Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

СоӨж адам құқығы туралы жалпыға ортақ декларациялар

Тіл мәдениетінің басты мәселесі – тілдік құралдардың көмегімен қарым-қатынас жасау барысында адамға ... ету. | Сөз әдебі | Тапсырма. Берілген сөздердің мағынасын түсініп, сөз тіркестерін құрастырыңыз. | Мұрат Бидосов - өз ісінің маманы | СОӨЖ Ел болашағы – жастардың қолында | Азақстанның «Жас Отан» партиясы | СОӨЖ Ұлттық тәлім-тәрбие. Үлкенге құрмет, кішіге ізет. Отбасы тәрбиесі | САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ | Шетелдерде оқу | Электронды басылымдар залы. |


Читайте также:
  1. Адам құқығы туралы жалпыға ортақ декларациялар
  2. Кардиология блогы бойынша СОӨЖ күнтізбелік-тақырыптық жоспар
  3. Президент Н.Ә.Назарбаевтың көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеу туралы көзқарастары.
  4. СОӨЖ Ғылым мен техниканың дамуы тарихы. Ғылымның қиын жолы
  5. СОӨЖ Қазақ халқының ән-күй, би өнері. Өнерлі ел. Қазақстаннның театр өнері
  6. СОӨЖ Қазақстандағы туризмнің дамуы
  7. СОӨЖ Ұлттық тәлім-тәрбие. Үлкенге құрмет, кішіге ізет. Отбасы тәрбиесі

 

Ең басты әлеуметтік институттардың бірі адам құқығы болып табылады. Әрбір адамның өмірі туылған кезден бастап қайтыс болғанға дейін отбасында өтеді. Отбасында адам тәрбие алады, тұлға ретінде қалыптасады, күрделі қоғамдық қатынасқа кіреді және азамат болады. Отбасы адамды материалдық және психологиялық сүйеніші ретінде негізі болды. Отбасының дамуы, гүлденуі – қоғамдық тыныштықтың, мемлекеттің дамуы тұрақтылығының, кепілі болып табылады.

Мемлекет отбасының құндылығын таниды. Отбасылық қатынастарды реттеудің негізі мораль нормалары болып табылады. Отбасының нығаюына мораль нормаларымен қатар заңда қолданылады.

«Неке және отбасы туралы» Заңның 1-бабының 3-тармағы бойынша отбасы дегеніміз – некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеп алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы.

Адам құқығы – отбасы қатынастарынан тұрады. Отбасы қатынастары деп – құқық нормаларымен реттелінетін отбасы мүшелері және басқа да тұлғалар арасындағы жеке және мүліктік қатынастарды айтамыз.

Отбасы құқықтық қатынастарының пайда болуы мен өмір сүруі белгіленген заңды фактілерге байланысты туындайды. Отбасы қатынасының басты субъектілері азаматтар (жеке тұлғалар) болып табылады. Өйткені отбасы құқығының көзқарасынша құқықтар мен міндеттер келесі отбасы мүшелері арасында пайда болады: ерлі – зайыптылар, ата – аналар мен балалары, ағалар (інілері) және қарындастары (әпкелері), ата – апа және немерелері, өгей әкесі (шешесі) және балалары және де балаларды тәрбиелеуге қатысқан (асырап алушылар, қамқоршылар мен қорғаншылар) тұлғалар.

Ал отбасы қатынасының объектісі болып отбасылық қатынастың субъектілерінің іс-әрекеттері және заттар (мүліктер), сонымен бірге материалдық игіліктер жатады.

Сонымен отбасы құқығы деп – некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынасын реттейтін құқық саласы болып табылады.

Ең бірінші отбасы құқығының қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конститутциясы жатады. Одан кейін Қазақстан Республикасы отбасы құқығының қайнар көзіне Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Заңы болып табылады.

«Неке және отбасы туралы» Заң 7 бөлімнен, 29 тараудан және 213-баптан тұрады.

Бірінші бөлімдегі «Жалпы ережелерде» неке-отбасы заңдарының негізі жасалып, осы заңмен реттелінетін қатынастар, неке-отбасы қатынастарын реттеудің негізгі қағидалары белгіленген.

«Қорғаншылық және қамқоршылық» деген 4-ші бөлімде қорған болу мен қамқоршылықтың міндеттері белгіленеді, сол бойынша қорғаншылық пен қамқоршылық жасаушы, қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері, олардың өкілеттіктері анықталады, қорғаншылық пен қамқоршылықты тоқтату қарастырылады.

«Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары» деген 5 бөлімде ата-аналардың балаларды асырау және кәмелетке толғандардың ата – аналарын бағып-күтуі жөніндегі міндеттері сөз болады, отбасының басқа да мүшелерінің алименттік міндеттемелері көрсетіледі, сондай-ақ алимент тағайындау және төлеу тәртібі көрсетілген.

«Азаматтық хал актілері» деп аталатын 6-бөлімде азаматтық хал актілерін тіркеу, азаматтық хал актілердегі жазбаларға байланысты дауларды шешу тәртібін анықтау, акті кітаптарының жүргізу ережесі, әртүрлі акті жазбаларын жүзеге асыру сөз болады.

Жетінші бөлімде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға неке-отбасы заңдарының нормаларын қолдану мәселелері шешілген.

Басқа да отбасы құқығының қайнар көздеріне Үкімет немесе Республиканың Әділет министрлігі бекіткен түрлі ережелері және нұсқаулары жатады. Мысалы, қорғаншылық пен қамқоршылық көрсетуші органдар туралы ережелер және азаматтық хал актілерді тіркеу тәртібі туралы Нұсқау жатады.

Неке-отбасы заңдарының дұрыс қолдануына Республиканың Жоғарғы Соты Пленуымының басшылыққа алатын түсіндірмелері жатады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Еңбек туралы заң, тағы да сол сияқты нормативтік актілер жатады.

Ең соңғы қайнар көзіне Қазақстан Республикасы Парламенті бекіткен халықаралық шарттар жатады.

Сонымен қатар әдет-ғұрыптар отбасы қатынастарын реттейді десек қателеспейміз.

Өйткені біз қазақ халқы ата-бабадан қалған өсиеттерге көп мән беруіміз қажет. Бірақ қоғамның қазіргі кезіне сай қылып әдет-ғұрпымызды модернизациялауымыз қажет.


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 180 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
СОӨЖ Адам және азамат құқығы. Еңбек ету, білім алу бостандығы құқығы.| Адам құқығы туралы жалпыға ортақ декларациялар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)