Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сынылған әдебиет

Читайте также:
  1. Арнайы әдебиеттер
  2. Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілі және таратылатын материал, қолданылатын әдебиеттер тізімі).
  3. Негізгі әдебиеттер
  4. Осымша әдебиеттер
  5. Осымша әдебиеттер: 11-64
  6. Сынылатын әдебиеттер

А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Медицина факультеті

Жалпы хирургия, инструментальды диагностика және фармакология» кафедрасы

 

Фармакология - 1 пәнінен

Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу

Тақырыбы: Жалпы рецептура. Сұйық дәрілік қалыптар.

Егуге арналған дәрілік қалыптар.

Мамандығы 5В130100- «Жалпы медицина»

Курс ІІ

Семестр III

 

 

Түркістан-2013

 

 

1. Тақырыбы: Жалпы рецептура. Сұйық дәрілік қалыптар. Егуге арналған дәрілік

қалыптар.

2. Сабақтын мақсаты: Студенттерге сұйық және егуге арналған дәрілік қалыптар

бойынша рецепті құрастыру, жазу принциптерін үйрету.

 

3. Оқыту мақсаты. Студенттерге сұйық және егуге арналған дәрілік қалыптар бойынша рецепті құрастыру, жазу принциптерін үйрету.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Ерітінділерге жалпы сипаттама беріңіз:

а) ішке қабылдауға және сыртқы қолдануға арналған ерітінділер. Официналды

ерітінділер.

б) еріткіштер, ішке қабылдауға арналған ерітінділерді дозалау.

в) ерітінділерді жазу түрлері, ерітінділердің концентрациясын көрсету әдістері

2. Ішке қабылдауға арналған ерітінділер қанша мөлшерде жазып беріледі.

3. Ішке қабылдауға ерітінділер жазудың шарттары.

4. Сыртқа қолдануға арналған ерітінділер қанша мөлшерде жазып беріледі.

5. Сыртқы қолдануға арналған ерітінділер жазудың шарттары.

6. Суспензиялар. Емдік маңызы, қолдануы, жазу ережелері.

7. Эмульсиялар, түрлері. Емдік маңызы, жазу ережелері.

8. Шырыш. Сироп. Емдік маңызы, қабылдау әдістері.

9. Сығындылар өсімдіктерден дәрілік затты алу әдістері. Тұнба және қайнатпалар. Дайындау әдістері. Жазу ережелері.

10. Тұндырма және экстракттар. Дайындау әдістері. Салыстырмалы сипаттамасы. Жазу ережелері.

11. Неогалендік препараттар, дайындау әдістері. Жазу ережелері.

12. Микстуралар, түрлері. Дайындау және жазу ережелері.

13. Ерітінділердің жалпы сипаттамасы. Еріткіштер.

14. Инъекцияға арналған дәрілік қалыптар: сулы және майлы ерітінділер, суспензиялар, стерилді ұнтақтар, таблеткалар және олардың еріткіштері.

15. Инъекцияға арналған дәрілік қалыптарға қойылатын талаптар: - төзімді, стерилді, апирогенді, бөгде қоспаларсыз болуы қажет.

16. Инъекцияға арналған дәрілік қалыптарға рецепт жазудың ережелері: - ампулалық және бейампулалық ерітінділер, инъекцияға арналған ұнтақтар және таблеткалар, биологиялық тіндерден дайындалған инъекциялық препаратар.

Білім берудің және оқытудың әдістері:шағын топтар, есептеді шығару, жұптасып жұмыс істеу.

сынылған әдебиет

Орыс тілінде:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2006.- 734 с.

2. Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии., М.: Медицинское информационное агентство (МИА), 2004.-452с.

 

Қазақ тілінде:

1. Харкевич Д.А. Фармакология: Оқулық (қазақша аударма). Алматы, 2004.-

607 бет.

Қосымша:

1. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-516 с.

2. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.)- Санкт-Петербург, 1998.- 1043с.

3. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология по Гудману и Гилману. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006 г. 1648 с.

4. Клиническая фармакология / Под ред. В.Г.Кукеса./- М.: Изд-во ММА, 1991.-760с.

5. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. Клиническая фармакология: в двух томах: Пер. с англ.- М.: Медицина, 1993.-478с.

6. Машковский М.Д. Лекарственные средства. М., 2003.-870с.

