Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Адольф Гитлер (нем. Adolf Hitler [ˈaːdɔlf ˈhɪtlɐ]; (1889 ж. сәуірдің 20 — 1945 ж. сәуірдің 30) — Үшінші рейх тоталитарлық



АДОЛЬФ ГИТЛЕР

Адольф Гитлер (нем. Adolf Hitler [ˈaːdɔlf ˈhɪtlɐ]; (1889 ж. сәуірдің 20 — 1945 ж. сәуірдің 30) — Үшінші рейх тоталитарлық диктатурасының негізін қалаушы, ұлттық-социализмнің орталық тұлғасы, неміс ұлттық-социалисттік жұмысшы партиясының нем. Nationalsozialistische Deutsche Arbeiterpartei көсемі (1921—1945), Германия рейхсканцлері (1933—1945), Германия фюрері (1934—1945), Екінші дүниежүзілік соғыста Германия қарулы күштерінің бас қолбасшысы (1941 жылдың 19 желтоқсанынан).

Өмірі

Адольф Гитлер 1889 жылдың 20 сәуірінде қазіргі Австрия елінің Браунау ам Инн жерінде дүниеге келген. Әкесі — кеден қызметкері Алойс Гитлер (нем. Alois Hitler) анасы — Клара Пөлцель (нем. Clara Pölzel). 1903 жылы әкесі, 1907 жылы анасы дүниеден өтеді. 1905 жылы мектепті аяқтамай тастап кетеді. Кейін Гитлер Австрияның астанасы, Вена қаласына қоныс аударады. 1913 жылы Германияның Мюнхен қаласына көшеді.


Гитлер Австриядан шыққан неміс саясаткері әрі диктаторы болды. Ол 1933 – 1945 жылдар аралығында канцлер болып билік етеді. Сондай-ақ, 1921 жылданбастап НСДАП партиясының басшысы және нацистік Германияның көсемі болып та саналады. Канцлер болып тұрған шағында өзін неміс Рейхының ең жоғарғы қолбасшысы, лидері деп санады.

Саясаты. Мансабы

Гитлердің билігі тұсында елдегі ұлттық социалистер (нем. Nationalsozialisten) III Неміс Рейхының диктатурасын орнатты. Ұлттық социалистер билікке келгеннен бастап басқа партияларға шектеу қойылып, қысым жасалды. Кейбірін өздігінен жойылып кетуге дейінгі халге жеткізді.

Гитлердің саясатына қарсы келгендерді қудалап, Концлагерлерге жер аударып жіберді. Тіпті, жазалаудың шектен шыққаны сонша, адамдарды өлтіруге дейін барды. Еуропалық Иудейлерді қырғынға ұшыратқан осы Гитлердің нацистік, фашистік саясаты мен оның жақтаушылары еді. Холакауст кезінде жазықсыз иудейлер өлтірілді. Олар үшін басқа этникалық топтар мен басқа діннің өкілдерінің көк тиындық құны болмады. Ақырында Екінші Дүниежүзілік Соғыстың отын тұтатты. Соның салдарынан Германияның көп бөлігі мен Еуропаның біраз бөлігі қирады, бүлінді. Екінші дүниежүзілік соғыста өлген 55 миллион адамның 6 миллионы еуропалық Иудейлер, 30 миллионы Славиян халқының өкілдері болды.



Өмірінің естеліктері

Гитлердің жиырма бес жасына дейін атқарған немесе атап айтарлықтай іс-әрекеті болмаған. 25 жылдық өмірінде мамандыққа қатысты білімі болмаған, әлеуметтік және қоғамдық өмірде де белсенді болмаған. Алайда, аздаған жылдар арасында немістердің еліне барып елбілігін қолына алып, диктатор болады. Сасатқа келген кезіндегі ол жайлы мәліметтер құпия болатын.

Ол өзінің қарсыластарына айтқан сөзінде:

Сіздер менің қайдан келгенімді және қандай отбасынан шыққанымды білуге тиісті емессіздер

— Адольф Гитлер

— деп айтқан екен. Майн Кампф (нем. Mein Kampf) еңбегінде бұрынғы өмірінің нацистік түсінікте қалыптасқан мықты тұлға болуға өзін-өзі тәрбиелегенін айтады.

Өмірінің соңы. Қайтыс болуы

Адольф Гитлер өмірінің соңына дейін христиан дінінің католиктік бағытын ұстанған. Оныңең сенімді адамдарының бірі Альберт Шпеер Гитлердің шіркеулерге деген көзқарасының оң болмағанын айтады. Әр түрлі ортада әр түрлі ой білдірген. Шіркеулерді халықты ұстап отыратын күшті элемент деп те қарастырған.


Гитлер 1930 жылдан бастап вегетариан болған. Ол жайлы оның өмірін зерттеген адамдар да бірауыздан келіседі.

1933 жылдан бастап Гитлер өзінің қалауы бойынша көшелер мен орталық алаңдарды өзінің атымен атай бастайды. Кез-келген елдімекендер мен қалаларда Гитлердің атымен аталатын көше және алаңдар болды. Ол әсіресе, өзіне ұнамайтын адамдардың атына ие көшелер мен алаңдарды өзгертті. Біраздан соң НСДАП партиясы елдегі жаңа көше мен алаңдарға Гитлердің саясатын қолдаған тұлғалардың есімін беру туралы заң шығарды. Партияның жастар қанатын Гитлер жастары деп өзгертті. Сондай-ақ, стадиондар, мектептер, қалашықтар Гилердің атымен немесе Гитлердің қарамағында екендігін білдіретін атаулармен аталды.


1945 жылы 30 сәуірде Берлин қаласындағы бункерінде өзіне-өзі қол жұмсап мерт болады.

 

 

Өмірбаяны

Партиясы:

Неміс жұмысшы партиясы
(1919—1920)

Ұлттық-социалисттік неміс жұмысшы партиясы
(1920—1945)

   

Дүниеге келуі:

20 сәуір 1889
Рансхофен, Браунау-на-ИннеЖоғарғы Австрия, Австро-Венгрия

Қайтыс болуы:

30 сәуір 1945 (56 жас)
Берлин, Үшінші рейх

Жерленді:

Магдебургте ХІІК базасының территориясында құпия түрінде жерленген. 1970 жылы кремирацияланып, күлі Эльба өзеніне лақтырылған.

Әкесі:

Алоис Гитлер

Анасы:

Клара Гитлер

Жұбайы:

Ева Браун

Балалары:

жоқ (ресми)
Жан-Мари Лоре (болжам)

Әскери қызметі

Қызмет еткен жылдары:

Герман империясы 1914—1918

Веймар республикасы 1918—1920
Үшінші рейх 1941—1945

Құрамында болды:

Герман империясы

Веймар республикасы
Үшінші рейх

Әскер түрі:

Жаяу әскер

Атағы:

Ефрейтор

Басқарды:

Вермахт

Шайқасы:

Бірінші дүниежүзілік соғыс
Екінші дүниежүзілік соғыс

Құрамында болды:

Герман империясы

Веймар республикасы
Үшінші рейх

Қолтаңбасы:

 


Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 58 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Период выходного сигнала | 

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)