Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы.



Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы.

№ 1 гигиена кафедрасы (жалпы гигиена)

 

Студенттер үшін

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ.

Тақырыбы: Үйлердің ауасының химиялық және бактериялармен ластануын, табиғи жіне жасанды желдетудің тиімділігін гигиеналық бағалау. Бөлмеге күн сәулесінің түсу режимін, табиғи және жасанды жарықты гигиенгалық бағалау.

Курс: 3

 

 

 

 

Қарағанды – 2005ж.

 

1.Тақырыбы: Үйлердің ауасының химиялық және бактериялармен ластануын, табиғи жіне жасанды желдетудің тиімділігін гигиеналық бағалау. Бөлмеге күн сәулесінің түсу режимін, табиғи және жасанды жарықты гигиенгалық бағалау.

2.Оқу сағатының саны: 2 сағ. (90 минут).

3.Тақырыптың өзекті мәселесі (оқу дәлелдемесі): Адамның ұйқыдан басқа барлық өмірінің бәрі жарықта өтеді. 85 % - ке дейін сыртқы ақпаратты көз арқылы қабылдайды. Көз анализаторы арқылы 390 – 795 мкм ұзындықтағы ЭМ толқындар қабылданады.

Жарық адамның жұмысқа қабілетіне, тәртібіне және өміріне оңтайлы әсер етеді. Сонымен қатар, адамның психикасына әсер ететін эмоционалдық фактор болып табылады. Жұмыс орнының жарықтану интенсивтілігі көздің көруінің бұзылуының алдын алуда үлкен маңызды роль атқарады. Жұмыс орнының жеткіліксіз жарықтануы кәсіптік орнының көрмеу сырқатын тудырады.

Жарықтандырылуы ұтымсыз ұйымдасқан және нашар жарықтандырылған жерде жұмыс істеу салдарынан адамның ақыл – ой шаршауы және координацияның бұзылуы байқалады.

Элекроэнергияның көп мөлшері көшелерді, әр түрлі бағыттағы ғимараттардың жарықтануына (тұрғын үйлер, өндірістер, ЕПМ және т.б.) пайдаланады.

Сондықтан ұтымсыз және нашар жарықтандыру салдарынан жұмыс қабілетінің төмендеуі және қажудың, көздің көру функциясы бұзылуының алдын алу мақсатында жарықты ғылыми – негізді гигиеналық нормалау маңызды орын алады.

Атмосфералық ауаның механикалық құрамы негізгі газдар (азот, оттегі, көмірқішқіл газы), су булары, шаң бөлшектері мен микроорганизмдерден тұрады.



Атмосфералық ауаның құрамы тұрақтылықпен ерекшеленеді, ол ауада жүріп жатқан фотосинтез процестерімен байланысты (оттегі мен көмірқышқыл газының айналымы, органикалық заттардың ыдырауы, азотты тасымалдаудағы өсімдік және жан – жануарлардың қатысуы және т.б.).

Бөлме ішіндегі ауаның құрамы сыртқы ортадан өзгеше болады, себебі ауаның химиялық және физикалық қасиетіне әсер ететін көз бар.

Адам бар бөлмелер антропотоксиндермен ластанады. Тұрғын бөлмелердің санитарлық тазалығының көрсеткіші болып көмір қышқыл газының концентрациясы алынады. Көмірқышқыл газының көлемі бойынша бөлменің желдетілуі және аэрациялану тиімділігі бағалы болады.

Желдету және аэрация тұрғын, өндірістік және ЕПМ бөлмелерінің ауасын сауықтандыру бойынша шаралардың маңызды жүктемесі болып табылады.

4.Сабақтың мақсаты: Бөлмелерді табиғи және жасанды желдету мен жарықтандыру жұмысының маңыздылығы, бұл факторлардың әсерінен организмдегі пайда болған өзгерістерді оқу және зиянды әсерлерінің алдын алу шараларын өңдеуге үйрету.

Студент білуге тиіс:

  1. Бөлмелерді табиғи және жасанды жарықтандыруды бағалау әдістерін және оның гигиеналық маңызын.
  2. Күн спектрінің әр түрлі бөлімдерінің гигиеналық маңызын.
  3. Бөлменің тағайындалуы бойынша жарықтану деңгейін зерттеу әдістерін.
  4. Желдеткіштер мен ауа жаңарту түрлерін.
  5. Көмірқышқыл газы концентрациясы, ауа алмасу жиілігінің көрсеткіштері арқылы табиғи желдету жүйелерінің тиімділігін бағалау әдістерін меңгеру.
  6. Өндірістік бөлмелердегі табиғи желдету жүйесін ұйымдастыру принциптері.

Студент істей білуі керек:

1. Люксметрмен жарықты өлшеуді.

