Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Наубайшы

Жазылым. | Аялдамада | Знать свое место |


2. Мамандық атауларына сөзжұмбақ құраңыз

3.Үлгі бойынша екі хабарландыру жазыңыз.

 
 


4 Аударыңыз.

Каждый день в обед в эфир выходит казахское радио с новостями периодических изданий. Ведет новости журналист Нурлан Ораз. Нурлан сначала останавливается на политических, культурных новостях. После знакомит своих слушателей с интересными новостями в стране и мире. Сейчас 12:50, значит, на казахском радио время новостей периодических изданий.

5.Топпен жұмыс. ҚарМу мамандықтары туралы фильм көріңіздер

6.Мақал-мәтел жаттаңыз.

v Ұстаның бізі сүйкімді,жақсының сөзі сүйкімді

v Шебердің инесі де алтын,соққан күймесі де алтын

v Диқан жерді анасындай сүйеді, жер диқанын баласындай сүйеді

v Ата кәсіп – балаға нәсіп

v Жұмысы жоқтың ырысы жоқ.

v Ұста пышаққа жарымайды

v Ерінбеген етікші болар.

v Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

Х МОДУЛЬ. МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ

Тақырып: Мамандық таңдау

Лексикалық минимум: мамандық, кәсіп, кәсіби маман, таңдау, қателеспеу, меңгеру, шебер, іс, армандау, орналасу, жұмыс істеу, қажеттілік, сұраныс, жеке құжат, туу туралы куәлік, жеке куәлік, жоғары (орта арнайы) білім, тіркеу кітапшасы, түйін, өз ісінің шебері


1.Үлгі бойынша өз мамандығыңызға сәйкес сөздерді жазыңыз:


 

 

1. Сөйлесім. Жас маманды жұмысқа қабылдау.

Телефонменсұхбат

– Алло, аты-жөніңіз кім?

–..............................

– Мекен-жайыңыз қалай?

–.............................

– Жасыңыз нешеде?

–...........................

– Қай оқу орнын бітірдіңіз?

–.............................

– Жоғары біліміңіз бар ма?

–,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,

– Мамандығыңыз кім?

–...............................

– Неше тіл білесіз?

–..............................

– Отбасыңыз бар ма?

–...............................

– Жеке құжаттарыңыз: туу туралы куәлік, жеке куәлік, жоғары (орта арнайы) білім туралы диплом, тіркелу кітапшасын әкелесіз бе?

–...........................

– Түйінді электронды пошта арқылы жіберіңіз

–................................

– Ертең сізді күтемін.

 

2. Жағдаяттық тапсырма. Сізге емханаға бару қажет. Сабақтан 2 сағатқа сұрану үшін оқытушымен сөйлесіңіз.

 
 


Қажетті сөздер:

кешіріңіз, бола ма?,

рұқсат етіңізші, рақме

 

3. Оқылым. Қарағанды қаласындағы атақты кеншілер жайлы ақпарат дайындаңыз

4. Әр мамандық иесіне қысқаша сипаттама беріңіз:

Ақтер

Дәрігер

Сәулетші

Дизайнер

Аспаз

Шаштараз

Сылақшы

5. Белгілі бір мамандық атауына сөзжұмбақ, ребус құрастырыңыз.

6. Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар дайындаңыз. Оқытушымен пікір алмастырыңыз.

Жастар мамандықты өз қалауы бойынша таңдайды. Елімізге кәсіби мамандар өте қажет. Әсіресе ауылда мұғалім, дәрігер жетіспейді. Әр адамның болашағы таңдаған мамандығына да байланысты. Сондықтан жастар мамандық таңдауда қателеспеу керек. Мамандықты жақсы меңгерген маман өз ісінің шебері бола алады.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

 

Тақырып: Мамандығым – болашағым

Лексикалық минимум: тәжірибе, кіріс, шығыс, құжат, қабылдау, үйрену, меңгеру,жан-жақты білім, жоғары мәдениет, кәсіби шеберлік, ұйымдастырушылық қабілет, заман талабы, ұсыныс жасау, жаіалықтармен танысу, ақпарат беру, адал болу, жауапты маман, адамгершілік қасиеттер, мансап жолы, елін құрметтеу

1. Үлгіні пайдаланып жұмысқа орналасу үшін өтініш жазыңыз:

Қарағанды облысының

мамандандырылған «Дарын»

мектеп-интернатының

директоры К.Дүйсетаеваға

 

Өтініш

Мені ағылшын тілінің маманы ретінде жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын.

