Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Артериалық гипертензия 3, 4 қаупі (ӨМИ). Гипертоникалық криз, 1 типі. Жедел сол жақ қарынша жетіспеушілігі. Өкпенің альвеолалық ісінуі.



1-билет

1. Артериалық гипертензия 3, 4 қаупі (ӨМИ). Гипертоникалық криз, 1 типі. Жедел сол жақ қарынша жетіспеушілігі. Өкпенің альвеолалық ісінуі.

2. Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:

- ЭКГ да: ырғағы синусты, дұрыс, ТҚЖ – минутына 80. ЖЭО солға ауытқуы, СЖҚГ белгілері, екі қарыншада да систоликалық күш түсу;

- ҚЖТ: лейкоцитоз, эритроцитоз;

- коагулограмма: патологиясыз;

- БХТ: гиперкликемия;

- кеуде қуысының R-графиясы: өкпелік суреттің күшеюі, өкпенің паренхимасындағы диффузды өзгерістер. Өкпенің түбірі шайылған және анық емес. Түбірасты зоналарда периваскулалық және перибронхтық инфилтрация белгілері.

3. Ажыратпа диагностикасы ЖКС-пен, астмалық статуспен, пневмониямен, қолқаның қатпарланған аневризмасымен, кенеттік пневматоракспен, ӨСОА, СӨЖ жүргізіледі.

4. Көмек көрсету алгоритмі:

- оттегі терапия: 2-3/мин жылдамдықпен спирт буы мен дымқыл оттегімен ингаляциясы;

- перифериялық катетермен көктамыр катетеризациясы;

- наркотикалық анальгетиктермен ауырсыну синдромдарын басу (морфий 1% - 1,0 мл., NaCl 0,9% - 10,0 мл. ерітіндісіне су қосылған, т/і баяу);

- антиагрегатты және антикоагулянтты терапия (гепарин 10000 бірл., т/і баяу; ацетилсалицил қышқылы 250,0 мг, шайнау);

- гипотензивті терапия: нитраттар (изокет аэрозоль, 2 мөлшерде сублингвальді, қажет жағдайда қайталау); диуретиктер (фуросемид 40-80 мг, т/і, жылдам), ИАПФ, адреноблокаторлар, магнезия сульфат 25%-10, т/і, баяу;

- науқасты отырған күйде жағын маңдағы жан сақтау бөліміне зембілмен немесе орындықпен тасымалдау.

5. Науқасты жүгізу тактикасы:

- тыныштық тәртіп: барлық шараларды отырған күйде жүргізу;

- стационарға барар жолда ЖМК көлігінде шараларды жүргізуді (қажет жағдайда) жалғастыру;

- науқасты жақын маңдағы жан сақтау бөліміне отырған қалыпта зембілмен немесе орындықпен тасымалдау.

 

№2 ЕСЕПКЕ ЖАУАПТАР

1. Анафилактикалық шок, II дәрежесі, асфиксиялық нұсқа. Тыныс жетіспеушілігі, II дәрежесі.

2. Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:

- ЭКГ да: синусты тахикардия, ырғағы дұрыс, ТҚЖ – минутына 150. ЖЭО қалыпты күйде;



- ҚЖТ: патологиясыз;

- коагулограмма: патологиясыз;

- БХТ: патологиясыз.

3. Ажыратпа диагностика стенокардиямен, ӨАТЭ, өкпе ісінуімен, ЖКС, бронх демікпесімен, ларинготрахеитпен, инфекциялық-токсикалықпен, геморрагиялық шокпен жүргізіледі.

4. Көмек көрсету алгоритмі:

- науқасты Тренделенбург күйінде жатқызу.

- оттегі терапия (ылғалданған оттегі – 30-40 атм.);

- перифериялық катетермен көктамырға катетеризация;

- шокқа қарсы терапия: адреналин 0,18% -0,3-0,5 мл б/і, преднизолон 90-150 мг, т/і, жылдам; NaCl 0,9% ерітіндісі - 200,0 0,18% адреналин ерітіндісімен - 1,0 мл т/і тамшылай;

- науқастың гемодинамикасы қалпына келген соң, антигистаминді препараттар – димедрол 1% - 1,0 б/і;

- науқасты жақын маңдағы жан сақтау бөліміне Тренделенбург күйінде зембілмен тасымалдау

5. Науқасты жүргізу тактикасы:

- тыныштық тәртіп: барлық шараларды Тренделенбуг күйінде жүргізу;

- ЖМК көлігінде (стационарға барар жолда) шараларды жүргізуді жалғастыру;

- науқасты жақын маңдағы жан сақтау бөліміне Тренделенбург күйінде зембілмен тасымалдау.

