Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

<Metadata name=Title>Металл конструкциялардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентiн бекiту туралы</Metadata> 3 страница



4.7. Металл конструкцияларды тасымалдау және сақтау кезiндегi қауiпсiздiкке қойылатын талаптар

121. Металл конструкцияларды тасымалдау және сақтау кезiнде оларды тасымалдау және сақтау шарттарының осы Техникалық регламенттiң, сондай-ақ ондай талаптар белгiленген басқа да техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету қажет.
122. Металл конструкцияларды тасымалдау және сақтау кезiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қауiпсiздiк талаптары орындалуы тиiс.
123. Металл конструкциялары сақтау және тасымалдау, жобалау (құру) барысында көзделген және металл конструкциялардың осы Техникалық регламентпен үйлестiрiлген стандарттарында көрсетiлген қауiпсiздiк және қорғау шараларының барлық талаптары есепке алына отырып жүргiзiлуi тиiс.
124. Металл конструкциялары кәсiпорынның қоймаларында және өткiзу орындарында сақтау кезiнде өрт шығуын, қоршаған ортаның ластануын немесе радиациялық бүлiнуiн болдырмайтын шаралар көзделуi тиiс.
125. Тиеу-түсiру жұмыстарын көтеру-тасымалдау жабдығының және шағын механизация құралдарының көмегiмен механикаландырылған тәсiлмен орындау керек. Жүктердi қолмен көтерудi және тасуды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген нормаларды сақтай отырып, жүргiзу қажет.
126. Тиеу-түсiру жұмыстарының қауiпсiздiгi мыналармен қамтамасыз етiлуi тиiс:
1) жұмыстарды жүргiзу тәсiлiн, жүк көтеру-көлiк жабдығын және технологиялық жарақтандыруды таңдау;
2) жұмыстарды жүргiзу орындарын дайындау және ұйымдастыру;
3) қызметкерлердi қорғау құралдарын қолдану.
127. Металл конструкцияларды жүк көтеру-көлiк жабдығымен жылжыту кезiнде қызметкерлердiң жүктiң үстiнде және оның құлауы мүмкiн аймақта болуына рұқсат берiлмейдi.
128. Металл конструкцияларды тасымалдауды және монтаждау аймағында уақытша қоймалауды осы конструкцияларға арналған нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес орындау, ал стандартталмаған конструкциялар (бұйымдар) үшiн мынадай талаптарды сақтау қажет:
1) конструкциялар (арқалықтар, фермалар және т.б.) жобалық орнына сәйкес жағдайда болуы, ал ол шартты орындау мүмкiн болмаған кезде (колонналар, сатылық қадамдар және т.б.) олардың берiктiгi қамтамасыз етiлiп, тасымалдауға және монтаждауға беруге ыңғайлы жағдайда болуы тиiс;
2) конструкция жобада көрсетiлген орындарда орналастырылған қимасы тiк бұрышты жабдықтық төсемдер мен аралық төсемдерге сүйенуi тиiс;
3) төсемдердiң қалыңдығы 30 мм кем болмауы және конструкциялардың iлгектерiнiң және басқа да шығып тұрған бөлiктерiнiң биiктiгiнен кем дегенде 20 мм артық болуы тиiс;
4) бiртиптегi конструкцияларды көп қатарлы тиеу және қоймалау кезiнде төсемдер мен аралық төсемдер көтеруге арналған құрылғылардың (iлгектердiң, тесiктердiң) сызығы бойынша бiр вертикальда, не жұмыс сызбаларында көрсетiлген басқа орындарда орналасулары тиiс;
5) конструкциялар аударылып кетуден, бойлық және ендiк жылжудан, өзара бiр-бiрiне немесе көлiк құралының конструкциясына соғылудан сақтандыру үшiн сенiмдi бекiтiлуi тиiс;
6) бекiткiштер әрбiр элементтi көлiк құралынан қалған элементтiң тұрақтылығын бұзбай түсiру мүмкiндiгiн қамтамасыз етулерi тиiс;
7) конструкциялардың шығып тұратын бөлшектерi бүлiнуден
сақтандырылуы тиiс; зауыттық таңбалауды көру мүмкiн болуы тиiс;
8) монтаждық қосылыстарға арналған ұсақ бөлшектердi жөнелтiлетiн элементтерге бекiту немесе бөлшектердiң маркасы мен саны жазылған биркалармен жабдықталған ыдыста конструкциялармен бiрге жөнелту керек; бұл бөлшектердi қалқаның астында сақтау керек;
9) бекiткiш бұйымдарды түрлерi және маркалары бойынша, бұрандамалар мен гайкаларды - берiктiк кластары және диаметрлерi, ал аса берiк бұрандамалар, гайкалар мен бұрандалар - партиялары бойынша да сұрыптап, жабық үй-жайда сақтау керек.
