Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Әр адам өмірінде бір мамандықтың иесі болуға тиіс. Ол үшін көп еңбектену керек.



1. Менің мамандығым (Әңгіме)

Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Әр адам өмірінде бір мамандықтың иесі болуға тиіс. Ол үшін көп еңбектену керек. Мен ақпараттық техналогия факультетінде оқимын. Болашақ мамандығым өзіме ұнайды. Алғашқы екі курста біз жалпы пәндерді оқимыз. Жоғары курстарда мамандық пәндері басталады. Бірінші курсты аяқтап, шілде айында біз өндірістік практикаға барамыз. Біздің практикамыз Қарқаралы ауданында орналасқан университеттің «Политехник» демалыс зонасында өтеді. Қарқаралы көрікті де әдемі жер. Қазақ халқының өмірітабиғатпен тығыз байланыста өткен. Сондықтан да табиғатты қастерлеп киелі деп санаған, оған сүйіспеншілікпен қарап, қамқорлық жасап, аялаған. Ол жерде біз әртүрлі зерттеу жұмыстарын жүргіземіз. Бұл практика біздің мамандығымызға деген үлкен қызығушылығымызды арттырады. Осы мамандықты қалағаныма өкінбеймін, өйткені оның болашағы зор. Университетті бітіріп жақсы маман болып, алған білімімді Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдер арасына кіруіне өз үлесімді қосуғабар күшімді саламын.

 

2. Қ.И.Сәтбаев – тұңғыш ғалым, академик (сұхбат)

- Сәлем!

- Сәлем!

- Қ. Сәтбаев кім болған?

-Қ. Сәтбаев – аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері. Қазақ ҚСР ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, қазақ ҚСР академиясының академигі, қазақстандық металлогения мектебінің негізін салушы.

- Қ. Сәтбаев қай жерде туған?

- Туған жері – бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Аққелін болысы (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы)

- Қандай оқу орынын бітірген?

- Сәтбаев геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп.

-Қай жердің кең байлығын ашқан?

- Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы – кезінде осы кеннің жоспарлы түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі.



- Қандай сыйлықтар алған?

- Ол төрт рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтардың иегері болған.

-Қандай мектептің негізін қалаушы?

- Оның есімі институттар мен кен-металлургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен шаруашылық аттарына берілген.

 

 

3. Жеке адам, топ және ұжым (сұхбат) -

- Cәлем!

- Cәлем!

- «Жеке адам, топ және ұжым» деген тақырыпқа ойларымызбен бөлісейік. Сеніңше, неге адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды?

- Өйткені адам – қоғамның мүшесі, оның қалыптасуы қоғамның дамуымен байланысты. Ал сен топ сөзінің мағынасың қалай түсінесің?

- Топ – ортақ мақсат көздеп, бір кеңістікте, белгілі уақыт ішінде бір бірімен аралысып іс-әрекет жасайтын адамдар.

- Ал «ұжым» деген не?

- Нақты топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі.

- А. С. Макаренконың ұжым жайында айтқан пікірін айта аласың ба?

- А.С. Макаренконың дәлелдеуінше ұжым адамдардың жай ғана жиынтығы немесе кездейсоқ топтаса салуы емес, ол жалпы мақсатқа жетуді алға міндет етіп қойған, қоғамға пайда тигізуге тырысушылар тобы.

 

4. Қоғамдағы отбасының қызметі (әңгіме) +

Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста болатын (атасы, әжесі, күйеуі, әйелі, балалары, ата-анасы т.б.) бірлесіп, әулеттік-тұрмыстық өмір сүретін адамдар. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын белгісі. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер өмір бойына серік болады. Көне заманнан бері әрбір отбасында той-мерекелер (шілдехана, ат қою, туған күн, мектепке бару тойы, күміс және алтын, қоныс тойлары) қайта жаңғыруда. Бала тәрбиесінде отбасы қызметінің қоғамға тигізер пайдасы көп. Отбасынан жақсы, дұрыс тәрбие алған бала қоғамға да өз үлесін тигізеді. Сол себепті де қоғамдағы отбасының қызметіне аса назар аударған жөн.

 

5. Менің отбасым (сұхбат) +

- Сәлем!

- Сәлем!

- Сенің отбасында неше адам бар?

