Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Параграф 1. Жалпы ережелер. 739-бап. Банктiк қызмет көрсету шарты

Параграф 1. Жалпы ережелер | Бап. Лизинг нысанасы | Бап. Прокат шарты | Бап. Несие берушi | Бап. Шарттан бас тарту | Бап. Мердiгерлiк шарты | Бап. Кеме жалдау (чартер) шарты | Бап. Заем шарты | Бап. Заем шартын жасасу | Бап. Нысаналы заем |


Читайте также:
  1. Access туралы жалпы түсінік
  2. E) Жалпыға белгілі фактілер
  3. АзГЗУ ішкі тәртібі ережелерінен көшірме үзінді
  4. АзГЗУ туралы жалпы мәліметтер
  5. Астана қаласының су нысандарында жалпы су пайдалануды бақылау
  6. Бұл барлық деңгейдегі әкімдердің жалпы санының 91,7%-ы!
  7. Бап. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу

739-бап. Банктiк қызмет көрсету шарты

1. Банктiк қызмет көрсету шарты бойынша бiр тарап (банк) екiншi тараптың (клиенттiң) тапсырмасы бойынша банктiк қызмет көрсетуге, ал клиент, егер шартта өзгеше көзделмесе, осы көрсетiлген қызметке ақы төлеуге мiндеттенедi.
2. Банктiк қызмет көрсету шарты:
1) банктiк шот шарты;
2) ақша аудару шарты;
3) банк салымы шарты;
4) заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген өзге де шарт түрлері болып бөлінеді.
2-1. Банкпен банк шоты шартын және (немесе) банк салымы шартын жасасқан кезде банк шоттары ашылады.
3. Банк клиенттiң өз ақшасына кедергiсiз билік ету құқығына кепiлдiк бере отырып, банк шотындағы ақшаны пайдалана алады.
Ескерту. 739-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

740-бап. Банктегі ақшаға билік етуді шектеу

1. Заңды тұлғалардың (уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) және азаматтардың банктердегі ақшаcына тек қана соттар, тергеу және анықтау органдары мен атқарушылық іс жүргізу органдары өздерінің іс жүргізуіндегі қылмыстық және азаматтық істер және атқарушылық іс жүргізу істері бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу заңнамасында және Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша тыйым салуы мүмкін.
2. Заңды тұлғалар мен азаматтардың банктердегі ақшасына тыйым салу мерзімі тиісті істерді жүргізу үшін Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген мерзімдерден аспауға тиіс.
3. Тергеу және анықтау органдарының клиенттің ақшасына тыйым салу туралы шешімдеріне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы мүмкін.
4. Клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүргізіледі.
5. Клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру құқығына ие уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімі уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың тыйым салу туралы шешімі негізінде тыйым салынған ақша сомасына қолданылмайды.
6. Клиенттің банк шоттарындағы ақшасына тыйым салу құқығына ие уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың банк уәкілетті мемлекеттік органдардың шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін орындауға қабылдағаннан кейін ұсынылған шешімдері, осы баптың 7-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, осындай өкімнің күші жойылғаннан кейін орындалуға жатады.
7. Талап қоюды қамтамасыз ету немесе атқару құжаттарын орындау мақсатында клиенттің банк шоттарындағы ақшасына салынған тыйымдар осы Кодекстің 742-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген талаптарды қанағаттандыру мақсатында тыйым салу жағдайларын қоспағанда, бірінші кезектегі тәртіппен орындалады.
Бұл ретте банктің бұрын қабылданған уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың тыйым салу туралы шешімдерін және клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру құқығына ие уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдерін орындауы талап қоюды қамтамасыз ету немесе атқару құжаттарын орындау мақсатында тыйым салынатын ақша сомасы шегінде тоқтатыла тұрады.
Талап қоюды қамтамасыз ету немесе атқару құжаттарын орындау мақсатында клиенттің банк шоттарындағы ақшасына біреуден көп тыйым салу кезінде олар банктің оларды қабылдау кезектілігі тәртібімен орындалуға жатады.
Уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың тыйым салу туралы өзге де шешімдері және клиенттің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру құқығына ие уәкілетті мемлекеттік органдардың өкімдері талап қоюды қамтамасыз ету немесе атқару құжаттарын орындау мақсатында салынған тыйым алып тасталғаннан кейін немесе оның күші жойылғаннан кейін банктің оларды қабылдау кезектілігі тәртібімен орындалады.
Ескерту. 740-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

