Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Сотты құрметтемеу

Бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлау | Бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына ешкімнің тиіспеушілігі кепілдігін бұзу | Бап. Депутаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау | Бап. Өкiмет өкiлiн қорлау | Бап. Құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлердi ұрлау немесе бүлдiру | Бап. Өзiнше билiк ету | Бап. Жиналыстарды, митингтердi, пикеттердi, көше шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу | Бап. Қоғамдық бiрлестiк мүшелерiнiң мемлекеттiк органдардың қызметiне заңсыз араласуы | Бап. Заңсыз қоғамдық және басқа да бiрлестiктер құру немесе олардың қызметiне қатысу | Бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға және алдын ала тергеу жүргiзуге кедергi жасау |


Читайте также:
  1. B) 7 күн, ал күрделі істер бойынша соттың ұйғарымы бойынша бір айға дейін ұзартылуы мүмкін

1. Сот талқылауына қатысушыларды қорлаудан көрiнген сотты құрметтемеу -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Судьяны және (немесе) алқабидi қорлаудан көрiнген дәл сол әрекет -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
Ескерту. 342-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.16 N 122 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Бап. Судьяға, алқабиге, прокурорға, тергеушiге, алдын ала анықтауды жүргiзушi адамға, сарапшыға, сот приставына, соттың атқарушысына қатысты жала жабу

1. Iстiң немесе материалдардың сотта қаралуымен байланысты судьяға немесе алқабиге қатысты жала жабу -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Алдын ала тергеу жүргiзілумен, сот сараптамасы жүргiзiлуiмен не үкiмнiң орындалуымен, соттың шешiмiмен немесе өзге сот актiсiмен байланысты прокурорға, тергеушiге, алдын ала анықтауды жүргiзушi адамға, сарапшыға, сот приставына, соттың атқарушысына қатысты жасалған дәл сол әрекет -
жүз айлық есептiк көрсеткiштен екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан әрекеттер -
төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 343-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.16 N 122 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.07.04 N 151, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 137 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Сот төрелiгiн жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргiзуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттерi| Бап. Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)