Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Халықтың денсаулығы

ГЛОССАРИЙ | Леуметтік сфера түсінігі | Леуметтік сфераның құрылымы | Леуметтік сфераның қызметі | Леуметтік сферадағы экономикалық қатынастар | Леуметтік саясат модельдері | Леуметтік модельдердің принциптері | Леуметтік сфера қызмет етуін ұйымдастыру типтері | Р Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметі | Азақстандағы халықтың тұрмыс денгейі. |


Читайте также:
  1. Азақстандағы халықтың тұрмыс денгейі.
  2. Лт денсаулығы - біздің табысты болашағымыздың негізі
  3. Халықтың табыстары мен оның құрылу көздері

Адамдардың денсаулық жағдайы қоғам өміріне белсенді қатысу мүмкіндігі мен материалдық игіліктерді қамтамасыз етуге тікелей ықпал етеді. Денсаулықтың қанағаттанарлықсыз жай-күйі республикадағы кедейшіліктің ең баста себептерінің бірі ретінде аталынды.

Өмірдің ұзақтығы елдің дамуы және өздерінің жеке әл-ауқаттарын арттыру үшін адамдардың өз бойындағы күш-қуат, еңбек және шығармашылық мүмкіндіктерін пайдалануларына жағдай жасайды. Туылған кездегі болжамды өмір ұзақтығы адам тұрмысы сапасының интегралды көрсеткіші болып табылады. Қазақстандағы халықтың өмір ұзақтығы бірқатар жылдар бойы тұрақты кеми түсуде. 1965 жылы 71,4 жас болса, 1991 жылы 67,6 жасқа дейін кеміді. Тек 2001-2002 жылдары ғана адамдардың болжамды өмір ұзақтығының ішінара ұлғаюы тіркелді, ол сәйкестігіне қарай 65,6 және 65,8 жасты құрады. 6-кестеде көрсетілгеніндей, ерлердің өмір ұзақтығы едәуір қысқарды, ол ер адамдардың аурушаңдық деңгейінің жоғарылығы және жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлімдер, сондай-ақ шиеленісті жағдайларға деген жоғары бейімділік факторларымен түсіндірілуі мүмкін.Нәрестелердің шетінеуі мен аналар өлімінің көрсеткіштері адамдардың денсаулықтары және оны сақтаумен тікелей байланысты. Ал денсаулық пен оны сақтау адамның тұрмыс деңгейімен астасып жататыны белгілі “Мыңжылдық табалдырығында Қазақстандағы даму саласындағы БҰҰ Мақсаттары” Есебі бойынша 6-міндет 1990-2015 жылдар арасында аналар өлімінің коэффициентін үш ширекке азайтуды жобалайды. Орын алған көрсеткіштер мен үрдістерді ескергенде, Қазақстанда осы міндеттің орындалуы екіталай.

Әлеуметтік-экономикалық проблемалардың, халықтың санитарлық-гигиеналық тазалықты сақтамауы және денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасының осалдығынан, профилактикалық медициналық тексерулердің жеткіліксіздігі себебінен Қазақстанда туберкулез ауруының таралу деңгейі жоғары. Аурушаңдық деңгейі және туберкулездің себебінен болған өлімнің көрсеткіші бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғашқы орындар қатарында. Қазақстанда соңғы онжылдық ішінде АИВ-инфекциясын тіркеу оқиғаларының өсуі байқалады–бұл тізім 1991 жылғы екі адамнан 2002 жылы 3257 адамға дейін жетті. АИВ жұқтырған адамдар көбіне еңбекке жарамды жастағылар және олар негізінен жұмыссыздар болып табылады. Соның нәтижесінде осы адамдар қалыпты өмірден “шығып қалады”, оның үстіне қоғам арқылы әлеуметтік шеттетіледі. Емдеуге қыруар қаражат жұмсау олардың отбасыларын материалдық шектеулер мен кедейшілікке ұшыратады. “Мыңжылдық табалдырығында Қазақстандағы даму саласындағы БҰҰ Мақсаттары” есебіне сәйкес, АИВ жұқтырғандар мынадай топтарға бөлінеді: жастар, абақты-түрмелерде қамауда отырғандар, коммерциялық секстің қызметші еркектері/әйелдері және еркек пен еркек арасында жыныстық қатынас әрекетін жасайтын еркектер. Өтпелі кезеңнің бастапқы сатысында елдегі экономикалық қолайсыз жағдайға, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы мен халық көші-қонының теріс сальдосына байланысты денсаулық сақтау ұйымдарының саны қысқарды. Бұл әрекет халыққа көрсетілетін медициналық (дәрігерлік) көмектің сапасына әсер етіп, сондай-ақ оның мүмкіндік проблемасын да шиеленістіріп жіберді. Халықтың денсаулық жағдайларының нашарлауы бірқатар фактілерден туындайды: ол денсаулық сақтау жүйесін мемлекеттік қаржыландырудың қысқартылуы, білікті медициналық кадрлар санының кемуі, денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасының нашарлауы, адамдардың тұрмыс деңгейінің жүдеулігі мен экологиялық қолайсыз ахуал, профилактикалық іс-шаралардың осалдығы, салауатты өмір салтын ұстанудағы мәдениеттің жеткіліксіздігі.

