Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

! Поликистоз кезінде анықталады: 3 страница



! Ересектерде D витамині жетіспеушілігі кезінде қаңқада болатын патологиялық үрдістер:

* остеопороз

* +остеомаляция

* фиброзды остеодистрофия

* остеосклероз

* сүйек кистасы

! Артроздың дамуына әсер етпейтін факторлар:

* Буын жарақаты

* +Кальций алмасуының бұзылысы

* Буын беттерінің дұрыс қалыптаспауы

* Артритпен ауыру

* Созылмалы синовитпен ауыру

! Сүйектің метастаздық зақымдануының ерте диагностикасы:

* рентгенография

* компьютерлік томография

* +қаңқаның радиоизотопты сканирлеу

* УДЗ

* томография

! Табан буындарының ішінде артрозбен жиі зақымдалатыны:

* фалангааралық буындар

* +I табан-фалангалық буын

* II-IV табан-фалангааралық буын

* лисфранков буыны

* Шопар буыны

! Біріншілік артрозбен жиі зақымданады:

* жамбас сан буыны

* тізе буыны

* иық буындары

* шынтақ буындары

* +жамбас-сан және тізе буындары

! Омыртқа белдік бөлігін зерттеу үшін науқасқа қандай дайындық өткізу қажет?

* науқас ашқарынға келу керек

* +ішекті тазалау клизмасын жасау керек

* еш дайындық қажет емес

* көп сұйықтық ішу керек

* ұзақ дайындық қажет

! Буын қапшығындағы деструкцияның буын бетіне өтуіне тән белгі

* +сүйектің буын беттеріндегі шеткей эрозиялар

* буын беттерінің орта бөліктеріндегі деструкция

* буын қуысындағы қарсы жатқан сүйек беттерінің бір-бірімен деструкциялық ошақтармен байланысы

* сүйектердің параартикулярлы бөліктерінің киста тәрізді түзілістері

* буын қуысы ассиметриясы

! Ревматоидты артриттің ерте рентгенологиялық белгісі:

* +остеопороз

* буын қуысының тарылуы

* периостит

* сүйектердің буын беттеріндегі шеттік эрозиялар

* остеофиттер

! Ревматоидты артритте ең ерте зақымданады:

* аяқ-қолдың ірі буындары

* +саусақ және табан буындары

* омыртқа аралық буындар

* самай-төменгі жақ

* сегізкөз-мықын байламы

! Подагралық артритке тән рентгенологиялық белгілер:

* сүйектердің буын беттеріндегі шеттік эрозиялар

* сүйектердің буын бөліктерінің киста тәрізді түзілістері

* +сүйектердің экстраартикулярлы эрозиялары

* буын қуыстарының тарылуы

* буын қуыстарының кеңеюі



! Омыртқааралық остеохондроз қай жерде орналасқанда түбіртек симптоматикасы сирек кездеседі:

* мойын омыртқасында

* +кеуде омыртқасында

* бел омыртқасында

* бел және кеуде омыртқаларында

* мойын-кеуде бөлігінде

! Омыртқа аралық остеохондрозға тән емес:

* омыртқа аралық дискілердің биіктігінің төмендеуі

* омыртқаның ығысуы

* омыртқа денесінің кеуекті бөлігінің субхондральді склерозы

* +денесінің шеткері бетінің бұзылысы

* ұзынша байламның оссификациясы

! Омыртқаның жасырын тұрақсыздығын анықтауда қолданылады:

* томография

* қиғаш бағыттардағы рентгенография

* +жазу және бүгу жағдайларында рентгенография жасау

* КТ

* МРТ

! Ұзын түтікті сүйектерді зерттеудің стандартты бағыттары:

* +тура және бүйір бағыт

* қиғаш бағыт

* томография

* лимфография

* фистулография

! Қалқанша безді УДЗ-де қай анатомиялық құрылым табиғи маркер болып табылады?

