Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тәубе намазы

КІРІСПЕ | НЕГІЗГІ БӨЛІМ | Тәубенің маңыздылығы және міндеттілігі | ОРЫТЫНДЫ |


Читайте также:
  1. Тәубенiң қасиетi
  2. Тәубенің маңыздылығы және міндеттілігі

Әбу Бәкір ﴾р.а.﴿ былай деген: «Мен Алла Елшісінің(ﷺ) былай айтқанын естідім: «Егер Алланың бір құлы күнә жасаса, осыдан кейін дұрыс түрде дәрет алса, сосын екі рәкат намаз оқып, Алладан кешірім сұраса, Алла оны міндетті түрде кешіреді». Кейін келесі аятты оқып берді: «Ал олар қашан арсыздық істесе, не өздеріне зұлымдық жасаса, Алланы естеріне алып, күнәлары үшін кешірім сұрайды. Күнәларды Алладан басқа кім кешіреді? Сондай-ақ, олар істеген істеріне біле тұра(ол үшін кешірім сұрауға) қасарыспайды. Міне солардың сыйлықтары Раббылары тарапынан кешірім және астарынан өзендер ағатын жұмақтар. Олар онда мәңгі қалады. Амал істеушілердің сыйлықтары нендей керемет!».

Ең жақсы кешірім сұрау дұғасы

Шаддад ибн Аус ﴾р.а.﴿ Алла Елшісінің (ﷺ) былай деп айтқанын жеткізді:

«Алладан кешірім сұрап жасаған дұғалардың мырзасы (патшасы) мына сөз: "Иә, Алла, Сен – менің Раббымсың, Сенен басқа құлшылыққа лайықты еш нәрсе жоқ; Сен мені жараттың, ал мен – Сенің құлыңмын, мен Саған берген уәдеме шамам жеткенше бекем боламын. Өзім жасаған зұлымдықтан пана іздеп Өзіңе сыйынамын, Сенің маған жасаған мейіріміңді мойындаймын, сондай-ақ жасаған күнәләрімді мойындаймын, кешір мені, өйткені, расында, Сенен басқа ешкім күнәләрді кешірмейді!" Осы сөздерге адам толығымен сеніп күндіз айтса, сосын сол күннің кешіне дейін қайтыс болса, онда Жұмақ тұрғындарының қатарында болады әрі осы сөздерге толығымен сеніп кешке айтса, кейін сол түннің таңына дейін қайтыс болса, онда Жәннат тұрғындарының қатарында болады».


Дата добавления: 2015-09-02; просмотров: 688 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Осы күнәні қайта жасамауға нақты шешім қабылдау.| Тәубенiң қасиетi

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)