- Менің отбасында 4 адам бар.

- Сенің әкең кім?

- Менің әкем – Олег. Ол 42 жаста. Ол инженер-системотехник.

- Сенің шешең кім?

- Менің шешем – Елена. Ол 38 жаста. Ол бухгалтер.

-Саған әпкелерін, ағаларын бар ма?

- Йә, маған сіңлім бар. Оның аты – Наташа. Ол 14 жаста. Наташа мектепте, жетінші сыныпта оқиды.

 

 

6. Қазақстанның білім беру жүйесі (әңгіме)

Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесіне бірінші кезектегі міндеті жоғары білікті мамандарды оздыра даярлау болып табылатын, оны айрықша сала ретінде түсінуді көздейтін жаңа сапа мен қоғамдық мәртебе, икемділік пен бейімділік беру қажет. Жоғары білім берудің мақсаты-қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапасы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әр бір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру. Жоғары оқу орындарында білім беру қызметін көрсетулердің сапасын басқару жүйесін және жекелеген бағдарламаларды, кадрлар даярлаудың бағыттарын, сондай –ақ жоғары оқу орындарын тұтастай халықаралық аккредиттеуді енгізуді ынталандыру. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің құрылымы бір-бірімен өзара келісілген бакалавриат, магистратура және докторантура арқылы кадрлар даярлау жүйесіне берілетін болады.

 

7. «Болашақ» бағдарламасы (сұхбат)

- Сәлем!

- Сәлем!

-Болашақ шәкіртақысы қашан бекітілді?

-1993 жылдың 5 қарашасында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен халықаралық «Болашақ» шәкіртақысы бекітілді.

- Болашақ бағдарламаның қандай мақсатты?

- Бұл бағдарламаны құрудың негізгі мақсаты-дарынды жастардың сапалы білім алуын қамтасыз етіп, шетелде алған білімдерін елдің жарқын болашағы үшін жұмсауына мүмкіндік туғызу. 1994 жыл мен 2004 жылдары аралығында «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде 800 шәкіртақы тағайындалды.

- Қандай мемлекеттерде Болашақ бағдарламасынын үміткелер білім алады?

- Сонымен қатар, бірінші рет бағдарламаның білім беру аясы кеңейді. Үміткерлер енді АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Ресей, Австралия, Австрия, Венгрия, Дания, Испания, Италия, Канада, Китай, Малайзия, Нидерланды, Жаңа Зеландия,

Норвегия, Польша, Сингапур, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Швейцария, Оңтүстік Корея мен Жапония жоғарғы оқу орындарында білімдерін жетілдіре алады.

- Кім Қазақстан Республикасының беру жүйесін дамыту қажет?

- Біз, осы заманғы білім беру жүйесін белсенді түрде дамытып, білікті мамандар даярлап шығаруымыз қажет.

- Қандай бағдарламасының негізінде біз сай білімді азаматтарды тартыумыз қажет?

- «Болашақ» бағдарламасының қол жеткізген табыстары негізінде, елімізге шет елдің ең үздік деген мамандарын тартумен қатар, шетелде оқитын Қазақстандық студенттеріміздің білім алуын қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселесіне ерекше назар аударуымыз керек.

 

 

8. Қазақстанның пайдалы қазбалары (әңгіме)

Қазақстан өзінің табиғи қазбаларымен және адам ресурстарымен дүние жүзіндегі бай елдердің бірі болып есептеледі. Кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтары: оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс, орталық аймақтарында Л. Менделеевтің кестесіндегі химиялық элементтердің барлық түрі кездеседі.

Қазақстанның жер қойнауында әлемдегі табиғи қазба байлықтардың барлық түрі (90-нан астам) орасан зор кµлемде бар деуге болады. Мысалы: сынап, қорғасын, алтын, кµмір, мұнай, болат, мыс, күміс, темір т.б қазба байлықтары мен түсті металдарынан күнделікті тұрмыста қолдануға түрлі тұрмыстық заттармен сәндік әшекей бұйымдар жасауға кеңінен пайдаланылады.

Еліміздің әр аймағынан алынатын пайдалы қазбалар мысалы, батыста Ақтау мен Маңғыстауда мұнай, газ өндірсе, Шығыста өскеменде фосфор, Орталықта көмір, мыс, түсті металл өндіреді.

