Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Емдеу сауықтыру мекемелерінде санитарлық эпидемияға қарсы режим. Дезинфекция. Залалсыздандыру. Түрлері, әдістері. 7 страница



 

Мақсаты: диагностикалық асқазан ішіндегі затты алу,асқазанның секреторлы қышқылды бөлу және қозғалыс қызметтерін зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері: диагностикалық: қышқылы жоғары созылмалы гастритте немесе қышқыл бөлу төмендеуіне асқазан қызметін анықтау.

Қарсы көрсетілімдері: өңештен және асқазаннан қан кету,эзофагит,асқазан ойық жарасының өршу кезеңі,порталды гипертензия стенокардия,бронхиальді астма,гипертония,жүктіліктің екінші жартысы,науқастың халі ауыр жағдайы.

Асқынулар: асқазаннан қан кету,талып қалу,коллапс және т.б

Дайындаңыз: залалсыздандырылған бір рет қолданылатын жіңішке асқазан сүзгісін,таза бүйрек тәрізді лотокты,асқазан сөлі үлестерін бөлек сақтауға арналған 9-11 дана ыдысты (белгіленген банка немесе пробиркалар),20 мл шприцті,қысқышты,сүлгіні,қолғапты,клеенкалы алжапқышты,салфеткаларды,парентеральді сынаптық ас-0.1% гистамин ерітіндісін немесе 0.25% пентагастрин ерітіндісін,лабораторияға жолдама жазыңыз,онда науқастың аты-жөні,бөлімшесі,палатасы,зерттеу күні,үлестердің нөмері көрсетіледі.

Іс-әрекеттері:

1.Зерттеуді тағы уақытта аш қарынға жүргізіңіз

2.Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз және оған емшара реттілігі туралы түсіндіріп,оның келісімін алыңыз

3.Науқасты жоғары арқасы бар орындыққа ыңғайлы және дұрыс отырғызыңыз,оны орындықтың арқасына тығыз сүйенуін ұсыныңыз.Басын сәл алға қарай еңкейтіңіз.

4.Науқастың кеудесін,ішін және аяғын клеенкалы алжапқышпен жабыңыз,ал мойнына және кеуде үстіне сүлгі жабыңыз

5.Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып,қолғапты киіңіз.

6.Ағып жатқан сілекейді және шырышты жинау үшін науқастың қолына лотокті беріңіз.

7. Емшара алдында науқас алмалы-салмалы протезді алғанын қадағалаңыз.

8.Сүңгінің жұтатын арақашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейінгі аралық-бірінші белгі және науқастың бір алақан аралығын қосыңыз-екінші белгі).



9.Залалсыздандырылған сүңгіні пакеттен (пинцетпен) алып, сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз.

10.Залалсыздандырылған сүңгіні оң қолыңызбен саңылаулы ұшынан 10-15 см аралықтан жазатын қаламұштай етіп алыңыз,ал сол қолмен бос ұшынан ұстаңыз.

 

 

 

Стандарт

Науқасты дайындау және ұлтабарға сүңгілеуді жүргізу

 

Мақсаты: диагностикалық: 12-елі ішектің және өт қалта ішіндегі өтті лабораторияға зерттеуге алу,қысқартылатын сипатын зерттеу және өт қалтасы қызметінің шоғырландырып сақталуын және қысқыш (айналшық,сфинктер) жағдайын бағалау,емдік-өт қабының моторлы қызметі төмендегенде өтті сорып алу (өт қабының қабынуы әлсіздігінде,холестатикалық гепатитінде),дәрі-дәрмектерді енгізу.

Қолдану көрсетілімдері: өт қалтасының,бауыр,өт шығару жолдарының аурулары.

Қарсы көрсетілімдері: ауыз қуысының,жұтқыншақтың, өңештің күйігі және аурулары,өңеш тамырының кеңеюі,порталды гипертензия,қатерлі ісіктің қаңсырауы,асқазан және 12-ішек ойық жарасы,өкпе-жүрек жетіспеушілігінде,жедел холецистит және панкреатит,бронхиалды астма және т.б.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: ұлтабар сүңгісін,Жане шприцін,20 мл шприцті,лотокті,штативті белгіленген пробиркаларымен,қысқышты,сүлгіні,салфеткаларды,қолғаптарды,жылытқышты,жұмсақ көпшікті,аласа оындықты,өт қабының қоздырғыштарын- 33% магний сульфат ерітіндісі 30-50 мл немесе 10% натрий хлорид ерітіндісі немесе 40% глюкоза ерітіндісі 40-50 мл немесе өсімдік майы 20-25 мл 40-60 С жылытылған,8-10 тамшы 0.1%атропин ерітіндісін,қауіпсіз жоғары арналған контейнерді.

Іс-әрекеттері:

1.Зерттеу таңенртең ашқарында жүргізілетінін науқасақа ескертіңіз.

2.Науқасақа емшара тәртібі туралы түсіндіріп,оның келісімін алыңыз

3.Зерттеу алдында 18 сағаттан кешіктірмей кешке науқасқа жеңіл тамақ беріңіз.

4.Науқасқа ұйықтар алдында 2 таблетка спазмолитиктер немесе балы бар шайды беріңіз,оң жақ қабырға асты аймғына жылытқышты қойыңыз.

