Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мәтінді оқып, аударып баяндаңыз.

Оқу пәнінің сипаттамасы | Студенттің білімін бағалаудың жалпы шкаласы | Емтихан сұрақтары | Мәтінді оқып, жаңа сөздермен жұмыс жасаңыздар. | Туған жерге байланысты мақалдарды жаттап алыңыздар. Мағынасын ашыңыз. | Біздің университет. | Азіргі публицистика жанрының қалыптасуы жайлы баяндама дайындаңыздар. | Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау | Берілген сөйлемді тиісті сөзбен толықтырыңыз. Егер біреу өзінің тауарын сатқысы келсе, ол ... емес. | Дұрыс жазылған нұсқаны табыңыздар. |


Читайте также:
  1. Мәтінді оқып, өз пікірлеріңізді білдіріңіздер.
  2. Мәтінді оқып, жаңа сөздермен жұмыс жасаңыздар.
  3. Мәтіндік ақпаратты кодтау.

 

Баспасөз жұмысы 1450 жылы Германияда, Иоганн Гутенберг әріптер ойылып басылған тақтаны ойлап тапқаннан кейін пайда болды. Алғашқы газет 1609 жылы шықты. «Газет» деген сөз – итальяндар сөзі («Gazzetta»), ол «майда ақша» деген ұғымды білдіреді. Бұл – сауда жаңалығы туралы жазбаша ақпаратпен байланысты шыққан сөз. ХVІ ғасырда Венеция әлемдік сауданың орталығы болған. Онда дүние жүзінің түкпір-түкпірінен ақпараттар таратылған. Жазғыштар бұл хабарларды қолымен жазып, іскер адамдарға таратқан да, олардан «gazzetta» алған.

Бұған қоса журналистиканың тууының саяси, идеологиялық және экономикалық қажеттілігі де өзекті мәселе болды. ХVІ-ХVІІ ғасырлар капиталистік қатынастардың, халықаралық сауданың, ғылым мен мәдениеттің, сауатсыздықтың жойылуының, пошта қызметі қалыптасуының кезеңі болды. Наполеон: «Төрт газет жауға жүз мың армиядан артық зиян келтіреді»,-деген.

(В.Ворошилов, «Журналист»)

 

Еске түсірейік: Етістіктер құрамына қарай дара (келді, жазылды) және күрделі (ойлап тапты, жазып болды) болып екіге бөлінеді.

 

Етістіктерден сөз тіркестерін жасаңыз.

Үлгі: Баспасөз жұмысы пайда болды.

Пайда болды, білдіреді, орталығы болған, таратылды, кезеңі болды.

 

Сөз тіркесіненсөйлем құраңыз.

Үлгі: Баспасөз орталығында жұмыс істеймін.

 

Баспасөз орталығы

Алғашқы қажеттілік

Сауда адамдар

Экономикалық үнқағаз

Деректерді біліп алыңыз!

ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ тілінде шығатын «Дала уалаяты», «Қазақ», «Айқап» сияқты газет-журналдардың жылдық жалпы таралымы бір мыңнан аспайтын. ХХ ғаксырдың соңында республикамызда 358 газет, 20 журнал және жылына 24 миллионнан астам тиражбен екі мыңдай әртүрлі кітаптар шығады.

(М.Серғалиев)

Сұрақтарға жауап беріңіз.

 

1.Баспасөз қалай қалыптасты?

1. Әріптерді ойып басатын тақтаны кім ойлап тапқан?

2. Алғашқы газет қашан шыққан?

3. «Gazzetta» ұғымы нені білдіреді?

4. Наполеон газет туралы қандай ой айтқан?

5. Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

6. Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

 

Сөйлемдердің тұрлаулы мүшелерін қойыңыз.

... қалада газет редакциясында....

Редакцияда... маған....

Бізде талантты.......

Біздің еңбек ұжымымызда қырық шақты.......

... ынтымақта.......

БӨЖ тапсырмалары

БАҚ-тың қызметтері ортақ болғанмен, олардың ақпаратты жеткізуде бір-бірінен айырмашылығы да бар. Электронды ақпарат құралдары (теледидар, радио) ақпаратты аса бір ұшқырлықпен жеткізсе, мерзімді басылымдар ақпаратты тасқа басқандай қаттап қоюымен ерекшеленеді. Оның үстіне, көпшіліктің мерзімді басылымдарды қалаған уақытында алып оқуына мүмкіндігі бар.

(Р.Тұяқбаева)

8. Пікірсайыс: «Сіздің ойыңызша бұқаралық ақпарат құралдарының қай түрі тиімді?»

Әңгіме жоспары:

- Бұқаралық ақпараттың қандай түрлерін білесіздер?

- Халыққа қай түрі тиімді деп ойлайсыз?

- Оның себебі неде?

- Қандай бағдарлама болғанын қалайсыз?


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 176 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мәтінді оқып, өз пікірлеріңізді білдіріңіздер.| Сөз тіркестерімен жұмыс жасаңыздар.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)