Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Адамдарды психоневрологиялық ұйымдарға орналастыру үшін негіздер

Бап. Дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы таңбалау | Бап. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу тәртiбi | Бап. Уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті органының өзара іс-қимыл жасауы | Бап. Азаматтардың құқықтары | Бап. Азаматтардың, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың міндеттері | Бап. Пациенттердің құқықтары | Бап. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарды емдеу және ұстау | Бап. Психиатриялық көмек алуға жүгінудің еріктілігі | Бап. Психиканың бұзылуының (ауруының) диагностикасы және оны емдеу | Бап. Психиатриялық куәландыру |


Читайте также:
  1. Ағынды бұрғылау суларын қайталама пайдалану үшін тазарту.
  2. Бап. Ақылы медициналық қызметтер алудың негіздері мен тәртібі
  3. Бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдардың құқықтары
  4. Дәрігер - интерн - педиатр үшін жадынама
  5. Зіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
  6. Кесте-Өндіріс үшін қабылданған негізгі бұйымдар

1. Кәмелетке толмаған адамды психоневрологиялық ұйымға орналастыру үшін - психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы; сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адам үшін психиатр дәрігердің қатысуымен дәрігерлік комиссияның қорытындысы негізінде қабылданған қорғаншы және қамқоршы органның шешімі негіз болып табылады.
Психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші, бірақ әрекетке қабілетсіз деп танылмаған, кәмелетке толған адамды психоневрологиялық ұйымға орналастыру сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Қорытындыда адамның оны әлеуметтік қамсыздандыруға арналған мамандандырылмаған ұйымда болу мүмкіндігінен айыратындай болып психикасының бұзылғаны (ауруы) туралы, ал адамның әрекетке қабілеттілігіне қатысты - сот алдында оны әрекетке қабілетсіз деп тану туралы мәселе қоюға негіздің жоқтығы туралы мәліметтер де куәландырылуға тиіс.
2. Қорғаншы және қамқоршы органдар психоневрологиялық ұйымға орналастырылатын адамдардың мүліктік мүдделерін қорғау үшін шаралар қолдануға міндетті.
3. Кәмелетке толмаған адамды арнайы оқыту мақсатымен психоневрологиялық ұйымға жіберу үшін адамның психикасының бұзылуы (ауруы) негіз болып табылады. Ол ата-анасының не оның заңды өкілінің өтініші және республикалық, облыстық немесе қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар қорытындысының негізінде жіберіледі. Қорытындыда кәмелетке толмаған адамды интеллектуалдық дамуы бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп жағдайында оқыту қажеттігі туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
4. Психиатр-дәрігер, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қатысқан дәрігерлік комиссияның мамандандырылған психоневрологиялық ұйымда тұруға не оқуға медициналық айғақтардың жоқтығы туралы қорытындысы психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамды психоневрологиялық ұйымнан немесе арнайы оқытатын мектептен жалпы үлгідегі осындай ұйымға ауыстыру үшін негіз болып табылады.
5. Психоневрологиялық ұйымнан немесе арнайы оқытатын мектептен шығару:
1) психикасының бұзылуынан (ауруынан) зардап шегуші адамның жеке өтініші бойынша, психиатр-дәрігер қатысқан дәрігерлік комиссияның денсаулық жағдайы бойынша бұл адамның жеке тұра алатыны туралы қорытындысы болған кезде;
2) шығарылатын кәмелетке толмаған адамға не сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамға күтім-жасауды жүзеге асыруға міндеттенетін ата-анасының, өзге де туыстарының немесе заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізіледі.
Ескерту. 129-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.12.29 N 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 105 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Психиатриялық стационарға жатқызу| Бап. Алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдардың құқықтары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)