 

№3 ЕСЕПКЕ ЖАУАПТАР

1. Артериалық гипертензия 3, қауіп 3 (СЖҚГ). Гипертониялық криз, II тип.

2. Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:

- ЭКГ да: ырғағы синусты, дұрыс, ТҚЖ – минутына 80. ЖЭО солға ауытқуы, СЖҚГ белгілері, екі қарыншада да систоликалық шамадан тыс болуы;

- ҚЖТ: патологиясыз;

- коагулограмма: патологиясыз;

- БХТ: патологиясыз.

3. Ажыратпа диагностика ЖКС, МҚЖБ, ТИШ, стенокардиямен жүргізіледі.

4. Көмек көрсету алгоритмі:

- гипотензивті терапия: диуретиктер (фуросемид 20 мг, т/і, жылдам), ААФИ (энап 1,25 мг – 1,0 мл т/і), каптоприл 10 мг сублингвальді, Са антагонисттері – нифедипин 10 мг сублингвальді, магнезия сульфат 25%-10, т/і, баяу.

5. Науқасты жүргізу тактикасы: АҚҚ 20% төмендету, учаскелік терапевтің бақылауымен динамикалық қарау, емді дұрыстау.

 

№4 ЕСЕПКЕ ЖАУАПТАР

1. Асқазанның ойық жарасы. Асқазан-ішектік қан кету. Геморрагиялық шок, II дәрежесі.

2. Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:

- ЭКГ да: синусты тахикардия, ырғағы дұрыс, ТҚЖ – минутына 140. ЖЭО қалыпты күйде;

- ҚЖТ: анемия белгілері, ЭТЖ үдеуі;

- коагулограмма: патологиясыз;

- БХТ: патологиясыз.

3. Ажыратпа диагностика перфорациямен, ойық пенетрациясымен, жедел панкреатитпен, геморроймен, инфекционды-токсикалық, анафилактикалық шокпен жүргізіледі.

4. Көмек көрсету алгоритмі:

- Науқасты Тренделенбург күйіне жатқызу.

- оттегітерапия (ылғалданған оттегі – 30-40 атм.)

- эпигастрии аймағына суық қою;

- перифериялық катетермен көктамырға катетеризациясы;

- шокқа қарсы терапия: NaCl 0,9% ерітіндісі - 200,0 т/і жылдам;

- гемостатикалық терапия – 5% аминокапронды қышқыл ерітіндісі - 100,0 мл, т/і тамшылай;

- науқасты жақын маңдағы жан сақтау бөліміне Тренделенбург күйінде зембілмен тасымалдау.

5. Науқасты жүргізу тактикасы:

- тыныштық тәртіп: барлық шараларды Тренделенбуг күйінде жүргізу;

- ЖМК көлігінде (стационарға барар жолда) шараларды жүргізуді жалғастыру;

- науқасты жақын маңдағы жан сақтау бөліміне Тренделенбург күйінде зембілмен тасымалдау.

 

№5 ЕСЕПКЕ ЖАУАПТАР

3. Бронх демікпесі, аралас түрі, персистеуші, орташа дәрежелі ауырлықта, өршу сатысы. Өкпе эмфиземасы. Тыныс жетіспеушілігі, II дәрежесі. Астмалық статус, II дәрежесі.

2. Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:

- ЭКГ да: синусты тахикардия, ырғағы дұрыс, ТҚЖ – минутына 80. ЖЭО солға ауытқуы, СЖҚГ белгілері, екі қарыншаның систоликалық күштемесі;

- ҚЖТ: ЭТЖ үдеуі;

- коагулограмма: патологиясыз;

- БХТ: қабынудың арнайы емес белгілері (СРА+++);

- қақырық талдауы: БД-не арналған белгілер (эозинофилдер, Куршман спиралдері++, Шарко-Лейден кристалдары +++);

- кеуде қуысы R-графиясы: өкпелік суреттің күшеюі, өкпенің паренхимасындағы диффузды өзгерістер, өкпе эмфиземасының белгілері. Периваскулалық және перибронхтық инфильтация белгілері.

3. Ажыратпа диагностика стенокардиямен, ӨАТЭ, пневмониямен, қолқаның қатпарланған аневризмасымен, өкпе ісінуімен, ЖКС, ларинготрахеитпен жүргізіледі.

4. Көмек көрсету алгоритмі:

- оттегітерапия (ылғалданған оттегі – 30-40 атм.);

- бронхолитикалық терапия: сальбутамол 2 мөлшерде, ингаляция немесе небулайзер арқылы; преднизолон 90-120 мг, т/і, жылдам;

- 0,18% адреналин - 0,3 мл т/а немесе небулайзер арқылы ингалялықҢ

- перифериялық катетермен көктамырдың катетеризациясы;

-антиагрегатты және антикоагулянтты терапия (гепарин 5000 бірл., т/і баяу; ацетилсалицил қышқылы 250,0 мг, шайнау);

-инфузиялық терапия (NaCl 0,9% ерітіндісі - 200,0 мл т/і тамшылай немесе 5% глюкоза ерітіндісі - 200,0 мл т/і тамшылай

- науқасты жақын маңдағы жан сақтау бөліміне басын көтерген бойда зембілмен тасымалдау.

