Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Маркетингтік зерттеулердің мәні,міндеттері,принциптері

Маркетингтік зерттеулердегі ақпаратты талдау процесі | Ақпаратты талдаудың негізгі көрсеткіштері. | Маркетингтік ақпаратты талдау түрлері. | Тауарды зерттеу түрлері мен негізгі бағыттары | Тауарды меңгеруде қолданылатын маркетингтік зерттеулер әдістері | Тауардың бағасын зерттеудің түрлері мен негізгі бағыттары | Тауар бағасын үйренуде қолданылатын маркетингтік зерттеулер әдістері | Дістері. | Тауарды өткізуді зерттеудің түрлері мен негізгі бағыттары. | Жарнаманы зерттеу бағыттары |


Читайте также:
  1. Зерттеудегі маркетингтік ақпараттардың түрлері
  2. Маркетингтік ақпаратты талдау түрлері.
  3. Маркетингтік зерттеу жүргізу процесі.
  4. Маркетингтік зерттеу типтері
  5. Маркетингтік зерттеудің проективті әдісі.
  6. Маркетингтік зерттеулердегі ақпаратты талдау процесі
  7. Маркетингтік зерттеулердегі бақылауды ұйымдастыру

.Маркетингтік зерттеу дегеніміз - маркетингтік зерттеу мен басқарушылықты жүргізу үшін ақпаратты алу мен жинау және өңдеу.

Маркетингтік зерттеудің мақсаты: қазіргі кезде нарық және экономиканың құрылымы тұтынушы өте күрделенген, сондықтан, маркетингтік дәл шешім айту үшін мәселені терең зерттеуіміз керек.

Маркетингтің қағидалары:

1. Тұтынушылардың мінез-құлқын және талаптарын үнемі зерттеу;

2. Өндіріс процесін тұтынушылардың сұранысына бейімдеу;

3. Сұранысты қалыптастыру және оны ынталандыру;

4. Түпкілікті нәтижеге қол жеткізу.

Маркетинг қызметінің негізгі мақсаты – тұтынушы мен өндірушіні бір бірімен тығыз байланыстыру, бір бірін табуға көмектесу болып табылады. Маркетинг қызметтері:

· Жоспарлау;

· Ұйымдастыру;

· Мотивация;

· Бақылау.

Маркетингтің негізгі қағидалары оның концепциясынан қалыптасып, мыналардан тұрады: 1) фирманың нақты белгіленген коммерциялық түпкі әрекет нысанасына бағытталған ұзақ уақытқа арналған мақсатына сәйкес рынок үлесіне жету. Мақсатқа жетуге арналған маркетинг қызметі үш негізгі компонентін анықтайды: мерзімін, ресурстарды, жауапкершілікті. Осыдан тұтынушылардың төлей аларлық мүмкіндіктерінен бастап барлық маркетингтік жағдайдың ұзақ мерзімге арналған болжамын белгілейді. 2) фирманың өз алдына қойған мақсаттарына жету жолдарын комплексті түрде айқындау. Өйткені табысты әрекетті тек қана барлық маркетинг құралдары жиынтығы ғана қамтамасыз етеді. 3)әрекеттенуге таңдап алған рыноктың жағдайын және өз талабын барынша ұштастырып есепке алу, сонымен бірге ол рынокқа нысаналы әсер ету. Өндіруші өзінің тауары мен фирмасын тұтынушымен ұтымды және тығыз қарым қатынасын қамтамасыз ету үшін тұтынушылардың талаптарына неғұрлым бейімделу мақсатымен әсер ету. 4)«келешекті сезу» және соған байланысты жаңа тұтыну қасиеттерімен тауарын өңдеу. Тек осы жолмен ең жоғары коммерциялық нәтижеге жетуге болады. 5)фирманың сыртқы ортасының өзгерісіне өзіне ыңғайлы тез және тиімді реакция қамтамасыз ететін белсенділік, бастаушылық, іскерлік көрсету. Ондай болмаған жағдайда коммерциялық табысқа жету және бәсекелестік артықшылық алу мүмкін емес. Қазіргі кезде ғылым, техника, технология салалары тез дамуда. Бұл бәсеке жағдайын тез арада өзгертіп, маркетинг концепциясын творчестволық қолданғанды, тез арада өзгертіп жатқан рынок жағдайларына бейімделу жолдарын іздегенді талап етеді. Тек осы әдіспен фирма тиімді жұмыс істей алады.

 


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 534 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Фокус топты жүргізуді ұйымдастыру.| Сапалық және сандық маркетингтік зерттеулер: мәні, түрлері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)