиі дамитын бітелген ишемиялық инсульт (тромботикалық, эмболиялық) симптомдары:

- 6-8 сағат аралығында

- ұйқы кезінде

- ақырындап

- ремитирлеуші

+әп-сәтте, жедел, ұйқыдан кейін

?

Басми қарыншасына қанның құйылу кезіндегі симптомы болмауы:

- менингеалды симптомдар

- кома, сопор

- горметония

- Гертвига-Мажанди симптомы

+менингеалды симптомдар жоқ

?

Ми қарыншаларында қан құйылу кезінде ликвордың қысымы:

- 201-300

- 130 төмен

- 131-180

+201-300 және басқа

- 300 көп емес.

?

Жедел ми қан айналымының бұзылысы кезіндегі вазоактивті терапияға жатады:

- манитол

+кавинтон

- церебролизин

- пирацетам

- оксибутират натрия

?

15 жастағы жас өспірім. 4-5 ай бойы өзінің сырт бейнесіне өте көп көңіл бөле бастады, сағат бойы өзі-өзіне айнадан қарайды, өзіне әр түрлі ақаулар табады, өзін-өзі «қорқынышты» етеді (Тарбиған құлақ, мұрыны қисайған тәрізді). Қоршаған ортадағы адамдар оның артынан мазақ етіп күледі деп ойлады. Айтып түсіндіру мүмкін емес. Ол бет әлпетіне операция жасау мақсатында косметологқа барады. Науқастың жетекші синдромын атаңыз?

- ипохондриялық

- котара

+дисморфоманикалық

- фреголи

- метаморфопсиялық

?

Науқас эпилепсия ауруымен ауырғанына 5 жыл болды. Туған туысқандарының айтуынша бір уақытта түнеріп,үндемей бір орнында жылжымай, көз қарасы тұйықтанып,тәртібі қалыпты.Талмасы ұстағанда дем алатын үйге кіріп,тығылып,аяқ астында дем алып жатқан адамды өлтіріп тастаған.Полиция жауап алғанда өзі туралы ақпаратты шашыранқы,өзінің жасын шатастырды,кенеттен қатты ұйқыға кетті.Жетекші синдромды ата.

- делириозды

- дисфориялық

- параноидты

+сананың күңгіртенуі

- сомнолентті

?

Науқас гипертониялық ауруы бойынша ем алуда.Бір дәрігердің қарауында (таңертең қан қысымы 200\110 мм.с.б болды.) төсектен секіріп түсті, қайшыны алып дәрігер мен кіші медицина қызыметкерін жаралады. Содан кейін психиатриялық ауруханаға жатқызылды, қобалжыған, айналасына қорқынышпен қарайды, қашуға тырысады.Уақыт және тұрған орнының бағдарын жоғалтқан, бірақ жеке басына бағыты сақталған. 10% кальции глюканатын тамыр ішіне жасағаннан кейін жылдам тыныштанды, қобалжыған түрде айналысына қарады, қайда жатқанын сұрады, не үшін оны терапиялық ауруханадан ауыстырды деп сұрады. Ал болған жағдайды білмейді. Науқаста қандай жетекші синдром?

- онейроидты синдром

- есенгіреу синдромы

+делириозды синдром

- галлюцинаторлық синдром

- күңгіртену бұзылыстары

?

Неврапатологқа науқас ұйқысының бұзылуы бойынша жіберілді.Қару барысында тәулігіне 1-2 сағат ұйықтайтынын айтты,бірақ соған қарамастан өте белсенді,түні бойы әдебиеттер оқиды.Әңгімелесу барысында монологқа тырысады,дәрігерге сұрақ қоюға мүмкіндік бермейді,үнемі бөле береді.Ойы жылдамдаған,көңіл –күйі жоғары.Жеңіл түрде эротикалық тақырыпқа секіріп кетеді,дәрігермен әңгімелесу арақашықтығын сақтамайды,жеңіл түрде "Сен" деп ауысып кетеді және айналадағылармен ерегіске түседі.Өзін мүмкіндік беруші адам деп санайды,мимикасы айқын,көзі жарқырап тұр,шырышты қабаты құрғақ.Науқаста қандай жетекші синдром?

- обсессивті синдром

- ипохондриялық синдром

- дементті синдром

- сенестопатиялық синдром

+маниакальды синдром

?

Бұзылысты анықтаңыз: науқас 82 жаста,өзінің баларын және таныстарын танудан қалды. Өзінің қызын туған анасы ретінде «таниды».Ол өзін 18 жастамын деп санайды, «тұрмысқа шығуға дайындалады». Ерте балалық шағындағы оқиғалар есінде, бірақ соңғы уақыттағы оқиғалар есінде қалмаған. Амнестикалық бағдарлай алмау бар. Ұшқалақ, түнгі және кешкі уақытта бір жаққа кетуге жиналады, киімдерін жинайды, үйден шығуға тырысады. Көңіл-күйі кейде мейірімді,кейде ызалы. Жағдайды ата.

- депрессивті синдром

- апата-абулиялық синдром

- маниакальды синдром

+деменция

- фобиялық синдром

?

Қыз бала 12 жаста, инфекционды мононуклеозбен ауырды.2 күн аралығында дене қызуы 40 градусқа шейн көтерілдіТөсекте жатып мазасызданады.Кілемнен қорықты,яғни дракон көретін,олар көптеген «кішентай динозаврларға»ауысады, «терезедегі перде тірі» деп санайды, көрінбейтін құбырларымен сөйлеседі«яғни оған үй тапсырмасын әкелген», ертең емтихан тапсыруым керек деп сендіреді.Үдемелі қорқыныш пен үрейдің фонында одеалды саусақтарымен жөндей бастайды,көзі бадырайған және ашық түрде таңқалғандай,вегетативті реакция айқын.Масасыздану кешкі және түнгі уақытта максимальды дәрежеге жетеді.Бөлменің үлкен болғанын байқайды,бірақ төбе төмен түсіп келе жатқанын,ашық түс мазалайды.Науқаста қандай жетекші синдром?

- параноидты синдром

- гебефреникалық синдром

- депрессивті синдром

+делириозды синдром

- маниакальды синдром

?

Науқас Л., 52 жаста. Тиреоидэктомиядан кейін және климактериялық кезең фонында мұңды және тұйық бола бастады.Кешке қарай жұмыста шаршағыштық,тәбетті мүлдем жоғалту,түнгі уақытта ояну және сосын ұйықтай алмады.Туыстарына ауырпашылық түсіре бастағанын байқады,яғни үйде ештеме жасамайды,үнемі төсекте жатып алады.Таңертең төсектен тұру қиынға соқты.Өзінің жеке қажеттілігінің болмауына байланысты өз –өзіне қол жұмсағысы келді.Сонымен қатар тек қатты жүдегені емес қартайғанын байқады.Кеуде тұсының қысылуына және дем алғанда ауаның жетіспеуіне шағымданады.Науқаста қандай жетекші синдром?

- параноидты синдром

- гебефреникалық синдром

+депрессивті синдром

- делириозды синдром

- маниакальды синдром

 


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 86 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
II – вариант«Лечебное дело» | В состав компрессорно-конденсаторного агрегата входят: компрессор, конденсатор, вентилятор с электродвигателем, ре­сивер, фильтр-осушитель, теплообменник, реле давления РД-1Б и РД-2Б-03, реле

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.139 сек.)