129. Конструкцияларды қоймалау кезiнде маркалары бойынша сұрыптау және монтаждау кезектiлiгiн есепке ала отырып орналастыру қажет.
Кез-келген конструкцияларды сүйретiп тасуға тыйым салынады.
130. Алюминийден және алюминий қорытпалардан жасалған конструкцияларды тасымалдау кезiнде құрастырмалы-жиналмалы ғимараттар мен құрылыстардың элементтерiн пакеттеу және контейнерлерде тасымалдау арқылы олардың сақталуын қамтамасыз ету қажет.
131. Егер өнiмдi әзiрлеушi немесе оны тұтынушылар өзгеге келiспесе, металл конструкцияларды тасымалдау көлiктiң осы түрiнде қолданыстағы жүк тасымалдау ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
132. Егер металл конструкциялар (олардың жинақтаушы бөлшектерi) нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес тиiстi түрде қаптамаланған, қауiпсiз сақтау, қауiпсiз тасымалдау және өткiзу бойынша ұсыныстармен жабдықталған болса, оларды сақтауға, тасымалдауға және өткiзуге рұқсат берiледi.
133. Металл конструкцияларды тасымалдау және сақтау кезiнде нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес өнiмнiң әрбiр партиясында сақтау шарттары және штаттан тыс және апатты жағдайларға арналған қысқаша нұсқаулар көрсетiлген iлеспе құжаттамен қамтамасыз етiлуi тиiс.
134. Металл конструкцияларды тиеу, түсiру, тасымалдау және қоймалау қауiпсiздiк талаптарын сақтау үшiн қажеттi бiлiктiлiгi бар персонал жүргiзуi тиiс.
135. Металл конструкцияларды тасымалдау және сақтау кезiнде нақты технологиялық процестер және тасымалдау мен сақтау жағдайлары есепке алына отырып, қатерсiз дәрежесiн бағалау жүргiзiлуi тиiс.
136. Болат конструкцияларды жабық үй-жайларда орнықтырып, қабаттап жинап сақтау қажет. Болатты ашық ауада сақталған кезде, оларды су ағып кететiндей еңiстiкпен орналастыру керек.



4.8. Металл конструкцияларды ғимараттар және құрылыстар құрылысында пайдалану кезiндегi қойылатын қауiпсiздiк талаптары

137. Қазақстан Республикасының аумағында айналымға түсетiн металл конструкциялар техникалық құжаттамада белгiленген мерзiмде қауiпсiз болулары тиiс.
138. Ғимараттарды және құрылыстарды пайдалану процесiнде металл конструкциялардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн "Ғимараттардың, құрылыстардың және оған iргелес аумақтардың қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" техникалық регламентiмен белгiленген талаптар орындалуы тиiс.
139. Көтергiш металл конструкциялары бар ғимараттарды және құрылыстарды атмосфералық, климаттық және технологиялық факторлардың қиратушы әсерiнен жүйелi түрде сақтандыру қажет.
140. Көтергiш металл конструкцияны ғимараттардың және құрылыстардың құрылыс конструкциялары жүйелi техникалық қызмет көрсету жүзеге асырылуы тиiс, оларды тұтастай, жекелеген бөлiктерi мен конструктивтiк элементтерiн бүтiн және пайдалануға жарамдылықта ұстау бойынша кешендi операцияларды уақтылы орындау қажет.
141. Көтергiш металл конструкцияларымен бар ғимараттарды және құрылыстарды пайдалану процесiнде олардың көлемдiк-жоспарлық шешiмдерiн өзгертуге, сондай-ақ сыртқы қабырғаларында қақпаларға, есiктерге, терезелерге, коммуникациялар кiргiзуге арналған ойықтар жасауға, құрылыс конструкцияларын күшейту бойынша жұмыстарды жобасыз немесе жобалаушы ұйыммен келiсiлмей орындауға тыйым салынады.