5.Науқасты жүргізу тактикасы:

- тыныштық тәртіп: барлық шараларды жартылай отырған күйде жүргізу;

- ЖМК көлігінде (тасымалдағанда) инфузия жүргізуді жалғастыру;

- науқасты жақын маңдағы жан сақтау бөліміне басын көтерген бойда тасымалдау.

 

№6 ЕСЕПКЕ ЖАУАПТАР

1. Сол сан сүйегінің төменгі үштен бір бөлігінің ашық сынығы. Жарақаттық шок, II дәрежесі. Геморрагиялық шок, II дәрежесі.

2. Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:

- ЭКГ да: синусты тахикардия, ырғағы дұрыс, ТҚЖ – минутына 150. ЖЭО қалыпты күйде;

- ҚЖТ: анемия белгілері;

- коагулограмма: патологиясыз;

- БХТ: гипергликемия;

- Сол сан сүйегінің 2 проекциядағы рентгенографиясы: сол сан сүйегі төменгі үштен бір бөлігінің ығысулық сынығы.

3. Ажыратпа диагностика соққымен жіргізіледі.

4. Көмек көрсету алгоритмі:

- қан кетумен күресу: белдің жоғарғы үштен бір бөлігінің аймағын жіппен байлау

- перифериялық катетермен көктамырдың катетеризациясы;

- шокқа қарсы терапия: фентанил 0,005% - 2,0 NaCl 0,9% ерітіндісімен - 10,0 т/і жылдам, полиглюкин ерітіндісі 400,0 мл т/і тамшылай, преднизолон 90 – 150 мг т/і.

- жараның инфекциялануымен күрес: жараны сутегі тотығы ерітіндісімен өңдеу, асептикалық таңғышпен таңу.

- Дитерихс таңғыш шинасымен аяқтың иммобилизациясы.

5. Науқасты жүргізу тактикасы:

- тыныштық тәртіп: барлық шараларды жатқан күйде зембілде жүргізу;

- ЖМК көлігінде (стационарға барар жолда) инфузиялық терапияны жалғастыру;

- науқасты жақын маңдағы жан сақтау бөліміне зембілмен тасымалдау.

 

№7 ЕСЕПКЕ ЖАУАПТАР

1. Пароксизмдік суправентрикулалық тахикардия.

2. Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:

- ЭКГ да: қарынша үстілік тахикардия, ТҚЖ – минутына 180. ЖЭО вертикалды күйі, оң жақ қарыншаның систоликалық күштемесі;

- ҚЖТ: патологиясыз;

- коагулограмма: патологиясыз;

- БХТ: патологиясыз.

2. Ажыратпа диагностика қарыншалық тахикардиямен, жыбырлағыш аритмиямен, СӨӘС, ЖКС, кардиомиопатиямен, миокардиодистрофиямен жүргізіледі..

3. Көмек көрсету алгоритмі:

- вагусты сынама жүргізу (Вальсальва, Мюллер сынамалары, каротидтік синус массажы);

- антиаритмиялық препараттар (беталок 5 мг -5,0 NaCl 0,9% ерітіндісімен - 5,0мл т/і жылдам, изоптин 5 мг - 2,0 NaCl 0,9% ерітіндісімен - 5,0мл т/і жылдам, кордарон 150 мг -3,0 мл 5% глюкоза ерітіндісімен - 200,0 т/і тамшылай);

- антиаритмиялық препараттар нәтижесіз болған жағдайда – 50 Дж ЭИТ жүргізіледі (наркотикалық анальгетиктермен, дизепаммен алдын-ала премедикация жүргізгеннен кейін).

4. Науқасты жүргізу тактикасы:

- тыныштық тәртіп: барлық шараларды жатқан күйде жүргізу (төсекте немесе зембілде);

- пароксизм басылса – учаскелік терапевт бақылауындағы динамикалық қарау, емді дұрыстау.

- пароксизм сақталса – науқасты басын көтерген бойда зембілмен кардиологиялық стационарға инфузиялық терапияны жалғастырумен тасымалдау.

 

№8 ЕСЕПКЕ ЖАУАПТАР

1. Қант диабетінің I типі (инсулинтәуелді). Диабеттік, гипогликемиялық кома.

2. Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:

- ЭКГ да: ырғағы синусты, дұрыс, ТҚЖ – минутына 80. ЖЭО қалыпты күйі;

- ҚЖТ: патологиясыз;

- коагулограмма: патологиясыз;

- БХТ: гиперкликемия.

3. Ажыратпа диагностика гипогликемиялық комамен, лактоацидоздық және гиперосмостық комамен, қант диабетіне байланыссыз комалық жағдаймен (церебральді, экзотоксикалық - инфекциялық және улану кезіндегі, метаболизмдік – уремиялық, бауырлық, тиреотоксикалық, гипотиреоидты, бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі кезінде, аралас).

4. Көмек көрсету алгоритмі:

- 40% глюкоза ерітіндісі, 20,0-40,0 мл т/і, жылдам;

- 5% глюкоза ерітіндісі, 200,0 мл т/і тамшылай

5. Науқасты қарау тактикасы:

- тыныштық тәртіп: барлық шараларды сол орында жатқан қалыпта жүргізу;

- науқас комадан шыққан кезде зембілмен терапевтік бөлімшеге госпитализациялау (қажет бойынша).

 

№9 ЕСЕПКЕ ЖАУАПТАР

2. ЖРВИ. Менингококкты инфекция. Серозды менингит. Гипертермиялық синдром (ақ гипертермия).

3. Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:

- ҚЖТ: лейкоцитоз, ЭТЖ үдеуі;

- коагулограмма: патологиясыз;

- БХТ: патологиясыз;

- люмбальді сұйықтық: менингит белгілері (лимфоцитоз, ақуыз, қант).

3. Ажыратпа диагностика пневмониямен, гриппен, ТТИ жүргізіледі.

4. Көмек көрсету алгоритмі:

- гипертермиямен күресу: суытудың физикалық әдістері, парацетамол 0,5 мг ішке, анальгин 50% - 2,0, димедрол 1% - 1,0, папаверин 2% - 2,0 б/і;

- натрий тұзының бензилпенициллин ерітіндісі 1,0 б/і;

- фуросемид 20 мг б/і;

- преднизолон 30 мг б/і;

- науқасты зембілмен инфекциялық ауруханаға тасымалдау

5. Науқасты жүргізу тактикасы:

- тыныштық тәртіп: шараларды жатқан күйде сол орында жүргізу;

- науқасты зембілмен инфекциялық ауруханаға тасымалдау.

 

 

№10 ЕСЕПКЕ ЖАУАПТАР

1. ООАМАБ-дегі МҚЖБ, сол жақтық гемипарезбен. Церебральді кома. Артериалық гипертензия 3, қауіп 4. Гипертониялық криз, I тип.

2. Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:

- ЭКГ да: ырғағы синусты, дұрыс, ТҚЖ – минутына 80. ЖЭО солға ауытқуы, СЖҚГ белгілері, екі қарыншаның систоликалық шамадан тыс болуы;

- ҚЖТ: патологиясыз;

- коагулограмма: патологиясыз;

- БХТ: гиперкликемия.

3. Ажыратпа диагностика басқа комамен жүргізіледі: гипогликемиялық, лактоацидоздық, гиперосмостық, кетоацидоздық, метаболизмдік (уремиялық, бауырлық, тиреотоксикалық, гипотиреоидтық, бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі кезінде, аралас).

4. Көмек көрсету алгоритмі:

- тыныс жолдарын бөгде заттардан тазалау;

- ауа өткізгіш қою;

- тамыр катетеризациясы;

- гипотензивті терапия: диуретиктер (фуросемид 20 мг, т/і, жылдам), ААФИ (энап 1,25 мг – 1,0 мл т/і), магнезия сульфат 25% - 10,0 мл, т/і, баяу.

- ылғалданған оттегі (20-30 атм.)

5. Науқасты жүргізу тактикасы:

- АҚҚ 20% төмендету;

- АҚҚ 20% төмендеп, барлық шараларды жүргізгеннен кейін неврологиялық стационардағы жан сақтау бөлімшесіне зембілмен тасымалдау.

 

№11 ЕСЕПКЕ ЖАУАПТАР

Қант диабетінің I типі (инсулинтәуелді), алғаш анықталған. Гипергликемиялық, кетоацидоздық кома. 1. Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:

- ЭКГ да: ырғағы синусты, дұрыс, ТҚЖ – минутына 70. ЖЭО қалыпты күйі;

- ҚЖТ: патологиясыз;

- коагулограмма: патологиясыз;

- БХТ: гиперкликемия.

- ЗЖТ: ацетонурия.

1. Ажыратпа диагностика гипогликемиялық комамен, лактоацидоздық және гиперосмостық комамен, қант диабетіне байланыссыз комалық жағдайлармен (церебральді, экзотоксикалық - инфекциялық және улану кезіндегі, метаболизмдік – уремиялық, бауырлық, тиреотоксикалық, гипотиреоидты, бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі кезінде, аралас).

