Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кәсіпорынды басқарудың функционалдық құрылымы

Онақ үй кәсіпорынының сараптау қызметі қандай міндеттерді атқарады? | Кәсіпорын құрылымына әсер ететін негізгі факторлар | Басқарудың негізгі қызметтері | Онақ үй іс-әрекетіндегі қолданылатын барлық көрсеткіштер | Еңбек ресурстарын басқару келесі кезеңдерден тұрады. |


Читайте также:
  1. Автоматты дискрет жүйелердің құрылымы
  2. Басқарудың негізгі қызметтері
  3. Жобаның файлдық құрылымы
  4. Кәсіпорын құрылымына әсер ететін негізгі факторлар
  5. Леуметтік сфераның құрылымы
  6. Онақ үйді басқарудың сызықтық-функционалды (штабтық) құрылымы.

Функционалды басқару құрылымында мамандар жеке топ болып бөлінбеген. Олар функционалды бөлімшелердің басшылары болады. Орындаушылар олардың тікелей қарамағында болады. Функционалды басқару орталықтандыру және дара басшылық қағидаларына негізделген. Әр осындай тізбек сызықтық басқару құрылымына кіреді.

Функционалдық құрылымның артықшылықтары:

- Нақты функцияға жауап беретін маманның жоғары дәрежедегі білгірлігі;

- сызықтық менеджердің кейбір арнайы сұрақтарды шешуден босату;

- құбылыстар мен процестерді стандарттау, формалау және бағдарламалау;

- басқару функцияларын орындау да қайталау мен қатарласты жою;

- кең профильді мамандардың қажеттілігінің азаюы.

Функционалдық құрылымның кешіліктері:

- Өз бөлімінің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға аса құштарлық;

- әр түрлі функционалдық қызметтер арасындағы тұрақты өзара байланыстарды қолдаудың қиындығы;

- шамадан тыс орталықтандыру;

- шешімдер қабылдау процедураларының ұзақтығы;

- өзгерістерді қиын сезінетін ұйымдастыру формасы.

 

 

Функционалды ұйымдық құрылым көп жағдайда дәстүрлі немесе классикалық деп те атайды. Осы құрылымдағы бөлімшелер қызметінің нақты сипаттамалары ұйым қызметінің басты бағыттарын қамтиды. Ұйым қызметінің дәстүрлі функционалды зоналарына (аймақтарына) маркетинг, өндіріс және қаржы бөлімшелері жатады. Бұл ұйымдық құрылымның негізгі идеясы мамандандыру артықшылықтарын толықтай пайдалану және басшылықтың шамадан артық болмауын қадағалайды.

Басқару байланыстар сызықтық және функционалдық болып бөлінеді.

Сызықтық (вертикаль тік) өзара байланыстар жалпы басқару мәселелеріне сүйенген.

Функционалдық (көлденең бағыттағы) өзара байланыстар басқарушылардың кәсіби қызметіне сәйкес басқару мәселелеріне сүйенеді. Осыған байланысты басқарудың ұйымдастырушылық құрлымы сызықтық, функционалдық және аралас белгі бойынша құрылуы мүмкін. Сонымен қатар қазіргі кезеңде материалдық және делизионалдық құрылымдар қолданылады.

2. Сызықтық басқару құрылымы бойынша басқарушы басқаруға байланысты барлық функционалдарды өзі орындайды. Бұл құрылым абсолютті түрде орталықтандырылған және дара басшылық қағидасымен шешімдер үшін жауапкершілікке негізделген.

Сызықтық басқару құрылымы кішігірім ұйымдарда қолданылады, сатылар саны төртеуден аспайды.

Сызықтық ұйымдастырушылық құрылымның артықшылығы:

- басқарушылықтың бірлігі мен анықтығы.

- орындаушылардың қыймыл бірлігі.

- басқарудың қарапайымдылығы.

- айқын жауапкершілік.

- шешімдер қабылдауда шапшандық.

- өз бөлімінің жұмысының соңғы нәтижесіне дара жауапкершілік.

Сызықтық ұйымдастырушылық құрылымның кемшіліктері:

- басшыға қойылатын жоғары талаптар, ол жан-жақты дайындалған болуы керек және басқарудың барлық функцилары бойынша тиімді басшылықты қамтамасыз етуі тиіс;

- жоспарлау және шешімдер дайындау буындарының жоқтығы;

- ақпараттың шамадан тыс көптігі;

- әртүрлі деңгейлер арасындағы байланыс қиындықтары;

- басшы топтарда биліктің топтасуы.