* жалпы ұйқы күретамыры

* +кеңірдек және жалпы ұйқы күретамыры

* кеңірдек

* қалқанша тәрізді шеміршек

* қалқанша тәрізді шеміршек және мойынтұрық көк тамыры

! Осы суреттен зерттелген мүшені анықтаңыз

* ұйқы без

* бүйрекүсті безі

* қалқанша маңы безі

* гипофиз

* +қалқанша безі

! Осы суреттен зерттеу әдісін анықтаңыз

* КТ

* МРТ

* рентгенография

* +сцинтиграфия

* УДЗ

! Қалқанша безге радионуклидті зерттеу жасау үшін алдын ала қандай дайындық керек

* Тамақтан газ пайда ететін тағамдарды алыптастау

* +тағамдарда, дәрілерде йод және бром болмауы қажет

* құрамында йод бар дәрілер берілуі керек

* дайындық керек емес

* құрамында йод бар тағамдар берілмеуі керек

! 13 жасар науқас қыз бала Т., УД зерттеуде ұйқы безінің өлшемі қалыпты, контуры тегіс, айқын, құрылымы біртекті, эхогенділігі гиперэхогенді. Осы белгілер тән:

* созылмалы алкогольді панкреатитке

* жедел панкреатитке

* +созылмалы панкреатитке

* ұйқы безінің ісігі

* ұйқы безі кистасы

! Жедел панкреатиттің жиі эхографиялық белгісіне жатпайтыны:

* без өлшемінің ұлғаюы

* без контурының айқын еместігі

* +без өлшемінің кішіреюі

* без тінінің диффузды біртекті емес эхоқұрылымы

* без тінінің эхогенділігінің төмендеуі

! Ұйқы безге УДЗ жасауға қарсы көрсетілім:

* механикалық сарғаю

* гиперпаратиреоз

* ФГС-те асқазанның өзгеруі

* диагнозды анықтау үшін УДЗ-бақылауымен дәлдеп биопсия жасау

* +операциядан кейінгі алғашқы тәулік

! Сонограммада ұйқы бездің қандай пішіні қалыптыға жатпайды?

* шұжық тәрізді

* балға тәрізді

* гантель тәрізді

* балға тәрізді, шұжық тәрізді

* +галета тәрізді

! Қалқанша без бөлімдеріне қандай тамырлар жанасады?

* жалпы ұйқы артериясы

* жалпы ұйқы артериясы және тіл асты артериясы

* сыртқы және ішкі ұйқы артериясы

* сыртқы ұйқы артериясы

* +жалпы ұйқы артериясы және сыртқы мойындырық венасы

! Жедел панкреатитке тән және жиі кездесетін белгілер жиынтығы болып табылады:

* ұйқыбез өлшемдерінің сақталуы, эхогенділігінің төмендеуі, құрылымының біртектілігі және контурының айқындылығы

* +ұйқыбез өлшемдерінің ұлғаюы, эхогенділігінің төмендеуі, эхоқұрылымының біртекті еместігі және контурының өзгеруі

* ұйқыбез контурын анықтай алмау және эхогенділігінің жоғарылауы

* ұйқыбез өлшемдерінің ұлғаюы, эхогенділігінің жоғарлауы және контурының айқын көрінуі

* тән белгілер болмайды

! Ұйқыбез кисталары УД зертеуде келесі белгілермен сипатталады:

* капсуласы болуымен, псевдокүшею эффектісімен, дұрыс домалақ пішінімен, құрылымының біртекті болуымен

* капсуласы болмауымен, псевдокүшею эффектісі болмауымен, дұрыс емес пішінімен, құрылымының біртекті емес болуымен

* біртекті емес құрылымымен, айқын капсуласымен, дұрыс емес пішінімен, ішінде перделер болуымен

* +капсуласы болмауымен, дұрыс емес пішінімен, псевдокүшею эффектісімен, ішінде түрлі қосындылар болуымен

* тән белгілер болмауымен

! Қалқанша без эхогенділігінің жалпы төмендеуі ненің белгісі болмайды?

* қалқанша без тінінің гидрофильдігінің жоғарлауының

* тиреоидты тін тамырлары суретінің күшеюінің

* қалқанша без тінінің гидрофильдігінің төмендеуінің

* тиреоидты тін тамырлары суретінің көмескіленуінің

* +қалқанша без қызметінің төмендеуінің

! Жас балалардың ұйқы безінің эхографиясы кезіндегі датчиктің тиімді жиілігі қандай?

* 5 МГц

* 2-3,5 МГц

* +7,5-10 МГц

* 2 МГц

* 3,5 МГц

! Радиоизотопты зерттеуде қалқанша бездің қалыпты жағдайдағы көрінісі:

* Қөп немесе аз мөлшерде топталған ошақтардың болуы.