  1. Табиғи жарық коэффициентін, жасанды жарықты, түсу бұрышы және саңылау бұрышы көрсеткіштерін анықтауды.
  2. Шамдардың және люксметрдің көмегімен жасанды жарықтандыруды меншікті қуаты бойынша есептеу.
  3. Бөлмедегі ауа алмасу жиілігін, желдетілу көлемін, көмірқышқыл газы концентрациясы бойынша желдету көлемін анықтауды.
  4. Экспресс әдіс бойынша тұрғыын бөлмелердің, қоғамдық ғимараттардың, ЕПМ – ң бөлме ауасындағы көмірқышқыл газының концентрациясын анықтауды.
  5. Жүргізілетін зерттеулер бойынша гигиеналық баға беруді.
  6. Ауадан сынама алу тактикасын.

5. Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:

Негізгі білім бойынша:

1. Адам организмінің жылу алмасуының ерекшелігі. Химиялық және физикалық жылу алмасу.

2. Метерологиялық факторлардың адам организміне жиынтық әсері.

3. Кататермометрия – адамның жылу көңіл-күйін бір көрсеткіш бойынша бағалау әдісі.

4. Кататермометрлер жүйесі және олардың жұмыс ережесі.

5. Адамның жылу көңіл-күйін кататермометр көрсеткіштері бойынша бағалаудың кемдігі.

6. Ауаның жылдамдығын кататермометр арқылы есептеу.

7. Метерологиялық факторлардың адам организміне құрама әсерін бағалауының физиологиялық тәсілі (топты термометрия).

8. Эффектік температуралар дегеніміз не және олардың кемдігі, результаттық температуралар дегеніміз не?

 

Осы сабақтың тақырыбы бойынша:

1. Бөлменің табиғи және жасанды жарықтануын гигиеналық бағалау.

2. Табиғи және жасанды жарықтандыруды бағалаудың есептік әдістері.

3. Табиғи жарықтың негізгі көрсеткіштеріне сипаттама (ТЖК, ЖК, түсу бұрышы, саңылау бұрышы, тереңдік коэффициенті, КК, түзеу коэффициенті және т.б.).

4. Желдету жүйелері, аэрация және желдету маңызы.

5. Желдету көлемі және қажетті желдету көлеміне түсінік.

6. Ауа алмасу жиілігі және оны нормалау.

 

  1. Ақпараттық – дидактикалық блок.

1 Адамның тарихи дамуы бойынша ең күшті жарық, адамның өмір сүруіне қажет күннің жарығы. Күннің жарығы ауаның тұнықтығына жарықтың үштен бір бөлігшін алады, ал жарықтың жеткіліктілігін анықтағанда негізгі белгі аспаннан шашыраңқы жарықтағы маңызды жерден және қарама – қарсы тұрған ғимараттардан шағылысқан жарық.

Бөлмелердің жаратылыс жарығының өнімділігі біріншіден терезенің жарық бетіне байланысты. Бөлмелердегі терезелердің жарық беті неғұрлым көп болса, соғұрлым жарық жақсы болады.

Терезенің жарық бетінің өзара еденнің ауданына қатынасы жарық клэффициенті деп аталады (ЖК). Гигиеналық нормалар боцынша жарық коэффициентінің шамасы бөлмелерге байланысты әртүрлі болады, олар не үшін пайдаланады. Мектеп, аурухана шеберханаларда ЖК 1/4 - 1/5, кісі тұратын бөлмелерде 1/8 – 1/10.

Жарық коэффициентінің шамасы бойынша жұмыс орнындағы жарықты бағалауға болмайды, өйткені ол жұмыс орнының терезеден қашықтығына, биіктігіне, пішініне байланысты. Бұл кемдікті бір жағынан жарық бұрыштарын өлшеу арқылы толтырады (геометриялық әдіс).

ТҮСУ БҰРЫШЫ – екі сызық арқылы құралады, олар анықтау нүктесінен (жұмыс орнынан) басталып, терезенің үстіңгі ернеуіне дейін және еден мен терезеге параллельді өтеді. Неғұрлым жұмыс орны терезеден алысырақ болса, соғұрлым бұрышы аз болады, сондықтан жарық шамалы болады, ал бұрыш 27 град – кеп болмау керек.

САҢЫЛАУ БҰРЫШЫ - сызықтар арқылы екі сызық арқылы құрылады, олар анықтау нүктесінен (жұмыс орнынан) басталып, терезенің үстіңгі ернеуіне дейін және еден мен терезеге паралелльді өтеді. Неғұрлым жұмыс орны терезеден алысырақ болса, соғұрлым бұрышы аз болады, сондықтан жарық шамалы болады, ал бұрышы 27 0 – тан кем болмауы керек.

Бөлменің табиғи жарығына айтылған көрсеткіштерден басқа, басқаша факторлар көп ықпал көрсетеді:ендік, күннің ұзақтығы, ғимараттың бағдарлауы (ориентация), метеорологиялық жағдайлар, көшенің ені, үйдің қабаттылығынан, терезенің шынысының тазалығынан, бөлмедегі қабырғалардың бояуынан. Соның ішінде ашық түске боялған қабырғалар жарықты 20 – 25 % - ке көбейтеді.

