Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Негізгі құралдардың айналымдылығы.

Читайте также:
  1. Ақпаратты талдаудың негізгі көрсеткіштері.
  2. Ауаны түрлі ингриеденттерден тазартудың негізгі принциптері
  3. Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  4. Бап. Осы Заѕда пайдаланылатын негізгі ўєымдар
  5. Бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  6. Географиялық қабық дамуының негізгі кезеңдерін атап көрсетіңіз.
  7. Географиялық қабықтың белдеулі зоналық құрылымы. Жердің негізгі географиялық белдеулері мен зоналарына талдау жасаңыз.

Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Ол саудадан түскен табысты (ақшаны) қалдық құны бойынша кезеңдегі негізгі құралдардың орташа шамасына бөлу арқылы есептейді.

Қор қайтарымдылығы коэффициентінің артуына негізгі құралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық деңгейінің жоғарылылығы есебінен қол жеткізуге болады.

Алайда, бұл жерде жалпы заңдылық бойынша болады: коэффициент жоғары болған сайын, есеп беру кезіндегі шығындар азая түседі. Коэффициенттің төмен болуы өнімді сатудан түсетін табыстың жетімсіздігін не болмаса осы активтер түрлеріне тым жоғары деңгейде қаржы бөлетіндігін көрсетеді.

Бұл көрсеткіш төменде жан жақты қаралады, өйткені ол көбінесе кәсіпорын қызметінің тиімділігін сипаттайды.

Меншікті капиталдың айналымдылық коэффиценті.

Ол мына формула бойынша қаралады:

Дн

К°с =------------------------

Ск

 

Мұнда: К°с меншікті капиталдың айналымдылықкоэффициенті;

Дн - өнімді сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;

Ск - баланс бойынша меншікті капиталдың кезеңдегі орташа шамасы.

Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды:коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудыңартықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан - салынған меншікті капиталдың айналымжылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан - кәсіпорынның меншік иелері (акционерлер, мемлекет немесе басқадай меншік иелері) тәуекелдік етіп салып отырғанақша қаражатының белсенділігін көрсетеді. Егер коэффициент өте жоғары болса, салынған капиталдан сату деңгейінің едәуір артқандығын білдіреді, ал бұл несиелік қорлардың артуын, меншік иелеріне қарағанда істе кредиторлардың көбірек қатысуы мүмкін шекке жетуінен туындайды. Бұл жағдайда міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасы артады, кредиторлардың қауіпсіздігі төмендейді және табыстың кемуіне байланыстыкәсіпорын айтарлықтай қиыншылықтарға кездесуі мүмкін. Керісінше, коэффициенттің төмендігі меншікті капиталдың бір бөлігінің әрекетсіз жатқандығын білдіреді.

4. Ағымдағы активтер (мобильдік қаражат) немесе айналым капиталының айналымдылық коэффцциенті. Ол өнім сатудан түскен (ақша) табысының (жұмыс, қызмет көрсету) ағымдағы активтердің орташа шамасына қатынасымен формула бойынша анықталады:

Дн

Кта=---------------------

Кма

Мұнда:

Кта - ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті;

Кма - ағымдағы активтердің орташа шамасы. Ағымдағы активтердің (баланс активінің II бөлімі) орташа шамасы формула бойынша анықталады:

Ағымдағы активтердің айналымдылық жылдамдығы, жоғарыда келтірілген формула бойынша есептелген оның айналым санымен ғана емес және айналымның ұзақтығымен, айналым қаражатының беку коэффициентімен де сипатталады (немесе айналымдылықтың айналым коэффициентімен).

Ағымдағы активтердің бір айналымының үзақтығы мына формуламен анықталады:

Д°=---------------------------

К°А

Мүнда:

Д°- бір айналымның күнмен есептелген ұзақтығы;

К°А -ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті немесе ағымдағы активтердің айналым саны.

Көрсеткіштің бір жылдық мәнін есептегенде кезеңнің ұзақтығы 360 күн, бір тоқсанға - 90 күн, бір айға ~ 30 күн құрайды.

 


Дата добавления: 2015-10-24; просмотров: 219 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Зін - өзі бақылау сұрақтары| Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің айналымдылық көрсеткіштерінің динамикасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)