Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырыптың мазмұны.

Орытынды | Тақырыптың қысқаша мазмұны. | Жетілмеген бәсеке нарықтары. таза монополия нарығы және монополиялық билік | Тақырыптың қысқаша мазмұны. | Орытынды | Тақырыптың қысқаша мазмұны. | Орытынды | Тақырыптың қысқаша мазмұны. | Тақырыптың қысқаша мазмұны. | Тақырыптың қысқаша мазмұны. |


Читайте также:
  1. Тақырыптың қысқаша мазмұны.
  2. Тақырыптың қысқаша мазмұны.
  3. Тақырыптың қысқаша мазмұны.
  4. Тақырыптың қысқаша мазмұны.
  5. Тақырыптың қысқаша мазмұны.
  6. Тақырыптың қысқаша мазмұны.
  7. Тақырыптың қысқаша мазмұны.

Жеке салалық нарықта қалыптасқан тепе-теңдікті жеке тепе-теңдік деп атайды. Ал барлық нарықтарда бір уақытта тепе-теңдіктің орын алуын жалпы тепе-теңдік деп атайды.

Жалпы нарықтық тепе-теңдік – бұл барлық тауарлық топтар бойынша нарықтардың бір уақытта тепе-теңдікке жетуін және экономикадағы барлық субъектілердің шектеулі ресурстар жағдайында өз мақсаттарын арттыруды сипаттайтын экономикалық жүйенің жағдайы.

Жалпы тепе-теңдік теориясы бәсеке жағдайында экономикалық ресурстардың тиімді бөлінуіне және экономикалық субъектілердің өз мақсаттарын жүзеге асыруларына негіз болып табылады.

Жалпы тепе-теңдікті талдау кезінде бәсеке жағдайында барлық нарықтар (игіліктер нарығы мен ресурстар нарығы) өзара тығыз байланысады және өзара әрекеттеседі. Бұл нарықтар бір – бірімен кері байланыста жұмыс істейді.

Ресурстарды тиімді қолдану - сол ресурстарды тиімді пайдалану жолында ең жақсы нәтижеге жету, сонымен қатар, ешқандай мүмкіндікті жіберіп алмау және ешқандай пайданы жоғалтпау.

Парето бойынша тиімділік орын алу үшін нарықтың бір субъектісі өз жағдайын екінші бір субъектінің жағдайын төмендетпей жақсарта алмағанда ресурстар мүмкіндігінше тиімді бөлінуі тиіс.

Әл-ауқаттылық экономикасы экономикалық оптимум моделін жасаумен және экономикалық жүйенің тиімділігі мен ресурстарды тиімді бөлудің әділеттілігі арасындағы арақатынастың мәселелерін шешумен айналысады.

Қоғамның әл-ауқаттылығын максималдауда «Эджуорт қорабы» моделі қолданылады. Ол тұтынудағы айырбас тиімділігін және өндірістегі ресурстарды бөлудің тиімділігін анықтау үшін қолданылады.

Қоғамның әл-ауқаттылығын максималдайтын тиімді бөлініс қоғамдық талғамсыздық қисығы мен қол жетімді пайдалылық қисығының жанасу нүктесінде орын алады.

Қоғамның әл-ауқаттылығының тиімділігін максималдау кезінде нарықтық механизм ресурстардың тиімді бөлінуін қамтамасыз ете алады, бірақ тиімді бөлінудің әділеттілігін есепке алмайды. Сондықтан да, әлеуметтік әділеттілік мәселесі қоғамның қабылдайтын шешімдеріне және әділеттілік туралы сипаттамаларға тәуелді болып табылады.

Қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті орнату үшін бірнеше сипаттамалар қолданылады: а) әділеттіліктің эгалитарлық сипаттамасы қоғамның барлық мүшелеріне игіліктердің бірдей теңестіріліп бөлінуіне негізделеді, бұл жағдайда әрбір азаматқа игіліктер теңбе-тең бөлінеді; ә) әділеттіліктің роулсиандық сипаттамасы қоғамның ең аз қамтылған мүшелерінің әл-ауқаттылығын жоғарылату кезіндегі игіліктердің бөлінуін әділетті деп санайды. Бұл бағыт қоғамның кедей топтарының әл-ауқаттылығын көтеруді қарастырады; б) әділеттіліктің утилитарлық сипаттамасы қоғамның әл-ауқаттылығына тән байланыстарды көрсете отырып, қоғамның барлық мүшелерінің жиынтық әл-ауқаттылығын арттыруды қамтамасыз ететін кез-келген бөлуді әділетті деп санайды; в) әділеттіліктің нарықтың сипаттамасы әділеттілікті нарық орнатады және кез-келген тепе-теңдік бөлу әділетті болып табылады дегенге негізделеді.

Экономикадағы жалпы оптималдылық жағдайды көрсету үшін нарықтағы барлық тұтынушылар мен өндірушілердің алмастырудың шекті нормасы мен өндіріс факторларын технологиялық алмастырудың шекті нормалары теңестірілу қажет. Бұл барлық қоғамның әл-ауқаттылығын нақты оптималды деңгейге жеткізетін «бірінші ең жақсы бөлу » деп аталады.

Жетілмеген бәсеке жағдайында да игіліктердің тиімді бөліну шарты мен қоғамның әл-ауқаттылығын жақсарту мәселесі орын алу қажет. Оны квазиоптимум, яғни «екінші ең жақсы бөлу» принципі жүзеге асырады. Квазиоптимум принципі бір нарықтағы бәсекелі тепе-теңдіктен бас тарту арқылы басқа нарықтағы өндіру мен бөлу тиімділігін қалпына келтіруге көмектеседі.


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 106 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріске арналған әдістемелік нұсқаулар.| Тақырыптың мазмұны.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)