Табиғи жарықтың тұрақсыздығы бірнеше минуттың арасында жылдам өзгере алады, табиғи жарықты жарық арқылы бағаламайды (жасанды жарықты бағалағандай), оны табиғи жарық (ТЖК) коэффициенті бойынша бағалайды (есеп айыратын әдіс).

Табиғи жарықтың коэффициенті дегеніміз - өзара байланыс, бөлме ішіндегі табиғи жарықтың сырттағы табиғи жарыққа, ол ашық аспанның жарығынан пайда болады, мынадай түрмен есептелінеді:

Мi

ТЖК = ______________ х 100 %

Ме

 

Сырттағы аспанның жарығының қандай бөлімін бөлме ішіндегі жарықтың коэффициенті көрсетеді. Табиғи жарықтың коэффициентінің маңызы көру жұмыстарының дәлшілдік разрядтарына байланысты. Норма бойынша 8 разряд болады.

 

ТАБИҒИ ЖАРЫҚ КОЭФФИЦИЕНТІНІҢ МАҒЫНАСЫ ЕМДІК – ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДЕ

 

Көру жұмысының мінездемесі

Ең аз мөлшер объекті ажыратқанда (мм)

Көру жұмысының разряды

Т бүйірден түсіп тұрған табиғи жарық (%)

Бөлмелер

Ең жоғарғы дәлшілдік

0,15 – 0,3

П

2,5

Операция жасалатын бөлмелер, операциялық блок

Орташа дәлшілдік

0,5 – 1,0

I U

1,0

Емдеу процедурасын өткізетін бөлме, бокстар

Аз дәлшілдік

1,0 – 3,0

U

1,0

Оңашалайтын үйлер, палаталар

Дөрекі

5 – тен көбірек

U I

0,5

Дәрігерлер бөлмелері, регистратура

 

Бөлмедегі инсоляциялық тәртіптің анықтауын «Зертханалық сабақтарға қолдама» деген кітаптың 83 – 84 бетінен оқыңдар.

 

Жасанды жарықтандыру.

 

Жасанды жарықтандырудың мағынасы төтенше (чрезвычайно) маңызды, барлық адам істейтін өндірістік қызметтерге, оның мәдениеті мен тұрмысына. Қазіргі уақытта жасанды жарық үшін электр энергиясын қолдануға бізде мүмкіншілік бар. Отандық өнеркәсіп әртүрлі қажетке арналған шамдар шығарады: қызу шамын, люминисценттік және т.б. газоразрядтық көз жарығын. Шамның керек түрін таңдап алып, жарықтың керек шегін және түсін қабылдауын жасауға болады.

Қазіргі уақытта көз жарығын таңдағанда, басқа шамдардың арасында люминисценттік шамдарды жоғары бағалайды, өйткені олар қызу шамдарға қарағанда көп гигиеналық, жарық техникалық, экономикалық артықшылығы бар. Отандық өнеркәсіп шығаратын люминисценттік шамдар спектрлік мінездемесі бойынша әртүрлі болады: күндізгі шамдар (ШК), күңгірт ақ шамдар (ШКА), суық ақ шамдар (ШСА), ақ шамдар (ША), түс берілісі дұрысталған шамдар.

«Санитарлық нормалар мен ережелер П – А, 9 - 71» ұсынады, қоғам үйлерге жарық түсіру үшін көбінесе ақ, күңгірт ақ люминисценттік шамдарды қолдануға, егерде түс беріліске арнайы талап қойылмаса.

Жасанды жарық ауруханалар мен емханаларда «санитарлық нормалар мен ережелер П – Л, 970» бойынша сәйкес нормаланады, бөлменің функционалдық белгілеуіне байланысты. Жарық нормалары арнайы люминисценттік жарыққа және қызу шамдарға келтіреді.

Люминисценттік жарық тек дәл түс беруі керегі жоқ жұмыстар өткізетін бөлмелерде ғана қолданылады (манипуляция жасайтын, қосымша бөлмелерде). Қызу шамдар операция, таңу өткізетін бөлмелерде, шоктан шығарылған кабинетте, дәрігерлер

кабинеттерінде және т.б. бөлмелерде пайдаланылады, қай жерде дәл түс беруі қажет. Қызу шамдарды қолданғанда жарық нормасы операцияға дайындайтын, таңу ранимациялық және препарация өткізетін бөлмелерде 150 лк – дан кем болмау керек, ал дәрігерлер кабинеттерінде 100 лк.

Люминисценттік жарық пайдалануға болатын бөлмелерде, жарық шегі нормаланады, рентген кабинеттерінде 100 лк кем емес, емдеу денешынықтыру кабинеттерге, флюорография, механотерапия, эндоскопия, электрокардиография, массаж, ингаляция, электр жарық емдеу және прививка істейтін кабинеттерге 150 лк болмау керек.

Ауруханалардың операция жасайтын бөлмелеріндегі үстелдерге жарық түсіру үшін жергілікті көлеңке түсірмейтін шамдар қолданылады. Операция жасайтын үстелдің жарығы 3000 лк кем болмау керек (орташа 1000 лк және одан да көп, операцияның түрімен қиындығына байланысты).