7. Психотропные средства: Справочник практикующего врача / Пер. с англ. А.Н. Редькин; Ю.А. Александровский.-М.: Литтерра, 2006.-992с.

8. Яковлев В.П, Яковлев С.В. Рациональная антимикробная фармакотерапия (руководство для практических врачей). М.:Литтерра. 2003.-1002 с.

 

 

Ағылшын тілінде:

Негізгі:

1. Goodman end Gilman’s. The Pharmacological basis of Therapeutics. Eighth ediction. In two Volumes. 1992. 1648 p.

2. Harvey R.A., Champe P.C. Pharmacology.- Philadelphia, 1997. 514p.

3. Katzung B.G. Basic and Clinical Pharmacology.- New-Jork, 2003, 1215р.

4. Padmaja Udaukumar. Textbook of Medical Pharmacology. New Dehi, 2006, Second Edition, 558 p.

5. Patricia K. Anthony. Pharmacology secrets. Hanley, Befus, 2002, 384 p.Rang H.P., Dale M.M. Pharmacology.-Edinburgh. 1999, 830 p.

6. Tripathi K.D. Essentials of Medical Pharmacology. New Delhi, 2004. 875p.

7. Бақылау:

7.1. Рецепт түрінде жазу:

1. Бір реттік дозасы 0,5 кальций хлоридінің (Calcіі chlorіdum) 12 рет қабылдауға арналған ерітіндісі. 1 ас қасықтан 3 рет күніне тағайындаңыз.

2. Бір реттік мөлшері 0,02 папаверин гидрохлоридінің (Papaverіnі hydrochlorіdum) 20 рет қабылдауға арналған ерітіндісі. Ішке 15 тамшыдан 3 рет күніне тағайындаңыз.

3. 50 мл бриллиант жасылын (Vіrіdіs nіtentіs) 1% спиртті ерітіндісі. Зақымдалған теріге жағыңыз.

4. 1:10 қатынасында дайындалған аюқұлақ (Uvae ursі) жапырағының қайнатпасы, 3 күн қабылдауға. Ішке 1 ас қасықтан 4 рет күніне тағайындаңыз.

5. 0,3 дозада натрий бромиді (Natrіі bromіdum) және 0,1 дозада кофеин Nа бензоатынан (Coffeіnum natrіі bensoas) тұратын микстура. Ішке 1 ас қасықтан 3 рет, 4 күн бойында тағайындаңыз.

6. 50 мл элеуторококктың (Eleutherococcum) сұйық сығындысы. Ішке 30 тамшыдан 2 рет күніне.

7. Бір реттік мөлшері 0,3 натрий бромиді (Natrіі bromіdum) 4 күнге дайындалған ерітіндісі. Ішке 1 ас қасықтан 3 рет күніне тағайындаңыз.

8. Бір реттік дозасы 0,01 димедролдың (Dіmedrolum) 20 рет қабылдауға арналған ерітіндісі. Ішке 15 тамшыдан 3 рет күніне тағайындаңыз.

9. 15 мл ментолдың (Mentholum) вазелин майында (Oleum Vaselіnum) 1% ерітіндісі. Мұрынға 5 тамшыдан тамызыңыз.

10. 1:400 қатынасында утаспа шөбінің (Herbae Thermopsіdіs) 4 күнге дайындалған тұнбасы. Ішке 1 ас қасықтан 3 рет күніне тағайындаңыз.

11. 25 мл аралияның (Tіncturae Aralіae) тұндырмасы. 30 тамшыдан күніне 2 рет тағайындаңыз.

12. 15 мл адонизид (Adonіsіdum). Ішке 15 тамшыдан 3 рет күніне тағайындаңыз.

13. 10 мл гидрокортизон ацетатының (Hydrocortіsonі acetas) 0,5% суспензясы. Көзге 1-2 тамшыдан әр 4 сағат сайын тағайындаңыз.

14. 200 мл бадам майынан (Oleum Amygdalarum) және 0,2 дозада кодеин фосфатынан (Codeіnі phosphas) дайындалған эмульсия. Ішке 1 ас қасықтан 3 рет тағайындаңыз.

15. Пентаминнің (Pentamіnum) 5% 2 мл ерітіндісінің 10 ампуласы. Күніне 2 мл 2 рет тағайындалсын. Тері астына енгізуге.

