Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Су көздерін қорғаудың негізгі ережелері мен талаптары.

Дебиеттер тізімі. | Ауа бөлшектерінің қозғалысы. | Атмосфераның құрылысы | Атмосфераның физико-химиялық қасиеттері: температура мен қысымның өзгеруі. | Көміртегі | Көмірқышқыл газы | Атмосфералық ауа сапасының нормативтері | Мұнай-газ өндірісі мекемелері шығындыларының классификациясы | Ауаны түрлі ингриеденттерден тазартудың негізгі принциптері | Түрлі өндірістердегі сұйық және қатты қалдықтар, олардың топыраққа және грунтты суларға әсері. |


Читайте также:
  1. Ақпаратты талдаудың негізгі көрсеткіштері.
  2. Ауаны түрлі ингриеденттерден тазартудың негізгі принциптері
  3. Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  4. Бап. Осы Заѕда пайдаланылатын негізгі ўєымдар
  5. Бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  6. Географиялық қабық дамуының негізгі кезеңдерін атап көрсетіңіз.
  7. Географиялық қабықтың белдеулі зоналық құрылымы. Жердің негізгі географиялық белдеулері мен зоналарына талдау жасаңыз.

Судың өздігін тазарту процесі дұрыс жүруі үшін суқоймада еріген оттегінің қоры болуы қажет.

Қалдық сулардағы органикалық заттардың химиялық немесе бактериальды қышқылдануы суда еріген оттегінің консентрациясының төмендеуіне әкеледі. (1 л суда 8-9 мл еріген оттегі, 1 л ауада 210 мл оттегі). Деоксигенизациялаушы агенттердің әсері су қоймадағы нормальды флора мен фауна жағымсыз түрге ауысады. Органикалық заттар еріген оттегімен әсерлесе отырып газ бен судың көмірқышқылына дейін қышқылданады. Сондықтан судағы оттегіні жұтуы бойынша ластану көлемін бағалайтын жалпылама көрсеткіші енгізілген.

Белгілі бір заттың белгілі уақытта қышқылданғанда пайдаланатын ауа мөлшері ауаның биохимиялық қолдануы деп аталады. АБҚ 1 г қышқыл затқа (О2 мг/л) қанша ауа кеткені, ерітінділерде 1 л ерітіндіге кеткен ауа мөлшерімен өлшенеді. АБҚ- дан бөлек ауаның химиялық (бихроматтық) қолданылуы деген бар.

Уақытына байланысты АБҚ – ны былай ажыратады. АБҚ 5 (бескүндік), АБҚ 20 (жиырма күндік), АБҚтол (толық, қышқылдану біткен кезде).

Барлық су ағыстары мен су қоймалары 2 – ге бөлінеді. 1 – ші категориясына сумен қамтуға қолданылатын және тамақ өнеркәсібін қамтамасыз ететін суқойма, су ағысы немесе олардың бөлек учаскелері жатады. Екіншісіне суға түсуге, спортқа, халық демалысына арналған және қоныстар қасында орналасқан суқоймалары мен су ағындары жатады.

Бірінші категориядағы су қоймаларында АБҚ көрсеткіші норма бойынша 3 мг аспау керек, ал екіншісі – 6 мг О2/л. Өнеркәсіп ағынының АБҚ – сы өнеркәсіпке және ағын құрамына байланысты 200 – 3000 мг О2/л маңайында болады. Бұл дегеніміз мұндай ағындардың лақтырысында су қоймада ауа көлемі азаяды немесе ол түгелімен қолданылады. Бұл планктон, бектос, балық және басқа да суда өмір сүретін, ауамен қоректенетін ағзалардың өліміне әкеліп соқтырады. Сонымен қатар анаэробты микроағзалар көбейеді, биологиялық тепе – теңдік бұзылады және суқоймасының шіруі басталады. Сондықтан суқоймаларды нормаға сәйкес етіп тазарту керек.

Су қоймасындағы зиянды заттардың құрамын нормалау үшін зиянды әрекеттің 3 шектейтін көрсеткіші бар. Санитарлы – токсикологиялық көрсеткіш берілген заттың адамдарға және аңдарға тигізетін токсикологиялық зиянын шектейді; жалпы санитарлық – берілген заттың суқойманың табиғи қасиеттерін және органикалық заттарды залалсыздандыратын қасиетіне әсерін нормалайды; органалептикалық – суқойманың ағын сумен араласқаннан кейін су дәмін, түсін және иісін сипаттайды. Ішетін және мәдени – тұрмыстық мақсатта қолданылатын суқойманың шектік концентрациясы деп қазіргі және болашақ ұрпақтың денсаулығына тікелей және жанама әсер етпейтін максимальды концентрация.

