Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Экологиялық және жер құқығы негіздері

Арағанды 2011 | Кіріспе | Тақырып. Мемлекет, құқық және мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар | Тақырып. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының негіздері | Тақырып. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот | Тақырып. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және әкімшілік құқық негіздері | Тақырып. Қазақстан Республикасының азаматтық және отбасы құқығының негіздері | Тақырып. Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығы | НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕСІМДЕР |


Читайте также:
  1. Азақстан Республикасының экологиялық кодексі: – Алматы: ЮРИСТ, 2007. – 172 б.
  2. Азаматтардың» және «жеке тұлғалардың» ара қатынасы. Эмансипация.
  3. Акушерия және гинекология (ЖТД)_каз
  4. Акушерлік және гинекология_каз
  5. Альбуминнің айқын төмендеуі және альфа-глобулиндердің жоғарылауы
  6. Ан кету, қан кету түрлері және қан ағу кезіндегі алғашқы медициналық көмек
  7. Андай лабораториялық зерттеу әдісі лимфо- және лимфобласттық емес лейкозды диф. Диагностика жасауға мүмкіндік береді ?

Тақырыптың өзектілігі:

Экологиялық құқық - табиғи ресурстарды пайдалану және қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңдары ҚР Конституциясына негізделеді де, 1997 жылғы 15 шілдедегі "Қоршаған ортаны қорғау туралы", 1997 жылғы 15 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы", 1997 жылғы 18 наурыздағы "Экологиялық сараптама туралы", 2001 жылғы 24 қаңтардағы "Жер туралы", 2002 жылғы 4 желтоқсандағы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы", орман, су кодекстерінен және басқа заңдар мен нормативтік кесімдерден тұрады.

"Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заң экологиялық, табиғат қорғау қатынастарын реттейтін басты заң болып табылады. Бұл Заң қоршаған ортаны қорғаудың (ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, табиғи ресурстарды) құқықтық негіздерін белгілейді.

Табиғатты қорғауды реттейтін құқықтық нормалардың тағы бір түрі - жер құқығы, яғни жер құқығының пәні жер қатынастары болып табылады.

Жер құқығы - жер қатынастарын реттейтін, мемлекет орнатқан, құқықтың бір саласы болып табылатын құқықтық нормалардың жиынтығы.

Қазақстан Республикасының жер заңдары мына принциптерге негізделеді:

-Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі;

- жерді (табиғи ресурс), Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау;

- жерді қорғау және ұтымды пайдалану;

- экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

- жерді нысанды пайдалану;

- ауылшаруашылығына арналған жердің басымдылығы;

- жерді ақы төлеп пайдалану және т.б.

Еліміздің жер қоры ауылшаруашылығы мақсатындағы, елді мекендердің (қалалардың, поселкелер мен ауылдық елді-мекендердің) жері және өзге де ауылшаруашылығы мақсатына арналмаған жер, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер, орман қорының және босалқы жер санаттарына бөлінеді.

 

1 СОӨЖ сабағының мақсаты:

1.1 Студент білуге тиісті:

· Экологиялық заңдардың жалпы сипаттамасын;

· Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаларын;

· Табиғатты пайдалану құқығына, табиғи ресурстарға меншік құқығының жалпы сипаттамасын;

· Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес принциптерді.

1.2 Студент білуі керек:

· Экологиялық құқықты құқықтық реттеу мәнін анықтау;

· Экологиялық қатынастарды құқықтық реттеу әдісін.

2 СОӨЖ сабағының мазмұны:

2.1 Жоспары:

1. Экологиялық құқық түсінігі.

2. Қайнар көздері.

3. Табиғат пайдалану құқығы.

4. Экологиялық заң бұзушылыққа жауапкершілік.

5. Жер құқығы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Бекішева С.Д. ҚР экологиялық құқығы, Сұлбалар альбомы. –Қарағанды: Қарағанды заң институтының баспасы, 2002.

2. ҚР жер заңнамасы: нормативтік-құқықтық актілер жинағы (комментарийлерімен) жауапты редактор С. Стамқұлов. –Алматы: Жеті Жарғы, 1998.

3. Оралова А.Т. Экологияның құқықтық негіздері: Оқу құралы: /А.Т. Оралова. –Қарағанды: ҚарМТУ, 2000.

4. Қоршаған ортаны қорғау: нормативтік-құқықтық актілер жинағы. –Алматы: Юрист, 2003.

5. Культеев С.Т. ҚР экологиялық құқығы / Оқу құралы. –Алматы: Дәнекер, 2001.

6. Экологиялық құқық: Оқулық.

 


Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 1851 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Салықтық құқық негіздері| Тақырып. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)