Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Атай жинақ кассасына жылына 10%-тік өсіммен 36 мың теңге ақша салды. Атайдың ақшасы 1 жылдан соң қанша теңге болады?



3 вариант

1. Атай жинақ кассасына жылына 10%-тік өсіммен 36 мың теңге ақша салды. Атайдың ақшасы 1 жылдан соң қанша теңге болады?

A) 37 мың теңге.

B) 40,04 мың теңге.

C) 1 мың теңге.

D) 38 мың теңге.

E) 37 мың теңге.

2. Кітапханада ағылшын, француз және неміс тілінде кітаптар бар. Ағылшын тіліндегі кітаптар барлық шет тіліндегі кітаптардың 40%-ін, француз тіліндегілер ағылшын тіліндегінің 75% құрайды, ал қалған 210 кітап - неміс тіліндегілер. Кітапханада шет тілінде қанша кітап бар?

A) 600.

B) 620.

C) 740.

D) 700.

E) 525.

3. Үш бала орманда 200 саңырауқұлақ тауып алды. Сабыр барлық саңырауқұлақтардың 40%-ін, Марат Сабырдың тапқанының 25%-ін, ал Тимур қалғанын тауып алды. Тимурдың тауып алған саңырауқұлақтар санын табыңыз:

A) 100.

B) 120.

C) 42.

D) 70.

E) 130.

4. Құлпынайдың құрамында 6% қант бар. 20 кг құлпынайда қанша кг қант бар.

A) 0,6 кг

B) 1,2 кг

C) 3 кг

D) 6 кг

E) 12 кг

5. Саябақта 82000 түп емен ағашы бар, ол саябақтағы ағаштардың

4 %-ін құрайды. Барлық ағаштың 85 %-ін қайың ағашы құрайды. Саябақта қанша түп қайың ағашы бар?

A) 38588235

B) 24117647

C) 17425

D) 3858,8235

E) 1742500

6. Банк өзінің салымшыларына салымның жылдық өсуін 4%-ке арттырмақ. Егер адам банкке 1200 теңге салса, онда бір жылдан кейін алатын ақшасын табыңыз:

A) 1500 теңге

B) 1252 теңге

C) 1400 теңге

D) 1680 теңге

E) 1248 теңге

7. Жұмысшы жалақысының 11 % - ін жұмсағаннан кейін 7120 теңге қалды. Оның алған жалақысы қанша?

A) 783 теңге.

B) 6336 теңге.

C) 2970 теңге.

D) 8000 теңге.

E) 64700 теңге.

8. Бұйымның бағасы 12%-ке арзандағанда, 440 теңге болды. Бұйымның алғашқы бағасы неше теңге болған?

A) 500.

B) 520.

C) 480.

D) 470.

E) 490.

9. Май заводы күніне 500 ц сүт қабылдап, оның 59%-ін май дайындайтын цехқа жібереді. Онда қабылданылған сүттің 16%-індей май алынады. Завод күніне неше центнер май дайындайтынын табыңыз.

A) 295 ц

B) 305 ц

C) 47,2 ц

D) 29,5 ц

E) 472 ц

10. Массасы 0,5 т целлюлозаның 85 %- і су. Құрамында 25% целлюлоза болу үшін қанша суды құрғату керек?

A) 200 кг.

B) 209 кг.

C) 210 кг.

D) 205 кг.

E) 220 кг.

11. 1 кг май 80 теңге тұратын, ал бір жылдан кейін 360 теңге болды.



Май қанша процентке қымбаттаған?

A) 14,5 %.

B) 24,5 %.

C) 4,5 %.

D) 160 %.

E) 350 %.

12. 56 санының 25% тап.

A) 22,04

B) 25

C) 20

D) 14

E) 28

13. Саяхатшы бірінші күні маршруттың 40%-ін, екінші күні қалғанның

45%-ін, осыдан кейін оған екінші күнге қарағанда 6 км артық өтетін жол қалды. Маршруттың барлық ұзындығын табыңыз:

A) 120 км.

B) 48 км.

C) 25 км.

D) 27 км.

E) 100 км.

14. 60%-і 30-ға тең белгісіз санды табыңыз.

A) 18.

B) 150.

C) 100.

D) 200.

E) 50.

15. Кептірілгенде қазтабан массасының 84%-ін жоғалтады. 8 кг кепкен қазтабан алу үшін қанша қазтабан жинап алу керек?

A) 10 кг

B) 30 кг

C) 40 кг

D) 9,5 кг

E) 50 кг

16. Азаю пайызының өзгеруін анықтаңыз: 6-дан 4,5-ке дейін.

A) 12%.

B) 45%.

C) 30%.

D) 60%.

E) 25%.

17. 2,5 кг қойдың еті үшін 475 тг төленді, сонда сол бағамен 665 теңгеге қанша кг қойдың етін сатып алуға болады?

A) 3 кг.

B) 4 кг.

C) 3,25 кг.

D) 5 кг.

E) 3,5 кг.

18. Математикадан бақылау жұмысын жазған сынып оқушыларының

12%-і есептерді мүлде шығара алмады, 32%-і шығарған есептерінде қателер жіберді, ал қалған 14 оқушы дұрыс шығарды. Сыныпта қанша оқушы болды?

A) 28.

B) 30.

C) 35.

D) 25.

E) 40.

19. Тауардың бағасын алдымен 20 %-ке, ал одан кейін жаңа бағасын тағы да 25 %-ке кемітті. Тауардың бастапқы бағасын барлығы неше процент кеміткен?

A) 47 %.

B) 45 %.

C) 42 %.

D) 40 %.

E) 43 %.

20. Екі жұмысшы бір сменада 72 деталь дайындады. Біріншісі еңбек өнімділігін 15%-ке, екіншісі 25%-ке арттырғаннан кейін бір сменада

86 деталь жасайтын болды. Еңбек өнімділігін арттырғаннан кейін әрқайсысы бір сменада қанша деталь жасайтын болды?

A) 46; 40.

B) 39; 47.

C) 43; 43.

D) 41; 45.

E) 44; 42.

21. 1,75 т алтынды құмнан 0,7 г алтын жуылады. 2170 т алтынды құмнан қанша алтын алынады?

A) 868 г

B) 648 г

C) 564,5 г

D) 642 г

E) 542,5 г

 


Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 683 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
2. До уценения ручка ценою 27 тенге стоила 30 тенге. На сколько % уценилась ручка? | 1. Дедушка вложил в сберегательную кассу 36 тысяч тенге с 10% годовой ставкой. Сколько денег будет у дедушки на счету через год?

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)