2. Көмек көрсету алгоритмі: Регидратация (NaCl 0,9% ерітіндісі - 200,0 мл тамырішілік 10% дене массына дейін).

3. Науқасты қарау тактикасы:

- жан сақтау бөліміне зембілмен ЖМК көлігінде (стационарға барар жолда) инфузияны енгізуді жалғастырумен госпитализациялау.

 

 

№12 ЕСЕПКЕ ЖАУАПТАР

1. ЖРВИ. Стенозданған ларинготрахеит. II

2. дәрежелі стеноз.

3. Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:

- ҚЖТ: лейкоцитоз, ЭТЖ үдеуі;

- БХТ: патологиясыз;

3. Ажыратпа диагностика пневмониямен, дифтериямен, көмейдегі бөгде денелермен, бронх демікпесімен, жұтқыншақарты абсцеспен жүргізіледі.

4. Көмек көрсету алгоритмі:

- ылғалданған оттегімен ингаляция;

- димедрол 1% - 0,2 мл, папаверин 2% - 0,2 мл б/і;

- адреналин 0,18% - 0,4мл NaCl 0,9% ерітіндісі - 3 мл небулайзер арқылы

- преднизолон 30 мг б/і

5. Науқасты жүргізу тактикасы:

- тыныштық тәртіп: барлық шараларды отырған қалыпта сол орында жүргізу;

- ЖМК көлігінде (стационарға барар жолда, қажет болған жағдайда) оттегітерапияны жалғастыру;

- науқас баланы қолда ұстап инфекциялық ауруханаға тасымалдау.

 

№13 ЕСЕПКЕ ЖАУАПТАР

1. ЖКС. Клиникалық өлім (Аяқ асты өлім).

2. Ажыратпа диагностика әртүрлі генездің коматолық жағдаймен, биологиялық өліммен жүргізіледі.

3. Көмек көрсету алгоритмі (барлық шаралар сол орында 30 минут ішінде жүргізіледі):

- жүректің тікелей емес массажы – 30:2;

- Сафардың үштік тәсілі;

- трахея интубациясы және ЖӨВ аппаратпен;

- 0,1% адреналин ерітіндісі - 1,0мл NaCl 0,9% ерітіндісімен - 10,0 мл тіл астына;

- ЭИТ – жүрек дефибрилляциясы үш рет – 200,300,360 Дж, әрбір разрядтан кейін жағдайын бағалаумен (ұйқы артериясының тамыр соғысын тексере отырып);

- 2% лидокаин ерітіндісі - 6,0 мл эндотрахеялық;

- 360 Дж дефибриллятор разряды;

- 5% амиодарон ерітіндісі - 6,0 мл эндотрахеялық;

- 360 Дж дефибриллятор разряды;

- жан сақтау шараларын жасағаннан кейінгі жағдайын бағалау.

4. Науқасты жүргізу тактикасы:

- Сәтті жан сақтау кезінде (жүрек-қантамыр қызметінің қалпына келуі) ЖКС, МИ сияқты аурулар кезіндегі жүргізу тактикасы және науқасты басын жоғарылатқан күйде зембілмен жақын маңдағы жан сақтау бөліміне тасымалдау;

Жан сақтау шараларынан кейін өмірлік көрсеткіштері жоқ болған жағдайда биологиялық өлім белгіленеді.

 

№14 ЕСЕПКЕ ЖАУАПТАР

1. Өкпе артериясының орташа тармақтарының тромбоэмболиясы, оң жақ өкпенің инфаркті, жедел түрі.

2. Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:

- ЭКГ да: синусты тахикардия, ырғағы дұрыс, ТҚЖ – минутына 160. ЖЭО қалыпты күйі, I тіркемесінде S терең тісшесі, Q тісшесінің пайда болуы, ІІІ тіркемесінде Т теріс тісшесі және S терең тісшесі. ГШОА блокадасы, СЖҚГ белгілері;

- ҚЖТ: лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуласының солға жылжуы, ЭТЖ үдеуі;

- коагулограмма: гиперкоагуляция белгілері;

- БХТ: қабынудың арнайы емес белгілері (СРА++, КФК жоғары);

- кеуде клеткасының R-графиясы: өкпелік суреттің күшеюі, оң жақ өкпенің ортабөлігінде үшбұрышты көлеңкенің болуы, диафрагма доғасының жоғары тұруы, СЖҚГ белгілері.

3. Ажыратпа диагностикасы стенокардиямен, астмалық статуспен, пневмониямен, перикардитпен, миокардитпен, эндокардитпен, аортаның қатпарланған аневризмасымен, өкпенің ісінуімен жүргізіледі.