Білімім – жоғары. Мамандығым –ағылшын тілінің мұғалімі.

 

Ж.С.Ахметова

28 шілде 2015жыл

 

2.Жағдаяттық тапсырма. Сіз маркетологсыз. Сүт өнімдерін шығаратын «Нәтиже» фирмасын жарнамалаңыз.

3. Әріптестеріңізді Наурыз мерекесімен құттықтаңыз.

 
 


 

4. Жазылым. Толықтырыңыз.

5.Топпен жұмыс. «Экологиялық мәселелер» тақырыбына пікірлесіңіздер

 

6.Берілген сөз тіркестерімен шағын мәтін құрыңыз:

жан-жақты білім, жоғары мәдениет, кәсіби шеберлік, ұйымдастырушылық қабілет, заман талабы, ұсыныс жасау, жаіалықтармен танысу, ақпарат беру, адал болу, жауапты маман, адамгершілік қасиеттер, мансап жолы, елін құрметтеу

7. Мәтінді оқып, мамандығыңыз жайлы мәтін құрыңыз.

Менің аты-жөнім Айжан Еркінқызы. Биыл академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірдім. Мамандығым – экономист. Өндірістік тәжірибеден өту үшін қаламыздағы «Аманат» фирмасында жұмыс істедім. Фирмада кіріс-шығыс құжаттарын қабылдауды үйрендім. Іс-тәжірибесі бар мамандардан көп нәрсені үйренуге болады. Болашақта өз ісін жетік меңгерген кәсіби маман болғым келеді.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

 

Тақырып: Кәсіпкерлік

 

Лексикалық минимум: кәсіпкерлік, қаржы, кәсіп түрлері, құқық, зейнеткер, мүгедек, жетім балалалар, қайырымдылық шарасы, салық, кілем тоқу, балық аулау, мал шаруашылығы, егін салу, мақта шаруашылығы, сүт өнімдерін шығару, металл өңдеу, құрылыс материалдарын жасау, орман шаруашылығы, кәсіпорынды басқару, кепілдіксіз несие алу, сатып алу, сату, жалақымен қамтамасыз ету.    

 

 


1. Керекті сөздермен сөйлем құрап, аударыңыз: колледж, бағдарлама, білім, сапа, бағыт, нәтиже, қызмет, лауазым, жетекші, диплом, таңдау, бакалавр, магистратура, талап, өтініш,сұраныс,тәжірибе,жаңашылдық, табыс, шығармашылық

 

2. Айтылым. Қарағанды қаласындағы оқу орындарын атаңыз.

Жоғары оқу орындары Арнаулы орта оқу орындары
   
   
   

3. Кәсіпкер немен айналысады? Дұрыс жауап таңдаңыз.

Өз еңбегінің нәтижесін көреді

Еңбекқор, жауапты емес

Кәсіпорынды басқарады

Ортамен тіл табыса алмайды

Кепілдіксіз несие алады

Сатып алу, сатумен айналыспайды

Жұмысшыларды жалақымен

қамтамасыз етеді.

4. Сызбаны жалғастырыңыз:

Менің мамандығым

Әріптестерім........ ұнайды

Айналысатын ісім

 

Мен........................

Мен....................... бағалаймын

Мен......................

 

Мені.......................

Мені...................... қызықтырады

Мені......................

 

5.Жазылым. Сөз тіркестерін пайдаланып, әр мамандыққа сипаттама жазыңыз:

 
 

 


6.Топпен жұмыс. Қарағанды облысында дамыған кәсіпкерліктер жайында ой бөлісіңіздер. Екі топқа бөлініп сұрақтар дайындаңыздар.