Табыстар бойынша кедейшілік. Қазақстанда кедейшілік деңгейі күнкөріс минимумы деңгейінен төмен табыстағы халықтың үлесімен анықталады. Күнкөріс минимумы–тіршілікті демеу үшін қажетті болып табылатын және ең аз тұтыну себетіне енгізілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын өлшейтін табыстардың (шығыстардың) объективті белгіленген деңгейі. Ең аз тұтыну себетінің құны мен азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызмет көрсетулерге жұмсалатын ең аз шығындар кіреді. Азық-түлік себетінің құрамы адам организміне қажет калория санының түсін қамтамасыз ететін белгіленген тағам мөлшеріне сүйене отырып, анықталады. Қазіргі кезде азық-түлік себеті күніне 2172 ккал деңгейіндегі калорияны жан басылық тұтынуды қамтамасыз ететін тағамдардың атауын қамтиды, ол ДДҰ талаптарына сәйкес келеді және ең аз тұтыну себеті (күнкөріс минимумының) құнының 70 % құрайды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызмет көрсетулердің үлесі ең аз тұтыну себеті (күнкөріс минимумы) құнының 30 % мөлшерінде белгіленген.

Табыстар бойынша Қазақстандағы кедейшіліктің ең жоғары деңгейі, республикадағы бүкіл халықтың 39% күнкөріс минимумынан төмен табыстар еншілеген 1998 жылы тіркелді (ресми айырбас бағамы бойынша 42,6 АҚШ доллары немесе 3336 теңге). 1998 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңдегі уақыт аралығында кедейшілік деңгейі едәуір төмендеді (9- кесте). Күнкөріс минимумынан төмен табыстағы халықтың үлесі 2002 жылға қарай 1,6 есе қысқарды және ол 24%-ды немесе 3,6 млн. адамды құрады.Ал 2003 жылы 19,8 %-ға қысқарды. 2002 жылы күнкөріс минимумы 4761 теңге немесе ресми айырбас бағамы бойынша 31,1 АҚШ доллары болды.Ал 2003жылы күнкөріс минимумы 5125 теңге болды. Кедейшіліктің сондай-ақ тереңдік және өткірлік көрсеткіштерінің төмендеу үрдісі де байқалды, олар кедей тұрмысты халық табыстарының тапшылығы мен солардың арасындағы теңсіздікті сипаттайды.

Сонымен, қазіргі кезде негізінен азық-түлік тауарларына құрастырылған тұтыну себеті, үй шаруашылықтарының азық-түлік және азық-түлік емес шығыстарындағы бюджеттердің ара салмағын есептемейді. Алайда, халықтың тұрмыс деңгейінің өсу шамасына қарай үй шаруашылықтарының тұтынуына жұмсалатын жалпы шығыстардағы азық-түлік шығыстары азаяды, себебі адам организмі тағамның шектеулі мөлшерін тұтынса, азық-түлік емес шығыстардың үлесі ұлғая түседі.

Қазіргі уақытта ең аз тұтыну себетіндегі азық-түліктен бөтен тауарлардың үлесі біршама кемітілген, сондықтан күнкөріс минимумы, әсіресе халықтың кедей тұрмысты жіктерінің шығыстарын, үй шаруашылықтары шығыстарын есепке алу арқылы нақтылауды талап етеді. Одан әрі, үй шаруашылықтары шығыстарының дәстүрлі танылған үш тобы: тамаққа, киімге және тұрғын үйге жұмсайтын шығыстары болып табылады. Республика тұрғындарының тұтыну шығындарының тең жартысынан астамы азық-түлік тауарларына кетеді, яғни ол көрсеткіш 2001жылы 54,4% құраса,2003 жылы 50,2%төмендеген. Ал азық-түліктен өзге тауарлар 2001 жылы 24,4% құраса, 2003 жылы ол көрсеткіш керісінше 27,% өсті.

Кедейшілік шегі–Қазақстандағы әлеуметтік көмек тағайындаудың критерийі:

Қазақстан Республикасының “Мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмегі туралы” Заңына сәйкес, мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмегі-облыстарда, Астана және Алматы қалаларында белгіленген “кедейшілік шегінен” төмен айлық табыстағы адамдарға (отбасыларға) мемлекеттік ақшалай нысанда жасайтын төлемі. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмегін алуға Қазақстан азаматтары, оралмандар, босқын қүжаты бар адамдар, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ, бірақ тұруға рұқсаты бар және республикада тұрақты тұратын орта есеппен жан басына шаққандағы табыстары “кедейшілік шегінен” аспайтын азаматтар құрайды. Қазақстанда кедейшілік шегі Қазақстан Республикасының “Күнкөріс минимумы туралы” Заңға сәйкес белгіленеді. Осы заңдағы 4-бап бойынша:

1. Кедейшілік шегі–адамның ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет, экономикалық мүмкіндіктерге қарай республикада белгіленетін табыс межесі.

2. Кедейшілік шегі республика бойынша тоқсан сайын, сондай-ақ аймақтар деңгейінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте айқындалады.

3. Кедейшілік шегі табысы аз адамдарға (аз қамтамасыздандырылған адамдарға) әлеуметтік көмек көрсету үшін критерий болады.

 


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 208 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Білім және кедейшілік| Халықтың табыстары мен оның құрылу көздері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)