Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дістемелік бөлімі

Есеп саясатының мәні және маңызы | Р "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" 28.02.2007 ж № 234-111 заңының мазмұны | ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР | БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ЖҮЙЕСI | ЕСЕПТІЛІК ЖҮЙЕСІН РЕТТЕУ | Аржылық есептіліктің ұлттық стандарттарының ерекшеліктері | Халықаралық қаржылық есепТІЛІК стандарттарының ЕСЕП саясатына қоятын талаптары | Типтік бухгалтерлік есеп шоттарын және бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін есеп саясатын құрастыруда қолдану | Есеп саясатының бөлімдерінің ашылуы | Салықтық есепке алу саясаты |


Читайте также:
  1. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
  2. Дәрістік курс бойынша әдістемелік нұсқаулық.
  3. Дебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар
  4. Дебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар
  5. Дебиеттер мен әдістемелік нұсқаулар
  6. Дістемелік нұсқаулар

Субъектіде ақпаратты қаржы есептілігінде көрсетудің ҰҚЕС ұсынатын тандаулы баламаларға орай нақты тәсілдерін қамтиды. Ол қаржылық есептіліктің құрастырылуынан бастап, олардың жеке баптарының ерекшеліктерін айқындайды..

 

8.1Қаржылық есептiлiк

Субъекі қаржылық есептiлiкті құрастыру кезінде Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы»

2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңын басшылыққа алады.

ҰҚЕС қолданатын субъектілерде:

1) бухгалтерлiк баланс;

2) пайда мен зияндар туралы есеп;

3) түсiндiрме жазбаларды қамтиды:

1.3 Қаржылық есептілік субъектінің қаржылық жағдайын, қызметінің қаржылық нәтижелері мен ақша құралдарының қозғалысын объективті білдіруге тиіс. Дұрыс беру үшін операциялардың нәтижелерін, өзге де оқиғалар мен жағдайларды активтердің, міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды танудың анықтамаларына және өлшеулеріне сәйкес әділ өрсетілуі тиіс.

1.4 Субъект активті болашақ экономикалық пайданың ағыны ықтимал болғанда, ал актив сенімді өлшенетін құнда немесе бағада болғанда баланста таниды. Актив ағымдағы есепті кезеңнен тысқары экономикалық пайда ағынының ықтималдығын болдырмайтын шығындар келтірілген кезде жылдың балансында танылмайды. Мұның орнына мұндай операция шығысты пайда мен залал туралы есепте тануға әкеледі.

1.5 Субъект қазіргі бар міндеттемені өтеу нәтижесінде экономикалық пайда бар ресурстар ағыны туындаса және осы өтеудің шамасы сенімді түрде өлшенетін болса, міндеттемені жылдың балансында таниды.

1.6 Кірісті тану активтер мен міндеттемелерді тануға тікелей байланысты. Субъект кірісті активтің ұлғаюына немесе міндеттеменің азаюына байланысты болашақтағы экономикалық пайданың ұлғаюы орын алған кезде пайда және залал туралы есепте таниды және мұндай өзгерістің шамасы сенімді өлшенуі мүмкін.

1.7 Шығыстарды тану активтер мен міндеттемелерді тануға тікелей байланысты. Субъект шығыстарды активтің азаюына немесе міндеттеменің ұлғаюына байланысты болашақтағы экономикалық пайданың азаюы орын алған кезде пайда және залал туралы есепте таниды және мұндай өзгерістің шамасы сенімді өлшенуі мүмкін.

1.8.Пайда немесе залал бұл кірістер мен шығыстар арасындағы арифметикалық айырманы білдіреді.

Пайда қаржылық есептердің жеке элементі болып табылмайды және ол тануды жеке өлшеуіне мұқтаж емес.

1.9 Активтер мен міндеттемелерді бастапқы тану кезінде субъект активтер мен міндеттемелерді Стандартта өлшеулің өзгеше базасын пайдалану ұйғарылған ерекше жағдайларды қоспағанда (мысалы – әділ құн), тарихи құн бойынша өлшеуге тиіс.

1.10 Бастапқы танығаннан кейін субъектінің қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелерді одан әрі өлшеуі Стандартта өлшеулің өзгеше базасын пайдалану ұйғарылған немес жол берілген ерекше жағдайларды қоспағанда (мысалы – өзіндік құн немесе амортизацияланған өзіндік құн), әділ құн бойынша жүзеге асырылады.

1.11 Бастапқыда тарихи құны бойынша өлшенген қаржылық емес активтердің көпшілігі бұдан әрі өзге де өлшеу базасы негізінде өлшенеді. Мысалы, субъект негізгі құралдарды екі шаманың азы бойынша өлшейді: амортизацияланған құн мен сату құнын аяқтауға және сатуға жұмсалатын шығындарды шегеріп. Активтерді азы құнымен өлшеу актив субъект осы активті сатудан немесе пайдаланудан алуды күтетін сомадан асып түсетін сомада өлшенбейтіндігін қамтамасыз етеді.

1.12 Субъект бастапқыда тарихи құнмен өлшеген кейбір қаржылық емес активтер үшін келесі өлшеулерде әділ құнды пайдалануға рұқсат береді. Мыналар мысал бола алады:

1) әділ құнмен өлшенетін ассоциацияланған және бірлескен ұйымдарға инвестициялар;

2)субъект әділ құн бойынша өлшейтін жылжымайтын мүлікке инвестициялар;

3)субъект қайта бағаланған құн бойынша өлшейтін негізгі құралдар;

4)субъект қайта бағаланған құн бойынша өлшейтін материалдық емес активтер;

5) субъект есептік өтімді шығындарды шегергендегі әділ құн бойынша өлшенетін ауыл шаруашылығы активтері (оны жинау сәтіндегі биологиялық активтер мен ауыл шаруашылығы өнімі).

1.13 Қаржылық емес міндеттемелердің көпшілігі міндеттемелерді өтеу үшін талап етілетін есепті күнгі соманы үздік есептік бағалау бойынша өлшенеді.

1.14. Субъект активтер мен міндеттемелерді немесе кірістер мен шығыстарды өзара есепке алуды жүзеге асырмайды.

1) активтерді бағалау резервтерін, мысалы, дебиторлық берешек бойынша күмәнді борыштарға арналған резервті шегеріп өлшеу өзара есепке алу болып табылмайды;

2) егер субъектінің қарапайым операциялық қызметі өзіне ұзақ мерзімді активтерді (инвестициялар мен операциялық активтерді қоспағанда) сатып алуды және сатуды қамтымаған жағдайда, мұндай активтердің шығуынан болған кірістер мен залалдар активтің және активтің шығуынан түскен соманың тиісті өтімді шығыстарының балансты құнын шегеру жолымен есептерде беріледі.

1.15 Қаржылық есептiлiкке ұйымның басшысы және бас бухгалтерi, дара кәсiпкер қол қояды. Бухгалтерлiк есебiн бухгалтерлiк ұйым немесе кәсiби бухгалтер жүргiзетiн ұйымның қаржылық есептiлiгiне ұйымның басшылығы, сондай-ақ бухгалтерлiк ұйымның басшысы немесе кәсiби бухгалтер қол қояды.


Дата добавления: 2015-11-03; просмотров: 201 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бұхгалтерлік құжаттама| Есеп саясатын құрастырмағаны үшін белгіленген жауапкершілік шаралары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)