Жарық мінез бойынша бөлмеде болады: жалпы жарық – барлық бөлмелерге көп жарық түсіп тұрғанда, жергілікті жұмыс орнына ғана жарық түсіп тұрғанда, бөлменің басқа жерлеріне жарық түспейді. Араласқан жарық – табиғи жарық пен жасанды жарық қосылғанда. Біріктірілген – жалпы жарық пен жергілікті жарық бірге пайдаланғанда.

Барлық бөлмелердегі, әлде кейбір жұмыс орнындағы жасанды жарықты бағалағанда мына гигиеналық талаптарды ұмытпау керек:

1. Бөлмелердің әлде жұмыс орындарының жарығы жеткілікті болуы керек.

2. Жұмыс орнына ғана жарық түсіп, басқа жер қараңғы болып тұруға болмайды.

3. Жарық біркелкі болу керек.

4. Көз жарығы шатына тұруға болмайды.

5. Көз жарығы тиімді, қолданғанда қорықпайтындай болу керек және бөлмедегі микроклимат пен ауаның химиялық құрамын өзгертпеу керек.

 

ЖЕЛДЕТУГЕ (ЖАҢАРТУ) ГИГИЕНАЛЫҚ БАҒА.

Жабық бөлмелердің ауасы әртүрлі себептердің әсерінен өзгереді. Адамдардың әртүрлі тұрмыстық және өндірістік жұмыс атқарғанда үйдің ауасында жиналған атық жылылықты, ылғалдылықты және зиянды газдардың әртүрлі қоспаларын жүйелі вентиляция арқылы уақытында сыртқа шығарылады. Баспаналар мен жабық бөлмелердің аусы жаңарып отырмау салдарынан, оны химиялық құрамы өзгеріп, адам денсаулығына зиянды әсерін тигізеді, немесе әртүрлі өкпенің, жүректің, бүйректің және т.б. аурулардың пайда болуымен қатар, олардың асқынуына себепкер болады. Әртүрлі иістер және антрокотоксиндер – тіршілік әрекетінің заттары – адамға дерттік әсерін тигізеді. Антротоксиннің құрамында диметиламин, сүттегі күкірт, сірке қышқылы, ацетон, фенол, азот тотықтары және басқа да улы заттарда бар ауамен дем алғанда адамның жүйке жүйесімен халінің нашарлайтындығы анықталған (басының ауруы, тәбетінің жоғалуы, жұмыс қабілетінің төмендеуі т.б.).

Желдету мен желдету қондырғыларының негізгі мақсаты бөлмелердегі ауаны таза ауамен алмастыру, ауаның алғашқы физикалық және химиялық қасиеттерін қалпына келтіреді.

 

ЖЕЛДЕТУ ТАБИҒИ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ БОЛУЫ МҮМКІН.

Табиғи желдету дегеніміз – бөлме ауасының көптеген айналмалық жолмен әртүрлі саңылаулар, кәуектер, терезелер мен есіктердің ойықтары және құрылыс материалдарының ұсақ торлары арқылы сүзілу (фильтрация) және ашпалы әйнек (форточка) сияқты табиғи желдетілуді күшейтетін жасандылар арқылы алмасуы. Осы жағдайларда ауаның алмасуы тек бөлменің ішімен сыртындағы оның температурасы мен желдің қысымының айырмашылығы арқылы болады.

Бөлмені желдетудің ең ыңғайлысы терезелердің жоғарғы жағында орналасқан фрамугтарды пайдалану. Олар желдің қысымын азайтып, суық ауаны жылы ауамен араластырып, кісілердің дем алу аймағына жеткізеді. Бөлмені жеткілікті желдету үшін фрамугтың ауданының еденнің ауданына еі екм деген қатынасы 1:50 тең, яғни ауданы 50 м 2 тең бөлмеге 1 м 2 фрамуг не форточка керек.

Қоғамдық кісілер көп жиналатын ғимараттар мен ауасы ластанатын бөлмелерде табиғи желдету жеткіліксіз болуы мүмкін және жылдың салқын айларында денсаулыққа залалды суық ауа ағысының пайда болатындығынан оны қолдануға болмайды. Сондықтан, температураның ауытқуымен желдің қысымына байланыссыз сыртқы ауаны жылытатын және тазартатын жасанды механикалық желдетілуді қолданады. Олар жеткілікті, орталықты және шарты (кондицированная) болып үш топқа бөлінеді. Жергілікті желдету тек бір бөлмені не бір ғана жұмыс орнының ауасын алмасытырады, ал орталықты бүкіл ғимараттың ауасын алмастырады.

Ауаны шарттау дегеніміз шағын ықылымның (температурасы, ылғалдылығы, қозғалысы) үйлесімді жағдайын жасап, оның тазалығын белгілі уақытқа дейін машықтап, сыртқы жағдайларға тәуелсіздеу.

Бөлмеге кірген ауаны – үстелеу, ал шығатынын – сору дейміз.

