Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жүрек- қанды қозғалысқа келтіріп,қан тамырына айдайтын негізгі мүше.Қабырғасы 3 қабықтан



Жүрек- қанды қозғалысқа келтіріп,қан тамырына айдайтын негізгі мүше.Қабырғасы 3 қабықтан тұрады:ішкі-эндокард,ортаңғы-миокард, сыртқы-эпикард.

Дамуы .Жүректің алғашқы бастамасы 1,5мм эмбрионда аптаның басында ұрықтың бас бөлігінің астындағы мезенхима жасушаларынан дамиды.Бұл жа сушалар висцеральді жапырақша астында орналасады.Кейінірек бұл жасушалар висцеральді жапырақшалармен бірге қосылып екі ұзынша түтікшеге айналады,ол ұрық денесінің целомдық қуысына кіріп тұрады.Одан әрі пайда болған түтікшелер қосылып кетеді де,олардың қабырғасынан эндокард пайда болды

Осы түтікшелерге жақын жатқан мезодерманың висцеральді жапырақшасының аймағы миоэпикардиальды пластинка деп аталады.Пластинка екіге бөлінеді:ішкісі миокардтың бастамасын,ал сыртқы эпикардтың бастамасын береді.Миокард бастамасының жасушалары кардиомиобласттар бөлінеді де,Т-жүйелері пайда болады.Кардиомиобласттардың байланысқан жерінде қыстырма дискілер пайда бола бастайды,бесінші айға дейін толық жетіледі.Жүрек клапандары эндокардтың дупклиакатурасы ретінде дамиды.

Құрылысы. Эндокарджүректің ішкі қабығы.Қалыңдығы әртүрлі,жүректің сол жақ камераларында,әсіресе қарыншааралық бөліктерінде аорта мен өкпе артериясының байланысқан жерінде қалың,ал сіңірлік жіпшелерінде жұөа.Жүректің эндокарды құрамында полиганальдыжасушалары бар,эндотелиймен тысталған.Бұл жасушалар базальды мембрана бекінген.Оның астында дәнекер тінді эндетелий асты және эластинді етті қабаты болады.Ет жасушалары эндокардпен аортаның байланысқан жерінде жақсы дамыған.Эндокардтың қоректенуі дуффузды түрде ішіндегі қаннан қоректік заттарды алу арқылы.

Клапандар .Жүректің клапандары жүрекше қарынша арасында,сонымен бірге ірі тамырларда болады.Жүрекше мен қарынша арасында (атриовентрикулярлы) арасында клапаны жүректің сол жағындағы-қақпақты,ал оң жағында үш қақпақты болып келген.Клапандар эндотелий тысталған,қүрамында тығыз талшықты, дәнекер тінді құрылымы бар.Қақпақшалардың негізгі затында гликозаминогликандар баршылық.



Миокард -жүректің ет қабығы,тығыз орналасып,бір-бірімен байланысқан көлденең жолақты ет жасушалары кардиомиоциттерден тұрады.Мұндай кардиомиоцитттердің арасында борпылдақ дәнекер тіні,қан тамырлары,нервтер орналасады.Кардиомиоциттердің үш түрі бар,олар:жиырылғыш(жұмысшы) ет жасушалары,ал екінші жүректің өткізгіш жүйесіне жататын -өткізгіш жасушалар,ал үшінші- секреторлы немесе эндокринді кардиомициттер.

Жүректің жиырылғыш кардиомициттерінің өзіне тән құрылымдық және цитохимиялық ерекшеліктері бар, бұл оларды өткізгіш кардиомициттердің пішіні тік бұрышты еттерінен ажыратып жатады.

Жүректің өткізгіш жүйесіне жиырылғыш кардиомициттерге нерв импульсін қалыптастырып,өткізетін ет жасушалары тобы жатады.Бұл жүйенің жүрекше түйіні,жүрекше мен қарыншадағы түйін немесе Гисс шоғыры оның тармақтары немесе Пуркинье талшықтары жатады.Бұлар жиырылғыш кардиомиоциттерге нерв импульсін өткізіп,жүректің ритмін реттейді.Осы жүйенің әр бөліктерінде ет жасушалары әртүрлі қатынастағы үш түрін ажыратады:үшінші түрі секреторлы жасушалы гормон бөліп ПНФ жиырылғыш ет жасушасының қызметіне,артериялық қан қысымына,су мен тұздың алмасуына,несептің бөлінуіне әсер етеді.

