Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырыптың қысқаша мазмұны.

Оқу пәнін оқытудың жоспары | Пән бойыншаглоссарийжәне пәннің ұғымдық аппаратымен жұмыс бойынша жалпы әдістемелік нұсқаулар | Оқу пәнінің тақырыптары бойынша дәріс конспектісі және дәріс курсын оқу бойынша әдістемелік нұсқау | Тақырыптың қысқаша мазмұны. | Орытынды | Дәріске арналған әдістемелік нұсқаулар. | Тақырып. Талдамалы дәріс | Тақырыптың қысқаша мазмұны. | Орытынды | Тақырыптың қысқаша мазмұны. |


Читайте также:
  1. Java тілінің негізі және қысқаша тарихы
  2. Тақырыптың қысқаша мазмұны.
  3. Тақырыптың қысқаша мазмұны.
  4. Тақырыптың қысқаша мазмұны.
  5. Тақырыптың қысқаша мазмұны.
  6. Тақырыптың қысқаша мазмұны.
  7. Тақырыптың қысқаша мазмұны.

Өндіріс теориясының маңызды мақсаты болып өндірістің тиімді әдістерін ұйымдастырудың принциптерін қалыптастыру табылады, яғни ресурстардың берілген мөлшерінде өнім шығарудың максималды көлемін қамтамасыз ететін өндіріс факторларының тиімді үйлесімділіктерін және өндірістің ауқымын таңдау болып табылады.

Өндіріс – бұл ресурстарды адамдардың қажеттіліктерін тікелей және жанама қанағаттандыратын игіліктерге айналдыру үрдісі. Өндіріс факторлардың тұрақты үйлесімін көрсететін белгілі бір технология арқылы жүзеге асады. Технологияны жетілдіру өндірістің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жекелеген технология шеңберінде қолданылатын ресурстардың шамасы мен шығарылатын өнім көлемі арасында тұрақты функционалдық байланыс болады, оны өндірістік функция анықтайды, ал ол болса өндіріс факторларының әрбір жеке үйлесімінде шығарылатын өнімнің максималды көлемін сипаттайды.

Өндіріс үрдісін талдау кезінде өндіріс факторларының саны мен құрылымын өзгертудің мүмкіндіктеріне байланысты қысқа мерзімді (бұл мерзімде ең болмағанда бір ғана фактор тұрақты болып қалады) және ұзақ мерзімді (бұл мерзімде өндірістің барлық факторлары өзгермелі болып табылады) кезеңдерді бөліп көрсетуге болады.

Өзгермелі фактордың өнімділігінің өзгеру заңдылықтарын анықтау қысқа мерзімдегі өндірісті талдау арқылы жүзеге асырылады, сол үшін де қолданылатын фактор көлемінің және шығарылатын өнім көлемінің өзгеруі арасындағы байланысты байқауға болады.

Өзгермелі фактордың өнімділігінің өзгеруі өзгермелі фактордың жалпы, орташа және шекті өнімдерімен сипатталады.

Өзгермелі фактордың өнімділігін талдау кезінде ең болмағанда бір өндіріс факторының өзгеріссіз қалуы жағдайында өзгермелі факторды арттырудың әрқашанда шегі болады, осыдан бастап өзгермелі фактордың өнімділігі төмендей береді. Мұндай заңдылықты кемімелі өнімділік заңы деп атайды, ал оның қысқа мерзімде орын алуы өнім шығаруды арттыру мүмкіндігінің шектеулі екендігіне көз жеткізеді.

Өзгермелі фактор өнімділігінің төмендеуі салдарынан өндірісте қолданылатын факторлардың арасындағы пропорциялар бұзылады, онда бұл мәселені факторларды өзара алмастыру арқылы сандық арақатынасты оңтайландыруға байланысты шешуге болады.