Таза ауаны бөлмеге жіберетін желдету жүйесін үстелеуші, ал ластанған ауаны – сорушы дейді. Шаңды үстелеу ауасын (+) белгісімен, ал сору ауасын (-) белгісімен белгілейміз.

Үстелеу мен сору ауаларының көлемі көп жағдайда тең, не үстелеу артық, ал кейде сору ауасы артық болуы мүмкін. Мысалы: әртүрлі булануды болдырмау үшін сору желдетілуін үстелеуден артық жасайды. Операциялық, босану және перзенттік бөлмелерде тазалық пен шағын ықылымның бір қалыптығын сақтау үшін, үстелеу ауасының көлемі сору ауасынан артық болуыға тиісті, өйткені, артық ауа көрші бөлмелерге ауысады да, олардың лас ауасын ішке кіргізбейді.

Желдету жүйесі мен жабдықтарға мынадай негізгі талаптар қойылады:

  1. Ауаның тазалығын қамтамасыз ету.
  2. Жағымсыз және жоғарғы ауа жылдамдығын болдырмау.
  3. Жылу жүйесімен бірге шағын ықылымның сай өлшемдерінің бір қалыптығын сақтау.
  4. Тоқтаусыз және қолайлы пайдалануы.
  5. Біркелкі жұмыс істеуі.
  6. Шусыз және қауіпсіз болуы.

Қажетті ауа алмасуды анықтайтын белгі бөлмелердің керектігіне байланысты ауысады. Мысалы: майыша жаңбырша кір жуатын үйлер үшін желдетудің есебіне ауаның шектелген температурасы мен ылғалдылығын пайдаланады. Баспаналардың желдетілу есебіне көмірқышқыл газының шамасын ескереді. Кейінгі кездерде бұл үшін антропотоксиндердің бөлме ауасында жиналуын пайдаланады, бірақ оларды анықтау өте қиын болғандықтан көп қолданылмай жүр.

Баспана бөлмелеріндегі ауада көмірқышқыл газының гигиеналық мөлшерін М.Петтенкофер 0,07 пайыз деп есептейді, ал К.Флюрге – 0,1 пайыз, О.Б.Елисова – 0,05 пайыз. Жалпы қабылданған баспана бөлмелеріндегі көмірқышқыл газының ауада жиналуы 0,1 пайыз. Бұл шамамен ауаның адамдарболуымен ластануын бағалауға болады. Көмірқышқыл газы адамның тіршілік әрекетінен ауада жиналады және ол басқа да зат алмасудың көрсеткіштерінің дережесіне тікелей байланысты.

Тердің, майдың, тістің кірінің, демнің булары ауаны бұзып, оны адамның денсаулығы мен хал жағдайына қолайсыз қылады. Көмірқышқыл газы 0,1 пайыздан асса, адамға ауа қолайсыздығы байқалған, ал ол осы шамада организмге өз бетінше зиян жасамайды.

Көмірқышқыл газының ауада жинақталуын анықтау антропотоксиндерді (қошиісті) анықтаудан көп жеңіл болғандықтан, тазалық сақтау тәжірибесінде баспана бөлмелері мен қоғамдық үйлердің ауасының ластануының дәрежесін бағалағанда осы газдың пайыздық мәнін пайдаланады.

Баспаналардың ас бөлмелерінен тазалық талаптарының желдетілуін ұйымдастыруға аса зор көңіл бөлінуге тиісті. Өйткені, жеткіліксіз ауа алмасуы н,е дұрыс жұмыс істемейтін сору құбыры осы бөлмелермен қоса басқа бөлмедердің де ауасының құрамын жарамсыз етеді. Себебі, тұрмыстық жайда қолданылатын газ пәтерлердің ауасын қосымша көмірқышқыл газымен, көмір тотығымен, ылғалдылықпен және т.б. улы заттармен қосымша көзі. Осымен бірге газ жанғанда ауада ауыр иондар тым көбейеді.

Дұрыс ауа алмаспаған және желдетілмеген бөлмелерде тірілер (микробтар) көп болады. Мұның емдік – профилактикалық (сақтық) мекемелері үшін маңызы зор. Дұрыс ұйымдастырылған желдету әуе – тамтылық кеселерінің (инфекция) таралуына жол бермейді.

Қажетті ауа көлемін есептеу негізіне көмірқышқыл газының гигиеналық рұқсаттық мөлшері – 0,1 пайыз, елді мекендердің атмосфералық ауасында – 0,04 пайыз.

Бір адам бойынша гигиеналық шарт бойынша сағатына 37,7 текше метр ауа қажет. Бірақ, толық зерттеулер бойынша толық үптеген жағдай үшін баспанадағы бір адамға 60 – 120 м 3 / сағат ауа қажет.

Желдетудің тиімділігін байқау үшін ең алдымен мыналарды бағалау керек:

1. Ауаның жайы – температурасы, ылғалдылығы, улы заттардың булары, тіттей тірілер, көмірқышқыл газының тексерілетін бөлмеде болуы.

