Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Билет. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністің азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға қатысуы

Читайте также:
  1. Автоматты реттеуіштің жеткілікті дәлдікпен реттелетін параметрдің шамасын белгіленген өзгеріс заңы бойынша ұстап тұру қабілеті.
  2. Азаќстан Республикасындаєы жергілікті мемлекеттік басќару жјне ґзін-ґзі басќару туралы
  3. Бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық негiзi
  4. Бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басќару жјне ґзін-ґзі басќару ќызметiнiѕ экономикалыќ жјне ќаржылыќ негiзi
  5. Бап. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау
  6. Бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау
  7. Бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау

Қазақстан Республикасының азаматтық құқық қатынастарына қатысуы. Қазақстан Республикасы азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастарға осы қатынастардың өзге қатысушыларымен тең негiздерде кiредi. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өздерiнiң осы органдардың мәртебесiн айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, ережелерде және өзге де құжаттарда белгiленетiн құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының атынан өз әрекеттерi арқылы мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтар мен мiндеттердi алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкiлдiк ете алады. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген реттер мен тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының арнайы тапсырмасымен оның атынан өзге де мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар өкiлдiк ете алады. Азаматтық-құқықтық дауларды Қазақстан Республикасының қатысуымен соттар шешедi.

Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысуы. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастарда бұл қатынастардың өзге де қатысушыларымен тең негiздерде кiредi. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар осы органдардың мәртебесiн айқындайтын заң құжаттарында, ережелерiнде және өзге де құжаттарында белгiленетiн құзыретi шегiнде өз әрекеттерi арқылы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң атынан мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтар мен мiндеттердi алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкiлдiк ете алады. Заңдарда көзделген реттер мен тәртiп бойынша арнаулы тапсырмамен әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс атынан жергiлiктi мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар өкiлдiк ете алады. Заңдарда белгiленген реттерде әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс азаматтық құқық қатынастарында мемлекет атынан өкiлдiк ете алады. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс пен оның органдарына, егер заңдардан өзгеше жағдай туындамаса, осы Кодекстiң тиiсiнше мемлекет пен оның органдарының азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастарға қатысуы туралы ережелерi қолданылады. Азаматтық-құқықтық дауларды әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң қатысуымен соттар шешедi.

Қазақстан Республикасы мен әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң мiндеттемелерi бойынша ақы өндiрiп алу. Қазақстан Республикасы өз мiндеттемелерi бойынша мемлекеттік қазына мүлкiмен жауап бередi, ал әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс өз мiндеттемелерi бойынша жергiлiктi қазына мүлкiмен жауап бередi. Қазақстан Республикасы мен әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс бiр-бiрiнiң мiндеттемелерi бойынша, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал азаматтар мен заңды тұлғалар осы Кодексте және заң құжаттарында көзделгеннен басқа жағдайларда Қазақстан Республикасы мен әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

Мемлекетке және әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiске заңды тұлғалар туралы қалыптарды қолдану. Мемлекетке және әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерге заңды тұлғалардың азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастарға қатысуын анықтайтын қалыптар, егер заң құжаттарынан өзгеше қалып туындамайтын болса, қолданылады.

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 494 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Города Белоруссии по алфавиту| Жылжымайтын және жылжымалы мүлік.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)