* Шегарасы айқын емес, шеттері тегіс емес, көлемі ұлғайған, бір бөлігі төс артында орналасқан.

* +Шегарасы айқын, шеттері тегіс, препарат тегіс таралған, қалыпты орнынд1.

* Шегарасы айқын емес, шеттері тегіс, мойынның оң жағынд1.

* Шегарасы айқын емес, шеттері тегіс, мойынның сол жағынд1.

! УДЗ-де қалқанша бездің құрылымын... жатқызуға болады:

* сұйықтығы бар мүшеге

* +паренхиматозды мүшеге

* аралас кистозды-солидті құрылымы бар мүшеге

* қуысты мүшеге

* мультикистозды құрылым

! 23 жасар науқас Е., УД зерттеуде ұйқы без күрт ұлғайған, паренхима біртекті, гипоэхогенді. Контуры айқын емес, нашар көрінеді, бездің артында ірі қантамырлар көрінеді, ол тән:

* +жедел панкреатитке

* созылмалы панкреатитке

* жарақаттық панкреатитке

* ұйқы без түзілісіне

* ұйқы безінің қалыпты УД-көрінісі

! Ұйқы безі басының қатерлі ісігінің негізгі эхографиялық белгілері:

* контуры тегіс, бездің локальді ұлғаюы

* ұйқы без басында шеттері тегіс ошақты зақымдану анықталуы

* басының эхоқұрылымы біртекті емес

* бауырішілік холестаз, бауырға метастаз беру

* +шеттері тегіс емес ошақты зақымдану және бездің бөліктік ұлғаюы

! Қалқанша безі аурулары кезіндегі рентгенологиялық зерттеу әдістеріне жататыны:

* қалқанша бездің томографиясы

* мойынның тура бағаттағы рентгенографиясы

* мойын-кеуде бөлімінің тура және бүйірлік бағыттағы рентгенографиясы

* өңештің мойын бөлімін контрастап тексеру

* +компьютерлік томография

! УДЗ қалқанша без кисталары мынадай түзіліс түрінде көрінеді:

* +дұрыс, домалақ пішінді, айқын контуры бар

* дұрыс емес пішінді, контуры айқын

* дұрыс домалақ пішінді, контуры айқын емес

* дұрыс емес пішінді, контуры айқын емес

* эхогенділігі жоғары

! Қалқанша безі қатерлі ісігінің ультрадыбыстық белгісі:

* +гипоэхогенділік, микрокальцинация, шекарасы тегіс емес, шетінде жуан және біркелкі емес доға болуы

* біркелкілік, гиперэхогенділік, шекарасы айқын

* біркелкі еместік, анэхогенділік, шеті айқын

* біркелкі еместік, гиперэхогенділік, жайылмалы, айқын емес шекарсасы

* біркелкілік, анэхогенділік, шеті айқын

! Бүйрекүсті без патологияларын анықтауда жетекші әдіс болып табылады:

* рентгенография

* +КТ

* МРТ

* УДЗ

* сцинтиграфия

! Қалқанша маңы безін зерттеуде ақпараттылығы көп әдісті атаңыз:

* +КТ

* рентгенография

* зонография

* сызықтық томография

* рентгеноскопия

! Айқын метеоризм кезінде ұйқыбезді тексеруге ыңғайлы әдіс:

* Рентгеноскопия

* +КТ

* МРТ

* УДЗ

* сцинтиграфия

! Қалқанша безді ультрадыбыстық зерттеу кезінде бағаланбайды:

* Без толығымен (бездің орналасуы, өлшемдері, контуры; пішіні, эхоқұрылымы)

* Мүшеішілік өзгерістері (өзгеріс сипаты (диффузды, ошақты), өзгеріс орны, саны, контуры, эхоқұрылымы)

* Қалқанша бездің маңындағы құрылымдармен қатынасы

* регионарлық аймақ лимфоағымының жағдайы

* +Кеудеішілік лимфа бездерінің жағдайы

! Қандай жаста қалқанша безінің өлшемдері максимальді?

* 1-15 жас

* +25-45 жас

* 15-25 жас

* 0-6 ай

* 60-70 жас

! Диффузды зоб кезінде қалқанша без өлшемі қандай болуы мүмкін?