142. Көтергiш металл конструкциялары бар ғимараттарда және
құрылыстарда технологиялық жабдықты немесе технологиялық процестi
құрылыс конструкцияларына түсетiн күштiң әсерлерi, салмақтар, агрессивтiк әсердiң дәрежесi мен түрi өзгеруiне алып келетiн алмастыру немесе жаңарту тек жобалаушы ұйым дайындаған немесе онымен келiсiлген арнайы жобалар бойынша жүргiзiлуi тиiс.
143. Жабдықты бөлектеу, коммуникацияларды салу немесе бабына қайта келтiру бойынша жұмыстар жобалаушы ұйыммен келiсiлуi тиiс. Жұмыстарды құрылыс конструкцияларының сақталуын қамтамасыз етiп, оларға артық салмақ түсiрмей және деформацияламай орындау қажет.
144. Металл конструкциялардың негiзiнде салынған ғимараттардың және құрылыстардың инженерлiк қондырғыларына техникалық қызмет көрсету кезiнде нормативтiк құжаттардың талаптарын басшылыққа алу қажет.
145. Пайдалану процесiнде ғимараттардың және құрылыстардың
көтергiш металл конструкциялардың конструкциялық кестесiн өзгертуге рұқсат берiлмейдi.
146. Ғимараттар және құрылыстар қаңқаларының металл конструкциялары артық салмақтан сақтандырылуы тиiс. Осы мақсатта жобалаушы ұйыммен келiсiлмей орындауға болмайды:
1) ғимараттар мен құрылыстар қаңқаларының металл конструкцияларына жобада көзделмеген технологиялық жабдықты, көлiк құралдарын, құбыр өткiзгiштердi және басқа құрылғыларды iлу, орнату, бекiту;
2) шатырларда, ең алдымен олардың әр жазықтықта қиылысқан
бөлiктерiнде қардың, шаңның және қоқыстың жиналуы;
3) қаңқалардың конструкцияларына жөндеу және монтаждау жұмыстарын жүргiзу кезiнде қолданылатын құрылғылардан және тетiктерден уақытша қосымша салмақ түсiру;
4) ғимараттардың және құрылыстардың конструктивтiк элементтерiн
зәкiрлер, тартқыштар, тiреулер ретiнде пайдалану;
5) қаңқалардың бағаналарына және басқа конструкцияларына жиналған материалдардан және бұйымдардан, қабырғалардың және бағаналардың жанына үйiлген топырақтан және басқа да сусымалы материалдардан бүйiрлiк қысым түсуi. Материалдар және бұйымдарды қоймалау, үйiлген топырақ және басқа да сусымалы материалдар металл конструкцияларға 2 м жақын орналаспаулары тиiс.
147. Жөндеу жұмыстарын және қаңқалардың көтергiш құрылыс конструкцияларын қайта құрастырумен байланысты жұмыстарды орындау кезiнде оларды соққылардан және басқа да механикалық әсерлерден сақтандыру қажет.
148. Қаңқалардың көтергiш металл конструкцияларды фермалардың, бағаналардың, арқалықтардың және басқа көтергiш металл конструкциялардың элементтерiн лицензиясы бар жобалаушы ұйыммен келiсiлмей кесу және бұрғылау арқылы әлсiретуге рұқсат берiлмейдi.
149. Қаңқа бағаналары мен жабындық фермалар аралығындағы көлденең және тiк байланыстарды алып тастауға немесе орнын ауыстыруға, металл конструкциялары элементтерiнiң (фермалардың, бағаналардың және басқаларының) қиғаш бөлшектерiн, тiректерiн және басқа элементтерiн кесуге, топсалықтардың орнына элементтердiң қатты байланысын жасауға рұқсат берiлмейдi.
150. Металл конструкциялардың қаңқаларына қандай да бiр бөлшектердi бекiтуге және дәнекерлеуге, құбыр өткiзгiштердi, шамдарды немесе кабiлдердi iлуге тек жобалаушы ұйыммен келiсiмi бойынша рұқсат берiледi.
151. Ғимараттар және құрылыстар қаңқаларының табандықтарын,
анкерлiк болттарды және iргетастардың жоғары жағынан немесе еденнен 0,3 м биiктiкке дейiнгi байланыстарды ылғалданудан тығыз бетонның көмегiмен қорғау керек. Бағаналардың металл тiрек бөлiктерiнiң және олардың арасындағы байланыстардың топырақпен немесе сусымалы отынмен (көмiр, кокс) жанасуына жол берiлмейдi.
152. Бағаналардың және металл конструкциялардың басқа элементтерiнiң беттерi кiрден, шаңнан, күйеден және майлардан тазартылуы тиiс.
