Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Талап мерзiмi

Бап. Шектеу шарттары | Бап. Тендер | Бап. Аукцион | Параграф 1. Жалпы ережелер | Тарау. Жалпы ережелер | Бап. Топологияларды тiркеу | Параграф 2. Тауар белгiсi | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Жалпы ережелер | Тарау. Жалпы ережелер |


Читайте также:
  1. A) Қарсы талаптың қойылуы
  2. A) ұқсас талап б/ша сотқа екінші рет жүгінуге жол берілмейді
  3. A) Алименттерді өндіріп алу туралы талаптар бойынша талап қоюшылар
  4. B) Талапкер және оның өкілі
  5. B) Талаптан бас тарту
  6. B) талаптың мәнін немесе негізін өзгерту
  7. C) Ұйғару, тану, өзгерту жөніндегі талап

1. Талап мерзiмi тиiстi қатынастарды реттеу үшiн қолданылатын елдің құқығы бойынша анықталады.
2. Талап мерзiмi қолданылмайтын талаптар, егер тиiстi қатынасқа қатысушылардың кем дегенде біреуі Қазақстан Республикасының азаматы немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы болса, Қазақстан Республикасының құқығы бойынша анықталады.

Параграф 4. Заттық құқықтар

1107-бап. Заттық құқықтарға қолданылатын құқық туралы
жалпы ережелер

1. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерiнде өзгеше көзделмесе, меншiк құқығы мен басқа да қозғалмайтын және қозғалатын мүлiкке заттық құқықтар осы мүлік орналасқан елдің құқығы бойынша анықталады.
2. Мүлiктiң қозғалмайтын немесе қозғалатын заттарға жататындығы, сондай-ақ мүлiктiң өзге де заңдық саралануы осы мүлiк орналасқан елдiң құқығы бойынша анықталады.

1108-бап. Заттық құқықтардың пайда болуы және тоқтатылуы

1. Мүлiкке заттық құқықтардың пайда болуы және тоқтатылуы, егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, заттық құқықтың пайда болуы не тоқтатылуы үшiн негiз болған iс-әрекет немесе өзге де мән-жайлар орын алған кезде сол мүлiк болған елдiң құқығы бойынша анықталады.
2. Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, мәмiленiң нысанасы болып табылатын мүлiкке заттық құқықтардың пайда болуы және тоқтатылуы, елдiң осы мәмiле бағындырылған құқығы бойынша анықталады.
3. Алыну мерзiмiнiң ескiруi салдарынан мүлiкке меншiк құқығының пайда болуы аяқталған алу мерзiмiнiң ескiрген кезiнде болған елдiң құқығымен анықталады.

1109-бап. Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлуге тиiстi көлiк
құралдары мен өзге де мүлiкке заттық құқықтар

Мемлекеттiк тiркелуге тиiстi көлiк құралдары мен өзге де мүлiкке заттық құқық осы көлiк құралдары немесе мүлiк мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген елдiң құқығы бойынша анықталады.

1110-бап. Жолдағы қозғалатын мүлiкке заттық құқықтар

Мәмiле бойынша жолда келе жатқан қозғалатын мүлiкке меншiк құқығы және басқа да заттық құқықтар, егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, осы мүлiк жөнелтiлген елдiң құқығы бойынша анықталады.

1111-бап. Заттық құқықтарды қорғау

1. Меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғауға арыз берушінің таңдауы бойынша мүлік тұрған елдің құқығы немесе сот елiнiң құқығы қолданылады.
2. Қозғалмайтын мүлiкке меншiк құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғауға осы мүлiк тұрған елдiң құқығы қолданылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгізілген мүлікке қатысты Қазақстан республикасының құқығы қолданылады.

Параграф 5. Шарттық мiндеттемелер

1112-бап. Шарт тараптарының келiсiмiмен құқық таңдау

1. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келiсiмiмен таңдалған елдiң құқығымен реттеледi.
2. Тараптардың қолданылуға тиiстi құқықты таңдау туралы келiсiмi айқын көрсетiлуге немесе шарттың және оларды жинақтап қарайтын iстiң мән-жайларының ережелерiнен тiкелей туындауға тиiс.
3. Шарттың тараптары тұтас алғанда шарт үшiн де, оның жекелеген бөлiктерi үшiн де қолданылатын құқықты таңдай алады.
4. Шарттың тараптары қолданылатын құқықты кез келген уақытта, шарт жасасу кезiнде де, одан кейiн де таңдап алуы мүмкiн. Тараптар шартқа қолданылатын құқықты өзгерту туралы да кез келген уақытта уағдаласа алады.