9. Салауатты өмір салты (әңгіме, денсаулыққа байланысты 5 мақал айтып беріңіз)

Әр бір адам салауатты өмір салтымен айналысу керек. Дене шынықтырумен айналысу, есірткі қабылдамау, темекі шекпеу, алкогольді сусындар ішпеу осының бірі салауатты өмір салтына жатады. Қазіргі уақытты көптеген жастар салауатты өмір салтын ұстанбайды. Олардың ойынша темені тарту, алкогольді сусындар қабылдау кәсіргі кере сай, от деп ойлайды. Осының кесірінен осы заманның жастарында агрессиялық қасиеттер аса көбие береді. Салауатты өмір салтың ұстану керек, салауатты өмір салтымен айналысқан адамның болашағы ашық болады. Мен салауатты өмір салтын ұстанамын, және барлық азаматты осыған шақырамын.

 

10. Ұлттық теңгеміз туралы (әңгіме)

Біздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихымызды көрсететін рәміздеріміз бар. Елтаңба, Әнұран және Туымызбен бірге тағы бір белгі – ұлттық теңгеміз бар. Ұлттық теңге 1993 жылы 15 қарашада дүниеге келді. Теңгенің авторы болу бақыты қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов пен Мендібай Әлиннің үлесіне тиді. Олар Ұлыбританияның дымқыл ауасын жұтып, үлкен еңбектерінің нәтижесін елге жеткізді. Адамдардың ішкі сырын білуге болады, ал теңгедегі 16-ға жуық құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз. Біз мемлекеттік рәміздерді және ұлттық теңгемізді құрметтейміз. Себебі, теңге – тәуелсіздіктің үлкен бір белгісі, әрі халық үшін ХХ-шы ғасырдғы үлкен жетістік.

 

 

11. Қазақстанның географиялық орны (сұхбат)

- Сәлем!

- Сәлем!

- Қазақстанның жер беті қандай?

- Қазақстанның жер беті әр алуан.

-Қазақстан қайда орналасқан?

- Қазақстан Евразия материгінің ортасында орналасқан.

- Қазақстан кіммен шектеседі?

- Қазақстан Республикасы солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Өзбекстан, Қырғызстан және Түркменстанмен шектеседі. Республика шығысында Қытай мемлекетімен, ал батысында Каспий теңізімен шектеседі.

- Жерінің көлімі қанша?

- Жерінің көлемі 2724,9 мың шаршы км.

- Республиканың оңтүстік-батысында не орналасқан?

- Республиканың оңтүстік-батысында Маңғыстау түбегі орналасқан.

- Қазақстан оңтүстік – шығысында не орналасқан?

- Қазақстанның оңтүстік –шығысында биіктігі 7000 м жететін Хан-Тәңірі тау массиві бар.

- Арал теңізінен солтүстікке қарай не жатыр?

- Арал теңізінен солтүстікке қарай Үлкен және Кіші Борсыққұм массивтері және Арал маңы Қарақұмы жатыр.

- Қазақстанның орталық не алып жатыр?

- Қазақстанның орталық бөлігін Сарыарқа алып жатыр.

- Сарыарқада не бар?

- Сарыарқада Қарқаралы, Ұлытау тау массивтері бар.

- Бетпақдаланың шығысында үлкен аймақ қалай аталады?

- Бетпақдаланың шығысында үлкен аймақ Жетісу деп аталады.

 

13. Қазақстанның экологиясы (сұхбат)

- Сәлем!

- Сәлем!

- Әлемдегі ең кір өзендерді атаңыз?

- Өте күшті ластанған өзендердің қатарына Рейн, Дунай, Сена, Тибр, Волга, Днепр, Ніл, Ганг өзендері жатады.

- Ненің нәтижесінде алуаның қырлары постанады?

- Экологиялық пост, аймақ, аудан және орталықтар құрылуда.

- Қай мәселе-мәселелердің мәселесі?

- Экологиялық мәселе – мәселелердің мәселесі.

- Қандай мәселені біз болашақтағы ең маңызды мәселе болады деп есептейміз?

- Тұщы су мәселесі – болашақтағы басты мәселе

- Орманды және басқа өсімдіктер жамылғысын не құртады?