Балық аулауға арналған судың сапа белгісі болып судағы кәсіпшілік балық сапасын және басқа судағы ағзаларды қамтамасыз ететін жағдай болып саналады. Мүмкін шегі болып суқойманың санитарлы жағдайын, су ағзаларына жағымсыз әсер етпейтін зат концентрациясы болып табылады.

Су қоймадағы су заттарының АБҚ – ы ең кіші шектік концентрацияға сәйкес келетін зиянды әсер көрсеткіштерімен (санитарлы – токсикологты, жалпы санитарлы, органолептикалы) анықталады.

Бұл көрсеткіш ластаушы заттардың кіші концентрациясының мүмкін болатын әсерін анықтайды және зиянды әсердің шектеуші көрсеткіші деп аталады.

Осы көрсеткіштердің біреуі арқылы заттарды нормалау басқа екі көрсеткіштің сенімді қорын туғызады.

Қалдық сулармен бірге суқоймаға көбінесе бір емес, бірнеше зиянды заттар тасталады.

«Беттік суларды ластаудан қорғау ережелері» сәйкес қалдық сулардың суқоймаға тасталғаннан кейінгі ондағы судың сапасы келесідей шарттарға сәйкес болуы керек: ағзадағы еріген оттегінің көлемі -4 мг/л төмен емес; минералды тұнба-1000 мг/л көп емес, соның ішінде хлоридтер-350, сульфадтар-500 мг/л; сулардың иісі мен дәмі болмауы керек, су қышқылы-6,5 рН 8,5; судың бетінде қалқып жүрген май жамылғысы юолмауы керек; адамдар мен жануарлардың өміріне зиян келтіретін консентрациядағы улы заттар болмауы керек. Суқоймаларға радиоактивті қалдық суларды мүлдем тастауға болмайды. Бұл талаптарды бұзғандар заңмен жазаланады.

 

Кесте 1-Мұнай өңдеуші зауыттардағы өндірістік қалдық сулардың сипаттамасы

Көрсеткіштер Канализация жүйесіндегі тазартуға дейінгі қалдық сулардың көрсеткіштері
I II
ХПК, мг/л 400-850 600-800
БПКполн,, мг/л 250-550 300-600
Мұнай өнімдері, мг/л 1000-2500 3000-5000
Фенолдар,мг/л 3-15 2-4
Өлшенген заттар, мг/л 200-350 600-800
Аммонийлі азот мг/л 15-35 15-25
ЖАЗ мг/л 5-20 60-100
Құрғақ қалдық, мг/л 1000-1500 3000-10000
Хлоридтер,мг/л 150-250 2100-7000
Сульфаттар, мг/л 200-400 150-300
Ph 7,5-8,5 7,5-8

Мұнай өнеркәсібінде су ресурстарын қолданудың ахуалы мен перспективалары. Кеніштік ақаба суды қабаттарды суландыруға қолданудың кейбір ерекшеліктері. Әр типті суды араластыру және олардың су дайындау процестеріне әсері.

Технологиялық процестерді пайдаланатын сулар көлемі мен сапасы және қалдық сулардың құрамы мыналарға тәуелді: өндіріс технологиясына, мұнай құрамына (аз күкіртті, орта күкіртті, жоғары күкіртті) және оны өндеу тереңдігіне, шығарылатын өнім номенклатурасына, су температурасына және оны өндеу дәрежесіне.

МӨГ-да суды негізінен мұнай өнімдері мен қондырғыларды салқындатуға, мұнайды тұссыздандыруға, сілтілендірілгеннен кейін өнімді жуға, сілтілі ерітінділерді дайындауға және т.б. қолданылады.

Қалдық сулардың пайда болуының негізгі көздері: технологиялық қондырғылар, тауарлы-шикізат парктері, су блоктары.

Технологиялық процестердің жұмысы нәтижесінде қалдық сулар алынатын өнімді салқындатудан кейін, аппаратуралардың дұрыс жасамауынан, сумен қамту жүйелерін үрлеу кезінде, сілтілендіруден кейін мұнай өнімдерін жуғаннан соң, сорап сальниктерін салқындату кезінде, сорапты бөлменің еденін жуу кезінде, айналымдағы жүйелердің жарылуынан пайда болады.