3. Функционалды басқару құрылымында мамандар жеке топ болып бөлінбеген. Олар функционалды бөлімшелердің басшылары болады. Орындаушылар олардың тікелей қарамағында болады. Функционалды басқару орталықтандыру және дара басшылық қағидаларына негізделген. Әр осындай тізбек сызықтық басқару құрылымына кіреді.

Функционалдық құрылымның артықшылықтары:

- Нақты функцияға жауап беретін маманның жоғары дәрежедегі білгірлігі;

- сызықтық менеджердің кейбір арнайы сұрақтарды шешуден босату;

- құбылыстар мен процестерді стандарттау, формалау және бағдарламалау;

- басқару функцияларын орындау да қайталау мен қатарласты жою;

- кең профильді мамандардың қажеттілігінің азаюы.

Функционалдық құрылымның кешіліктері:

- Өз бөлімінің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға аса құштарлық;

- әр түрлі функционалдық қызметтер арасындағы тұрақты өзара байланыстарды қолдаудың қиындығы;

- шамадан тыс орталықтандыру;

- шешімдер қабылдау процедураларының ұзақтығы;

- өзгерістерді қиын сезінетін ұйымдастыру формасы.

4. Мұндай басқару құрылымда толық билікті сызықтық басшы өз мойынына алады. Оған нақты мәселелерді шешуге, жоспарлауда басқару шешімдерін дайындауда арнайы аппарат көмектеседі. Ол бас сызықтық басшыны қарамағындағы функционалды бөлімшелерден түрады. Функционалды бөлімшелер өз шешімдерін жүзеге асыруда бас басшы арқылы немесе тікелей орындаушылар қызметтерінің басшылары арқылы орындайды.

Сызықтық - функционалдық құрылымның артықшылықтары:

- Қызметкерлердің мамандандырылуына байланысты шешімдер мен жоспарларды тереңірек дайындау;

- бас сызықтық менеджерді проблемаларды терең талдаудан босату;

- кеңес берушілер мен сарапшыларды шақыру мүмкіншілігі;

Сызықтық - функционалдық құрылымның кемшіліктері:

- Өндіріс бөлімдері арасындағы көлденең деңгейде өзара тығыз байланыс пен әрекеттестіктің жоқтығы;

- айқын жауапкершіліктің жеткіліксіздігі, себебі шешім қабылдаушы көбінесе оны жүзеге асыруға қатыспайды;

- тік бағытта артық дамыған әрекеттестік жүйенің орын алуы.

5. Ол кәсіпорында бір мезгілде бірнеше жобалар жасалынған кезінде қолданылады басқарудың матрицалық құрылымы екі түрлі басқару құрылымын біріктіру арқылы құрылады:

1. Сызықтық - функционалдық құрылым шеңберінде (тік бағыт бойынша) басқару ұйымының жеке қызметтері бойынша құрылады (өндіріс, өткізу, жабдықтау және т. б.).

2. Бағдарламалық мақсаттық құрылым шеңберінде (көлденең бағыт бойынша) бағдарламаларды басқару ұйымдастырылады.

Жобаның мерзімдері мен сапасы үшін жоба басшысыжауап береді, ал арнайы мәселерді шешу үшін функционалды бөлімшелер басшылары жауап береді. Матрицалық құрылым мамандарды ең тиімді пайдалануға, жобаларды жасау мерзімдерін қысқартуға, олардың сапасын жақсартуға және оларды жасауға жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Матрициалдық құрылымның артықшылықтары:

- Ұйымның ішкі және сыртқы жағдайларының өзгеруін жылдам сезіну және оған жылдам бейімделу мүмкіндігі;

- әкімшілік қызметкерлерінің шығармашылық белсенділігін функционалдық құрылымдармен әрекеттестіктегі бағдарламалық бөлімдерді құрастыру есебінен көтеру;

- еңбек ісінің әртүрлі түрлерін мамандандыру есебінен кадрларды тиімді пайдалану;

- басқаруды орталықтандырмау және басшылықтың демократиялық қағидаларын күшейту есебінен жұмыс мотивациясын арттыру;

