Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ртүрлі споралы плаундардың дамуының тіршілік циклдері

Читайте также:
  1. Географиялық қабық дамуының негізгі кезеңдерін атап көрсетіңіз.

Селагинелланы – Selaginella мысалға алып

Әртүрлі споралы плаундардың дамуының тіршілік циклдарының ерекшеліктеріне тоқталамыз (2-сурет). Селагинелла - әртүрлі споралы плаун, дихотомиялы бұтақтанған, кіші (қоңыржай аймақта – 10 см-ге дейін) өсімдік. Жіңішке, ұсақ тамырлары да сабақтан дихотомиялы бұтақтанған. Жапырақтары – қабыршақты, сабақты қалың жауып орналасқан. Сабақтың ұшында түйреуіш тәрізді плаундарға қарағанда бір шама сирек споралы масақшалар түзіледі, олардың спорофиллдерінің жоғарғы бетінде аталық және аналық спорангиилер түзіледі (2-сурет).

 

 

1 – сурет. Түйреуіш тәрізді плаунның ұрпақ алмасуы: 1-спорофит; 2-спорангиилері мен спорофилл; 3-спора; 4-6 – спорофиттің спорогенді жасушаларынан споралардың жетілуі (мейоз); 7-протонема; 8-гаметофит; 9-жұмыртқа жасушасымен архегоний; 10-антеридий; 11-сперматозоид; 12-зигота; 13-жаңа спорофиттің дамуы.

 

Ұсақ споралар орналасқан спорангии – микроспорангии, ал споралар – микроспоралар деп аталады. Ірі споралар орналасқан спорангии – мегаспорангии деп, ал споралар – мегаспоралар деп аталады. Микроспоралардан антеридиилер түзетін аталық өскіншелер өседі, ал мегаспоралардан архегониилері бар ірі аналық өскіншелер өседі (1-сурет). Әртүрлі споралық, екі үйлілік селагинеллаларға тән сипаттама. Селагинеллалардың тағы да бір ерекшелігі – ұрықтанғаннан кейін жұмыртқа жасушасы екі жасушаға бөлінеді, біреуі қор ұлпаларының бастамасын береді, ал екіншісі жасуша ұрық бекінетін орынды түзеді. Бұл ерекшеліктер селагинеллаларды жоғарғы тұқымды өсімдіктерге жақындатады және оларды споралы өсімдіктер мен тұқымды өсімдіктердің арасындағы байланыстырушы деп санауға мүмкіндік береді. Селагинеллалардың 8-ге жуық түрлері белгілі.


 

 

2 - сурет

 

Селагинеллалардың ұрпақ алмасуы:

1 – спорофит; 2 – споралар орналасқан масақшаның ұзынынан кесіндісі (а – мегаспорофилл, б - микроспорофилл, в – тілше); 3 – микроспорангий; 4 – микроспора; 5 – аталық гаметофит; 6 – сперматозоид; 7 – мегаспорангий; 8 – мегаспора; 9 – аналық гаметофит; 10 – жұмыртқа жасушасымен архегоний; 11 – зигота; 12 – спорофиттің өскіншесі.

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 299 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Астероксилондар қатары (Астероксиловые)- Asteroxylales.| 1 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)