Синустың түйінде импульстің қалыптасуы жүзеге асады.Түйіннің ортасында өз бетінше жиырыла алатын бірінші типті жасушалар-өткізгіш немесе «Пейсмекер» жасушалары болады.(Р-жасушалар)Бұл жасушалар көпбұрышты,диаметрі 8-10мкм,аздаған миофибрилдері бар.Миофибриллалары сирек орналасқан,онда А және І дискілері анық көрінбейді де,Т жүйесі болмайды,бірақ алвеолалары мен көпіршіктері бар.Пейсмекер жасушаларының цитоплазмасындағы бос Са+ ионы синустық түйіндегі жасушалардың импульсті туғызып өздігінен жиырылуына мүмкіндік туғызады.Бұған қажетті энергия гликолиз процесінен алынады.Жасушалардың екінші типіне аралық жасушалар тобы жатады,бұлар ұзынша келген,жіпше тәрізді жасушалар.Параллель орналасқан миофибриллары жақсы дамыған.Т- жүйесі бар,олар бір-бірімен қыстырма дискілермен байланысқан.Олардың ең негізгі қызметі қозуды Р жасушаларынан Гисс шоғырының жасушаларына,одан жұмысшы кардиомиоциттерге береді.Жасушалардың үшінші түріне Пуркинье талшықтарының жасушалары жатады.Бұл жасушалардың құрамында спираль тәрізді болып келген ұзын миофибриллалары болады.Қызметі қозуды аралық жасушалардан жүрек қарыншасының жұмысшы кардиомиоциттеріне береді.Бұл жасушалардың диаметрі ірі,Т-жүйесі болмайды,ядросы эксцентрлі орналасқан.

Жүректің сыртқы қабығы немесе эпикард перикардтың висцеральды жапырақшасы түрінде болады.Эпикард дәнекер тінді,миокардпен тығыз бірігіп кеткен(0,3-0,4) жұқа пластинка.Оның ашық беті мезотелимен тысталған.Эпикардтың 50%-ін құрайтын коллагенмен эластин талшықтары.Жүрек қарыншасы мен жүрекшенің кейбір бөліктерінде коллаген,эластин талшықтары азайып,тіпті болмайтында бөліктері.

Дәнекер тіні перикардта эпикардқа қарағанда жаксы дамыған,онда эластин талшықтар көбірек.Мұндағы қан тамырлардың бойында май жасушаларының жиынтығы кездеседі.Перикардтың аттас қуысқа қараған беті мезотелиймен тысталған.Перикардта нерв ұштары да көп.

Жасқа байланысты ерекшеліктері .Жүректің онтогенездік дамуындағы гистоқұрылысын үш кезеңге бөліп қарауға болады:түрленіп дамуы (дифференциялану) кезеңі, стабилизациялық немесе қалыпты деңгейге келуі және инволюция(кері даму) кезеңі.Жүректің гистоқұрылысының ұрықтық дамудан басталған кезеңі 16-20 жаста аяқталады.Бұған кардиомиоциттердің түрлену процесі мен жүрек қарыншасының морфогенезі сопақша тесік пен артериялық қысымның өсуі әсер етеді.Осы кезде оң жақтағы қарыншаның миокардының физиологиялық атрофиясы және сол жақтағы қарыншаның физиологиялық гипертрофиясы байқалады.Жүректің миоциттерінде саркоплазмасы ұлғайып,ядролық-плазмалық қатынас азаяды.20-30 жастың арасындағы кезеңде әдетте функциональды күш түскенде адамның жүрегі салыстырмалы қалыпты күйде болады(стабилизациясы).30-40 жастан кейін миокардта дәнекер тіннің өсуімен,ал эпикардта май жасушалары-адипоциттер пайда болады,жүректің иннервациясы да өзгере бастайды.30 жастан кейін жүрек қабырғасындағы адренергиялық нерв өрімдеріндегі медиаторлары азайып,медиаторлардың белсенділігі бәсеңдейді.Ал,70 жастан кейін жүректегі парасимпатикалық нерв талшықтары азаяды да,жүректе склеротикалық өзгерістер пайда болып,миокардтың қан айналымы қиындап,көптеген ишемия науқастардың шығуына әсер етеді.

Жүрек пен қан тамырлар жүйесі құрамында қоректік және биологиялық белсенді заттар,газдар,метоболизм өнімдері бар,ағзада қанның және лимфаның таралуын қамтамасыз ететін мүшелердің жиынтығы(жүрек,қан және лимфа тамырлары)

Қан тамырлары-тасымалдау қызметін жүзеге асыратын,мүшелерді қанмен қамтамасыз етумен қатар,тіндер арасындағы зат алмасу процесін реттейтін диаметрі әр түрлі тұйық түтікшелер жүйесі.

Дамуы .Алғашқы қан тамырлары эмбриогенездің 2-3 аптасында сары уыз қапшығының қабырғасындағы мезенхимадан пайда болады.Сонымен қатар хорионның құрамындағы қан аралшықтары деп аталатын бөлігінде де дамиды.Аралшықта орналасқан мезенхима жасушаларының біразынан алғашқы қан тамырларының эндотелиі түзіледі.Ал аралшықтың орта бөлігіндегі жасушалары дөңгелек пішінге айналып,алғашқы қан жасушаларын түзеді.