2. Желдетілудің көлемі – желдету жабдықтарымен сағатына берілетін және шығарылатын ауаның м 3 көлемі. Бұл көрсеткіш бөлмедегі адамдардың санын, бөлменің көлемін, ауаның ластануын есептеу арқылы бағаланады.

3. Ауа алмасуының еселік коэффициенті (шамасы) – тексерілетін бөлменің ауасының бір сағатта неше рет алмасуы. Баспана бөлмелері үшін бұл коэффициенті – 2 – 3 тең.

7. Сабақтың мазмұны:

1. Негізгі білім деңгейін бағалау (Қосымша 1).

  1. Студенттердің өздік жұмысы:

- бөлменің жабдықталуын бағалау (Қосымша 2).

- экспресс әдісі арқылы ауадағы көмірқышқыл газы концентрациясын анықтау (Қосымша 3).

  1. Оқытушымен жұмыс.

- жүргізілген әдістер бойынша мәліметтерді талдау

- тақырып бойынша қорытынды жасау

  1. Қорытынды білім деңгейін бағалау (Қосымша 4).

 

Қосымша 2.

 

Бөлменің жарықтануын бағалау.

1. Люксметр – жарық өлшейтін аспап. Аспаптың жұмысының негізге фотоэлементке жарық түскенде электр ток пайда болады (фототок). Пайда болған фототоктың шамасы тікелей жарықпен байланысты. Аспаптың құрамында селендік фотоэлемент және гальванометр, люкстарға бөлінген шкала.

Өлшегенде фотоэлементті жұмыс орнының үстіне қояды. Содан соң фото элементті гальванометрге қосады, гальванометрде қанша көрсеткенін қарайды. Гальванометрдің стрелкасы бөлінген шкаладан асып кетсе, жарық ұсьайтын қақпақ кигізеді, есептегенде ол туралы ұмытпау керек.

2. а) Табиғи жарық коэффициентін анықтағанда бөлмедегі жарықты (жұмыс орны) және даладағы жарықты бір уақытта өлшейді, сосын формула бойынша есептейді:

бөлме ішіндегі жарық

ТЖК = _______________________________________ х 100 %

даладағы жарық

б) жарық коэффициентінің шамасы мына жолмен табады: шыныланған терезе бетінің ауданын еденнің ауданына бөліп, жай дробьпен жазылады, числительда бір болады (мысалы1/4). Бірақ жарық коэффициенті жеткілікті болса да, хабардар етуісіз және тереңге көлеңке түскенін есептемей, бөлмеге түсіп тұрған табиғи жарық жақсы деп айта алмаймыз. Осы факторларды есептеу үшін жарық коэффициентінің шамасын бағалау берілген. Мына формуламен есептейміз:

 

С = К1 х К2

Мұнда: С – жарық коэффициентінің қазіргі жағдайға берілген шамасы

Жақсы түсіп тұрған жарықта К1 х К2 көп, әлде тең болу керек, осы жағдайда К1х К2 жарық коэффициентінің ең аз шамасын көрсетеді; К1 – коэффициент, жарық ықпалымен бөлменің пайдалануын мінездейді (1 кесте); К2 – коэффициент, хабардар етуі мен көлеңкені есептейтін (2 кесте).

1 кесте.

К1 коэффициентінің маңызы.

Бөлмелердің аты

Жарық климаттық белдеу

60 0 дейінгі ендік

60 – 50 0 ендік

50 0 ендік және одан төмен

Оқу бөлмелер, асхана кісі тұратын бөлмелер, ұйықтайтын бөлме

0,16

0,13

0,10

Вестибюль, саты коридор

0,09

0,07

0,06

2 кесте.

К2 коэффициентінің маңызы.

Терезе бағдарлауы

Қараңғыланған бұрыштың тангенісі (Н: в)

0,0

0,2

0,4

0,6

0,8

1,0

Оңтүстік, О – Ш, О - Б

1,0

1,2

1,6

2,0

2,4

2,8

Шығыс, батыс

1,3

1,5

1,9

2,3

2,7

3,1

Солтүстік, С – Ш, С - Б

1,6

1,8

2,2

2,6

3,0

3,4

 

ЕСКЕРТУ: Н – терезенің көлеңке түсіп тұрған жағының биіктігі

В – терезенің жарық өлшейтін жұмыс орнына дейін ара қашықтығы

В) Түсу бұрышы мен саңылау бұрышын өлшеу. Түсу бұрышын өлшеу үшін үстелдің биіктігін өлшейді, терезенің қасындағы қабырғада сол биікті белгілейді және одан көлденең сызық (в) жұмыс орнындағы орта нүктеге дейін және тік сызық (а) терезенің үстіңгі ернеуіне дейін өткізіп, ара қашықтықтарын өлшейді. Көлденең және тік сызықтардың кесіндісі кішірейткен масштабта қағазға салады және олардың шеткі нүктелерін қиғаш сызық (с) арқылы қосады, оның шамасын транспортир арқылы әлде тригонометриялық функциялардың (таншгенстердың) табиғи мағынасы бар таблицалар арқылы есептеуге болады.