5.Емшара алдында науқастан алмалы-салмалы протезді тістерін шешуін сұраңыз (егер де болса)

6.Науқасты орындыққа дұрыс және ыңғайлы,яғни арқасы орындықтың арқасына тығыз болуын,науқастың басын сәл алдына қарай еңкейтіп отырғызыңыз.

7.Науқастың кеудесіне сүлгіні жабыңыз.

8.Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып,қолғапты киіңіз.

9.Залалсыздандырылған ұлтабар сүңгісін пинцетпен алып,сүңгі оливасының канюласына орнықтылау сапасын тексеріңіз (тұрақты).

10.Науқас жұтатын сүңгінің арақашықтығын өлшеңіз өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейін-бірінші белгі және науқастың бір алақанындай арақашықтықты қосыңыз-екінші белгі).

11.Оң қолға сүңгіні олива жағынан 10-15 см қашықтықта қалам ұштай алып ұстаңыз,ал сол қолмен оның бос шетін ұстаңыз.

12.Науқастан ауыз ашуын сұрап,ылғалдатылған оливаны тілдің түбіріне салып,науқасты мұрынмен терең дем алуын сұраңыз,жұту қозғалысын бір мезгілде жасап,сүңгіні бірінші белгіге дейін енгізіңіз (егер де науқас жөтелсе,онда жылдам сүңгіні шығарып алыңыз).Cүңгінің бос шетін қысқышпен қысыңыз.

13.Асқазан ішіндегі сұйықтықты шприцпен сорып алу арқылы асқазандағы сүңгінің қалпын тексеріңіз.

14.Науқас 15-20 минут бойы бөлмеде ақырын асықпай жүріп, сүңгіні екінші белгіге дейін ақырындап жұтуын сұраңыз.

15.Науқастың басына жастық қоймай оң жақ қырына жатқызып оң қолын арқасына қойып,оған тізесінен аяғын бүгуін сұраңыз,жамбастың астына жұмсақ жастықты салыңыз,осындай жату қалпында оливаның асқазан қақпашығынан өтуін жеңілдетеді,оң жақ қабырға астына жылы жылытқышты салыңыз.

16.Науқастың бас жағында кушетканың қасындағы аласа орындыққа штативті пробиркалар қойыңыз.

17.Қысқышты босатып,сүңгінің бос шетін пробиркаға салыңыз.

18.Асқазаннан сөл бөлінеді (асқазан ішіндегі лайлы ашық қышқылды қосындысы бар сөл),сосын 30-60 мин кейін пробиркаға ашық-сары сұйықтық,сілтілі қосындысы жиналады (ұлтабардағы өт «А» үлесі).Сүңгінің ұшына қысқышты салыңыз.

19.Науқасты арқасына жатқызып,қысқышты алыңыз және Жане шприцімен 30-50 мл жылы магний сульфат ерітіндісін (немесе басқада өт қабығының қоздырғыштары) сүңгі арқылы енгізіп,сүңгінің бос шетін 10-15 минутқа қысып қойыңыз.

20.Науқасты оң жақ қырына жатқызып,қысқышты боастып алып,сүңгінің бос шетін пробиркаға салыңыз,бұған қою,қоңыр-зәйтүн түсті сұйықтық өт қабығынан түседі (өт қабығындағы өт «В» үлесі).

21.Келесі пробиркаларға сүңгіні салыңыз,мөлдір алтын-сары түсті сұйықтық пайда болғанда (бауыр өті «С» үлесі) алынады.Сүңгі арқылы 300 мл жылы газсыз минеральді суды енгізіңіз.

22.Салфеткамен сүңгіні шығарып алып,зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

23.Қолғапты шешіп,қолыңызды жуып,құрғатыңыз.

24.Қолданылған қолғапты,салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

25.Әрбір үлестерді бір пробиркада белгілеп,жолдаманы толтырып,лабораторияға жіберіңіз

26.Науқасты палатаға апарып,тамақтандырыңыз.

 

Ескерту:

-емшара барысында шығарылған сілекейді салфеткаға түкіру қажет.

-зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын,іш кептіретін тағамдарды алып тастау ұсынылады.(қырыққабат,картоп,сүт,майлы және қуырылған тағамдар)

-асқазандағы сүңгінің қалпын шприцпен сорып алу арқылы тексереді.Шприцке лайланған сұйықтық қышқыл қосында түседі.Егер де шприцке сұйықтық түспесе,онда сүңгінің асқазанда оралып қалғанын айтады.Сүңгіні аз ғана тартыңқырап және оны науқасқа қайта жұтынуын сұраңыз.

-асқазандағы сүңгі оливасының қалпын шприц арқылы ауаны сүңгіге енгізіп тексереді және сүңгі оливасы асқазанда болса,онда науқас ауаның түсуін сезінеді,ерекше «құрылдаған» дыбыс естіледі.

-бактериологиялық зерттеуге өт,залалсыздандырылған үш пробиркаға АВС үлестерімен алынады.

-егер де ұлтабарды сүңгілеу лямблия құртын табу мақсатында жүргізілсе,онда түнде жылытқыш қойылмайды.

-лабораторияға үлестер жылы күйінде апарылады,ол үшін стакандағы жылы суға пробирканы салып қояды.

 


Дата добавления: 2015-08-28; просмотров: 125 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>