Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Зейнетақы қорлары

Читайте также:
  1. Капитал (қорларының) айналымы және толық айналымы.
  2. Халықты зейнетақымен қамтамасыз етудің ортақ және жеке жүйелері

Міндетті және ерікті зейнетақылық жарналар болады. Міндетті зейнетақылық жарналарды төлеуді (жинақтаушы зейнетақы корларға) жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлікпен және өзге де қызметтермен айналысатьш жеке тұлғалар жүзеге асырады. Ерікті зейнетақылық жарналарды жеке және заңды тұлғалар зейнетақылық шарттарға сәйкес мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына төлейді. Қазақстанда 1997 жылдан бастап жинақталу зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі жұмыс істейді. Бүгінде зейнетақымен қызмет көрсететін әр түрлі фондалар бар. Реформа мезетінен қазіргі уақытқа дейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің принциптері болып:

зейнетақы жүйелерін мемлекеттік реттеу;

зейнетақы каржы жинақтарын қалыптастыру үшін азаматтарды жинақтаушы зейнетақы қорын таңдау құқығымен қамтамасыз ету;

азаматтарды белгіленген зейнетақының аз мөлшерімен қамтамасыз етуге тікелей мемлекеттік кепілдік беру;

зейнетақы және басқа әлеуметтік қамтамасыз ету формаларына шек кою;

зейнетақы қаржы жинақтарын қалыптастыруға еңбекке қабілетті жастағы әр азаматтың қатысуы міндеттілігі;

енбекке қабілетті азаматтардың қартайған шағында өздерін зейнетақымен қамтамасыз етуіне жеке жауапкершілігі;

жинақтаушы зейнетақы қорларына ақша салудың қауіпсіздігі мен сақталуынын халықка тиімділігі;

жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақыға азаматтардың мұрагерлік құқығын қамтамасыз ету;

әр азаматтың өз еркімен қосымша зейнетақымен қамтамасыз етілу кұқығы; азаматтардың зейнетақысын сақтауы инвестиция арқылы экономикаға қосқан үлесі болып табылады. Мемлекет мемлекеттік жинақтаушы қорда зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді. Зейнетақылық жинак каржыларының колсұғылмай сақталуын түрлі шаралар жүйесі аркылы камтамасыз етеді, атап айтканда, жинақтаушы зейнетақы корларының зейнетақы жарна- ларын түсіру және зейнетақылық төлемдер төлеу жөніндегі қызметін лицензиялау жолымен жүзеге асырады; жинақтаушы зейнетақы корларының жылдық каржылық есептерін міндетті түрде аудиторлық тексеруден өткізу аркылы жасайды, жинақталған зейнетақылық каржыларды алушының таңдауы бойынша толық көлемінде немесе ішінара сақтандыру жолымен де және тағы басқалай төсілдермен жасайды. Салымшылардың зейнеткерлік шарттар жасасу үшін жинақтаушы зейнетақы қорын дербес таңдап алуға, зейнетақылық қаржы жинактарының жағдайы туралы акпараттар алуға құқығы бар.

 

Қорытынды

Сонымен, әлеуметтік қамсыздандыру дегеніміз — қартайған және еңбекке қабілетсіз азаматтарды, сондай-ақ балалы отбасыларды қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету жүйесі. Мемлекет тұрмысы нашар азаматтарды әлеуметтік қорғау жөнінде де шаралар ұолданады. Адамның әлеуметтік құқығы дегеніміз — адамдардың белгілі бір жағдайларда мемлекеттен материалдық игіліктер алуына мүмкіндіктер беретін олардың конституциялық құқықтарының жиынтығы. Зейнетақы дегеніміз — азаматтарға заңда белгіленген жағдайларда мемлекет немесе өзге де субъектілер тарапынан өмір бойы үздіксіз беріліп отыратын ақшалай төлем.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 173 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Халықты зейнетақымен қамтамасыз етудің ортақ және жеке жүйелері| Уровни проблем передачи информации.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)