РҚАО-ның ескертпесі!
741-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 30.06.2014 № 214-V Заңымен (01.09.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

741-бап. Клиенттің келісімінсіз ақшаны алып қою

Заңды тұлғалар мен азаматтардың банктердегi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдардағы ақшаларын олардың келiсiмiнсiз алып қою тек қана заңды күшiне енген сот актiсi негiзiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық кодексінде, кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында және Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда жүргiзiлуi мүмкiн.
Ескерту. 741-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.06.22 N 147 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

742-бап. Клиенттiң ақшасын алу кезектiлiгi

1. Клиенттiң банктегi ақшасы клиентке қойылған барлық талапты қанағаттандыру үшiн жеткiлiктi болған жағдайда, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, ақшаны алу клиенттiң немесе өзге тұлғалардың өкiмдерi түсу ретiне қарай (күнтiзбелiк кезектiлiк) жүзеге асырылады.
2. Клиенттiң банктегi ақшасы клиентке қойылған кезектi талапты қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда банк сомасы аталған талапты қанағаттандыруға жеткiлiктi, клиенттің пайдасына түсетiн ақшаны жинақтайды. Клиентке бiрнеше талап қойылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, банк клиенттiң ақшасын мынадай кезектiлiк бойынша алуды жүргiзедi:
1) бiрiншi кезекте адам өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттердi өтеу жөнiндегi талаптарды қанағаттандыруды көздейтiн атқарушы құжаттар бойынша ақша алу жүзеге асырылады;
2) екiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, клиенттiң мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және әлеуметтiк аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына аудару жөніндегі мiндеттемелерi бойынша есеп айырысу үшiн ақша алып қоюды көздейтiн атқару құжаттары бойынша ақша алып қою жүргiзiледi;
3) үшiншi кезекте клиенттiң бюджет алдындағы мiндеттемелерi бойынша ақша алу жүргiзiледі;
4) төртiншi кезекте басқа да ақшалай талаптарын қанағаттандыру көзделген атқарушы құжаттар бойынша ақша алу жүргiзiледi;
5) бесiншi кезекте клиентке қойылған басқа да талаптарды қанағаттандыру үшін күнтiзбелiк кезектiлiк тәртiбiмен ақша алу жүргiзiледi.
Бiр кезекке жататын талаптар бойынша банктен ақша алу тиiстi құжаттардың түскен уақыты бойынша кезектiлiкпен жүргiзiледi.
3. Клиент болып табылатын заңды тұлға тараған кезде кредит берушiлердiң талабын қанағаттандыру осы Кодекстiң 51-бабында
көзделген кезектiлiкпен жүргiзiледi.
Ескерту. 742-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2000.03.29. N 42, 2003.03.13. N 394, 2003.07.09. N 482, 2004.04.08. N 542 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2007.05.15. N 253, 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

743-бап. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге
асыратын ұйымдардың банктiк қызмет көрсетуi

Банктiк қызмет көрсетудiң жекелеген түрлерiн банктiк қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар көрсетуге құқылы.
Мұндай ұйымдардың банктік қызметтің жекелеген түрлерін көрсетуi осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiмен белгіленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту. 743-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

744-бап. Банктiк қызмет көрсетуге ақы төлеу

Клиент банктiк қызмет көрсету шарты бойынша өзiне банк көрсеткен қызметтерге шартта көзделген ережелер мен тәртiп бойынша ақы төлейдi.

745-бап. Банк құпиясы

Банк құпиясын жария етпеуге банк кепiлдiк бередi.
Банк құпиясын құрайтын мәлiметтер тiзбесi және оны беру негiздерi банк қызметiн реттейтiн заң актiлерiмен белгiленедi.

746-бап. Клиенттерге банктiк қызмет көрсету шарттарын
бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар клиенттерге банктiк қызмет көрсетуге байланысты бұзушылықтар жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының банк қызметiн реттейтiн заң актiлерiнде және банктiк қызмет көрсету шарттарында белгiленген шекте жауап бередi.
Ескерту. 746-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2000.03.29. N 42 Заңымен.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 121 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Банк заемы шарты| Бап. Банктiк шот шарты

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)