- жобаның жеке мәселелерін шешуде бақылауды күшейту;

- өкілеттіліктің белгілі бір бөлігінделигерлеу арқылы жоғары деңгейдегі басшылардың салмағын азайту;

- бағдарламаны және оны құраушы элементтерін орындауда жеке жауапкершілікті көтеру;

Матрицалық құрылымның кемшілігі:

- Қатар бағыну құрылымының күрделілігі, оның нәтижесінде мәселелер басымдылығын белгілеумен оларды орындауға уақыт бөлу бойынша проблемалар туады;

- бағдарлама жетекшілерінің арасында келіспеушіліктің болуы;

- мақсаттар бойынша басқару мәселелердің арасындағы күштердің ара қатнасын тұрақты бақылау қажеттігі;

- жаңа бағдарлама бойынша жұмысқа қажетті дағдыларға ие болу қиындығы.

6. Дивизиондық құрылымның негізін салушылар Пьер С. Дюпон мен Альфред П. Слоун болды.

Девизионалдық құрылым бойынша ұйымды элементтер менблоктарға бөлу тауарлар мен қызметтер түрлері, тұтынушылар тобы және географиялық аймақтарға байланысты болды. Бұл құрылым фирманың көлемі, диферсификациясы, техналогиямен сыртқы орта өзгерісі сияқты мәселелердің шешімі тетінде пайда болды.

Өнімдік құрылым. Фирманы дамытудың кең тараған әдісінің бірі өндірілетін өнімнің ассортиментін кеңейту болып табылады.

Бұл құрылым бойынша қандайда бір өнімді немесе қызметті өндіру және өткізуді басқару өкілеттілігі бір басшыға жүктеледі және ол осы өнім түрі бойынша жауапты болады. Егінші функционалдық қызмет басшыларға осы өнім бойынша басқарушыға есеп беру керек.

Өнімге бағытталған құрылым ірі фирмаға нақты өнім түріне азғана өнім өндіретін кішігірім фирмамен шамалас көңіл бөлуді қамтамассыз етеді. Гарвард университетінің жүргізген зерттеулері бойынша өнімге бағытталған құрылымға ие фирма басқа ұйымдастырушылық құрылымына қарағанда жаңа өнімді өндіруге және өткізуге табысты жұмыс істейді.

Дивизионалдық құрылымының артықшылықтары:

- Бұл құрылымда табысты алуға кім жауапты екендігі нақты және дәл анықталған;

- функционалдық құрылымға ие фирмаларға қарағанда бәсеке жағдайы, технология және тұтынушы сұранысының өзгерісіне бейім болып келеді;

- нақты өнім түрі бойынша басқарудың бір адамның қолында болуы жұмысты үйлестіруді жақсартуға алып келеді.

Дивизионалдық құрылымының кемшілігі:

- Өнімнің алуан түрлері бойынша бірдей жұмыстардың қосарлануы салдарынан шығынның көбеюі.

Тұтынушыға бағытталған құрылым.

Мұндай құрылымның мақсаты барлық тұтынушы топтардан бір ғана топқа қызмет көрсететін ұйыммен теңдес қанағаттандыру болып табылады. Мысалы,үлкен баспалар үлкендергк арналған, жасөспірімдерге арналған, орта және жоғарғы мектептерге арналған оқулықтар мен айналысатын жекелеген бөлімшелерден тұрады және әрбір бөлімше өз алдына жеке бір компания секілді қызмет атқарады. Олардың әрқайсысының редактор бөлімі маркетинг және қаржы бөлімі, өткізу бөлімі болады.

Аймақтық ұйымдық құрылым.

Егер ұйымның қызметі үлкен географиялық зонаны, әсіресе халықаралық масштабта қамтитын болса, онда аймақтық құрылымды қолдануға болады. Аймақтық құрылым жергілікті заңнамамен, салт - дәстүрмен және тұтынушы қажеттіліктермен байланысты мәселелерді шешеді, жеңілдетеді. Бұл құрылымға мысал ретінде ірі фирмалардың өткізу ұйымдастырушылығын айтуға болады.


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 1894 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Лемдегі қонақ үйлердің типологиясы| Онақ үйді басқарудың сызықтық-функционалды (штабтық) құрылымы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)