- Олар өнімнің түсімін кемітеді, орманды және басқа өсімдіктер жамылғысын құртады, тұщы судағы тіршілікті жояды.

- Табиғат қандай құбылыс?

- Табиғат – күрделі де жұмбақ құбылыс.

 

 

12. Қазақстан климаты (сұхбат)

- Сәлем!

- Сәлем!

- Қазақстан климаты қандай?

- Қазақстан климаты шұғыл континентті құрғақ келеді, сондықтан өзен торы, әсіресе орталық бөлігінде аз.

- Еліміздің ірі өзендері қандай?

- Еліміздің ірі өзендері Ертіс, Жайық, Іле, Сырдария, Тобыл, Есіл

- Қазақстан көлдерінің гидрологиялық ерекшелігі қандай?

- Қазақстан көлдерінің гидрологиялық ерекшелігі – деңгейлерінің маусымдық және жылдық ауытқу мөлшерінің өте жоғары болуы.

- Басты көл айдындары қандай?

- Басты көл айдындары – Балқаш, Алакөл, Зайсан, Теңіз, Сілеті.

- Қиыр солтүстігінде не қалыптасқан?

- Қиыр солтүстігінде орманды – дала зонасы қалыптасқан.

- Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс бөліктерінде не алып жатыр?

- Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс бөліктерінде биік таулы аймақтар алып жатыр.

- Өңірлердегі тау массивтері жер асты су қорына бастау беретін ылғалдың қуатты не болып есептелінеді?

- Өңірлердегі тау массивтері жер асты су қорына бастау беретін ылғалдың қуатты конденсаторы болып есептелінеді.

- Ормандарда негізінен не өседі?

- Ормандарда негізінен жапырақты және қылқан жапырақты ағаш алқабы бсым өседі.

 

14. «Ертегілер елінде» (бір ертегіні әңгімелеңіз)

Есте жоқ ерте заманда бидай өз бетімен өседі екен. Ақ бидайдың жағдайы күннен-күнге нашарлай бастайды. Ақырында өлер халге жетеді, әр түрлі аңдардан жәрдем сұрайды, құстарға жалбарынады. Бірақ оның өтінішіне ешкім құлақ аспайды. Енді өлдім ғой деген сәтте оған аң аулап жүрген Адам тап болады. Адам ақырында оның өтінішін қабыл алады. Ақ бидайдың айналасындағы шөптің бәрін қолымен отап, тып-типыл қылады. Бұлаққа барып су әкеледі. Адам жиі-жиі келіп, бидайға қамқор болып жүреді. Күзге салым бидай піседі. Адам сыйға алған дәнін бір қыс сақтайды. Көктем шыққанда дәнді себеді. Жаз бойы баптап тұрады. Ақырында күзде бір дорба бидай алады. Келер жылы бір қап, содан соң он қап, одан соң мың қап, қойшы, адамзат бидайды әлденеше миллион қап етіп алатын болды. Адам мен Ақ бидайдың достығы ерте заманда осылай басталған екен.

 

15. Қазақстанның «Қызыл кітабы» (әңгіме)

Қазақстанда «Қызыл кітап» Республика Үкіметінің 1978 жылдың 16 қантарындағы қаулысы бойынша бекітілді. Бұл кітапқа омыртқалы жануарлардың 87 түрі, оның ішінде: сүтқоректілер – 37, құстар – 43, бауырымен жорғалаушылар – 8, қосмекенділер – 1 және балықтардың 4 түрі тіркелді. 1981 жылы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының екінші бөлімі жарық көрді.

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына тіркелген жануарлар мен өсімдіктер түрлері еліміздің барлық территориясында ерекше қорғауды қажет етеді; бұл түрлерді ұстауға (жинауға) қатаң тыйым салынған. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына тіркелген кейбір аң-құстар:

 

16. Дәрілік өсімдіктер (сұхбат)

- Сәлем!

- Сәлем!

- Адамзат дамуының алғашқы дәурінде адамның негізгі көрегі не болды?

- Адамзат дамуының алғашқы дәурінде адамның негізгі көрегі өсімдік болды?

- Өсімдіктердің пайдасын кім зерттейді?

- Парацельс, Шасагетов т б өсімдіктердің пайдасын зерттейді.