* ұлғайған, қалыпты, кішірейген

* өлшемінің мәні жоқ

* кішірейген

* қалыпты

* +Ұлғайған

! Қалқанша без бөліктері мен қылтасының қатынасы:

* +бөліктер бездің негізгі массасын алады

* 50/50

* алқымы бездің негізгі массасын алады

* 70/30

* 30/70

! Мойын аймағының УДЗ кезінде өңеш көрінісін қандай құрылыммен жиі шатастырады?

* бұлшықетпен

* қантамырымен

* +қалқанша без түзілісімен

* қалқанша маңы безімен

* қалқанша без кистасымен

! Қалқанша безін динамикалық және статикалық сцинтиграфия жасауға (радионуклидтік зерттеуге қолданылатын радионуклидтер:

* 15О (оттегі 15, 11С (көміртегі 11.

* +131I (йод-131., 123I (йод-123., 99mТс (технеций 99м)

* 67Gа (галий 67), 201Tl (талий 201.

* 18F (фтор 18), 13N (азот 13)

* 111In (индий 111, 113mIn (индий 113m)

! Қалқанша бездің қалыпты жағдайда I131-ді сіңіруі.

* 2 сағатан кейн 2.5 %; 4 сағатта 7-10%; 12-20%

* 2 сағатан кейн 10-15 %; 4 сағатта 20-35 %; 24 сағатта 45-60%

* +2 сағатан кейн 7-10%; 4 сағатта 15-17%; 24 сағатта 29-32%

* 2 сағатан кейн 15-20%; 4 сағатта 25-35%; 24 сағатта 35-45%

* 2 сағатан кейн 20-25%; 4 сағатта 35-40%; 24 сағатта 45-60%

! Қалқанша безінің қалыпты жағдайда I131-ді сіңіруі көрсеткіші қалыпты жағдайда:

* Гипотиреоз

* Гипертиреоз

* +Эутереоз

* Дифузды уландырушы жемсау

* Бездің қызметіне байланысты емес

! Қалқанша бездің I131- сіңіру көрсеткіші қалыпты жағдайдан жоғары:

* Гипотиреоз

* +Гипертиреоз

* Эутереоз

* Хошимото тиреоидиті

* Без қызметіне байланысты емес

! Қалқанша безінің I131-сіңіру көрсеткіші қалыпты жағдайдан төмен.

* +Гипотиреоз

* Гипертиреоз

* Эутереоз

* Қалқанша без аденомасы

* Без қызметіне байланысты еме3.

! I131- ді қабылдағаннан кейн қалқанша безді сканнерлеуге қолайлы уақыт.

* 2-сағаттан кейн

* 4-сағаттан кейн

* 6-сағаттан кейн

* 12-сағаттан кейн

* +24-сағаттан кейн

! Қалқанша безді радионуклидті зерттеудің әдісін атаңыз:

* КТ, МРТ

* УДЗ

* томография

* ТДК

* +радиометрия

! Ұйқы безін зерттеуде төменде көрсетілгендердің қайсы әдіс қолданылады

* эхокардиография

* уротомография

* спленопортография

* +ЭРХПГ

* ЭЭГ

! Берілген сурет бойынша ұйқы безін зерттеу әдісін анықтаңыз

* +КТ

* УДЗ

* ЭРХПГ

* ПЭТ

* РНЗ

! Ұйқы безінің біріншілік зерттеу әдісі

* +УДЗ

* рентгенография

* КТ

* МРТ

* ЭРХПГ

! Ұйқы безі өзегі және өт өзегінің анатомиялық қатынасын, олардағы патологияны анықтауға мүмкіндік беретін зерттеу әдісі

* +ЭРХПГ

* УДЗ

* КТ

* холангиография

* ангиография

! Асқазан ішек жолдары ағзалары қабырғасының қалыңдығын анықтайды

* пневмографиямен

* екілік контрастау

* +КТ

* ангиографиямен

* рентгенографиямен

! Асқазан немесе ішек қабырғасы құрылымын анықтауға болады

* париетографиямен

* қосарлап контрастау

* КТ

* +УДЗ

* МРТ

! Ұйқы безінің тінімен шектелген көлемді түзілістерді анықтауға болатын ең ақпаратты әдіс:

* +УДЗ

* сызықты томография

* релаксациялық дуоденография

* ретроградты панкреатография

* пневмоперитонеография

! Өт қабын контрастау үшін контрасты затты пероралды қабылдау мен рентгенологиялық зерттеудің арасындағы тиімді уақыт:

* 8-10 с

* 10-12 с

* +12-15 с

* 15-20 с

* 6-8 с

! Өт-тас ауруы кезінде билиарлы жүйені тексерудегі ең ақпаратты әдіс

ЭРХПГ

* +УДЗ

* тамырішілік холецистохолангография

* инфузионды холеграфия

* сплено-портография

! Аз мөлшерде рентгенконтрасты зат қабылдағанда асқазанда анықталады:

* шеттері

* жиырылуы

* +рельефі

* қабырғасының эластикалығы

* эвакуация

! Аш ішектің толық босау уақыты:

* 1,5-2 сағ

* 4-6 сағаттар

* +8-9 сағаттар

* 10-12 сағаттар

* 12-16 сағаттар

! Асқазан жарасының тікелей рентгенологиялық белгілері:

* шетінің тегіс еместігі

* перистальтикасының күшеюі

* ашқарында сұйықтықтың көптігі

* +«ойық» белгісі және тыртықты-жаралы деформация

* қатпарларының кеңеюі және біртегіс еместігі

! Асқазан рентгеноскопиясында анықталды - шеті тегіс және анық, дөңгелек пішінді ығыспайтын толу дефекті, шырышты қабатының рельефі өзгермеген, бұл сәйкес келеді:

* асқазанның қатерлі ісігіне

* асқазан жарасы

* +аяқшасы жоқ полипке

* асқазандағы аяқшасы бар полипке

* асқазан дивертикулына

! Жұтқыншақтың жоғарғы полюсінің орналасу деңгейі:

* +бас сүйегінің негізі

* хоана

* тілдің түбі

* тіласты сүйегі

* бадамшалар

! Ересектерде жұтқыншақ пен өңештің шекарасының орналасу деңгейі:

* ожау тәрізді шеміршек

* 5 мойын омыртқасы

* +6 мойын омыртқасы

* 7 мойын омыртқасы

* алмұрт тәрізді қойнауларда

! Тубулярлы өңешті толық толтырған кезде оның қуысының орташа ені мынадан аспайды:

* 1 сантиметр

* +2 сантиметр

* 3 сантиметр

* 4 сантиметр

* 5 сантиметр

! Контрасталған өңештің қалыпты жолын өзгертпейді:

* аорта

* сол жақ басты бронх

* сол жақ жүрекше

* +жұпсыз вена

* қалқанша безі

! Пероральді холецистографияда өт қабының контрасталуы байланысты:

* +ағзаның контрасты затты өтпен бірге бөлу қабілеті және өт қабының контрасталған өтті концентрациялау мүмкіндігіне

* өт қабының қабырғасынан контрасты заттың шығуына

* контрасталған өттен таңдамалы түрде ақуыздың абсорбциясына

* аталып кеткен үрдестердің барлығына

* майлардың эмульгациясына

! Көктамырішілік холеграфия әдісінің ақпараттылығын жоғарлатуға болатыны:

* фармакологиялық заттардың көмегімен, яғни бауырдың контрасты затты экскрециялау қызметін күшейту

* бүйректен шығуын ескеріп контрасты заттың қосымша бөлігін көк тамырға енгізу

* дегидратациялаушы заттардың көмегімен

* +контрасты заттарды көк тамырға тамшылатып енгізу немесе бір уақытта контрасты затпен бірге қан сарысуының альбуминдерін енгізу

* зәйтүн майымен «таңғы ас сынамасы» есебімен

! Ультрадыбыстық зерттеуде толып тұрған өт қабы қабырғасының қалыпты жағдайдағы қалыңдығы мынадан аспайды:

* 1мм

* +2 мм

* 3 мм

* 4 мм

* 5 мм

! Қуысты ағзалардың перфорациясы кезінде құрсақ қуысына бос ауаның жиналу орнын көрсетіңіз:

* тік тұрған қалыпта құрсақтың алдыңғы қабырғасы артында, горизонталды – көкеттің сол жақ күмбезі астында