Өндіріс факторларын өзара алмастыру мәселесі ұзақ мерзімді шеңберде талданады, яғни бұл кезеңде барлық факторлар өзгермелі болып табылады. Бұл жерде өндірістік мүмкіндіктер өнімнің бірдей көлемін шығаруды қамтамасыз ететін факторларды қолданудың барлық мүмкін комбинацияларын көрсететін қисықтың – изоквантаның көмегімен сипатталады. Изокванта - өндірістік функцияны көрсетудің графикалық формасы.

Изокванталар факторлардың өзара алмастырылуын көрсететін теріс көлбеуге ие болып келеді, ал изоквантаның бойындағы нақты нүктеде осы көлбеудің шамасы факторларды алмастырудың технологиялық шекті нормасын (MRTS) сипаттайды, Ал MRTS өнім шығарудың көлемін өзгертпей, бір фактордың санын екінші бір факторды бір бірлікке өзгерту үшін қаншаға өзгерту керектігін көрсетеді.

Факторларды технологиялық алмастырудың шекті нормасы осы факторлардың шекті өнімдерінің (өнімділіктерінің) кері қатынастарына тең, яғни ол өндіріс факторларының тиімді үйлесімділігін анықтау үшін қажетті ереже болып табылады.

Өндіріс факторларын өзара алмастырудың мүмкіндіктері технологияның ерекшеліктерімен анықталады, ол ерекшеліктер изокванталар формасында және алмастырудың технологиялық шекті нормасының мәндерінде көрініс табады. Осыған байланысты өндірістік функциялардың бірнеше түрін бөліп көрсетуге болады:

абсолютті икемділікпен алмастырылатын функциялар, олар үшін MRTS тұрақты, ал изокванталар тік сызықты түрге ие болады;

Кобба-Дуглас функциялары, олар үшін MRTS факторлардың шекті өнімдерінің кері қатынастарына тең, ал изокванталар жұмсақ еңкіш қисықты түрге ие болады;

тұрақты икемділікпен алмастырылатын функциялар, олар үшін MRTS белгілі бір тұрақты коэффициентке тең, ал изокванталар көп бұрышты түрге ие болады;

абсолютті икемсіздікпен алмастырылатын функциялар, олар үшін MRTS нөлге тең, ал изокванталар тік бұрышты түрге ие болады.

Шығарылатын өнім көлемін арттыру өндірістің барлық факторларының санын ұлғайту есебінен, яғни өндіріс ауқымын өсіру есебінен жүзеге асады.

Факторлардың өзара алмастырылу үйлесімділіктерін өзгертпей, факторлардың шығындарын арттырудың және өнім шығарудың көлемін арттырудың арасындағы тәуелділіктің сипатын масштаб тиімділігі деп атайды. Факторлардың санын салыстырмалы өзгерту мен өнім көлемін салыстырмалы өзгертудің арасындағы қатынасқа байланысты масштаб тиімділігінің мынадай түрлерін бөліп көрсетуге болады:

масштабтың оң (өспелі) тиімділігі, бұл өнім көлемі факторлардың шығындарын арттырудан гөрі көбірек шамаға өскенде орындалады;

масштабтың тұрақты тиімділігі, бұл өнім көлемінің де, факторлар шығындарының да бірдей шамаға өзгергенінде орындалады;

масштабтың теріс (кемімелі) тиімділігі, бұл өнім көлемі факторлардың шығындарын арттырудан гөрі азырақ шамаға өскенде орындалады.

Фирма өз өндіріс көлемінің ауқымын масштабтың кемімелі тиімділігі басталғанша дейін арттыра беруі қызметін экономикалық жағынан тиімді, әрі ақылға сыйымды деп санауға болады.

Өндіріс ауқымының көлемін арттыруда маңызды рөлді техникалық прогресс ойнайды, оның еңбекқарқынды, капиталқарқынды және бейтарапты деген типтерін өндірісте қолдануға болады.


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 169 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Орытынды| Орытынды

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)