4. Көмек көрсету алгоритмі:

- наркотикалық анальгетиктермен ауырсыну синдромдарын басу (морфий 1% - 1,0 мл., NaCl 0,9% - 10,0 мл. ерітіндісіне су қосылған, т/і баяу);

- оттегітерапия (жұмсақ оттегі – 30-40 атм.);

- перифериялық катетермен көктамыр катетеризациясы;

- антиагрегатты және антикоагулянтты терапия (гепарин 10000 бірл., т/і баяу; ацетилсалицил қышқылы 250,0 мг, шайнау);

- тромболитикалық терапия (альтеплаза – 15,0 мл, т/і, жылдам, кейін – 50,0 мл, т/і, тамшылай);

- бронхолитикалық терапия: сальбутамол 2 мөлшерде, ингаляция немесе небулайзер арқылы; 2,4% - 10,0 мл эуфиллин ерітіндісі, т/і – баяу; 90-120 мг, т/і преднизолон, жылдам;

- науқасты жақын маңдағы жан сақтау бөліміне басын көтерген бойда зембілмен тасымалдау.

5. Науқасты жүргізу тактикасы:

- тыныштық тәртіп: барлық шараларды жатқан күйде жүргізу (төсекте немесе зембілде);

- стационарға барар жолда ЖМК көлігінде ерітіндіні енгізуді жалғастыру;

- науқасты жан сақтау бөлімі бар кардиологиялыық стационарға басын көтерген бойда зембілмен тасымалдау;

- қажет жағдайда (қанайналым тоқтаған жағдайда) – ЖӨР: ЖӨВ, жүрекке тікелей емес массаж, дефибрилляция, 0,18% - 1,0 мл адреналин ерітіндісі, тіластына немесе кететерленген көктамырға.

 

 

№15 ЕСЕПКЕ ЖАУАПТАР

1. М

1. Мүсәтір қышқылымен жедел улану. Суицидтік талап. 2.Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:

- ҚЖТ: патологиясыз;

- коагулограмма: патологиясыз;

- БХТ: патологиясыз.

3. Ажыратпа диагностика басқа химиялық заттармен (сілті, хлор), дәрілік заттармен уланумен жүргізіледі.

4. Көмек көрсету алгоритмі:

- көктамырды перифериялық катетермен катетерлеу;

- ауырсынуды басу – жартылай наркотикалық анальгетиктермен (трамадол 100 мг, т/і, баяу), спазмолитиктермен (папаверин 2% - 2,0 мл, б/е);

- асқазанды назогастралды зонд арқылы, суық сумен жуу (6 л-ге дейін);

- дезинтоксикациялық терапия: 0,9%-200,0 NaCl ерітіндісі, т/і, тамшылай; 40%-40,0 мл глюкоза ерітіндісі, т/і, жылдам;

- қабынуға қарсы ем: преднизолон 90-120 мг, в/в, струйно; атропин 0,1%-1,0 мл, тері астына.

5. Науқасты жүргізу тактикасы:

- тыныштық тәртіп: барлық шараны отырған және жақан күйде жүргізу;

- инфузиялық терпапияны ЖМК көлігінде (стационарға апару жолында) жалғастыру;

- науқасты назогастралды зондпен, зембілде токсикология бөлімшеміне тасымалдау.

 

№16 ЕСЕПКЕ ЖАУАПТАР

Сол жақтық ашық пневмоторакс. Сол жақ 6-7 қабырғаның жабық сынуы.

1. Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:

- ҚЖТ: патологиясыз;

- коагулограмма: патологиясыз;

- өкпенің рентгенографиясы: сол жақ өкпенің коллапсы, орталық-бұғана сүйек сызығы бойынша сол жақ 6-7 қабырғаның сынуы.

2. Ажыратпа диагностика қабырғаның сынуымен, жабық пневмоторакспен, жүрек, өкпе соғылумен, жүрек тампонадасымен жүргізіледі.

3. Көмек көрсету алгоритмі:

- жараның инфекциялануымен күрес: жараны сутегі тотығы ерітіндісімен өңдеу, асептикалық таңғышпен таңу;

- окклюзиялық таңғышпен таңу;

- оттегітерапия (40-60 атм.);

- ауырсыну синдромын наркотикалық немесе жартылай наркотикалық аналгетиктармен басу (трамадол 100 мг, т/і, баяу);

4. Науқасты жүргізу тактикасы:

- тыныштық тәртіп: барлық шараны отырған күйде жүргізу;

- науқасты отырған қалыпта зембілмен жақын маңдағы хирургиялық бөлімге тасымалдау.

