Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Нәтижелерді талдау

Пәнді оқытудың мақсаты. | Оқу пәндерін оқытудың жоспары. | Осымша әдебиеттер | Глоссарий | Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы. | Экспериментатор оның тұлғасы және іс-әрекеті | Сыналушының тұлғасы және психологиялық эксперимент жағдайы. | Психологтың этикалық кодексінің негізгі қағидалары. | Сұрақнама мәтіні | Педантты тип (ПД) |


Читайте также:
  1. Кесте - SWOT-талдау
  2. Ндірістік – шаруашылық жұмыстарына талдау жасау
  3. Ндірістік – шаруашылық жұмыстарына талдау жасау
  4. Тақырыбы: Тренингтікті талдау схемасы.

Егер сыналушының жауаптары жеткілікті шынайы болса және «Ш» индексі шамасы 4 баллдан аспаса, нәтижелерді талдауға болады. Г.Айзенктің пікірінше темперамент қасиеттері экстраверсия-интраверсия және невртотизм-эмоционалды тұрақтылықтың үйлесуі темперамент типтерін анықтайды. Экстраверсия-интраверсия және невртотизм-эмоционалды тұрақтылық қарама-қарсы қасиеттер. Оларды континуумда көрсетуге болады, олардың көрсеткіштерінің біреуі, мысалы, экстраверсия «Э» 0-12 болса, экстраверсияның жоқ болуын көрсетеді, онда бұл интраверсия көрсеткіші, ал 13-24 шамасы – оның айқын көрінісі.

0_________6__________12__________18__________24

интроверсия экстраверсия

Экстраверсия деңгейі кестенің көмегімен анықталады.

"Э" экстраверсия индексі Экстраверсия-итроверсия деңгейі
0-6 7-12 13-18 19-24 жоғарғы интроверсия ортаңғы интроверсия ортаңғы экстраверсия жоғарғы экстраверсия

 

Экстраверт - монотондылықты көтере алмайды, жұмыс уақытында жиі көңілі бөліне береді. Қарым-қатынасшыл, импульсивті, өзін-өзі бақылау жетіспейді, ортаға тез бейімделеді, сезімін ашық білдіреді. Ықыласшыл, жарқын жүзді, өз-өзіне сенімді, лидерлікке ұмтылады, достары көп, ұстамсыз, көңіл көтеруге ұмтылады, тәуекел етуді жақсы көреді, тапқыр, үнемі жауапты емес.

Интраверт - өз-өзімен, адамдармен байланыс орнатқаннан бастап, оларға бейімделгенге дейін қиындықтарды сезінеді. Салмақты, тепе-тең, әлем сүйгіш, оны әрекеттері ойластырылған, ақыл-ойлы. Достары көп емес. болашақты жоспарлағанды жақсы көреді, мезеттік қозуларға берілуге бейім емес. пессимист, қобалжығанды ұнатпайды, берілген өмірлік ережелерді ұстанады. Өз сезімдерін бақылап отырады және өте сирек агрессивті болады, жауапты.

Невротизмнің жоғарғы деңгейі (невротик) - жүйке психикалық үдерістерінің тепе-тең емес, эмоционалды тұрақсыз, вегетативті жүйке жүйесі лабильді. Сондықтан да ол жеңіл ашуланады, көңіл-күйі тез өзгереді, сезімтал, сонымен қатар мазасыз, күмәншіл, баяу, шешім шығара алмайды.

Невротизмнің төменгі деңгейі (эмоционалды тұрақты тип) - салмақты, тепе-тең, шешім шығара алады.

Сангвиник - экстраверт және эмоционалды тұрақты,

Холерик - экстраверт және невротизм, яғни эмоционалды тұрақсыз,

Флегматик - интраверт және эмоционалды тұрақты,

Меланхолик - интраверт және невротизм, яғни эмоционалды тұрақсыз.

Сангвиник - қарым-қатынасшыл, ашық, әңгімешіл, еті тірі, ынталы, бастаған ісін үнемі аяғына дейін жеткізе бермейді. Еңбекшілдігін, жаңашылдыққа ұмтылуын мадақтау қажет, бірақ оған берген жүктемелерді үнемі бақылауға алу керек, өйткені жасаған істері ақылға сай болу үшін. Тәртіптілікті жаттықтыру қажет, жұмыстағы анықтықты үренуі керек.

Холерик - көңіл-күйі үнемі өзгеріп отырады, белсенді, сондай-ақ импулсивті, реңжігіш және агрессивті болады, көбінде оптимист. Айқын лидерлік қасиетіне орай, қоршаған ортамен позитивті қатынасын бақылауға алу. Конфликт кезінде қатынасты талдай бермей, кейін тыныш орында пайда болған мәселені талдау, басқа адамдарды өзіне бағындыруға ұмтылуын бақылауға алу, бар күшін өзін эстетикалық тәрбиелеуге жұмсау.

Флегматик - салмақты, сенімді адам, әлем сүйгіш, бірақ пассивтілігімен ерекшеленеді. Өзінің әлеуметтік интеллектісін жаттықтыру қажет (адамдарды түсіну, басқалардың бастан кешіруін бақылау, контактіні жайғастыру және т.б.). Тұйықтықтан өзін-өзі бағалауы әрқашан адекватты болмауы мүмкін, сондықтан осындай жағдайда өзін-өзі бағалауын көтеру қажет.

Меланхолик - өте сезімтал адамдар, сақ, сондықтан да мазасыз, қарым-қатынасқа аз түседі, тез ашуланады және көп қайғырады, пессимист. Өзінің басқаларға деген қатынасын рефлексиялау және бақылау (әсіресе біреудің авторитетіне сенуден қашу), жұмыстың табыстылығына ұмтылу, Контактіні, қарым-қатынасшылдықты дамыту үшін, басқа адамдармен түрлі өзара қатынасқа түсуге мүмкіндік беретін қоғамдық жүктемелерді алу керек.


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 223 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Зерттеу процедурасы| Практикалық сабаққа әдіснамалық нұсқаулар мен ұсыныстар.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)