153. Өндiрiстiк ғимараттардың және құрылыстардың құрылыс конструкцияларын, әсiресе металл конструкциялардың түйiспелерiнiң жағдайын, сондай-ақ цехтардың ылғалды режимiнiң әсерiне ұшырайтын, дiрiлдiк, динамикалық, термикалық және ауыспалы статикалық салмақтар түсетiн конструкцияларға жүйелi түрде бақылау және қадағалау жүргiзу қажет.
154. Құрылыстық металл конструкцияларды тексеру кезiнде бағаналарға, рамалардың ригельдерiне, итарқалық және итарқаастылық фермаларға, аралықтарға, фахверктердiң тiрек элементтерiне және басқаларға ерекше назар аудару керек.
155. Ғимараттарды және құрылыстарды пайдалану кезеңiнде бағаналардың, фермалардың және басқа да құрылыстық металл конструкциялардың тiктiгiн жүйелi түрде (бес жылда бiр реттен сирек емес) тексеру ұйымдастырылуы тиiс. Жекелеген конструкциялардың тiктiгiнен ауытқуы үлкейген, не бойлық майысудан конструкцияның тұрақтылығына қатер туғызатын деформация пайда болған жағдайда, куәландыру үшiн маманданған ұйымды тарту қажет.
156. Ғимараттардың және құрылыстардың металл конструкцияларын пайдалану процесiнде анықталған дәнекерленген жiктердiң жобалық өлшемдерге сәйкес еместiгi, жiктердiң дәнекерленбей қалған, кесiлген, күйген жерлерi және көзге көрiнетiн кеуектiгi, жiктердiң кратерлерi, жұлынулары, сызаттары, едәуiр тоттануы, жобамен анықталған жерлерде жiктердiң болмауы, тойтарма шегелердiң сызаттары, олардың ұрған кезде зыңылдауы, тойтарма шегелердiң, анкерлердiң, гайкалар мен контргайкалардың жоба бойынша қажеттi санының болмауы және олардың коррозияға ұшырауы, бұрандалық қосылыстардың әлсiз тартылуы, механикалық зақымданудың нәтижесiнде бұрандаманың деформациясы, бұрандамалардың қималарының, конструкция элементтерiнiң тоттанудан едәуiр әлсiреуi (10%-дан артық), бұрандалық қосылыстар кезiнде бағаналар мен фермалардың тiрек тораптарының тiрек тақталары арасында үлкен саңылаулардың болуы сияқты және басқа ақаулар бiрiншi кезекте жойылуы тиiс.
157. Жүк көтергiш крандардың кран асты жолдарын үнемi пайдалану кезiнде динамикалық салмақтар түсiретiн және олардың техникалық жай-күйi ғимараттардың және құрылыстардың көтергiш металл конструкциялардың тұрақтылығына едәуiр әсер ететiн кезде, кран асты жолдарының ақауларын, зақымдарды және көрсеткiштерден ауытқуларды уақтылы анықтау және жою мақсатымен жылына бiр реттен сиретпей бақылау (iшiнара) тексеру жүргiзiлуi тиiс.
158. Жұмыстың осы түрiн орындау құқына лицензиясы бар, маманданған ұйымды тартып, кран асты жолдарына үш жылда бiр реттен сиретпей толық техникалық куәландыру жүргiзiлуi тиiс.
159. Крандар қозғалған және жұмыс iстеген кезде кран асты жолдары рельстерiнiң (болат бiлеулерiнiң) бүйiрлiк және бойлық жылжуын болдырмайтын бекiткiштерi болуы тиiс.
160. Жолдың жай-күйiн кезектен тыс құрал-саймандық геодезиялық
тексерудi көзбен қараған кезде рельстердiң жылжығаны, жолдың қисайғаны, кран доңғалақтары қырларының, рельс бастарының қатты тозғаны, рельстердiң бекiткiштерiнiң босағаны және басқа да ақаулар анықталған жағдайларда, сондай-ақ жолды салған немесе оны жөндеген (түзеткен) соң жүргiзу қажет.
161. Металл конструкцияларынан салынған ғимараттардың және
құрылыстардың iргетастарын, жертөлелерiнiң және басқа да жер асты үй-жайларының қабырғаларын агрессивтi грунт сулары пайда болған немесе коррозияға қарсы қорғанысы бүлiнген кезде қираудан қорғау шараларын маманданған ұйымды тартып дайындау қажет.