16. Скополамин гидробромидінің (Scopolamіnі hydrobromіdum) 10 мл стерильді ерітіндісін. Ерітінді концентрациясы: 1 мл енгізгенде науқас 0,0004 скополамин гидробромидін алуы қажет. Тері астына 1 мл тағайындалсын.

17. Дигициленнің (Dіgіcіlenum) 1 мл, 6 ампуласы. Күніне 1 рет 1 мл, бұлшық етке енгізілсін.

18. Натрий хлоридінің (Natrіі chlorіdum) изотоникалық 0,9% 500мл стерильді ерітіндісі. Тері астына 500мл тағайындалсын.

19. Миарсенолдың (Myarsenolum) 0,3 дозада 6 ампуласы. Бұлшық етке енгізу үшін. Қолданар алдында ампуладағы ұнтақ 2мл инъекцияға арналған суда ерітілсін.

20. Эстрадиол дипропионатының (Qestradіolі dіpropіonas) 0,1% 1мл майлы ерітіндісінің 6 ампуласы. Аптасына 2 рет, 1мл бұлшық етке енгізуге тағайындалсын.

21. Циклофосфанның (Cyclophosphanum) 0,1 дозада 10 флаконы. Аптасына, 0,1 2 рет бұлшықетке енгізуге тағайындалсын. Қолданар алдында флакондағы ұнтақ 5-10 мл инъекцияға арналған суда ерітілсін.

22. Аминазиннің (Amіnazіnum) 2,5% 2 мл ерітіндісінің 6 ампуласы. Бұлшықетке 1 мл енгізуге тағайындалсын. Препараттың граммдық мөлшері есептелсін.

23. Бір реттік қабылдау 0,01 Морфин гидрохлоридінің (Morphіnі hydrochlorіdum) 10 инъекцияға арналған ампулалық ерітіндісі. Тері астына 1 мл енгізілсін. Препараттың % концентрациясы есептелсін.

24. Стрептолиазаның (Streptolіasum) 250000 ӘБ бар 6 ампуласы. Қолданар алдында ампуладағы ұнтақ 5% 500мл стерильді глюкоза ерітіндісінде ерітіліп, венаға тамшылатып енгізілсін.

25.Дитилиннің (Dіthylіnum) 1% -2мл ерітіндісінің 20 ампуласы. Венаға 2мл енгізуге тағайындалсын.

26. Бициллин-3 (Bіcіllіnum-3) 600000 ӘБ бар 6 флаконы. Аптасына 600000 ӘБ, 1 рет тағайындалсын. Бұлшықетке енгізіледі. Қолданар алдында флакондағы ұнтақ 2 мл инъекцияға арналған суда ерітіледі.

 

 

7.2. Ситуациялық есептерді шешу:

1. 0,1% ерітінджінің 5, 10, және 20 тамшысыг қабылдаған науқас неше гр. зат алады?

2. Проценттік концентрациясын анықтаңыз:

а) фурациллиннің 1:5000,

б) 1:10000 қанынасындағы сынаптың оксицианид ерітіндісінде

3. 2% натрий бромид ерітіндісін ас қасықпен қабылдағанда оның бір реттік мөлшерін анықтаңыз.

4. Натрий салицилат ерітіндісін 1 ас қасықтан күніне 4 рет қабылданады. 5 күн бойында. Бір реттік мөлшері 1,0. Ерітіндінің жалпы мөлшерін және натрий салицилатының жалпы салмағын анықтаңыз.

Ерітінділердегі еріген заттың мөлшерін анықтаңыз:

5. 0,1% атропин сульфатының 1мл ерітіндісінде.

6. 3% тиамин бромид ерітіндісінің 1мл-де.

7. 0,5% новокаин ерітіндісінің 5мл-де.

8. 4% 1мл, 5мл, 10мл, ерітіндісі бар ампуланың құрамында қанша мөлшерде препарат бар?

9. 2мл ерітіндісі бар ампуланың құоамында 0,2 зат болса, ерітіндінің концентрациясы қандай? (%)

10. 10% 2мл, 5мл, 20мл ерітіндісі бар ампуланың құрамында қанша мөлшерде препарат бар?

11. 4мл ерітіндісі 0,1 зат және 1мл ерітіндіде0,02 зат болса, ампуладағы ерітіндінің концентратциясы қандай? (%)

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 158 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Контроль качества отливок. Контроль состояния поверхности, внешнего вида отливок. Контроль химического состава отливок.| Искусство Древней Индии. Художественная культура

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)