Құрсақтағы дамудың үшінші аптасында құрсақ тамырлары құрсақтан тыс тамырлармен байланысады.Қан тамырларының одан әрі дамуы күрделеніп,денедегі гемодинамикалық жағдайлар(қан қысымы,қан ағысының жылдамдығы) тамырлар қабырғасының арнайы ерекшеліктерінің пайда болуына әсер етеді.

Артериялар құрылысының ерекшеліктеріне сәйкес үш топқа бөлінеді:эластинді,бұлшықетті және аралас.Бұлардың ерекшелігі ортаңғы қабығында.

Эластин типті артериялар .Эластинді артерияға қан жоғары қысыммен(120-130сын.бағ.)және үлкен жылдамдықпен жылжитын (0,5-1,3м/сек) ірі қолқа мен өкпе артериясы сияқты тамырлар жатады.Бұл тамырларға қан тікелей жүректен,не соған жақын қолқа доғасынан келеді.Ірі калибрлі артериялар ең алдымен транспортты қызмет атқарады.Қабырғасында эластинді элементтердің көп болуы(талшықтар мен мембраналар) бұл тамырларға жүректің систоласы кезінде созылуға,диастола сәтінде бастапқы қалпына келуге жағдай жасайды.Эластинді тамырларға мысал ретінде қолқа құрылысы алынған.

Қолқаның ішкі қабығында эндотелий,эндотелий асты және эластин талшықтарының өрімі бар.Адам қолқасының эндотелиі базальді мембранада орын алған,пішіні мен мөлшері әр түрлі жасушалардан тұрады.Эндотелий асты қабатының қалыңдығы жалпы қабықтың 15-20% қалыңдығындай,жіңішке фибрилярлы жұлдыз тәрізді жасушалар мен миоциттерден тұрады.Эндотелий астындағы ішкі қабықтың құрамында эластин талшықтарының өрімі бар.

Қолқаның ортаңғы қабығының құрамында көп мөлшердегі эластинді элементтері бар,бұл оның негізгі каркасын құрайтын қабығы.Эластинді мембраналар арасында ет жасушалары мен аздаған фибробласттар да болады.Ортаңғы қабығындағы мұндай құрылымдары қолқаға созылғыштық қасиет береді.

Қолқаның сыртқы қабығы борпылдақ талшықты дәнекер тіннен,сонымен қатар,көптеген эластин және коллаген талшықтарынан тұрады.Қолқаның ортаңғы және сыртқы қабықтарыгда басқа ірі тамырлардағыдай қоректік жолдар мен нерв бағаналары өтеді.

Ет типті артериялар .Негізінен бұлар диаметрі жағынан алғанда,орташа және ұсақ тамырларға жіктеледі.Ағзадағы артериялардың көпшілігі осы типке жатады.

Ішкі қабығының құрамында эндотелий мен базальді мембрана,эндотелий асты және ішкі эластинді мембрана болады.Жүрек,бүйрек,аналық жыныс безінде,жатыр,өкпе артерияларының ішкі қабығында миоциттер де баршылық.

Ортаңғы қабығында өте көптеген ет жасушалары мен коллаген талшықтары бар.Коллаген талшықтар тамырдың каркасын түзеді.Бұл тамырдың құрамында эластин талшықтары да кездеседі,бұлар тамыр қуысының жабыспауы үшін маңызды роль атқарады.Ортаңғы қабық пен сыртқы қабық арасында сыртқы эластинді мембрана орналасады.

Сыртқы қабығы-борпылдақ талшықты дәнекер тіні,құрамында “vasa vasorum” нерв талшықтары болатындығымен ерекшеленеді.

Аралас типті артериялар .Артериялардың бұл түріне ұйқы және бұғана асты артериялары жатады.Қабырғасындағы ішкі қабығы базальді мембранаға бекінген, эндотелийден,эндотелий асты қабатынан және ішкі эластинді мембранадан түзілген.Соңғы мембрана ішкі және ортаңғы қабықтарының арасында орналасады.Аралас типті артериялардың ортаңғы қабығы мөлшері жағынан тең дәрежедегі тегіс салалы ет жасушаларымен спиральді бағытталған эластин талшықтарынан және терезелі эластинді мембраналардан тұрады.Бұлардың арасында аздаған фибробластар мен коллаген талшықтары да бар.Аралас артерияның сыртқы қабығы екі қабаттан тұрады:ішкі қабаты миоциттер жігінен,ал сыртқы ұзыннан және қиғаш орналасқан коллаген,эластин талшықтарының шоғыры болып табылады.Бұл қабықтың құрамында да “vasa vasorum” және нерв талшықтары болады.

