Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Бас миы мен жұлын арасындағы байланыстарды құрайтын ақ заттың талшықтары: 2 страница



e капсула астындағы синусы

 

ЭНДОКРИНДІ ЖҮЙЕСІ

БІР ДҰРЫС ЖАУАБЫН ТАБЫҢЫЗ:

89. Аденогипофиздің жасушаларының қызметіне әсер ететін гормондар қайсы:

a. минералокортикоидты және глюкокортикоидты

b. либериндер, статиндер

c. вазопрессин мен окситоцин

d. андрогендер мен эстрогендер

e. серотонин, мелатонин

90. Гипофиздің алдыңғы бөлігіндегі жасушаларының 60 %-ын түзетін аденоциттері қайсысы:

a. соматотропоциттері

b. кортикотропоциттері

c. маммотропоциттері

d. хромофобты эндокриноциттері

e. гонадотропоциттері

91. Гипофиздің алдыңғы бөлігінде майда, цитоплазмасындағы секреторлы түйіршіктері нашар боялатын жасушасы:

a. соматотропоциттері

b. маммотропоциттері

c. хромофобты эндокриноциттері

d. адренокортикотропоциттері

e. гонадотропоциттері

92.Гипофиздің алдыңғы бөлігінде пішінсіз немесе көпбұрышты болып келген, цитоплазмасында өте анық базофильді боялған майда түйіршіктері бар жасушасы:

a. соматотропоциттері

b. гонадотропоциттері

c. тиротропоциттері

d. маммотропоциттері

e. кортикотропоциттері

93. Гипофиздің гонадотропоциттерінің ерекшеліктеріне:

a. ядролары эксцентрлі орналасады

b. ірі оксифильді түйіршіктері болады

c. түйіршіктері болмайды

d. тиротропты гормонды бөледі

e. гипофиздің алдыңғы бөлігінің жасушаларының ең көбі

94. Ядросы эксцентрлі орналасқан, цитоплазмасында жақсы дамыған макуласы мен көптеген базофильді түйіршіктері бар гипофиздің алдыңғы бөлігінің жасушасы қайсы:

a. тиротропоциттері

b. соматотропоциттері

c. гонадотропоциттері

d. маммотропоциттері

e. адренокортикотропоциттері

95. Тәжірибе барысында жануарларға кастрация жасалғаны белгілі. Бұл операция нәтижесінде гипофиздегі аденоциттердің қайсысында өзгеріс байқалады:

a. гонадотропоциттерінде

b. соматотропоциттерінде

c. лактотропоциттерінде

d. питуициттерінде

e. тиротропоциттерінде

96.Тәжірибе барысында жануарларға тиреоидэктомия жасалған. Бұл операция гипофиз аденоциттерінің қайсысына әсер етеді:

a. гонадотропоциттеріне

b. лактотропоциттеріне

c. маммотропоциттеріне

d. тиротропоциттеріне

e. соматотропоциттеріне

97. Гипофиздің қай бөлігінде жинағыш Херринг денешіктері бар:



a. алдыңғы

b. аралық

c. артқы

d. туберальді бөлігінде

e. барлық бөліктерінде

98. Құрылыс- қызметін атқаратын бірлігі - фолликул болып табылатын эндокринді без қайсысы:

a. қос қалқанша безі

b. эпифиз

c. бүйрек үсті безі

d. гипофиз

e. қалқанша без

99. Қалқанша безден дайындалған препаратты зерттеу барысында қабырғасындағы тироциттері жалпақ, ірі фолликулдары бар екені байқалады. Бұл без қызметінің қай кезеңіне сәйкес келеді:

a. гипофункциясына

b. гиперфункциясына

c. тироглобулиннің биосинтезіне

d. тироглобулиннің фолликул қуысына бөлінуіне

e. гормондардың қанға бөлінуіне

100. Қалқанша бездің фолликул аралық дәнекер тінінде немесе фолликул қабырғасында орналасқан, секреторлы түйіршіктері осмиофильді және аргирофильді боялатын жасушалары қайсысы:

a. тироциттері

b. парафолликулярлы эндокриноциттері

c. тін базофилдері

d. макрофагтары

e. фибробласттары

101. Ағзаға радиоактивті йодты енгізгеннен кейінгі қалқанша бездің кесіндісін алып зерттеу барысында мына жасушалардың қайсысы боялады:

a. адипоциттері

b. фибробласттары

c. парафолликулярлы жасушалары

d. макрофагтары

e. тироциттері

102. Бүйрек үсті безінің бір бөлігінде құрамында холестерин, май тамшылары мен «С» витамині бар эпителиоциттердің тізбегі көрінеді. Бұл мыналардың қайсысы:

a. шумақты аймағы

b. шоғырлы аймағы

c. аз маманданған суданофобты жасушалардың қабаты

d. торлы аймағы

e. боз заты

103. Эпителий жасушаларының тізбегінен шумақтар түріндегі құрылым түзілетін бүйрек үсті безінің қай аймағы:

a. шоғырлы аймағы

b. аз маманданған суданофобты жасушалардың қабаты

c. торлы аймағы

d. шумақты аймағы

e. боз заты

104. Жасушаларының цитоплазмасында май қосындылары аз, жыныс гормондарын бөлетін бүйрек үсті безінің аймағы қайсысы:

a. шумақты аймағы

b. шоғырлы аймағы

c. аз маманданған суданофобты жасушалардың қабаты

d. торлы аймағы

e. боз заты

105. Бүйрек үсті безінде эпителиоциттер тізбегі тармақталып тор түзетін аймағы қайсы:

a. торлы аймағы

b. шумақты аймағы

c. капсула асты аймағы

d. суданофобты қабаты

e. шоғырлы аймағы

106. Бүйрек үсті безінде синусоидты қан тамырлар жүйесі мыналардың қайсысында орналасады:

a. капсула асты аймағында

b. шумақты аймағында

c. суданофобты қабатында

d. шоғырлы аймағында

e. боз затында

107. Бүйрек үсті безінде хромафинді эндокриноциттер мыналардың қайсысында орналасады:

a. торлы аймағында

b. шумақты аймағында

c. боз затында

d. суданофобты қабатында

e. шоғырлы аймағында

108. Қос қалқанша бездің ацидофильді эндокриноциттерінің ерекшелігі:

a. көптеген ірі митохондриялары бар

b. түйіршікті эндоплазмалық торы жақсы дамиды

c. цитоплазмасы базофильді

d. мөлшері 400 нм- дей секреторлы түйіршіктері бар

e. Гольджи аппараты күшті дамиды

109.Эпифиз бөлікшелерінің орталық бөлегінде орналасып, цитоплазмасындағы органеллалары жақсы дамыған, әрі өсінділерімен қан капиллярларына жанасып байланысатын жасушалары қайсы:

a. глиоциттері

b. пинеалоциттері

c. тін базофилдері

d. макрофагтары

e. фибробласттары

110. Бүйрек үсті безінің А әріпімен белгіленген құрылымы:

a шумақты аймағы

b шоғырлы аймағы

c торлы аймағы

d боз заты

e капсуласы

111. Бүйрек үсті безінің Б әріпімен белгіленген құрылымы:

a шумақты аймағы

b шоғырлы аймағы

c торлы аймағы

d боз заты

e капсуласы

112. Бүйрек үсті безінің В әріпімен белгіленген құрылымы:

a шумақты аймағы

b шоғырлы аймағы

c торлы аймағы

d боз заты

e капсуласы

113. Бүйрек үсті безінің Г әріпімен белгіленген құрылымы:

a шумақты аймағы

b шоғырлы аймағы

c торлы аймағы

d боз заты

e капсуласы

114. Бүйрек үсті безінің Д әріпімен белгіленген құрылымы:

a шумақты аймағы

b шоғырлы аймағы

c торлы аймағы

d боз заты

e капсуласы

 

АС ҚОРЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ АЛДЫҢҒЫ БӨЛІГІ

БІР ДҰРЫС ЖАУАБЫН ТАБЫҢЫЗ:

115. Тілдің кілегейлі қабығының көп қабатты жалпақ мүйізделген эпителимен жабылатын құрылымдары:

a. жапырақ тәрізді бүртіктері

b. саңырауқұлақ тәрізді бүртіктері

c. науа тәрізді бүртіктері

d. жіп тәрізді бүртіктері

e. тілдің асты

116. Тілдің саңырауқұлақ тәрізді бүртіктерін тыстайтын эпителий:

a. бір қабатты жалпақ

b. бір қабатты призмалы

c. ауыспалы

d. көп қатарлы кірпікшелі

e. көп қабатты жалпақ мүйізделмеген

117. Құлақ қасы безінің соңғы бөлігінің құрамында болатыны:

a. белокты жасушалар мен миоэпителиоциттер

b. шырышты жасушалар мен миоэпителиоциттер

c. шырышты, белокты және миоэпителиальді жасушалар

d. нейрондар мен шырышты жасушалар

e. шырышты және ет жасушалары

118. Жақ асты безінің соңғы аралас бөліктерінің құрамында болатыны:

a. белокты жасушалар мен миоэпителиоциттер

b. шырышты жасушалар мен миоэпителиоциттер

c. шырышты, белокты және миоэпителиальді жасушалар

d. нейрондар мен шырышты жасушалар

e. шырышты және ет жасушалары

119. Өңештің кілегейлі қабығының эпителиі:

a. бір қабатты жалпақ

b. бір қабатты куб тәрізді

c. бір қабатты призмалы

d. көп қабатты жалпақ мүйізделмеген

e. көп қабатты жалпақ мүйізделген

120. Кілегейлі қабығы көп қабатты жалпақ мүйізделмеген эпителимен тысталған, ал кілегей асты негізінде шырышты бездер болатын ас қорыту жолдарының қай бөлігі:

a. асқазан

b. өңеш

c. аш ішек

d. он екі елі ішек

e. тоқ ішек

121. Өңештің меншікті бездерінің орналасқан жері:

a. кілегейлі қабығының эпителиі

b. кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы

c. етті қабығы

d. кілегей асты негізі

e. адвентициальді қабығы

122. Өңештің кардиальді бездері орналасқан жері:

a. кілегейлі қабығының эпителиі

b. кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы

c. етті қабығы

d. кілегей асты негізі

e. адвентициальді қабығы

123. Ас қорыту жүйесінің қуысты мүшесінің қабырғасынан алынған препараттан: көп қабатты эпителиі, кілегей асты негізіндегі бездері және етті қабығының құрамынан көлденең жолақты ет талшықтары мен тегіс салалы ет жасушалары көрінеді. Бұл препарат мына мүшелердің қайсысынан дайындалған?

a. аш ішектен

b. асқазаннан

c. өңештің жоғарғы үштен бір бөлігінен

d. өңештің ортаңғы үштен бір бөлігінен

e. өңештің төменгі үштен бір бөлігінен

124. Миндалиналардың кілегейлі қабығының эпителиі:

a. бір қабатты жалпақ

b. бір қабатты куб тәрізді

c. бір қабатты призмалы

d. көп қатарлы кірпікшелі

e. көп қабатты жалпақ мүйізделмеген

125. Миндалиналардың кілегейлі қабығының меншікті пластинкасында мыналардың қайсысы болады:

a. фибробласттардың

b. адвентициалды жасушалар

c. тін базофильдері

d. лимфатикалық фолликул түріндегі лимфоидты тіндер

e. май тіндері

126. Микроскопиялық зерттеулерге лимфоидты мүшелердің бір қатар препараттары берілген: тимус, лимфа түйіндері, миндалиналар. Осылардың ішінен миндалинаны (бадамша бездерді) қандай ерекшеліктеріне байланысты табуға болады?

a. сырты көп қабатты жалпақ эпителимен қапталады

b. сырты бір қабатты призмалы эпителимен қапталады

c. мезотелимен тысталады

d. бөлшектерден құралған

e. бөлшектің ортасында қабаттасқан эпителиалді денешігі бар

 

127. Өңештің А әріпімен белгіленген құрылымы:

a. адвентициалді қабығы

b. көп қабатты жалпақ мүйізделмеген эпителий

c. кілегей қабығы

d. кілегей қабығының ет пластинкасы

e. өңештің меншікті бездері

128. Өңештің Б әріпімен белгіленген құрылымы:

a. адвентициалді қабығы

b. көп қабатты жалпақ мүйізделмеген эпителий

c. кілегей қабығы

d. кілегей асты негізі

e. өңештің меншікті бездері

129. Өңештің В әріпімен белгіленген құрылымы:

a. адвентициалді қабығы

b. көп қабатты жалпақ мүйізделмеген эпителий

c. кілегей қабығының меншікті пластинкасы

d. бұлшық етті қабығы

e. өңештің меншікті бездері

130. Өңештің Г әріпімен белгіленген құрылымы:

a. адвентициалді қабығы

b. көп қабатты жалпақ мүйізделмеген эпителий

c. кілегей қабығының меншікті пластинкасы

d. бұлшық етті қабығы

e. өңештің меншікті бездері

131. Өңештің Д әріпімен белгіленген құрылымы:

a. адвентициалді қабығы

b. көп қабатты жалпақ мүйізделген эпителий

c. кілегей қабығының меншікті пластинкасы

d. көп қабатты жалпақ мүйізделмеген эпителий

e. өңештің меншікті бездері

132. Өңештің Е әріпімен белгіленген құрылымы:

a. адвентициалді қабығы

b. көп қабатты жалпақ мүйізделмеген эпителий

c. бұлшық етті қабығы

d. кілегей қабығының ет пластинкасы

e. өңештің меншікті бездері

АСҚАЗАН, ІШЕК

БІР ДҰРЫС ЖАУАБЫН ТАБЫҢЫЗ:

133. Асқазанның кілегейлі қабығының эпителиі:

a. бір қабатты жалпақ

b. бір қабатты куб тәрізді

c. бір қабатты призма тәрізді

d. көп қабатты жалпақ мүйізделмеген

e. көп қабатты жалпақ мүйізделген

134. Асқазанның кілегей асты негізін құрайтын тін:

a. тығыз қалыптасқан дәнекер тіні

b. тығыз қалыптаспаған дәнекер тіні

c. борпылдақ қалыптаспаған дәнекер тіні

d. тегіс салалы ет тіні

e. көлденең жолақты ет тіні

135. Ас қорыту жүйесінің қай мүшесінің етті қабығы үш қабатты тегіс салалы ет тінінен тұрады:

a. аш ішектің

b. өңештің

c. асқазанның

d. тоқ ішектің

e. мықын ішегінің

136. Асқазанның меншікті бездерінің құрылысы:

a. қарапайым альвеолярлы соңғы бөлігі тармақталмаған

b. қарапайым түтікшелі соңғы бөлігі тармақталмаған

c. қарапайым түтікшелі соңғы бөлігі тармақталған

d. күрделі альвеолярлы соңғы бөлігі тармақталған

e. күрделі альвеолярлы-түтікшелі соңғы бөлігі тармақталған

137. Асқазанның меншікті бездерінің құрамында базофильді боялған, цитоплазмасында пепсиноген ферментінің ірі зимогенді түйіршіктері болатын жасушасы қайсысы:

a. париетальді экзокриноциттері

b. мойын мукоциттері

c. қосымша мукоциттері

d. басты экзокриноциттері

e. эндокриноциттері

138.Асқазанның меншікті бездерінде цитоплазмасы оксифильді боялған, пішінсіз, хлоридтерді бөлетін жасушасы:

a. мойын мукоциттері

b. қосымша мукоциттері

c. басты экзокриноциттері

d. эндокриноциттері

e. париетальді экзокриноциттері

139. Асқазанның меншікті бездерінің цитоплазмасында көптеген митохондриялары мен жасуша ішіндегі түтікшелерінің тармақталған торы бар жасушалары қайсы:

a. негізгі

b. париетальді

c. эндокриноциттері

d. шырышты қосымша жасушалары

e. мойын мукоциттері

140. Асқазанның меншікті бездерінің тек қана мойнында орналасатын, жасушасының базальді полюсіндегі ядросы қою түске боялған, цитоплазмасында шырыштың тамшылары көрінетін жасушасы қайсы:

a. басты экзокриноциттері

b. париетальді экзокриноциттері

c. эндокриноциттері

d. мойын мукоциттері

e. қосымша мукоциттері

141. Асқазанның меншікті бездерінде, цитоплазмасындағы түйіршіктері күміс және хром тұздарымен боялатын жасушалар қайсы:

a. басты экзокриноциттері

b. париетальді экзокриноциттері

c. эндокриноциттері

d. мойын мукоциттері

e. қосымша мукоциттері

142. Асқазанның кардиальді және пилорикалық бездерінің құрылысы болып:

a. қарапайым альвеолярлы соңғы бөліктері тармақталмаған

b. қарапайым түтікшелі соңғы бөліктері тармақталмаған

c. қарапайым түтікшелі соңғы бөліктері тармақталған

d. күрделі альвеолярлы соңғы бөліктері тармақталған

e. күрделі альвеолярлы-түтікшелі соңғы бөліктері тармақталған

143. Ішек қабырғасының қозғалысы мен химустың каудальді бағытқа жылжуына қатысатын, ішек құрылымы қайсысы:

a. етті қабығы

b. адвентициальді қабығы

c. кілегейлі асты негізі

d. сірлі қабығы

e. кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы

144. Аш ішек эпителиіндегі камбиальді қызмет атқаратын құрылымы:

a. бағаналы эпителиоциттері

b. жиексіз, дифференцияланбаған эпителиоциттері

c. бокал тәрізді экзокриноциттері

d. ацидофильді түйіршіктері бар экзокриноциттері

e. эндокриноциттері

145. Ішектің кілегейлі қабығы эпителиінің бокал тәрізді жасушаларынан бөлінетіні қайсысы:

a. Шырыш

b. серотонин

c. холецистокинин

d. гастрин

e. дипептидазалар мен лизоцим

146. Аш ішек бездерінің эпителиіндегі дипептидазалар мен лизоцимнің синтезіне қатысатын жасушалары:

a. жиексіз эпителиоциттері

b. бокал тәрізді экзокриноциттері

c. эндокриноциттері

d. бағаналы эпителиоциттері

e. ацидофильді түйіршіктері бар экзокриноциттері

147. Аш ішекте митоз жолымен бөлініп, эпителидің физиологиялық регенерациясына қатысатын жасушалары:

a. бокал тәрізді экзокриноциттері

b. бағаналы эпителиоциттері

c. эндокриноциттері

d. ацидофильді түйіршіктері бар экзокриноциттері

e. жиексіз дифференцияланбаған эпителиоциттері

148. Аш ішек бүрлеріндегі эпителий жасушаларының ең көбі:

a. бағаналы эпителиоциттері

b. бокал тәрізді экзокриноциттері

c. ЕС – жасушалары

d. А-жасушалары

e. S-жасушалары

149. Аш ішек бүрлері мен криптасындағы эпителий жасушаларының қайсысының апикальді полюсінде сызықты жиегі болады:

a. дифференцияланбаған эпителиоциттері

b. бокал тәрізді экзокриноциттері

c. бағана тәрізді эпителиоциттері

d. ацидофильді түйіршіктері бар экзокриноциттері

e. ЕС – жасушалары

150. Зерттеуші - аш ішектегі тағамның қабырғалық сорылуы мен сіңу процестерін анықтау. Аталған үрдіске мына жасушалардың қайсысы қатысады:

a. бокал тәрізді экзокриноциттері

b. эндокриноциттері

c. ацидофильді түйіршіктері бар, экзокриноциттері

d. бағаналы жиекті эпителиоциттері

e. аз дифференцияланған эпителиоциттері

151. Аш ішек криптасындағы ацидофильді түйіршіктері бар экзокриноциттерінен синтезделетіні:

a. шырыш

b. серотонин

c. секретин

d. дипептидазалар мен лизоцим

e. гастрин

152. Аш ішек эпителиінің бүрлері мен криптасындағы (бездеріндегі) бокал тәрізді экзокриноциттерінің бөлетіні:

a. шырыш

b. серотонин

c. секретин

d. дипептидазалар мен лизоцим

e. гастрин

153. Аш ішек бездерінің эпителиоциттерінің электронды микросуретінен жасушаның базальді полюсінде орналасқан майда өте тығыз түйіршіктерін көруге болады. Бұл жасуша мыналардың қайсысы:

a. сызықты жиегі бар, бағаналы эпителиоциттер

b. сызықты жиегі жоқ, эпителиоциттер

c. бокал тәрізді экзокриноциттер

d. эндокриноциттер

e. Панет жасушасы

154. Аш ішек бездеріндегі эпителиоциттердің электронды микросуретінен цитоплазмасындағы ірі түйіршіктерінің жасушалардың апикальді полюсінде орналасқаны көрінеді. Бұл жасуша қайсысы:

a. сызықты жиегі бар бағаналы эпителиоциттер

b. сызықты жиегі жоқ эпителиоциттер

c. бокал тәрізді экзокриноциттер

d. эндокриноциттер

e. Панет жасушасы

155. Қабырғасында бүрлері жоқ, жақсы дамыған крипталары бар ас қорыту жолының қай бөлігі:

f. өңеш

g. асқазан

h. 12-елі ішек

i. тоқ ішек

j. аш ішек

156. Тоқ ішектің кілегейлі қабығының криптасындағы эпителиінің құрамындағы жасушалардың ең көбі:

a. бағаналы эпителиоциттері

b. аз дифференцияланған эпителиоциттері

c. бокал тәрізді экзокриноциттері

d. ЕС – жасушалары

e. D – жасушалары

157. Студентке ас қорыту жолынан дайындалған бір препарат зерттеуге берілген, бұл препараттағы мүшенің кілегейлі қабығының эпителиінде бокал тәрізді экзокриноциттері басым. Бұл мына мүшелердің қайсысы:

a. өңеш

b. асқазан

c. аш ішек

d. тоқ ішек

e. 12-елі ішек

158. Ас қорыту жолының мүшесінің бірінде: кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы мен кілегей асты негізінде лимфоидты тіннің көптеген жиынтығы бар екені анықталған, ол:

a. өңештің жоғарғы бөлігі

b. өңештің ортаңғы бөлігі

c. асқазанның түбі

d. құрт тәрізді өсіндісі

e. тік ішек

 

159. 12-елі ішектің А әріпімен белгіленген құрылымы:

a. бір қабатты цилиндр тәрізді эпителиі

b. крипталары

c. дуоденальді бездері

d. кілегейлі қабығы

e. кілегей асты негізі

160. 12-елі ішектің Б әріпімен белгіленген құрылымы:

a. бір қабатты цилиндр тәрізді эпителиі

b. крипталары

c. дуоденальді бездері

d. кілегейлі қабығы

e. кілегей асты негізі

161. 12-елі ішектің В әріпімен белгіленген құрылымы:

a. бір қабатты цилиндр тәрізді эпителиі

b. бұлшық етті қабығы

c. дуоденальді бездері

d. кілегейлі қабығы

e. кілегей асты негізі

162. 12-елі ішектің Г әріпімен белгіленген құрылымы:

a. бір қабатты цилиндр тәрізді эпителиі

b. крипталары

c. сірлі қабығы

d. кілегейлі қабығы

e. кілегей асты негізі

163. 12-елі ішектің Д әріпімен белгіленген құрылымы:

a. бір қабатты цилиндр тәрізді эпителиі

b. крипталары

c. дуоденальді бездері

d. кілегейлі қабығы

e. кілегей асты негізі

164. 12-елі ішектің Е әріпімен белгіленген құрылымы:

a. бір қабатты цилиндр тәрізді эпителиі

b. крипталары

c. дуоденальді бездері

d. кілегейлі қабығы

e. кілегей асты негізі

165. 12-елі ішектің Ж әріпімен белгіленген құрылымы:

a. бір қабатты цилиндр тәрізді эпителиі

b. крипталары

c. дуоденальді бездері

d. кілегейлі қабығы

e. кілегей асты негізі

БАУЫР. ҰЙҚЫ БЕЗІ.

БІР ДҰРЫС ЖАУАБЫН ТАБЫҢЫЗ:

166. Классикалық түсінік бойынша бауыр бөлігінің пішіні:

a. шар тәрізді

b. өсінділі

c. тармақталған

d. алты қырлы призма тәрізді

e. конус пішіндес

167. Гепатоциттердің пішіні:

a. жұлдыз пішіндес

b. көпбұрышты, пішінсіз

c. дөңгелек

d. жіп тәрізді

e. пирамида тәрізді

168. Екі жақты секрет бөлетін бауырдың жасушалары:

a. фибробласттар

b. жұлдыз тәрізді макрофагтар

c. липоциттер

d. Pit-жасушалары

e. гепатоциттер

169. Қан плазмасындағы белоктардың (фибриноген, альбумин, протромбин) синтезіне қатысатыны:

a. эритроциттер

b. нейтрофильді гранулоциттер

c. базофильді гранулоциттер

d. гепатоциттер

e. фибробласттар

170. Майда еритін А, Д, Е, К витаминдерін синтездеп, талшық түзуге қатысатын, бауыр жасушалары:

a. гепатоциттер

b. липоциттер

c. pit-жасушалары

d. жұлдыз тәрізді макрофагтар

e. эндотелиоциттер

171. Бауырға қанды әкелетін қан тамырлар жүйесіне қатыстысы:

a. бөлік асты вена

b. қақпа венасы мен бауыр артериясы

c. бөлік ішіндегі синусоидты капиллярлар

d. бөлік аралық артерия мен вена

e. орталық вена

172. Бауыр бөліктерінің ішіндегі қан айналымымға қатысатын жүйе:


Дата добавления: 2015-08-28; просмотров: 127 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.07 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>