 

 

№17 ЕСЕПКЕ ЖАУАПТАР

1. ST сегментінің көтерілісімен жедел коронарлы синдром. (ST сегментінің көтерілісімен СЖҚ алдыңғы қабырғасының жедел МИ).

2. Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:

- ЭКГ да: синусты тахикардия, ырғағы дұрыс, ТҚЖ – минутына 120. ЖЭО оңға жылжуы, I, V1-5 тіркемесінде ST сегментінің көтерілуі, ІІІ, aVF тіркемелерінде реципрокты өзгерістер. R тісшесінің вольтажының төмендеуі;

- ҚЖТ: лейкоцитоз, ЭТЖ үдеуі;

- коагулограмма: гиперкоагуляция белгілері;

- БХТ: қабынудың арнайы емес белгілері (СРА++, КФК жоғары), миокард некрозының белгілері.

3. Ажыратпа диагностикасы стенокардиямен, ӨАТЭ, ӨСОА, пневмониямен, перикардитпен, миокардитпен, эндокардитпен, аортаның қатпарланған аневризмасымен, жедел ішпен, невралгиямен жүргізіледі.

4. Көмек көрсету алгоритмі:

- нитраттар (изокет – аэрозоль, 2 мөлшерде, сублингвальді);

- көктамырдың перифериялық катетермен катетеризациясы;

- наркотикалық анальгетиктермен ауырсыну синдромдарын басу (морфий 1% - 1,0 мл., NaCl 0,9% - 10,0 мл. ерітіндісіне су қосылған, т/і баяу);

- оттегітерапия (жұмсарған оттегі – 30-40 атм.);

- антикоагулянтты и антиагрегантты терапия (гепарин 4000 бірл., т/і баяу; ацетилсалицил қышқылы 250,0 мг, шайнау; клопидогрель – 300,0 мг, ішке);

- тромболитикалық терапия (альтеплаза – 15,0 мл, т/і, жылдам, кейін – 50,0 мл, т/і, тамшылай);

- шокқа қарсы терапия (200,0 мл реополиглюкин ерітіндісі; допамин 4%-5,0 мл NaCl 0,9% - 400,0 мл ерітіндісінде, т/і, 5-8 там./мин. Жылдамдықпен тамшылай);

- перифериялық катетермен көктамыр катетеризациясы;

- науқасты жан сақтау бөлімі бар кардиологиялыық стационарға басын көтерген бойда зембілмен тасымалдау.

5. Науқасты жүргізу тактикасы:

- тыныштық тәртіп: барлық шараларды жатқан күйде жүргізу (төсекте немесе зембілде);

- стационарға барар жолда ЖМК көлігінде ерітіндіні енгізуді жалғастыру;

- науқасты жан сақтау бөлімі бар кардиологиялыық стационарға басын көтерген бойда зембілмен тасымалдау.

 

 

№18 ЕСЕПКЕ ЖАУАПТАР

2. Жүктілік 30 апта. Преэклампсияның ауыр дәрежесі. Теміртапшылық анемия, I дәрежесі.

2. Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:

- ҚЖТ: анемия, ЭТЖ үдеуі;

- коагулограмма: гипергликемия;

- ЖЗТ: протеинурия, лейкоцитурия.

3. Ажыратпалы диагностика плацентаның қабатталуымен, ТИА, гипертониялық кризбен, симптомдық гипертензиямен.

4. Көмек көрсету алгоритмі:

- тамырдың перифериялық катетермен катетеризациясы;

- гипотензивті терапия: магнезия сульфат 25% - 20,0 т/і баяу, нифедипин 10 мг сублингвальді, NaCl 0,9% ерітіндісі - 360,0 мл 25% магнезия сульфатымен - 80,0 т/і тамшылай;

- науқасты басын көтерген бойда зембілмен үшінші деңгейлі перзентханаға тасымалдау.

5. Науқасты жүргізу тактикасы:

- тыныштық тәртіп: барлық шараларды жатқан күйде жүргізу(төсекте немесе зембілде) жүргізу;

- тасымалдау кезінде инфузиялық терапияны жалғастыру;

- науқасты басын көтерген бойда зембілмен үшінші деңгейілі перзентханаға тасымалдау.

 

№19 ЕСЕПКЕ ЖАУАПТАР

1. ST сегментінің көтерілісімен жедел коронарлы синдром (ST сегментінің көтерілісімен СЖҚ артқы қабырғасының жедел МИ, абдоминалды формасы, жедел кезеңі).

2. Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:

- ЭКГ да: ырғақ синусты, дұрыс, ТҚЖ – минутына 75. ЖЭО қалыпты күйі, II, III, aVF тіркемесінде ST сегментінің көтерілуі, aVL, V1-4 тіркемелерінде реципрокты өзгерістер. СЖҚГ белгілері;

- ҚЖТ: лейкоцитоз;

- коагулограмма: гиперкоагуляция белгілері;

- БХТ: қабынудың арнайы емес белгілері (СРА+, КФК жоғары), гипергликемия.