 

7. Мәтінді аударып, мазмұндаңыз. Қазақстанда кәсіпкерлік дамып келеді. Кәсіпкерлік дегеніміз – қызмет көрсету, жұмыс істеу. Кәсіпкерлердің ең басты мақсаты – жоғары деңгейде пайда табу, қоғамның сұранысын қамтамасыз ету. Олар әр түрлі кәсіптің түрімен айналысуға құқығы бар. Кәсіпкерлер зейнеткерлерге, мүгедектерге, жетім балаларға көмектесіп, қайырымдылық шараларға қатысады. Елімізде кәсіпкерлер бірлестігі жұмыс істейді.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

 

ХІ МОДУЛЬ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ ЖАСТАР

Тақырып: Қоршаған орта

 
 


1.Жақын досыңызға хабарлама жазып, Астанаға қонаққа шақырыңыз.

2.Тиісті қосымшаны қойыңыз.

1) Сен киімдер...ді қымбат сауда орны... алдың ба?

2) Ғаламтор.... қажетті ақпараттар... іздедім.

3) МузТВ бағдарламасы.... Жанар Дуғалова туралы айт... жатыр.

4) Мен кейде мамандығым... дұрыс таңдадым ба деп ойлана....

5) Амина қазақ, орыс, ағылшын және итальян тілін... еркін сөйлей.....

6) Қоғамдық көліктегі жол ақы.... қымбаттай... екен.

 

3.Берілген сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.

1. Ол билет сатып алды

A) Ол кеше анасымен билет сатып алды

B) Ол кеше анасымен ұшаққа билет сатып алды

C) Ол кеше Түркияға бару үшін ұшаққа билет сатып алды

D) Ол кеше Түркияға бару үшін ұшаққа тамыздың 12-сіне билет сатып алды

 

2. Бурабайға бардық

A).................................................

B).................................................

C).................................................

D).................................................

 

3. Жағажайда демалдым

A)..................................................

B)..................................................

C)..................................................

D)..................................................

 

4. Туризм мәселесі көтерілді.

A).................................................

B).................................................

C).................................................

D).................................................

 

4.Сөйлесім. Сізге бір ай бұрын Алматыға бару керек. Сіз в окзалдың анықтама бөлімінен өзіңізге керекті мәліметті сұрадыңыз да, кассадан билет сатып алдыңыз. Болған жағдаятты баяндаңыз.

           
   
     
 
 
 

 


5. Қазақстанның демалыс-сауықтыру орындары туралы жарнамалар дайындаңыз

6. С іздің пікіріңіз?

 
 

 

 


a. Мен жеткілікті ақша жинауға тырысамын.

b. Баратын жеріңіз туралы көбірек ақпарат жинау керек.

c............................................................................

d............................................................................

e...........................................................................

f..........................................................................

7.Жазда қай жерлерде демалдыңыз? Үлгіге қарап, 2-3 күнге күнделік жазыңыз.

 

Жұма, 21 тамыз. Жағажайдамын. Ауа-райы тамаша. Құрбыммен ренжісіп қалдым. Не істер екенмін! Бұл демалысты ешқашан ұмытпаймын.

8.Мәтінді оқыңыз.

Бұл менің Қытайға ең бірінші келуім. Өте қуаныштымын. Үйден алысқа бірінші рет шығуым. Қасымда курстасым Сания бар. Демалысымыз жаман болмас. Кеше автобуспен тарихи жерлерге бардық. Мәдениетімен, тарихымен таныстық. Бірақ Қытай тағамдары маған ұнамады. Шіркін, қазақтың ұлттық тағамдарына не жетсін!

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

Тақырып: Қазақ елінің мақтаныштары

Лексикалық минимум: спорт түрлері, атақты спортшылар, жеңіс, дайындық, жаттығу, жарыс, қорытынды, нәтиже, спорт кешендері, ел мақтаныштары, жанкүйер, олимпиада ойындары

1.Айтылым. Қазақстанда қандай спорт түрлері дамыған? Қай спорт түрін дамыту керек?

2.Толықтырыңыз.

a. Қазақстандық спортшылар олимпиада шыңын.......

b. Бәйгеден..... келген спортшылар сұхбат берді.

c. Жеңіске жету үшін бар күш-...... салу керек.

d. Жарыстың қорытындысын.... күтіп отырмыз.

e. Мен спорт.........

