Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнен өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға



Оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнен өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыру талап етеді. Ол мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігімен тікелей байланысты. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі — оның жан-жақты білімінен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен және сол әдістерді тиімде пайдалануымен өлшенеді. Әрбір оқу пәні бойынша білім, білік, дағдыны ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін жеткіліксіз болып отыр.

Мұғалімнің кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл Lesson Study. Lesson Study - мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Lesson Study – ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study -дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық Lesson study, таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады.

Ең алдымен Lesson Study туралы түсінік мектептегі жалпы мұғалімдер арасында өтті.. Әрқайсысымыз математика пәні мұғалімі болғандықтан, топ құрдық. Осындай мақсатпен, мен өз әріптестеріммен бірігіп, яғни математик мұғалімдерді жинап, Lesson Study өткіздім. Lesson Study тәсілін жүзеге асыру үшін топ мүшелерімен ақылдаса келе, бірінші өзім «Сабақ үрдісінде топтық жұмыстардың тиімділігі –диалогтік оқыту» тақырыбы бойынша 8 «А» сыныбында Lesson Study жүргізуді жоспарладық. Сыныпта- 24 оқушы. 13 ер бала, 11 қыз бала. Сыныпта оқу озаты - 2, оқу екпіндісі - 8. Жалпы сыныптың білім көрсеткіші –45 % құрайды. Сыныптың білім деңгейі мен сыныптың белсенділігі мен бәсекелесе, жарыса оқу деңгейі жақсы. Сондықтан осы сыныпта топтық жұмыстардың тиімділігі басты назарға алғандағы мақсатымыз - топтық жұмыстардың тиімділігі арқылы сыныпта оқу мен оқыту үрдісінде белсенді, бәсекелестік атмосфера тудыру болды. Сонымен қатар диалогтік оқыту арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қызығушылығын ояту, білім сапасын көтеру.Өйткені оқушылардың таным белсенділігін арттыруда, сұрақты түрлендіре қою арқылы белсенділік оятуда, оқушылардың жауап берудегі бәсекелестігін тудыруда сындарлы оқыту бағдарламасы бұл оқыту түрін тиімді әдіс ретінде дәлелдеп отыр. Мақсаты: оқушыларға білім алуға көмектесу.



· Lesson Study - дің қағидаттары: бірлескен жоспар, Lesson Study өткізу, (қадағалау, талдау).

· Ерекшелігі: жеке оқушылардың қажеттілігіне қарап оқыту, мұғалімдермен біріге отырып, жұмыс істеу.

· Мұғалімдердің зерттеуі: оқудағы жаңашылдықтарды бағалау—кәсіби жұмыстардың кейбір аспектілерін жақсартады.

· Күтілетін нәтиже: тәжірибелік білімді әріптестерімен бөліседі, бір-біріне көмектеседі, оқушылардың маңызды білім алуларына жағдай тудырады.

Осы құрылған жоспарды жүзеге асыру барысында пән мұғалімдері ашық сабақтар өткізді.

 


Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 64 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
1. Критерии экономичности Экономичность – минимальная стоимость затрат на проектирование, изготовление и эксплуатацию изделий. Критериями экономичности являются: Производительность - достижение | О страховании вкладов физических лиц в банках

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)