Мұнай кеніштеріндегі ақаба суды дайындауды жетілдіру. Мұнай кеніштік ақаба суды тазалаудың гидроциклондық тәсілі. Мұнай қоймаларында, магистральдық мұнай құбырларының мұнай айдау станцияларында ақаба суды тазарту.

Қалдық суларда еріген органикалық және бейорганикалық заттардан басқа коллоидты заттар бар. Кейір жағдайларда қалдық сулар құрамында еріген газдар (күкіртсутек және т.б.) болады.

Қалдық сулардың зиянды дәрежесі оны ластайтын токсикалық заттарға байланысты.

Қалдық сулардың кері көрсеткіштеріне құбыр тізбектерінің, канализациялы коллекторлардың және тазарту қондырғыларының материалына қалдық сулардың агресивті әсер етуі жатады.

Агресивті қалдық сулардың қатарына күкіртті-сілтілі, сулар жатады.

Көп жағдайда қалдық сулар өткір, жағымсыз беттік активті заттардан (сульфидті, дисульфидті,күкіртсутекті және т.б.) тұрады.

Қалдық сулардың температурасы кен ауқымда ауытқиды. Сондықтан тазартуға түсетін қалдық суларға талаптар қойылады:

Апат болғанда, аппататтарды, құрылғыларды, құбыр тізбектерін жөндеуде шыққан мұнай және химиялық өнімдерді канализацияға тастауға тиым салынады. Сонымен бірге қалдық су болып табылмайтын крекинг-қалдықтары, парафиндер, жоғары концентрациялы реагенттерді, өндіріс қалдықтарын тастауға тыйым салынады.

Қондырғылар мен объектілердің канализацияға тасталатын қалдық сулардың көлемі мен сапасы бойынша нормалар оларды азайту бойынша ұйымдастырылған шаралар жобасы бойынша орнатылады және зауыттың техникалық директорымен бекітіледі.

Тазарту дәрежесі «жер беті суларын қалдық сулармен ластануынан қорғау ережесі» талабында көрсетілген су сапасынан төмен болмайтын етіп алынуы керек.

Бұл талаптарға төмендегідей қолданылатын сулардын құрамы мен сапасына жалпы талаптар қою жатады:

1) шаруашылық- ауыз су және мәдени-тұрмыстық пайдаланылатын;

2) балық шаруашылығында пайдалнылатын;

Қоймадағы судың құрамы мен қасиетіне қойылатын талаптар нормативтері әртүрлі. Мысалға, балық шаруашылығында қолданылатын су объектілеріндегі суға қойылатын талаптар көрсеткіштері бойынша айырмашылығы болады. ол балықтардың өмір сүруіне қолайлы жағдай туғызуы керек, яғни температура, еріген оттегі және оттегідегі биохимиялық қажеттіліктер сәйкес келуі керек.

Су объектілеріндегі судың құрамындағы зиянды заттардың концентрациясы шекті мүмкін болатын концентрациядан аспауы керек.

Тұрмыстық қалдық сулардың түсуі қалдық сулардың биологиялық ластануына әкеледі.

Бақылау сұрақтары:

1. Судың сапасы қалай анықталады?

2. Су қоймасындағы зиянды заттардың құрамын нормалау үшін зиянды әрекеттің қанша шектейтін көрсеткіші бар?

3. Сумен жабдыфқтаудың қалдықсыз жүйесі қалай жүргізіледі?

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Гринин А.С., Новиков В.Н. Промышленные и бытовые отходы: Хранение, утилизация, переработка.- Москва: ФАИР-ПРЕСС, 2002.

2. Орлов Д.С., Садовникова Л.К., Лозановская И.Н. Экология и охрана биосферы при химическом загрязнении. – М.: Высшая школа, 2002.

3. Сметениен В.И. Защита окружающей среды от отходов производства и потребления. – М.: Колос,2003.

4. Хаиров Г.Б. Экологически безопасная технология строительства глубоких разведочных скважин. – М,: ВНИИОЭНГ, 19996.-203с.

5. Челноков А.А., Ющенко Л.В. Основы промышленной экологии. Минск: Высшая Школа, 2001.

 

Дәріс № 6


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 705 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Неркәсіп қалдықтарын іске асыру. Қалдық сақтау қоймаларына қойылатын талаптар.| Ағынды бұрғылау суларын қайталама пайдалану үшін тазарту.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)