Веналар .Веналар қан тамырлар жүйесінің ішінде,қанды мүшеден кері қайтарушы тармағы болып табылады,бұлар посткапиллярлық венулалардан басталады.Қан қысымы төмен 15-20мм сынап бағанасымен,жылдамдығы 10м/с.Қабырғасындағы эластинді элементтері салыстырмалы түрде әлсіз дамыған.Құрылысына байланысты веналар екі топқа бөлінеді:талшықты(ет типті) және талшықсыз(етсіз вена).Талшықсыз венаға мидың жұмсақ және қатты қабаттарындағы веналар жатады.Көздің торлы қабатында да етсіз вена болады.Бұл аталған қабықтардағы қан өзінің ауырлық күшіне қарай ірі венозды тармақтарға өте оңай жылжып өтеді.Бұлардың қабырғасы өте жұқа,ортаңғы қабығы тіпті болмайды.

Ет типті веналар қабырғасында етті элементтер жақсы дамыған,диаметрі әртүрлі.Ортаңғы қабығының құрамындағы нт жасушаларының дамуына байланысты бұл веналар үш топқа бөлінеді:нашар етті,орташа және етті элементтер күшті дамыған болып.Етті элементтер әлсіз нашар дамыған веналарға жоғарғы қуысты вена,кеуде,қол веналары жатады.Адамның тік жүруіне байланысты бұл веналардағы қан өзінің салмағымен және кеуде жасушасының дем алу қимылдарының арқасында қанды жүрекке алып келеді.

Етті элементтері орташа дамыған иық венасы.Етті жасушалары күшті дамыған венаға дененің төменгі бөлігіндегі ірі веналар жатады.Ет жасушалары бұл веналардың үш қабығында да болады.Оның ішінде ең негізгі жамбас венасы.Жамбас венасының ішкі қабығының құрамында қатпарлар тәрізді клапандары болады.Клапандар венаның саңылауына қараған эндотелиальді жасушалардан түзілген-қақпақшалар.Тамырдың саңылауына қараған жақтауында эндотелий астында эластинді талшықтар басым,ал қарама-қарсы жағында коллаген талшықтары көп.Мұндай клапандар венозды қанды кері ағуына кедергі келтіріп,оны жүрекке бағыттайды.Сонымен бірге клапандар венада әртүрлі сыртқы әсерлердің арқасында болатын(атмосфера қысымының өзгеруі,бұлшықеттің қысылуы,т.б) өзгерістерден де сақтайды.

Жасқа байланысты ерекшеліктері: адам өмірінің өн бойында тамырлардың құрылысы үздіксіз өзгеріп отырады.Қан тамырларының негізгі функциональді қалыпты қызметі даму мөлшерімен отыз жаста тоқтайды.Одан әрі қарай артериялардың қабырғасында қабықтарының қалыңдауына әкеліп соғатын дәнекер тінінің өсуі байқалады.Эластин типті артерияларда бұл процесс күштірек көрінеді.Ішкі және ортаңғы қабықтардың құрамында сульфатталған глюкозамингликандар жиналады.60-70 жастан кейін барлық артериялардың ішкі қабықтарында коллаген талшықтарының өсіп қалыңдауы байқалады.Эластинді мембраналар жас ұлғайған сайын біртіндеп жіңішкереді де ыдырайды.Қарт адамдарда ішкі және ортаңғы қабықтары өсіп,онда известік қорлар мен липидтердің пайда болуы да байқалады.Сыртқы қабықтың құрамындағы ет жасушаларының шоғырлары пайда болады

веналардағы өзгерістер артерияларымен ұқсас.Қарт адамдардың мүшелерінің лимфа тамырларында көптеген ұсақ жуандаған варикозды бөліктер пайда болады.Олардың құрамындағы коллаген талшықтары өсіп,саны көбейеді.

Қан тамырлары,әсіресе лимфа тамырлары тек қана жасқа байланысты емес,сонымен бірге мүшелердің қызметіне байланысты өзгеріп отырады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Гистология

Афанасьев

2.Гистология,цитология және эмбриология атласы

Р.Б.Абильдинов,Ж.О.Аяпова

Жоспар:

I Кіріспе:

А) Жүрек. Жүректің дамуы.

II Негізгі бөлімі:

Б) Қақпақшаларының құрымы.

В) Жүректің өткізгіш жүйесі.

Г) Қан тамырлары. Дамуы.

Д) Артериялар мен веналар қабырғаларының құрылысы.

III Қорытынды:

Жүрек, артериялар мен веналар қабырғалары құрылысының адам жасына сай ерекшеліктері.


Дата добавления: 2015-08-28; просмотров: 532 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Ответы к ситуационным задачам по частной гистологии 4 страница | 1. Бас миы мен жұлын арасындағы байланыстарды құрайтын ақ заттың талшықтары: 1 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)