Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

«Алмас» АҚ жарғылық капиталы 8 млн теңгеге тең. Ол АҚ-ның негізгі қаражатынан да, сондай-ақ меншікті акцияларды сатудан түскен



1 есеп

«Алмас» АҚ жарғылық капиталы 8 млн теңгеге тең. Ол АҚ-ның негізгі қаражатынан да, сондай-ақ меншікті акцияларды сатудан түскен қаражаттан да тұрады. Өндірісті кеңейтуді жүзеге асыру үшін және алынуы мүмкін кредитке байланысты әр акцияның номинал құны 20 теңге болатын 100 000 дана қосымша акция шығару ұйғарылды. Жарғылық капиталын анықтаңыз.

Жауабы:

«Алмас» АҚ жарғылық капиталы бастапқы қезеңде 8 млн.тг құрайды. Қосымша эмиссия жүргізілгеннен кейін ол 2 млн.тг ұлғайтылып, 10 млн.тг құрады (100 мың акция * 20 тг).

 

2 есеп

«Алмас» АҚ жарғылық капиталы 8 млн теңгеге тең. Ол АҚ-ның негізгі қаражатынан да, сондай-ақ меншікті акцияларды сатудан түскен қаражаттан да тұрады.Қосымша 100 000 акция шығарған. Жылжымайтын мүлік нарығындағы жағымды өзгерістердің нәтижесінде, мүлік қайта бағаланғаннан кейін АҚ-ның өндірістік аудандарының құны 1 300 000 теңгеге өсті, ал құрал-жабдықтардың құны, керісінше, оның сапасының ескіруі нәтижесінде 200 000 теңгеге түсті. Эмиссия жүргізілгеннен кейін, қор нарығына кәсіби делдалдарды тартудың нәтижесінде АҚ әр акцияға номинал құнынан тыс 10 теңгеден алды. Делдалдың комиссиясы номинал құнынан тыс табыстан 10%-ды құрайды. Осы кезеңде бөлінбеген пайданың көлемі 10 млн теңгені құрайды.

Меншік капиталын анықтаңыз.

Жауабы:

Мүліктің құнының өсімі 1 100 000 тг құрайды (1 300 000 тг жер учаскелері мен ғимараттар бойынша бағалардың өсімінен 200 000 тг құрал жабдықтың бағасының төмендеуін шегергенде). Акциялардың номиналды құнынан артық алынған сома 900 000 тг құрайды.

(10 тг. * 100 мың акциялар – (10%*10 тг*100 мың акция)).

100%

Сонымен, қосымша капитал 1 100 000 тг + 900 000 тг = 2 000 000 тг құрайды.

Өткен жылдардағы бөлінбеген пайдамен қосқанда жиынтықты бөлінбеген пайда 10 млн.тг құрайды,

Барлық меншікті капитал:

МК = 10 млн.тг + 2 млн.тг + 10 млн.тг = 22 млн.тг- ге тең

 

3 есеп

«Алмас» АҚ жарғылық капиталы 12 млн теңгеге тең. Өндірісті кеңейтуді жүзеге асыру үшін және алынуы мүмкін кредитке байланысты әр акцияның номинал құны 40 теңге болатын 100 000 дана қосымша акция шығару ұйғарылды. Осы кезеңде бөлінбеген пайданың көлемі 10 млн теңгені құрайды. Мамандандырылған өнеркәсіп кешенінің құрылысына мемлекеттік тапсырыс алуға байланысты Ұлттық инвестициялық қор осы міндеттетрді жүзеге асыру үшін «Алмас» АҚ шотына бюджеттен бөлінген қаржыдан 9 млн теңгені аударды. Жоғарыда келтірілген мәліметтерді пайдалана отырып, «Алмас» АҚ меншікті капиталының көлемін анықтаңыздар.



Жауабы:

МК=12 млн+ (100 000*40)+10 млн+ 9 млн=35 млн

4 есеп

«Жалын» АҚ меншікті капиталы 2010 жылдың басында 10 млн теңгені құрады. «Жалын» АҚ өрт сөндіргіштер дайындайтын ғимараттары мен жер телімдерінің құны 2010 жылдың басында 3,5 млн теңгені, құрал-жабдықтар құны 6 млн теңгені құрайды, ал қалған айналымнан тыс активтерге 2,5 млн теңгеден келеді. 2010 жылдың аяғында қайта бағалау нәтижесінде АҚ ғимараттары мен жер телімдерінің құны 40%-ға түссе, керісінше, құрал-жабдықтардың құны 20%-ға өскендігі анықталды. Ал айналымнан тыс басқа активтердің құны 2,7 млн теңгеге дейін көтерілген. АҚ меншікті капиталының басқа да элементтерінің құны өзгерген жоқ. Ұзақ мерзімді міндеттемелер 3 млн теңгені құрады. Осы мәліметтерге сүйене отырып, меншікті негізгі капиталды анықтаңыздар.