162. Металл конструкциялардан салынған ғимараттар және құрылыстар iргетастарының агрессивтi сұйықтықтардың әсерiнен бүлiнуiн болдырмау үшiн мыналарға жол бермеу қажет:
1) жауын-шашындық және тұрмыстық кәрiзден, технологиялық коммуникациялардан, аппараттардан және қондырғылардан сыртқа төгiлген сұйықтықтардың ғимараттар мен құрылыстар негiздерiнiң топырағына өтуi. Аталған жүйелерден сыртқа төгiлулердi, сондай-ақ дренаждық су науалары мен арналарының, кәрiз құбыр өткiзгiштерiнiң және оның бақылау құдықтарының ақауларын iле-шала жою қажет;
2) iргетастар бетондарына қышқылдардың, сiлтiлердiң, жағар майлар мен трансформаторлық майлардың, сұйық отындардың және басқа да агрессивтi сұйықтардың әсерi;
3) қышқылдар мен сiлтiлердi арнайы жоба бойынша орындалған тоттануға қарсы қорғанысы жоқ iргетастарға және жерасты коммуникацияларына жақын жерлерде сақтау.
163. Қабырғалық қоршау конструкцияларын пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету процесiнде металл конструкцияларға терiс әсерлердi болдырмау мақсатымен мыналарды жою қажет:
1) материалдарды дұрыс пайдаланбаудың салдарынан пайда болған деформациялар, зақымдар және қираулар;
2) iргетастардың әркелкi отыруының нәтижесiнде қабырғалық панельдердiң қалануы мен тораптарында пайда болған деформациялар және зақымдар (қаланудағы сызаттар, панельдер жiктерiнiң қирауы, тiрек тораптарының жылжуы және басқалар);
3) әсiресе жылу электр стансаларының бас корпустарының қабырғаларында жылу әсерi нәтижесiнде пайда болған деформациялар және зақымдар (қаланудағы колонна осьтерi бойынша сызаттар, панельдер түйiспелерiндегi тiк жiктердiң үгiтiлуi және қирауы, кiрпiштердiң жарылуы, сылақтың үгiтiлуi және арқалықтардың, фермалардың, аралықтардың, маңдайшалардың тiректерi астындағы басқа да зақымдар);
4) карниздiк және терезеастылық учаскелерде, субұрышы құрылғылар орнатылған жерлерде қаланудың және қабырғалық панельдердiң жергiлiктi қираулары;
5) температуралық жiктердiң герметикалықтығының бұзылуы;
6) терезелер және есiктер жақтауларының қабырғаларымен байланыстың бұзылуы;
7) қабырғалық панельдердiң жазықтықта және қабырға жазықтығынан жылжуы және қисаюы;
8) қабырғалық панельдердiң түйiспелерiн бiтеген элементтердiң (цемент сылақтың, тығыздағыш төсемдердiң, герметикалаушы мастикалардың) бұзылуынан ауа өтуi;
9) қабырғалық панельдердiң қорғаушы қабаттарының түсуi және арматуралардың ашылып, тоттануға ұшырауы;
10) кiрпiш қабырғалардың сыртқы жағындағы кiрпiштiң және сылақтың бұзылуы және түсуi;
11) панельдердiң сыланбалы бөлшектерiнiң, тiрек тораптарының және арматураларының, сондай-ақ терезелердiң темiр жақтауларының тоттану процестерi, аталған элементтердiң тоттануға қарсы жабынының бұзылуы;
12) суланудың және мұз қатудың салдарынан қабырғалардың iргелiк бөлiгiнiң қирауы, ондағы гидрооқшаулардың бұзылуы.
164. Ғимараттардың сыртқы қабырғаларын iшкi жағынан мерзiмдi тазалап тұру қажет. Металл конструкциялардың негiзiнде салынған ғимараттың және құрылыстың әрбiр үй-жайы үшiн қабырғаларын тазалаудың олардың өндiрiстiк процесс кезiнде ластану дәрежесiне және технологиялық процесс пен өрт қауiпсiздiгi жағдайлары бойынша тазалыққа қойылатын талаптарға байланысты күнтiзбелiк мерзiмдерi белгiленуi тиiс.
165. Қабырғалардың температуралық-отыруына есептелген және антисейсмикалық жiктерi мерзiмдiк (бес жылда бiр рет) кiрден тазаланып, олардың барлық қорғаушы жабындары қалпына келтiрiлуi тиiс. Жiктердi ерiтiндiмен жабуға немесе оларды сылауға рұқсат берiлмейдi.
