Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Есеп-эксперименттiк әдiсi

Тау жыныстарының қасиеттерін оқып білу | КЕРАМИКА МАТЕРИАЛДАРЫ | Сыртқы байқаумен кірпіш сапасын анықтау | Кірпіштің су сіңіруін анықтау | Кірпіштің маркасын анықтау | Рылыс гипсі | Рылыс ауа ізбесі | Iзбес сЌндiру уа‹ытын сынау н‰тижелерi | Портландцемент | Зiн-Ќзi ‰зiрлеуге арналЉан сЋра‹тар |


 

Ауыр бетонның құрамын анықтау үшiн келесi мәлiметтер болу керек: бетонның берiлген маркасы Rб, конус отыруымен (ОК, см) анықталатын бетон қоспасының қажеттi төсеуге қолайлығы, немесе техникалық вискозиметрмен (сек) анықталатын қаттылығы және тағы негiзгi материалдардың сипаттамасы: цементтiң түрi мен белсендiлiгi Rц ; селсоқтық материалдардың үйiлген тығыздығы ρ уц , ρуқт , ρуқ және олардың нағыз тығыздығы ρц, ρқт(мт), ρқ құмның қиыршықтастың (малтатастың) түйiрлер арасындағы қуыс, Vқ. қт(мт)., қиыршықтас (малтатас) түйiрлерiнiң ең үлкен iрiлiгi; қиыршықтастың (малтатастың) ең үлкен iрiлiгi ҚТ(МТ)yi және толтырғыштардың дымқылдығы Wқ, Wқт(мт). Берiктiгi бойынша бетон маркасы жобаланған құралымның жүк көтеретін қабілетіне сүйене беріледі.

Бетон қоспасының төсеуге қолайлығы (жылжымалық не қаттылық) оның өлшемін, пішінін, құралымның арматуралау дәрежесін, бетон қоспасын төсеу және тығыздау тәсілін есепке алып жасалады.

Бетон құрамының есебі тығыздалған қоспаның 1 м3 жүргізіледі.

Бетон қоспасы үшін бетондар құрамы келесі жүйелілікпен есептелінеді: су-цемент қатынасы, су шығыны, цемент шығыны есептелінеді, сонан соң бетон қоспасының 1 м3 ірі және ұсақ толтырғыштардың шығындары анықталады.

Су цемент қатынасын (С/Ц) бетонның қажетті маркасына, цемент белсенділігіне сүйене отырып және бетон құрайтындардың түрі мен сапасын есепке алып келесі формулалар бойынша есептейді:

- су цемент қатынасы С/Ц≥0,4 бетондар үшін

 

Rб = А Rц (Ц/С + 0,5);

 

- су цемент қатынасы С/Ц≤0,4 бетондар үшін

 

Rб = A Rц (Ц/С - 0,5);

 

мұндағы Rб – бетон маркасы, МПа (кгк/см2);

Rц – цемент белсенділігі, МПа (кгк/см2);

 

А және А1 – материалдар сапасын есепке алатын коэффициенттер (6.1-кесте).

6.1-кесте.

А және А1 коэффициенттерінің мағыналары

 

Цемент толтырғыштарының сапасы А А1
Жоғары сапалы   0,65   0,43
Қатардағы   0,60   0,40
Төмен сапалы   0,55   0,37

 

Жоғарыда келтірілген формулалар С/Ц туралы түрлендіргеннен кейін мынадай түрге келеді

С/Ц =АRц/Rб+0,5 АRц

Немесе

С/Ц = АRц/Rб-0,5 АRц

 

Құралымның түріне, пішініне және өлшеміне, бетон қоспасын төсеу тәсіліне, арматуралау дәрежесіне (6.2-кесте) байланысты оның төсеуге қолайлығы (конус отыруы бойынша жылжыьалығы немесе техникалық вискозиметрдегі қаттылығы) белгіленеді.

Жоғары сапалы материалдарға жоғары беріктікті тығыз тау жыныстарынан жасалған қиыршық тас, үйлесімді ірі құм және қосымшасыз жоғары белсенділікті немесе оның құрамында гидравликалық қосымшаның ең аз саны бар портландцемент жатады. Толтырғыштар таза және бөлінген болу керек.

Кесте

 

  Құралымдар Бетон қоспасын төсеу тәсілі  
дірілдетумен дірілдетусіз  
Конус отыруы, см қаттылық, сек  
Конус отыруы, см  
Қалыптап тез ажыратылатын қатты қоспалардағы құрама темірбетон құралымдары     90-35   -  
Іргетастар, едендер, жол жабуларының астына және т.с. астына төселетін қабаттар   1-2   35-25   2-3  
Шомбал арматураланбаған не анда-санда орналасқан арматурасы бар   2-4   20-15   3-6  
Қаңқалы темірбетон (тақталар, арқалықтар, баллондар)   4-8   15-10    
Жиі орналасқан арматурасы бар темірбетон (бункерлер, сүрлемдер және т.с.) 8-10 10-5 12-15  

 

Қатардағы материалдарға сапасы орташа толтырғыштар жатады, оның ішінде малтатас, орташа белсенділікті портландцемент немесе жоғары маркалы портландцемент.

Төмен сапалы материалдарға төмен беріктікті ірі толтырғыштар және ұсақ құмдар, төмен белсенділікті цементтер жатады.

Су шығынын (су қажеттілігін) шамамен толтырғыш түйірлерінің түрін және ірілігін есепке алып жасалған 6.3-кесте бойынша бетон қоспасының берілген төсеуге қолайлылығына сүйене отырып анықтайды.

Кесте


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 144 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Иыршықтас пен малтатас| Бетон қоспасының 1 м3 судың ұйғарында шығыны

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)