Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сабақ тақырыбы : Шамалар және физикалық қасиеттер



 

САБАҚ ЖОСПАРЫ №

күні

тобы

   

Сабақ тақырыбы: Шамалар және физикалық қасиеттер

Сабақ мақсаты:

1. Білімдік: Шамалар және физикалық қасиеттерімен жете таныстыру

2. Тәрбиелік:: Шамалар және физикалық қасиеттер ұғымдарын тиімді пайдалану

3. Дамыту: Метрология, стандартизация, стандарттау ұғымдарын өзара байланыстырып үйрену, ойларын тиянақты жеткізе білуге баулу. Ойлау жүйелерін дамыту

Сабақтың типі: Аралас

Сабақты жабдықтау:

А.Көрнекіліктер:

1. Тірек сызбалар

2. Карточкалар

Б. Негізгі әдебиет:

Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері

Сабақты жүргізу кезеңдері:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

2) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

ІІ. Өткен тақырыпты қайталау: карточка арқылы

1. Метрология ғылымы нені зерттейді

2. Өлшеу қандай аспектілерден тұрады

3. Метрология қаншаға бөлінеді

 

ІІІ. Жаңа тақырыпты баяндау:

Әлемді қоршаған барлық объектілер өзіндік қасиеттерімен сипатталады. Қасиет- сапалы

 

 

санат. Физикалық денелердің және әр түрлі үрдістердің қасиеттерін сипаттау үшін шама туралы түсінік енгізіледі.

Шама –кез-келген нәрсенің қасиеті, ол басқа қасиеттер арасынан бөлініп, сол немесе басқа жолмен бағаланады.

 

 

 

 

Идеалды - шамалар математика қатарына жатады және айқын шындықты түсініктің талдап қорытылуы болып табылады.

Шындықты - шамалар физикалық және физикалық емес болып бөлінеді. табиғи және техникалық ғылымдарда оқылатын материалдық объектілерге тән физикалық шама жалпы шама ретінде анықталады. Физикалық шамаларға қоғамдық ғылымдар-философия, социология,экономика және т.б тән шамаларды жатқызуға болады. Физикалық шамаларды мақсатына сәйкес өлшенетін және бағаланатын деп бөлінеді. Өлшенетін физикалық шама өлшем бірлігі белгіленген санмен білдірілуі мүмкін.

 

Бағаланатын шама дегеніміз - белгіленген ережелермен шамаға анық бір санды қосу операциясы.

Шаманы бағалау шкала көмегімен жүзеге асады. Шама шкаласы - дәл өлшеу нәтижесінде негізделген мағынаның реттелген тізбегі.



Физикалық емес шамаларға өлшем бірлігі енгізілмейді. Тек қана бағалануы мүмкін.

Қазіргі уақытта негізгі болып саналатын өлшеу құралдары жүйесінде 7 физикалық шама бар: ұзындық, уақыт, масса, температура, электр тогының, күші, жарық күші және зат мөлшері.

 

IҮ. Жаңа тақырыпты бекіту:

1. Шамалар нешеге бөлінеді

2. Физикалық щамаларға нелер жатады

3. Бағаланатын, өлшенетін шамаларды қалай түсінесің

V.Үй тапсырмасы: «метрология» сөзіне сөзжұмбақ құрастырып келу

VI. Сабақты қорытындылау: сабақты түсінбегендерін толықтырып, сабақты қорытындылаймын.

Оқытушы: Келдибаева Самал

Әдіскер: Джапарова С.Ш

 


Дата добавления: 2015-08-28; просмотров: 140 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
План рейтинговой оценки деятельности студентов МИ ПГУ | Жизнь Алекс Томпсон распределена по сценарию. Являясь студенткой юридического 1 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)