166. Артық суды және буды сыртқы қабырғалар арқылы жобада көзделмеген құбырлармен шығаруға рұқсат берiлмейдi.
167. Ғимараттардың және құрылыстардың қабырғаларының iргелiк бөлiгiнiң жанындағы қар күн жылынғанша 2 м кем емес қашықтыққа алыстатылуы тиiс, оның жиналуына рұқсат берiлмейдi.
168. Қабырғалар пайдаланудағы негiзгi сапалылық олардың берiктiк және жылу ұстағыш қасиеттерiнiң тұрақтылығы болуы тиiс. Сыртқы қабырғалық қоршауларда бiр жыл iшiнде ылғал жиналмауы тиiс. Ғимараттардың сыртқы қабырғаларының құрылыс материалдарының ылғалдылығы нормативтiк-техникалық құжаттармен рұқсат берiлген мәндерден аспауы тиiс.
169. Сыртқы қабырғаларды конденсациялық ылғалдан қорғау керек, ол үшiн:
1) үй-жайларда жылу берудiң және желдетудiң жобалық режимiн ұстап тұру қажет;
2) үй-жайларда ауаның қабырғалардың бойында еркiн айналуын қиындататын көлемдi жабдықты орналастыруға, сондай-ақ үй-жайдың iшiнде немесе сыртында, сыртқы қабырғалардың жанында өндiрiстiк қалдықтарды (қожды, күлдi, жаңқаларды) және ұнтақ түрiндегi химиялық реагенттердi (тұздардың кристаллдары түрiндегi, сусымалы, тұтқыр және басқа заттарды) сақтауға жол бермеу қажет. Барлық осындай қалдықтарды уақытша сақтайтын арнайы орындар (алаңдар, ыдыстар, қобдилар), ал химиялық реагенттер үшiн арнайы ұяшықтар немесе жобада көзделген үй-жайлар болуы тиiс.
170. Майлы немесе перхлорвинил сырлармен сырланған, 100 о С артық температураға қызатын, не битумдық лактың негiзiндегi сырлармен сырланған, 200 о С артық температураға қызатын көтергiш болат конструкцияларды жобалаушы ұйыммен келiсiлген жоба бойынша жылу оқшаулағыш экрандармен, ыстыққа төзiмдi бетоннан жасалған футеровкамен немесе жылуға төзiмдi жылу оқшаулағышпен (егер олар жобада көзделмеген болса) қорғау қажет.
171. Болат конструкциялардың жиырылуы анықталған кезде (ол мысалы, оқшау өрттiң салдарынан болуы мүмкiн) конструкцияның берiктiгiне тексерушi есептеу жүргiзу және қажеттiлiк кезiнде конструкцияны күшейту жобасын дайындау үшiн маманданған жобалаушы ұйымды тарту қажет.
172. Болат бағаналар, ригельдер ыстық құбыр өткiзгiштермен жанасқан кезде құбыр өткiзгiштердiң не конструкциялардың тиiстi учаскелерiн жылу оқшаулағышы бар жылуға төзiмдi қаптамамен қорғау қажет, егер бағананың, ригельдiң және құбырдың немесе басқа жылу көзiнiң арасындағы саңылау оны жасауға мүмкiндiк бермейтiн болса, жақын арадағы күрделi жөндеу кезiнде жылу кезi бағанадан, ригельден жылу оқшаулағыш орнату мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн қашықтыққа алыстатылуы тиiс.
173. Сәулелiк жылудың әсерiне ұшырайтын болат конструкциялары (мысалы, ЖЭК қазандықтарында) ашық (жарық пен жылу шағылыстырғыш) түстерге сырлау қажет.
174. Болат конструкцияларды жоғары температуралардың әсерiнен қорғайтын жылу оқаулағыштарды және жылудан қорғаушы (жылу шағылыстырғыш) арнайы экрандарды жарамды жағдайда ұстау, ал ауа жүретiн жерлерi мен желдеткiш тесiктерiн үнемi кiрден тазартып отыру қажет.
175. Ыстық металл бөлшектердi және температурасы еденнiң осы түрi үшiн есептелген мәндерден артық бөлiктердi металл едендерге тiкелей қоймалауға рұқсат берiлмейдi. Қажеттiлiк жағдайында еденнiң қалған бөлшектер мен бөлiктердi қоймалауға арналған жерлерiне құм немесе топырақ төсеу керек.