 
 


Жігер, тағатсыздана, жанкүйерімен, бағындырды, алғашқы

 

3 .Олимпиада ойындарын табыңыз:

Ойын атаулары Белгілеңіз
грек-рим күресі  
бәйге  
теңге алу  
қазақша күрес  
көгалдағы доп  
көкпар  
жүгіру  
Желкенді спорт  
семсерлесу  
ақсүйек  
Ұзындықтан секіру  
бокс  
Нысана көздеу  
Көркем гимнастика  

4.Төлеу сөзге айналдырыңыз.

1. «Бұл олимпиадада Қазақстандық спортшылар алтын медаль алуға тырысады», – деді журналист.

2. «Ауыр атлетикадан спортшылар тыңғылықты дайындық жасады», – деді бапкер.

3. «Мен Олимпиадаға жеңіс үшін барамын», – деді С. Сәпиев.

4. «Мен Қызылордалық спортшымын.», – деді И. Ильин.

 

5.Сұрақнама.

1. Қарағандыда қандай спорт кешендері бар?

2. Біздің университетте қандай атақты спортшылар оқыған?

3. С.Сәпиевтің отбасы туралы білесіз бе?

4.Г.Головкин қанша жекпе-жекке қатысты?

5. Қазақстандық ауыр атлеттер кімдер?

6. Әлия Юсупованың жетістіктері қандай?

 

6. Мәтінді оқып, басқа да спортшылар туралы айтыңыз

Ильин Александрович Ильин – Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстан чемпионы, әлемнің үш дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011) және Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012). Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.

«Алға қойған жоспарым, көздеген мақсатым бар». –деді Илья Ильин өзінің бір сұқбатында.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

 

Тақырып: Шетелде білім алу

 
 


1.Аударыңыз.

Кембридж университеті

Ұлыбританияның ең көне және танымал, әлем бойынша рейтингісі ең жоғары тұрған университет. Университеттің негізі 800 жыл бұрын қаланған. Яғни, бұл – Ұлыбританиядағы екінші университет.

2. Топпен жұмыс. Оксфорд университеті туралы өзара сұқбаттасыңыз

3.Сөйлемді толықтырыңыз:

a) Мен жатақхана... төртінші жыл тұрып жатыр....

b) Студенттер... сабақ оқу үшін барлық жағдай жасал...

c) Жатақхана университет.... алыс емес.

d) Университет дәмханасы.... дәмді тағам.... дайындайды.

e) Жатақхана... студенттер тәртібі.... ерекше мән береді

4. Фильммен жұмыс.

Ø Қазақстан жастарының шетелде білім алуы туралы фильм көріңіз.

Ø Фильмнің мазмұнын түсіндіру

Ø Фильм туралы сұрақтар дайындау

Ø Фильм бойынша сұқбат дайындау

 

5.Жазылым. Қоғамдағы жастар мәселесіне байланысты тақырып таңдап, эссе жазыңыз.

6. Мәтінмен танысып, ақпаратты жалғастырыңыз.

«Болашақ» бағдарламасының негізгі мақсаты – аймақтарға жоғары білікті мамандар даярлау.

Жыл сайын «Болашақ» бағдарламасына екі мыңнан аса азаматтар құжат тапсырады. Жалпы бағдарлама бойынша он бір мың жүз жиырма алты шәкіртақы тағайындалып, нәтижесінде жеті мың тоғыз жүз жиырма тоғыз маман даярланған.

Бағдарлама түлектерінің 98%-ы жұмыспен қамтылды, 45%-ы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда, 2,5%-ы ұлттық компанияларда, 11%-ы халықаралық ұйымдарда, 39,5 %-ы жеке секторларда қызмет істеп жатыр.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

 

ХІІ МОДУЛЬ. МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН

Тақырып: Қазақстанның жер байлығы

Лексикалық минимум: табиғат, орман, аспан, тоғай, астық, бидай, тары, жер қойнауы, темір, мыс, қорғасын, алтын, күміс, топырақ, Солтүстік Қазақстан аймағы, бекіре, қызыл балық, мырыш, күріш, мұнай, егістік, қолайлы,ғ ойландыру, теңіз суы, азаю, апат, денсаулық, төмендей, сулы, нулы, тамшы, дария

 


1. Сұқбат. Нұргелді мен Ержан не туралы әңгімелесті?