Жауабы:

Меншікті негізгі капиталдың мөлшері келесі формула бойынша анықталады:

МНК = АТА – ҰМ, мұнда:

АТА – 2010 ж. соңындағы баланс бойынша айналымнан тыс активтер.

АТА 2010 ж. басы = 3,5 млн.тг. + 6 млн.тг. + 1,5 млн.тг. = 11 млн.тг.

АТА 2010 ж. аяғы = 3,5 млн.тг. * 0,6 + 6 млн.тг. * 1,2 + 2,7 млн.тг. = 12 млн.тг.

ҰМ – айналымнан тыс активтерді қаржыландыру үшін ұзақмерзімді міндеттемелер.

ҰМ 2010 аяғы = 3 млн.тг. + 24 ай * 250000 тг. = 9 млн.тг.

МНК = 12 млн.тг. – 9 млн.тг. = 3 млн.тг.

 

5 есеп

«Жалын» АҚ меншікті капиталы 2010 жылдың басында 29 млн теңгені құрады.

АҚ қосымша 2 млн теңгеге акциялар шығарып сатты. 2010 жылдың соңында айналымнан тыс активтер 12 млн теңгені, ал ұзақ мерзімді міндеттемелер 9 млн теңгені құрады. Осы мәліметтерге сүйене отырып, таза айналым капиталының көлемін және оңтайландыру коэффициентінің мәнін анықтаңыздар.

Жауабы:

МК мөлшерінің айналымнан тыс активтердің мөлшерінен артық болуы бос ақшалай қаражатты сипаттайтын таза айналым капиталды (ТАК) білдіреді, корпорация есепті жылы ол қаражатты оңтайландыра алады. 2010 жылдың аяғында меншікті капитал 2 млн.тг. өсті. (АТА 2010 ж. аяғы – АТА 2010 ж. басы) және 31 млн. тг. құрады.

ТАК = МК – АТА – ҰМ = 31 млн.тг. – 12 млн.тг. – 9 млн.тг. = 10 млн.тг.

МК оңтайландыру коэффициенті (Кмск) =

Коэффициент нормаға сәйкес, сондықтан «Жалын» меншікті капиталы оңтайлы және инкемді нысанда екендігі көрініп тұр.

 

6 есеп

Үй жануарларына жем-шөп өндіретін «Нұрай» АҚ 2010 жылдың 1-тоқсанында 88 млн теңгеге өнім сатты. Өнім өндіруге кеткен шығын 55 млн теңгені құрады. Сонымен қатар АҚ қаржы қызметін жүргізуден 11 млн теңге көлемінде табыс тапты. Амортизациялық аударымдардың көлемі 2010 жылдың 1-тоқсанында 33 млн теңге болды. Өндірісті ары қарай дамыту және ұстап тұру үшін қажет жалпы сома 2010 жылдың 2-тоқсанында 99 млн теңгені құрады. Акционерлік Қоғамның МҚР-дың ішкі көздерін тартуды қажетсінуін анықтаңыздар.

Жауабы:

Меншікті қаржы ресурстарының сыртқы көздеріне қатысты қажеттілік келесі формула бойынша анықталады:

МҚР сыртқы = Жқ МҚР – МҚР ішкі

МҚР ішкі көбінесе амортизациялық аударымдар, қызметтің басқа түрлерінен түсетін таза пайда мен пайда және басқа да меншікті қаржы ресурстарының көздерінен тұрады. Біздің жағдайымызда бұл таза пайда, амортизациялық аударымдар мен қаржылық қызметтен түсетін табыстың сомасы.

МҚР ішкі (88 млн.тг. – 55 млн.тг.) + 33 млн.тг. + 11 млн.тг. = 77 млн.тг.

МҚР қатысты жалпы қажеттілік тапсырманың шарты бойынша 99 млн.тг. құрайды:

МҚР сыртқы = 99 млн.тг. – 77 млн.тг. = 22 млн.тг.

 

 

7 есеп

«Арман» лазерлік дискілер шығаратын корпорацияның өнім өндірісінен түскен табыс 2011 жылы 1 млрд теңгені құрады. Бұл корпорацияның 2011 жылдағы негізгі қорларының құны 250 млн.тг.Бәсекелес «Атамекен» лазерлік дискілер шығаратын компанияның сол жылғы табысы 900 млн.тг. бұл корпорацияның негізгі қорларының құны 200 млн.тг. Екі компанияның берілген мәліметтері бойынша негізгі қор қайтарымдылық көрсеткішін анықтаңыз.