176. Техникалық қызмет көрсету кезiнде жоғары температуралардың әсерi жағдайындағы құрылыс конструкцияларын қадағалау шараларына ол конструкциялардың, сондай-ақ жылу оқшаулағыштар мен экрандар конструкцияларының жай-күйiн бақылау, металл конструкциялардың сызаттарын, жиырылуларын, майысуларын және ұзаруларын (өрттерден және жанулардан кейiн) анықтау кiруi тиiс.
Осындай деформациялар және зақымдар пайда болған кезде, оларды жою, қажеттiлiк кезiнде маманданған ұйымды тарта отырып, металл конструкцияларды алмастыру немесе күшейту шаралары қабылданады.
177. Ғимараттардың және құрылыстардың көтергiш конструкциялары тербелiстерiнiң рұқсат етiлген деңгейi мынадай талаптармен шектелуi тиiс:
1) конструкциялық элементтердiң жобаға сәйкес берiктiгi және төзiмдiлiгi;
2) нормативтiк кұжаттардың талаптарына сәйкес дiрiлдiң конструкциялардағы адамдардың денсаулығына зиянды әсерiнiң алдын алу; 3) дiрiлге сезiмтал аспаптарды және жабдықты олардың төлқұжаттық деректерiне сәйкес қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз ету.
178. Адамдарға зиянды әсердiң алдын алу мақсатымен, қызмет көрсететiн персонал тұрақты болатын ғимараттардағы қоршау конструкциялары мен жабындарының тербелiс деңгейiн өнеркәсiптiк ғимараттардың динамикалық салмақтар түсетiн жабындарын есептеу талаптарына сәйкес шектеу қажет.
179. Адамдардың болуы көзделмеген металл конструкциялардың дiрiлiн өлшеу дiрiлмен жұмыс iстейтiн жаңа жабдық орнатылған кезде, сондай-ақ пайдалану процесiнде металл конструкциялардың жай-күйiне қауiп туғызатын сызаттар, әркелкi отырулар, резонанстық тербелiстер пайда болған кезде жүргiзiлуi тиiс.
180. Дiрiл әсер ететiн ғимараттарды техникалық тексеру кезiнде мыналарға ерекше назар аудару қажет:
1) дiрiл әсерiнiң өзгеруiне байланысты iргетастардың әркелкi отыруының дамуы;
2) құрылыс конструкцияларының дiрiлден бүлiнуiнiң сипатты белгiлерi;
3) дәнекерленген жiктерде, металл конструкциялары элементтерiнiң қималары күрт өзгерген жерлерде сызаттардың пайда болуы;
4) бұрандалық және тойтарма шегелiк қосылыстардың босауы;
5) металл конструкциялардың тiректердегi бекiткiштерiнiң босауы және олардың орнынан жылжуы;
6) металл конструкциялар элементтерiнiң сөрелерi мен қабырғаларының деформациясы.
181. Металл конструкциялардың негiзiнде салынған, құрылыс конструкцияларында дiрiл туғызатын жабдық пайдаланылатын ғимараттарда және құрылыстарда құрылыс конструкцияларының айналасындағы жабдықтың (турбогенераторлық, электрсорғылық, диiрмендiк, желдеткiштiк және т.б.) iргетастарын оқшаулау жай-күйiне ерекше назар аудару керек.
182. Құрылыстық металл конструкцияларды өндiрiстiк және шаруашылықтық-тұрмыстық сұйықтықтардың, эмульсиялардың, қойыртпақтардың, газдардың, булардың, шаңдардың химиялық агрессиясының бүлдiрушi әсерiнен қорғау жөнiндегi iс-шараларды тұрақты орындау қажет, ол үшiн:
1) технологиялық жабдықтар мен аппараттардың, технологиялық құбыр өткiзгiштердiң, сумен жабдықтаудың, кәрiздiң, жылумен жабдықтаудың iшкi желiлерi құбыр өткiзгiштерiнiң, газ және мазут өткiзгiштерiнiң, технологиялық ыдыстардың қосылыстарының барынша мүмкiндiгiнше герметизациялануын қамтамасыз ету қажет;
2) жабдықтан, аппараттурадан және құбыр өткiзгiштерден қосылыстардың ашылып кетуiнiң салдарынан және басқа себептерден пайда болған лақтырылымдарды және шығарындыларды жедел тоқтату қажет;
3) металл конструкциялардың негiзiнде салынған ғимараттар және құрылыстар жабдығының, инженерлiк желiлерiнiң жобада белгiленген жұмыс режимiн қамтамасыз ету қажет.