3. Ажыратпа диагностикасы стенокардиямен, жедел ішпен, аортаның құрсақ бөлімінің қатпарланған аневризмасымен, ЖІИ, ТТИ.

4. Көмек көрсету алгоритмі:

- нитраттар (изокет – аэрозоль, 2 мөлшерде, сублингвальді);

- перифериялық катетермен көктамыр катетеризациясы;

- наркотикалық анальгетиктермен ауырсыну синдромдарын басу (морфий 1% - 1,0 мл., NaCl 0,9% - 10,0 мл. ерітіндісіне су қосылған, т/і баяу);

- оттегімен емдеу (жұмсарған оттегі – 30-40 атм.);

- антикоагулянтты және антиагрегантты терапия (гепарин 4000 бірл., т/і баяу; ацетилсалицил қышқылы 250,0 мг, шайнау; клопидогрель – 300,0 мг, ішке);

- тромболизистік терапия (альтеплаза – 15,0 мл, т/і, жылдам, кейін – 50,0 мл, т/і, тамшылатып);

- науқасты жан сақтау бөлімі бар кардиологиялыық стационарға басын көтерген бойда зембілмен тасымалдау.

5. Науқасты жүргізу тактикасы:

- тыныштық тәртіп: барлық шараларды жатқан күйде жүргізу (төсекте немесе зембілде);

- стационарға барар жолда ЖМК көлігінде ерітіндіні енгізуді жалғастыру;

- науқасты жан сақтау бөлімі бар кардиологиялыық стационарға басын көтерген бойда зембілмен тасымалдау.

 

№20 ЕСЕПКЕ ЖАУАПТАР

1. ST сегментінің көтерілісімен жедел коронарлы синдром. І-ІІ дәрежесіндегі кардиогенді шок (ST сегментінің көтерілісімен жедел МИ, І-ІІ дәрежесіндегі кардиогенді шок).

2. Тексеру нәтижесінің интерпретациясы:

- ЭКГ да: синусты тахикардия, ырғағы дұрыс, ТҚЖ – минутына 100. ЖЭО қалыпты күйі, II, III, aVF тіркемесінде ST сегментінің көтерілуі, aVL, V1-4 тіркемелерінде реципрокты өзгерістер. СЖҚГ, ГШОА блокадасының белгілері;

- ҚЖТ: лейкоцитоз, ЭТЖ үдеуі;

- коагулограмма: гиперкоагуляция белгілері;

- БХТ: қабынудың арнайы емес белгілері (СРА++, КФК жоғары), миокард некрозының белгілері.

3. Ажыратпа диагностикасы стенокардиямен, ӨАТЭ, өкпе ісінуімен, перикардитпен, миокардитпен, эндокардитпен, аортаның қатпарланған аневризмасымен жүргізіледі.

4. Көмек көрсету алгоритмі:

- наркотикалық анальгетиктермен ауырсыну синдромдарын басу (морфий 1% - 1,0 мл., NaCl 0,9% - 10,0 мл. ерітіндісіне су қосылған, т/і баяу);

- оттегітерапия (жұмсарған оттегі – 30-40 атм.);

- көктамырды перифериялық катетермен катетеризация;

- антикоагулянтты және антиагрегантты терапия (гепарин 4000 бірл., т/і баяу; ацетилсалицил қышқылы 250,0 мг, шайнау; клопидогрель – 300,0 мг, ішке);

- тромболитикалық терапия (альтеплаза – 15,0 мл, т/і, жылдам, кейін – 50,0 мл, т/і, тамшылай);

- шокқа қарсы терапия (200,0 мл реополиглюкин ерітіндісі; допамин 4%-5,0 мл NaCl 0,9% - 400,0 мл ерітіндісінде, т/і, 5-8 там./мин. жылдамдықпен тамшылай);

- науқасты жан сақтау бөлімі бар кардиологиялық стационарға басын көтерген бойда зембілмен тасымалдау.

5. Науқасты жүргізу тактикасы:

- тыныштық тәртіп: барлық шараларды жатқан күйде жүргізу (төсекте немесе зембілде);

- стационарға барар жолда ЖМК көлігінде ерітіндіні енгізуді жалғастыру;

- науқасты жан сақтау бөлімі бар кардиологиялық стационарға басын көтерген бойда зембілмен тасымалдау.


 

 

нің интерпретациясы:

 

 


 

 


 


Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 187 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Анализ конкурентоспособности ОАО «САН ИнБев» | 2. В каких случаях предприятия прибегают к эмиссии облигаций?

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.07 сек.)