- Қазақстанда қандай емдік өсімдіктер өседі?

- Ол жусан, мақсыр, мыңжапырақ, малартамар.

- Бұдан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар қанша дәрілік өсімдікті пайдалана білген?

- Бұдан 4 мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдікті пайдалана білген?

- Қытайда дәрілік өсімдікті жөнінде алғышқы кітап бұдан қандай жыл бұрын жазылған?

- Қытайда дәрілік өсімдікті жөнінде алғышқы кітап бұдан мың жыл бұрын жазылған?

 

17. Өсімдік және медицина (әңгіме)

Қазақстан табиғи жағдайлары әр түрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000-ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады. Соның 500 түрінен дәрілік заттар алынады. Әбу Насыр - Әл Фараби, Әбу-Әли Ибн-Сина қазақ халық медицинасының дамуына әсіресе дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40%-ы өсімдіктен дайындалады екен. Біздің тұрып жатқан жерімізде дәрілік өсімдіктердің түрлерінің 60% өседі. Оларға мынадай өсімдіктер жатады. Жабайы өсімдіктерден - жолжелкен, қалақай, жусан, жалбызтікен, сексеуіл, дәрілік түймедақ, итбүлдірген, бақ-бақ, мия, адыраспан.

 

 

18. Менеджер және ұйым (сұхбат)

- Сәлем!

- Сәлем!

- Ұйымдар қалай бөлінеді?

-Ұйымдар ресми және бейресми деп бөлінеді.

- Ұйым дегеніміз не?

- Ұйым дегеніміз – ортақ мақсатқа жету үшін қызметтері біріктірілген адамдар тобы.

- Бейресми ұйымдар бұл не?

- Бейресми ұйымдар – бұл аяқ астынан шыққан топтар, бірақ мұнда да адамдар өзара байланысты болады.

- Құрделі ұйымдар бұл не?

- Күрделі ұйымдар – бұл өзара байланысты мақсаттардың жиынтығынан тұратын ұйымдар.

- Ұйымның бес ортақ қасиеттерін атаңыз.

- Олар: Ұйымның ресурстары; Сыртқы ортаға тәуелділігі; Көлденең еңбек бөлінісі; Бөлімдер; Тік еңбек бөлінісі.

19. Жер құнары - өмір нәрі (Жер, ел, Отан туралы 15 мақал-мәтелді жатқа айтыңыз)

· Өз елім, өлең төсегім.

· Ел-елдің барі жақсы, Өз елің бәрінен жақсы.

· Ер жігіт ел үшін туады, Ел үшін өледі.

· Ел даусыз болмайды, Ер жаусыз болмайды.

· Өзін өзі білген ер бақытты. Өзін өзі билеген ел бақытты.

· Отан –елдің анасы, ел –ердің анасы.

· Отанға опасыздық еткенің - өз түбіңе өзің жеткенің.

· Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.

· Отан үшін күрес –ерге тиген үлес.

· Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды

· Жер – қазына, су – алтын.

· Малы жоқ деп Ерден түңілме. Егіні жоқ деп Жерден түңілме

· Ер сүрінбей, ел танымас. Ат сүрінбей, жер танымас.

· Ит – тойған жеріне, Ер – туған жеріне.

· Ер — елінде, гүл — жерінде.

 

20. «Қоғам және мен» тақырыбына сұхбат құрыңыз

- Сәлем!

- Сәлем!

- Адамның көзқарасы неге байланысты?

- Адамның көзқарасы оның қандай ортада өскендігіне байланысты.

- Қоғамды кім жасайды?

- Қоғамды адам жасайды.

- Қоғамда қандай фактор маңызды орын алады?

- Қоғамдағы маңызды орын алатын фактор тікелей қоршаған әлеуметтік орта.

- Әрбір адам қоғамға пайдасын қалай тигізе алады?

- Әрбір адам өзі туғаннан берілген қабілетін толық іске асыру арқылы пайдасын тигізе алады.

 


Дата добавления: 2015-08-28; просмотров: 339 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
1.Salesgirl: Good Morning! What can I do for you? | Привет случайно не занимаешься программирование на заказ а то есть кое какой курсовой проект написанный на C++ Builder 2009 и OpenGL его надо переделать с соответствии с требования (ТЗ,ТП)

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.035 сек.)