Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Қылмыстың қайталануы

Мазмұны | Бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасы аумағында қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы | Бап. Мас күйiнде қылмыс жасаған адамның қылмыстық жауаптылығы | Бап. Қылмысқа қатысушылардың түрлерi | Бап. Қылмысқа қатысу нысандары | Бап. Қажеттi қорғану | Бап. Айыппұл | Бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру | Бап. Қоғамдық жұмыстарға тарту | Бап. Бас бостандығын шектеу |


1. Бұрын қасақана жасаған қылмысы үшiн соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады.
2. Қылмыстың қайталануы:
а) егер адам бұрын қасақана жасаған қылмысы үшiн екi рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;
б) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса, ол ауыр қылмыс жасаған жағдайда қауiптi деп танылады.
3. Қылмыстардың қайталануы:
а) егер адам бұрын ауыр қылмыс немесе ауырлығы орташа қасақана қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;
б) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшiн екi рет бас бостандығынан айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса, осы адам жасаған ауыр қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;
в) егер адам бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса, ол аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда аса қауiптi деп танылады.
4. Он сегiз жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшiн соттылығы, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген тәртiп бойынша алынып тасталған немесе жойылған соттылық қылмыстың қайталануын тану кезiнде ескерiлмейдi.
5. Қылмыстардың қайталануы осы Кодексте көзделген негiздер мен шектерде неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтырады.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 142 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Қылмыстардың жиынтығы| Бап. Қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)