Жауабы:

Қор қайтарымдылық - өткізілген өнім сомасының негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнына қатынасы ретінде анықталады:

 

«Арман» үшін қор қайтарымдылық: ;

 

«Атамекен» үшін қор қайтарымдылық: = 4,5 құрайды;

 

қор қайтарымдылық көрсеткіші негізгі қорлардың құнынан бір теңге қанша табыс әкелетіндігін көрсетеді. Яғни, көріп отырғанымыздай табыс аз болған уақытта, «Атамекен» корпорациясында негізгі қорлардан түсетін табыс «Арман» корпорациясына қарағанда артық.

Есеп 8

«Арман» лазерлік дискілер шығаратын корпорацияның өнім өндірісінен түскен табыс 2011 жылы 1 млрд теңгені құрады. Бұл корпорацияның 2011 жылдағы негізгі қорларының құны 250 млн.тг. 2011 жылдағы жұмысшылардың тізім бойынша орташа саны 10000 адам. Бәсекелес «Атамекен» лазерлік дискілер шығаратын компанияның сол жылғы табысы 900 млн.тг. бұл корпорацияның негізгі қорларының құны 200 млн.тг. 2011 жылдағы жұмысшылардың тізім бойынша орташа саны 8000 адам. Екі компанияның берілген мәліметтері бойынша қор жарақтану көрсеткішін анықтаңыз.

Жауабы: Қормен жарақтану – негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнының жұмыскерлердің орташа тізімдік саны немесе өндірістік-өнеркәсіптік персоналға қатынасын білдіреді.

«Арман» үшін қор сыйымдылығы: = 25000 тг;

 

«Атамекен» үшін қор сыйымдылығы: = 25000 тг;

Бұл жағдайда, бір қызметкерге негізгі қорлардың шығын мөлшері екі корпорация үшін бірдей бір адамға 25000 теңгені құрайды.

9 есеп

«Арман» корпорациясындағы лазерлік дискінің пластикалық негізін жасауға арналған бір станоктың құны 12 100 000 тг. Активтердің қызмет ету мерзімі 6 жыл. Жойылу құны 100000 тг. Жыл сайынғы амортизациялық аударымдар көлемін анықтаңыз

Жауабы: А=(12 100 000-100 000)/6= 2 000 000

 

10 есеп

Шыны бұйымдарды жасайтын «Шынар» АҚ 2012 жылдың 23 сәуіріне шыныны өндіру және өңдеуге қажетті өз қоймасында жалпы шикізат пен материалдары жалпы соммасы 35 млн.тг бар. Сатуға дайын өнім көлемі – 10 000 бұйым, бір данасының бағасы 1000 теңге. Сондай-ақ кәсіпорын есебінде 15 млн.тг. соммасындағы аяқталмаған бұйым бар. Кассадағы ақша қаражаттары 500 мың.тг. құрайды. Қазіргі кезде кәсіпорынның есеп айырысу шотында шамамен,12 млн. тг. бар. Берілгендерді қолдана отырып, айналым қорларының көлемін анықтау қажет.

Жауабы:

Айналым қорлары айналыс қорлары мен өндірістік айналым қорларынан тұрады. Өндірістік айналым қорлар: өндірістік қорлар (шикізат, негізгі материалдар), аяқталмаған өндіріс болып екі топқа бөлінеді.

Біздің жағдайымызда өндірістік айналым қорлар мынаған тең болады:

Өнд айналым қорлары = 35 млн.тг. + 15 млн.тг. = 50 млн.тг.

Айналыс қорлары өткізу үшін дайын өнім қорлары, кассадағы ақшалай қаражат, банктердегі шоттардан тұрады.

Айналыс қорлары = 10000 бұйымдар * 1000 тг. + 500 000 тг. + 12 млн.тг. = 22 500 000 тг.

Айналым қорлары = айналыс қорлары + өндірістік айналым қорлары.

Айналым қорлары = 50 000 000 + 22 500 000 = 72 500 000 тг.

Айналыс қорларының үлесі 22 500 000 тг. 72 500 000 тг. = 0,31 немесе 31%- ға тең.

Өндірістік айналым қорлардың үлесі 50 000 000 тг / 72 500 000 тг. = 0,69 немесе 69%.

 

 


Дата добавления: 2015-08-28; просмотров: 398 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Задачи для самостоятельного решения | Задачи по механике из ЕГЭ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)