1113-бап. Тараптардың келiсiмi болмаған кезде шартқа
қолданылатын құқық

1. Шарт тараптарының қолдануға тиiстi құқық туралы келiсiмi болмаған кезде ол шартқа:
1) сатып алу-сату шартында - сатушы;
2) сыйға тарту шартында - сыйға тартушы;
3) мүлiктiк жалдау (жалға алу) шартында - жалға беруші немесе жалдауға берушi;
4) мүлiктi тегiн пайдалану шартында - несие берушi;
5) мердiгерлiк шартында - мердiгер;
6) тасымалдау шартында - тасымалдаушы;
7) көлiк экспедициясы шартында - экспедитор;
8) қарыз немесе өзге де кредит шартында - кредит берушi;
9) тапсырма шартында - сенiм бiлдiрiлген адам;
10) комиссияның шартында - комиссионер;
11) сақтау шартында - сақтаушы;
12) сақтандыру шартында - сақтандырушы;
13) тапсырма беру шартында - тапсырма берушi;
14) кепiлге салу шартында - кепiлге салушы;
15) айрықша құқықтарды пайдалану туралы лицензиялық шартта - лицензиар болып табылатын тараптар құрылған, тұратын жерi немесе негiзгi қызмет орны бар елдiң құқығы қолданылады.
2. Нысанасы қозғалмайтын зат болып табылатын шарт бойынша, сондай-ақ мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару туралы шарт бойынша құқықтар мен мiндеттемелерге сол мүлiк тұрған елдiң құқығы, ал Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген мүлiкке қатысты - Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
3. Шарт тараптарының қолданылуға тиiстi құқық туралы келiсiмi болмаған жағдайда осы баптың 1-тармағындағы ережелерге қарамастан:
1) бiрлескен қызмет және құрылыс мердiгерлiгi туралы шартқа мұндай қызмет жүзеге асырылатын немесе шартта көзделген нәтижелер жасалатын елдiң құқығы;
2) конкурстық сауда-саттықтың (тендердiң, аукционның) қорытындылары бойынша немесе биржада жасалған шартқа - конкурстық сауда-саттық өткiзiлген немесе биржа орналасқан елдiң құқығы қолданылады.
4. Осы баптың 1-3-тармақтарында атап келтiрiлген шарттарға, тараптардың қолданылуға тиiстi құқық туралы келiсiмi болмаған кезде, мұндай шарттың мазмұны үшiн шешушi маңызы бар, орындауды жүзеге асыратын тараптар құрылған, тұрғылықты жерi немесе негiзгi қызмет орны болған елдiң құқығы қолданылады. Шарттың мазмұны үшiн шешушi маңызы бар орындауды анықтау мүмкiн болмаған жағдайда шарт мейлiнше тығыз байланысты елдiң құқығы қолданылады.
5. Шарт бойынша орындауды қабылдауға қатысты, тараптар өзгеше келiспегендiктен, осындай қабылдау өткiзетiн орынның құқығы ескерiледi.
6. Егер шартта халықаралық айналымда қабылданған сауда терминдерi пайдаланылса, шартта өзге нұсқаулар болмаған жағдайда оларды iскерлiк айналымның тиiстi сауда терминдерiне қатысты қолданылып жүрген ғұрыптар жөнiндегi қатынастарына қолдануға тараптар келiскен деп есептеледi.

1114-бап. Шетелдiң қатысуымен заңды тұлға құру туралы
шартқа қолданылатын құқық

1. Шетелдiң қатысуымен заңды тұлға құру туралы шартқа осы заңды тұлға құрылатын немесе құрылған елдiң құқығы қолданылады.
2. Осы баппен реттелетiн қатынастар өзiне заңды тұлғаны құру және тоқтату, оған қатысу үлесiн беру жөнiндегi қатынастарды және заңды тұлғаның қатысушылары арасындағы олардың (соның iшiнде кейiнгi келiсiмдермен белгiленетiн) байланысты өзара құқықтары мен міндеттерiне басқа да қатынастарды қамтиды.
3. Осы баптың ережелерi шетел қатысатын заңды тұлға қатысушыларының өзара құқықтары мен мiндеттерi басқа құрылтай құжаттарымен белгiленген жағдайда да қолданылады.

1115-бап. Қолданылатын құқықтың күшiнде болатын саласы

1. Шартқа осы параграф ережелерiне орай қолданылатын құқық, атап айтқанда:
1) шартқа түсіндіруді;
2) тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн;
3) шарттың орындалуын;
4) шартты орындамаудың немесе тиiсiнше орындамаудың салдарын;
5) шарттың тоқтатылуын;
6) шарт жарамсыздығының негiздерi мен салдарын;
7) шартқа байланысты талаптарды беру мен қарыз аударуды қамтиды.
2. Орындаудың әдiстерi мен рәсiмдерiне, сондай-ақ тиiсiнше орындалмаған жағдайда қолданылуға тиіс шараларға қатысты қолданылатын құқықтан басқа орындалу жүргiзiлетiн елдiң құқығы да назарға алынады.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 86 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Реторсиялар| Параграф 6. Шарттан тыс мiндеттемелер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)