Бұрышты мынадай түрмен анықтайды: ойша үстелдің үстінен қарама – қарсы тұрған үйдің ең биік нүктесіне тік сызық өткізеді және терезенің ернеуінде сызық өткен нүктені белгілейді, екінші адам терезенің қасында тұрып, ойша өткізген сызықпен қосылғанша қолын көтереді, сосын сол орынды белгілейді. Мысалы: ойша өткізген сызық С1 терезенің қасына қойылған белгіден 1,6 биіктікте терезеден өтеді, бір көлденең жазықтықта жатады. Үстелдің үстінен, сол үш бұрыштың ішінде а1 ара қашықтық салады 1,6 м – ге сай, тангенс таблицасы бойынша есептейді. Ол бөлменің тереңдігінің (сыртқы қабырғадан ішкі қабырғаға дейін ара қашықтығы) терезенің үстіңгі ернеуінен еденге дейін жолға өзара байланысы. Оқу бөлмелерге және кісі тұратын бөлмелерге ол 2,0 – 2,5 – ке тең.

3) ҚОРЫТЫНДЫ: бөлмелердегі табиғи жарық барлық көрсеткіштер бойынша қанағаттанарлық болу керек. Табиғи жарықтың жағдайын бағалағанда алынған мәліметтерді санитарлық нормалармен салыстыру керек.

4) Оқу бөлмесінде жасанды жарықты бағалау. Ол үшін алдын ала жарық бетін қондырғыларды, шарақтардың түрін, көз жарықты жүйелеп баяндау керек. Жарықтың түсін, жарық селінің соғылуының барын әлде жоғын белгілеу керек, шырақтың ілінген биіктігін, жұмыс орнының жарықтығын әділетті люксметр немесе меншікті салмақ арқылы анықтайды, біркелкі еместік коэффициентінің, шырақтың жарықтығын жарық өлшейтінмен немесе формула арқылы есептейді.

 

Біркелкі еместік коэффициентті анықтау.

Люксметр арқылы әрбір жұмыс орнында және барлық бөлме бойынша жарықты өлшеу керек. Ең аз жарықтың ең көп жарыққа өзара байланысы біркелкі еместік коэффициент деп аталады. Ол 0,3 – тен кем болмау керек.

Көлденең бетте ең аз жарықты меншікті салмақ арқылы есептеу (ВТ/ м2). Ең аз жарықты меншікті салмақ арқылы есептеу үшін формуламен қолданылады:

Е = Ет х Р

Мұнда: Е – ең аз көлденең шамалардың осы салмағына берілген бөлменің әрбір шаршы метріне;

Ет – ең аз көлденең жарық, меншікті салмаққа (ватта / м2) сәйкес; F - шындық меншікті салмақ осы бөлменің шамдарына мына түрмен есептелінеді: бөлмедегі барлық шамдардың салмағын (ватта) осы бөлменің ауданына бөлеміз.

Ет – кесте бойынша (кесте 3,4) желістегі кернеуге, берілген шамдардың шырақтарының түріне және салмағына (барлық салмақ емес) сәйкес.

 

Шырақтың және жарық түсіп тұрған беттердің жарықтығын анықтау.

Фотоэлектр жарықметр арқылы өлшейді. Жарықметрді Ленинградтың Еңбек қорғау институты шығарады, аспапқа нұсқау берілген.

3 кесте.

Ең аз көлденең жарық (Ет, Лк) қызу шамдардың меншікті салмағы 1 Вт / 1 м2 жалпы біркелкі жарық түсіп тұрған (ГОСТ 2239 – 54).

Шамдардың салмағы

Желідегі кернеу 220 вт (лк)

Тік жарық

Шашыраңқы жарық

Шағылысқан жарық

 

2,52

2,14

1,6

 

2,64

2,42

1,78

 

3,31

2,83

2,1

 

3,59

3,06

2,26

 

3,92

3,32

2,46

4 кесте.

Ең аз көлденең жарық (Ет, Лк) люминисцентті шамдардың меншікті салмағы 1 Вт / 1 м2 жалпы біркелкі жарық түсіп тұрған (ГОСТ 68 – 25 - 54).

Желідегі шамдар

Шамдардың салмағы

Ақ шамдар

Шамдар КЖ

Тік жарық

Шашы

раңқы жарық

Шағы

лысқан жарық

Тік жарық

Шашы

раңқы жарық

Шағы

лысқан жарық

   

12,6

10,5

7,92

10,5

8,9

6,6

 

 

13,0

11,05

8,15

11,5

9,8

7,25

Жарық түсіп тұрған, шағылысқан беттердің жарықтығын жеткілікті дәлшілдікпен формула арқылы есептеуге болады.

Е х Р

В = __________________ НИТ

3,142

мұнда: В – беттің жарқындығы (НИТ)

Е – беттің жарықтығы (лк)

3,142 – шама, тән бұрышқа сай

Р – беттің шағылысу коэффициенті, оның мағынасын 5 кестеден алуға болады, болмаса әділетті люксметр арқылы өлшеуге болады.

