Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ші тақырып. Меншік құқығын қорғау.

Ші тақырып. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау | Ші тақырып. Азаматтық құқықтардың объектілері. | Ші тақырып. Азаматтар (жеке тұлғалар) азаматтық құқықтардың субъектілері ретінде | Ші тақырып. Заңды тұлғалар азаматтық құқықтардың субъектілері ретінде | Ші тақырып. Мәмілелер. | Ші тақырып. Өкілдік. | Ші тақырып. Азаматтық құқықтағы мерзімдер. Талап қою мерзімі. | Ші тақырып. Меншік құқықтың түсінігі. | Ші тақырып. Меншік құқықтың пайда болуы және тоқтатылуы. | Ші тақырып. Ортақ меншік. |


Читайте также:
  1. Ар-намысты, қадiр-қасиеттi және iскерлiк беделдi қорғау.
  2. Дәріс. Меншік құқығының ұғымы.
  3. Дәріс. Ортақ меншік құқығы
  4. Тақырып. Қазақстан Республикасында қор нарығының қалыптасуы.
  5. Тақырып. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және әкімшілік құқық негіздері
  6. Тақырып. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот
  7. Тақырып. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы

 

Азаматтық құқықтарды қорғау жөніндегі жалпы ережелер Азаматтық кодекстің 9 бабында қарастырылған. Заттық құқықтар бұзылған жағдайда жәбірленуші міндеттемелік-құқықтық тәсілдермен қатар заттық-құқықтық тәсілдер қолданылуы мүмкін. Заттық-құқықтық тәсілдер қатарына келесі құралдар жатады:

1) меншік құқығын тану туралы талабы;

2) виндикациялық талап (затқа иеленбеген меншік иесінің затқа иеленген меншік иесі емес тұлғаға талабы);

3) негаторлық талап (меншік құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін талап).

 

Меншiк иесi меншiк құқығын тануды талап етуге құқылы.

Меншiк иесi өзгенiң заңсыз иеленген өз мүлкiн талап етуге құқылы.

Егер мүлiк оны иелiктен айыруға құқығы болмаған адамнан тегiн алынып, алушы мұны бiлмесе және бiлуге тиiс болмаса (адал алушы), мүлiктi меншiк иесi немесе меншiк иесi мүлiктi иеленуге берген адам жоғалтқан, не мұның екеуiнен де ұрланған, не олардың иеленуiнен бұлардың еркiнен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншiк иесi бұл мүлiктi алушыдан талап етiп алдыруға құқылы. Егер мүлiк оны иелiктен айыруға құқығы жоқ адамнан тегiн алынса, меншiк иесi барлық ретте мүлiктi талап етiп алдыруға құқылы. Егер мүлiк сот шешiмдерiн атқару үшiн белгiленген тәртiп бойынша сатылған болса, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша мүлiктi талап етiп алдыруға жол берiлмейдi.

Ұсынушыға берiлетiн ақшаны, сондай-ақ бағалы қағаздарды адал иеленушiден талап етiп алдыруға болмайды.

Меншiк иесi Азаматтық Кодекстiң 260, 261-баптары негiзiнде мүлiктi талап ете отырып, арам ниеттi иеленушiден бүкiл иеленген кезiнде өзi алған немесе алуға тиiс болған табыстардың бәрiн қайтаруды немесе өтеудi; адал иеленушiден иеленуiнiң заңсыздығы туралы бiлген немесе бiлуге тиiс болған немесе меншiк иесiнiң мүлiктi қайтару туралы талап қою жөнiндегi хабарламасын алған кезден бастап өзi алған немесе алуға тиiс болған табыстардың бәрiн талап етуге де құқылы. Адал иеленушi өз кезегiнде меншiк иесiнен мүлiктен табыс есептелетiн уақыттан бастап ол мүлiкке жұмсаған қажеттi шығындарды меншiк иесiнiң өтеуiн талап етуге құқылы. Арам ниеттi иеленушi мұндай өтемдi иеленушiнiң талабын сот негiздi деп тапқан реттерде толық немесе iшiнара алуға құқылы. Заңсыз иеленушi өзi жасаған жақсартуларды, егер олар затқа зақым келтiрмей бөлуге келсе, өзiнде қалдыруға құқылы. Егер жақсартуларды бұлайша бөлу мүмкiн болмаса, адал иеленушiнiң жақсартуға жұмсаған шығындарын өтетудi талап етуге құқығы бар, бiрақ ол зат құнының ұлғайтылған мөлшерiнен аспауы керек. Арам ниеттi иеленушiнiң мұндай құқығы жоқ.

Меншiк иесi, өз құқықтарының бұзылуы иелiктен айыруға байланысты болмағанымен, оларды бұзудың қандайын болса да жоюды талап етуге құқылы.

Меншiк иесi болмағанымен, шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару, тұрақты жер пайдалану құқығымен не заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге де негiзбен мүлiктi иеленушiнiң де Азаматтық Кодекстiң 259-264-баптарында көзделген құқықтары болады. Бұл адамның өз иелiгiн меншiк иесiнен де қорғауға құқығы бар.

Қазақстан Республикасы меншiк құқығын тоқтататын заң құжаттарын қабылдаған ретте, осы құжаттарды қабылдау нәтижесiнде меншiк иесiне келтiрiлген залалдарды меншiк иесiне Қазақстан Республикасы толық көлемiнде өтейдi.

Егер мемлекеттiк басқару органының, жергiлiктi өкiлдi немесе атқарушы органның, не лауазымды адамның заңдарға сәйкес келмейтiн қалыпты немесе жеке құжат шығаруы салдарынан меншiк иесiнiң және басқа адамдардың өзiне тиесiлi мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi құқықтары бұзылса, мұндай құжат меншiк иесiнiң немесе құқығы бұзылған адамның талап қоюы бойынша сот тәртiбiмен жарамсыз деп танылады. Нақты iс бойынша сот шешiм шығарған жағдайда мемлекеттiк басқару органдарының, жергiлiктi өкiлдi немесе атқарушы органның заң құжаттарына қайшы келетiн құжаттары қолданылмайды.

Аталған құжаттарды шығару салдарынан меншiк иесiне келтiрiлген залал тиiстi өкiмет немесе басқару органының тиiстi бюджет қаражатынан толық көлемiнде өтелуге тиiс.


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 417 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ші тақырып. Заттық құқықтар| Ші тақырып. Міндеттемелердің орындалуы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)