* +тік тұрған қалыпта көкеттің оң жақ күмбезі астында, горизонталды –құрсақтың алдыңғы қабырғасының астында

* тік тұрған қалыпта көкеттің сол жақ күмбезі астында, горизонталды – қалыпта көкеттің оң жақ күмбезі астында

* Екі қалыптада да құрсақтың алдыңғы қабырғасының астында

* Екі қалыптада да кіші жамбас аймағында

! "Штопор тәрізді өңеш" термині – бұл:

* даму аномалиясында

* даму ақауында

* +жүйке бұлшықетті ауруда

* қабыну аурулары

* қатерлі ісік аурулары

! Рентгенологиялық зерттеуде контрасталған соқыр ішек қалыпты жағдайда:

* оң жақта бауыр астында

* сол жақ мықын аймақта

* +оң жақ мықын аймақта

* кіші жамбас аймағында

* көкеттің сол жақ күмбезінің астында

! Өңештің ойық жаралары жиі кездесетін орны:

* алдыңғы қабырғасында

* алдыңғы бүйір қабырғасында

* тек бүйір қабырғасында

* +артқы және бүйір қабырғасында

* заңдылықтар жоқ

! Өңеш рагының жиі орналасатын орны

* өңештің жоғарғы бөлігінде

* +өңештің ортаңғы бөлігінде

* өңештің төменгі бөлігінде

* өңештің абдоминалды кесіндісінде

* жұтқыншақтың-өңешке өтетін жері

! Өңештің жоғарғы бөлігінде жалпақ бөгде заттың (тиын) орналасуы:

* көлденең

* сагитталды жазықта

* +фронталды жазықта

* қиғаш

* заңдылықтар жоқ

! Бауырды визуалды зерттеуде ақпараттылығы көп әдіс

* Құрсақ қуысының жалпы шолу рентгенографиясы

* УДЗ

* Спленопортография

* +КТ, МРТ

* Радионуклидті зерттеу

! Бауырдың эхогенділігінің жоғарлауы бұл:

* бауыр тінінің дыбыс өткізгіштігінің жоғарлауы

* +бауыр тінінің дыбыс өткізгіштігінің төмендеуі

* ультрадыбысты құралдардың сапасының жақсаруы

* ультрадыбысты құралдарды дұрыс орналастыру

* ауа толған ішек ілмегінің қабаттасуы

! Паренхимасы өзгермеген бауыр құрылымының УДЗ-гі көрінісі:

* +ұсақ дәнді, орташа эхогенділік

* ірі дәнді

* эхогенділігі жоғары аймақтар

* эхогенділігі орташа аймақтар

* эхогенділігі төмендеген аймақтар

! Асқазанның шырышты қабатының рельефінің (асқазан алаңдары) анықтаудағы ең негізгі техникалық және әдістемелік шарттары:

* рентгенотеледидарды қолданумен жасалған рентгеноскопия

* арнайы күшейткіш экрандар, пневморельеф жағдайындағы рентгенологиялық зерттеулер

* рентген түтігінің микрофокусы, қатты сәулелену

* +қысқа экспозициядағы рентгенограммалар, ұсақ дисперсті барий қойыртпағы, мөлшерлі компрессия

* асқазанның санды рентгенографиясы

! Асқазанның денесі мен кардиалды бөлігінің артқа және солға ығысуы, ал шығаберіс бөлігі – төменге ығысуы байқалады:

* порталды гипертензияда

* өт қабының шемені (водянка)

* +бауырдың сол бөлігінің ұлғаюы кезінде

* ұйқы безінің ұлғаюы кезінде

* көкеттің релаксациясы кезінде

! Жарты шар пішіні тәрізді шектеліп ісінген, контуры тегіс және орақ немесе үйілген тастар тәрізді әктенген аймақтары болып бауырдың ұлғаюы тән:

* бауырдың рагы

* +эхинококк кистасы

* көкеттің шектелген релаксациясы

* қабырға шеміршегінің әктенуі

* гематома

! Өт қабындағы тастардың 80% неден тұрады?

* холестеролдан

* көмір қышқылды кальциден

* билирубинат кальциден

* +аралас

* ақуыз

! Балаларда бауыр паренхимасының эхогенділігін бүйректiң паренхимасы қыртысты қабаты эхогенділігімен салыстырғанда қандай болады?


Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 129 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.071 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>