– Қал қалай Ержан? Сен кеше кешке не істедің?

– Жақсы өзің қалайсың, Нұргелді? Мен кешкі сағат 8-де «Қазақстан» телеарнсынан жаңалықтар тыңдадым.

– Мен де тыңдадым

– Биылғы жылы жалпы егістік көлемі 23 миллион гектарды құрапты. Оның 18 миллион гектарын астық дақылдары, соның ішінде 15,1 миллион гектарын бидай етістіктері алып жатқандығын айтты.

– Иә, биыл еліміз көп астық жинайды. Ауа-райы да қолайлы болып тұр. Бидай көп болады. «Жері байдың – елі бай»-деген осы ғой!

 

2. Сұраққа жауап жазыңыздар:

1) Қазақстанда пайдалы қазбалардың қанша түрі бар?

2) Еліміздің қай өңірінде ауылшаруашылығы дамыған?

3) Қазақстанның қандай қалаларында өндіріс орындары дамыған?

4) «Қара алтын» дегеніміз не?

5) Каспий теңізі жағалауында қай мемлекеттер орналасқан?

6) Қазақстанда қандай өзен, көлдер бар?

 

3. Топтық жұмыс. Бейнефильм көріңіздер.

 
 

 

 


4. Сөйлемдерді толықтырыңыздар:

§ Қазақстанның солтүстігі –... аймақ

§ Бұл өңірде...,..., тары тағы басқа түрлері өсіріледі.

§ Оңтүстікте...,..., мақта өседі.

§ Қазақстанның өңірі.... қазбаларға бай.

§ Темір, мыс...,..., алтын, күміс өндіріледі.

5. Экология министрлігіне Арал теңізінің мәселесі туралы хат жазыңыздар.

 
 

 

 


6. Қай мақал-мәтел тақырыпқа сәйкес келеді? Неліктен?

Ø Судың да сұрауы бар

Ø Тамшы тама берсе, дария болады

Ø Сулы жер – нулы жер

7.Мәтінді оқып, қосымша ақпаратпен толықтырыңыз.

Арал тағдыры – адам тағдыры

Арал теңізінің болашағы эколог мамандарды қатты ойландыруда.1960 жылдан бастап теңіздің суы тартыла бастаған. Теңіздегі балық түрлері азайып кеткен. Теңіз бойында тұратын адамдардың денсаулығы төмендеген. Ғалымдардың айтуынша, экологиялық апатқа Байқоңырдың да қатысы бар.

8.Жазылым. «Мұнай өндірісі» тақырыбына шығарма жазыңыздар.

Әдебиеттер: [5.5], [5.6], [5.7], [5.9], [5.2.11]

 

Тақырып: Тарихи қалалар

 
 
Лексикалық минимум:тарихи, кесене, көне шаһар, іргетас, ғимарат, жаңа жоба, тарихи мәліметтер, деректер, жәдігер, қыш құмыра, Қазақстан болашағы


1. Сұқбаттасыңыздар. Кесенеде.

– Жазғы демалыста қайда болдың?

– Түркістан қаласына бардым. ОндаҚожа АхметИассауи кесенесінде болдым. Мен Түркістанда болған емеспін. Бірақ ғаламтор арқылы Иассауи кесенесі туралы білемін.

– Маған Тайқазан ұнады. Тайқазан өте үлкен, таң қалдым.

– Кесенеде тағы не көрдің?

– Ескі әшекей бұйымдар, қыш құмыраларды көрдім. Суретке түсіріп алдым. Айтпақшы, мен «Түркістан» базарына бардым.

– Базардан не сатып алдың?

– Туыстарыма, достарыма естелік сыйлықтар алдым

 

2. 1-тапсырмадағы сұхбатты монологқа айналдырыңыз.

 

3. Синонимдер қатарын сәйкестендіріңіз:

Көне мавзолей

Кесене қала

шаҺар достасу


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 679 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Базарда| Татуласу сыйлайды

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.052 сек.)