183. Бейiмделмеген үй-жайларда агрессивтiк сұйықтықтарды сақтауға және олармен жұмыс iстеуге рұқсат берiлмейдi.
184. Технологиялық сұйықтықтарды, сұйық отынды және басқа да тоттандырғыш сұйықтықтарды құрылыстық метал конструкцияларға төгуге және шашыратуға рұқсат берiлмейдi.
185. Металл конструкцияларды тоттанудан қорғау үшiн оған қарсы жабындардың бүтiндiгiн үнемi қадағалау және оларды тұрақты жаңғыртып отыру қажет.
186. Болат конструкциялардың бетiне төгiлген қышқылды жабынның бүлiнуiне жол бермей, суда ерiтiлген сiлтiмен немесе әк қамырымен жедел алып тастау, ал сiлтiнiң қалдығын (әк қамырын) сумен шайып тастау қажет. Жабынның бүлiнген жерлерi қалпына келтiрiлуi тиiс.
187. Құрылыстық металл конструкцияларды тексеру кезiнде лак-сыр жабынның бүлiнген жерлерiн анықтау және оның жай-күйiне баға беру керек (желден көтерiлу, жарылу, қабыршықтанып түсу, жабын бетiндегi көпiршiктер, бөрiтулер, сондай-ақ металдың коррозиялық бүлiнуiнiң сипаты мен деңгейi және басқалар).
Лак-сыр жабынның жай-күйiн бағалау қолданыстағы нормативтiк құжаттарға сәйкес жүргiзiледi.
188. Егер тексеру кезiнде тоттанудан металл конструкциялар қималарының iс жүзiндегi ауданы жобалық мәндерден азайғаны анықталса, осындай конструкцияларды одан әрi пайдалану мүмкiндiгi туралы мәселенi маманданған ұйымды тарта отырып, шешу қажет.
189. Жылыстау тогының орташа тәулiктiк тығыздығы 0,15 мА/дм 2 артық болған кезде құрылыстық металл конструкцияларын жылыстау токтарының әсерiнен қорғау қажет.
Конструкциялардың тоттануының белсендi процестерiнен қирауын болдырмау үшiн жылыстау токтарының әсер аймағында жерасты конструкцияларын гидрооқшаулаудың тұтастығын тұрақты қамтамасыз ету қажет.
190. Ғимараттарды және құрылыстарды пайдалану кезiнде онда
пайдаланылған металл конструкциялардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн шараларды кешендi түрде орындау қажет.
191. Жөнделген (қайта салынған) ғимараттар мен құрылыстар үшiн тиiстi әдiстер және бақылау құралдары қолданылып, пайдаланылған металл конструкцияларға байланысты қатердiң белгiленген мәндерiн қамтамасыз ету шаралары әзiрленуi тиiс.
192. Мұнай өнiмдерiн, ыстық су және бу сақтауға арналған металл резервуарларды қауiпсiз пайдалану қолданыстағы нормативтiк құжаттардың талаптарын сақтау арқылы қамтамасыз етiледi.
193. Резервуарларға қызмет көрсететiн жұмысшылардың тиiстi кәсiптiк-техникалық бiлiмi болуы немесе олар өндiрiсте кәсiптiк-техникалық дайындықтан өтулерi тиiс.
Резервуарларға қызмет көрсететiн барлық жұмысшылар мұнай өнiмдерiнен, ыстық судан және будан туындауы мүмкiн қауiптермен таныстырылуы тиiс.
194. Резервуарларды тазалау жұмыстарына 18 жасқа толмаған
қызметкерлердi тартуға тыйым салынады.
195. Персоналды жұмыс iстеуге жiберердiң алдында болуы барынша
ықтимал зиянды заттардың жұмыс аймағының ауасында бар екендiгiн тексеру қажет.
196. Резервуар қабырғалары мен түбiнiң негiзгi металдарының жiктерiнде сызаттар пайда болған кезде жұмыс iстеп тұрған резервуар жедел босатылуы және жөндеуге дайындалуы тиiс. Мазут отынымен толтырылған резервуарларда сызаттарды дәнекерлеуге және ұрып өңдеуге рұқсат берiлмейдi.
197. Пайдалану құжаттамасында ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануды жүзеге асыратын тұлғаға немесе тұлғаларға пайдаланылған металл конструкциялардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша қойылатын талаптар көзделуi тиiс.


Дата добавления: 2015-09-28; просмотров: 39 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>