Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу

Бап. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздыру | Бап. Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қастандық жасау | Бап. Қарулы бүлiк | Бап. Мемлекеттiк құпияларды заңсыз алу, жария ету, тарату | Бап. Мемлекеттiк құпиялары бар құжаттарды, заттарды жоғалту | Бап. Жұмылдыруға шақырудан жалтару | Бап. Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету | Бап. Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және (немесе) оның қызметіне басшылық жасау | Бап. Тонау | Бап. Ерекше құнды заттарды ұрлау |


Читайте также:
  1. A) Құқықтық позициясын ұстануға тараптардың мүмкіндігі және міндеті
  2. Android ОЖ және Android қосымшалардың жұмыс істеу приципі
  3. B) дәлелдеу құралдары мен тәсілдерін таңдаудағы еріктілігі және өзіндігі
  4. B) Талапкер және оның өкілі
  5. C) егерде іс бойынша талапкер бірнеше рет сот мәжілісіне келмеген жағдайда және жауапкер іс бойнша қарастыруды оған қарсылық білдірмесе
  6. C) сот және іске қатысушы тұлғалар
  7. D) Кассациялық және қадағалау инстанцияларында

1. Авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл әрекет автордың немесе өзге де құқық иеленушiнің құқықтарына немесе заңды мүдделерiне айтарлықтай зиян, оның ішінде елеулі залалға әкеп соқтырған айтарлықтай зиян келтiрсе, –
жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не жүз сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты өткiзу мақсатында авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактілік даналарын елеулі мөлшерде жасалған сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау, –
бес жүзден жеті жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
3. Электрондық цифрлық форматтағы туындылардың және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналарын алмастыруға, сақтауға, тасымалдауға одан әрі қол жеткізу үшін интернет-ресурстарды ұйымдастыру, құру арқылы елеулі залал келтірген авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, –
алты жүзден сегіз жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не екі жүз сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
4. Осы баптың екiншi және үшінші бөлiктерiнде көзделген:
а) бiрнеше рет;
б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;
в) iрi мөлшерде немесе iрi залал келтiрген;
г) адамның өз қызмет бабын пайдалануымен жасалған әрекеттер, –
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 184-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.12 N 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Бап. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, селекциялық жетiстiктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу

1. Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң, селекциялық жетiстiктiң немесе интегралдық микросхема топологиясының мәнiн, олар туралы мәлiметтер ресми түрде жарияланғанға дейiн автордың немесе арыз берушiнiң келiсiмiнсiз жария ету, сол сияқты авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер осы әрекеттер авторға немесе өзге құқық иеленушiге елеулi залал келтiрсе немесе олардың құқықтарына немесе заңды мүдделерiне айтарлықтай зиян келтiрсе, -
жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не жүз сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi, селекциялық жетiстiктi немесе интегралдық микросхема топологиясын елеулi мөлшерде жасалған заңсыз пайдалану, -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткішке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген:
а) бiрнеше рет;
б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;
в) iрi мөлшерде немесе iрi залал келтiрген;
г) адамның өз қызмет бабын пайдалануымен жасалған әрекеттер, -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
1. Егер залалдың мөлшерi немесе зияткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалану құқықтарының құны не авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтардың объектілері даналарының немесе өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгiлерді, селекциялық жетiстiктердi немесе интегралдық микросхемалар топологияларын қамтитын тауарлардың құны қылмыс жасалу сәтiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен жүз есе acca, осы Кодекстiң 184, 184-1-баптарында көзделген әрекеттер елеулi залал келтiрген немесе елеулi мөлшерде жасалған деп танылады.
2. Егер залалдың мөлшерi немесе зияткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалану құқықтарының құны не авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтардың объектілері даналарының немесе өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгiлердi, селекциялық жетiстiктердi немесе интегралдық микросхемалар топологияларын қамтитын тауарлардың құны қылмыс жасалу сәтiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз есе acca, осы Кодекстiң 184, 184-1-баптарында көзделген әрекеттер iрi залал келтiрген немесе iрi мөлшерде жасалған деп танылады.
Ескерту. Кодекс 184-1-баппен толықтырылды - ҚР 2005.11.22 N 90 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.10 N 179-IV, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 267 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi сатып алу немесе сату| Бап. Бөтен адамның мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)