Нит – сондай жазық беттің жарқындығы, ол перпендикуляр өтеді, 1 свечаға тең смәулеленген жарыққа 1 м 2 аудан жерже 1 стильб – 19 мың рет Ниттан көп.

5 кесте.

Шағылысу коэффициенті.

Бет

Шағылысу коэффициенті

Бор, избес, гипс

0,85

Ақ желімнен жасалған бояу

0,80

Ақ қағаз

0,758

Жаңа ағартылған қабырға

0,56

Баяғыда ағартылған қабырға

0,33

 

Беттердің шағылысу коэффициентін люксметр арқылы анықтау.

Ол үшін люксметрді былай қолдану керек: сезгіш бетті фотоэлементті зерттейтін беттен 10 – 15 см биіктікте ұстаймыз және гальвонометрдің көрсеткішін қараймыз, сосын фотоэлементті сол биіктікте қарама – қарсы жаққа бұрып, тағы да гальвонометрдің көрсеткішін есептейміз. Мысалы: беттен шағылысқан жарық селі фотоэлементте 75 лк береді, ал түскен жарық – 125 лк.

 

125 лк – 1 75 лк х 1

75 лк - х х = __________________ = 0,60

125 лк

Шағылысу коэффициенті 0,60.

Қорытынды: салыстырғанда жақсы жасанды жарық барлық көрсеткіш бойынша қанағаттанарлық болу керектігін студент еске алу керек.

 

Тангенстің таза салмағы.

0,017

0,035

0,052

0,070

0,087

0,105

0,123

0,141

0,158

0,176

0,194

0,123

0,231

0,249

0,268

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

0,287

0,306

0,326

0,344

0,364

0,364

0,404

0,724

0,445

0,466

0,488

0,510

0,532

0,554

0,557

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

41

42

43

44

45

0,601

0,625

0,649

0,675

0,700

0,727

0,754

0,781

0,810

0,839

0,869

0,900

0,933

0,966

1,000

 

 

Қосымшща 4.

Қортынды білім деңгейін бақылау.

 

1. Жұмыс орнының жарықтануын бағалауға арналған негізгі көрсеткіш:

- түсу бұрышы

-саңылау бұрышы

-тереңдік коэффициенті

-жарық коэффициенті

+табиғи жарық коэффициенті

2. Жарықтың меншікті қуаты:

- табиғи жарықтың жұмыс орнының ауданына қатынасы

-жасанды жарықтың барлық түрінің қосындысы

-шамдардың жалпы қуатына табиғи жарықтың қатынасы

+шамдардың қосынды қуатының еден ауданына қатынасы (Вт/кв. м)

-сыртқы табиғи жарық пен ішкі жасанды жарықтың қатынасы

3. Терезе шыныларының жарық өлшемділігі неге байланысты:

-шынының қалыңдығына

-тәулік мезгіліне

-бөлменің бағытталуына

-терезенің шыныланған ауданына

-терезенің тазалығыныа

4.Люксметрдің жұмыс істеу принципінің негізі:

–жарықты иондау қабілетінде

-люменисценция құбылысында

+фотоэфект құбылыстында

- жарықтың шағылысу қабілетінде

-жарық сіңіруінде

5. Саңылау бұрышының формасын көрсет:

-5 градустан көп емес

+5 градустан кем емес

-4 градусқа тең

-3 градусқа тең

-2 градусқа тең

6. Ауа алмасу еселігін бағалау үшін қолданылатын көрсеткіштерді ата:

+желдету көлемі

-бөлменің ауданы

-желдетудің қажетті көлемі

-ауаның үстеленуі

-ауаның сорылу көлемі

7. Ауа алмасу еселігі дегеніміз:

-бөлмеге берілетін ауа мен шығарылатын ауаның қатынасы

-1 сағат ішінде желдету жүйесі арқылы берілетін таза ауа көлемі

-1 сағат ішінде адамның тыныс алуына қажетті ауа мөлшері

+1 сағат ішіндебірнеше реттік ауа алмасу

8. Табиғи желдетудің жүру принципі негізделген:

+бөлмедегі температураның айырмашылығына

-бөлменің тек қана жылу ағынына

-бөлмеге желдетуді орталықтандырып беруге

-бөлмеге таза ауа ағынын сүзгіштер арқылы бағыттауға

-бөлмеде жел орайын ұйымдастыру арқылы ауаны алмастыруға

9. Ауа ортасының сапалық және сандық көрсеткіштерін ата:

+ауалық куб

-көмірқышқыл концентрациясы

-ауаның желдетілу көлемі

+ауаның тазалығы

-бөлмедегі қолданылатын желдету түрлері

10. Таза ауа түсінігі ауаның қандай көлемде тотығуын береді:

+6 мл-ға дейін

-8 мл-ға дейін

-10 мл-ға дейін

-12 мл-ға дейін

-20 мл-ға дейін


Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 51 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
2 Экологическая обстановка региона | 

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.145 сек.)