Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. «гемостаздыҢ бҰзылыстары».

Тіс жақ аймағы тіндеріндегі созылмалы қабыну | Тапсырма. Есепті шешіңіз | Ызба кезіндегі ауыз қуысындағы өзгерістер | Тапсырма. Кейс-стади. | Тапсырма. Кейс-стади. | СПЕ ӨСУ ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ | Тапсырма Сөзтізбекті шешіңіз. | Аралық бақылаудың сұрақтары | Кәсіптік сұрақтар бойынша тесттер | Тапсырма. Кейс-стади |


Читайте также:
  1. Тақырып.
  2. Тақырып.
  3. тақырып.
  4. Тақырып. Қоғамдық шаруашылықтың нысандары. Тауарлы өндіріс. Ақша.
  5. Тақырып. Желілік технологиялар. Интернет. HTML тілінің негіздері
  6. Тақырып. Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаты.
  7. Тақырып. Мемлекеттік реттеу: маңызы, мақсаттары, құралдары

Сабақтың мақсаты:

· Тақырыптың сұрақтары бойынша ситуациялық есептер шығарғанда клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру

Оқытудың міндеттері:

· Тақырыптың сұрақтары бойынша ситуациялық есептер шығарғанда клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын жетілдіру

· Тақырыптың сұрақтары бойынша пікірсайыс жүргізуде коммуникациялық ддағдыны жетілдіру

Жүргізу тәсілдері: кейс-стади, оқыту бағдарламасымен жұмыс

№ 1 тапсырма. Оқыту бағдарламасымен жұмыс

Оқыту бағдарламасымен жұмыс жасау кезінде мына сұрақтарды меңгеруі тиіс:

1. Гемостаз анықтамасы, компоненттері, сипаттамасы. Гемостаз бұзылыстарының жіктелуі

2. Геморрагиялық синдромның даму жолдары. Вазопатиялар туралы түсінік, түрлері, даму механизмдері

3. Тромбоцитопениялар, пайда болу себептері, шығу тегі бойынша түрлері, қанағыштықтың патогенезі

4. Тромбоцитопатиялар, анықтамасы, себептері, патогенезі

5. Коагуляциялық гемостаз бұзылыстары. Коагулопатиялар, түрлері, себептері, қан ұю бұзылыстарының механизмі

6. Вазопатия, тромбоцитопения, тромбоцитопатия және коагулопатиялардағы коагулограмманың негізгі көрсеткіштерінің өзгерістері

7. Тромбоздық синдром, даму механизмі, тамырлардағы тромбоздардың салдарлары

8. ТШҚҰ-синдромы анықтамасы, сатылары, патогенезі

9. Стоматологиялық ауруларда сілекей құрамының (коагуляциялық және фибринолиздік қасиеті) өзгерістерден гемостаздың бұзылыстары

10. Геморрагиялық диатез кезінде ауыз қуысындағы өзгерістердің патогенезі

 

№ 2 тапсырма. Кейс-стади

№1 есеп. Науқас П., 9 жаста. Балалық шағынан қанағыштықпен ауырады: емшектегі жасында құлаған соң арқасында ауқымды қанқұйылу болған, сосын мұрынынан қан кету және бөксесіне қанқұйылулар байқалған. Үш жасында тілінің тістелген жерінен ұзақ қатты қан кеткендіктен ауруханаға жатқызылып, қан құйылды. 4 жасынан тізе және өкше буындарына қайталанған қанқұйылулар байқалады. Буындары ісінген, деформацияланған. Гемофилияға күмән бар.

1. Диагноз қойыңыз.

2. Науқаста гемостаз бұзылыстарын патогенездік қалпына келтірудің мүмкіндік әдістерін көрсетіңіз

№ 2 есеп. Науқас В., 17 жаста, етеккірінің ауыр постгеморрагиялық анемия дамытып, қатты құйылмалы түрде өтетіндігіне; ерте балалық жасынан көгерулер пайда болғандығына, жылына 3-4 рет мұрынынан қан кететіндігіне шағымданады. 8 жасында құлағаннан кейін кеуде қуысында ауқымды гематома пайда болғандығын байқады. Атасы қан кетумен ауырды, 40 жасында асқазанынан қан кетуден қайтыс болды. Әкесінде мұрынынан қан кетулер болады.

Зертханалық тексерулер:

Қан ағу уақыты ұзарған, тромбоциттер мөлшері, олардың көлемі және құрылымы қалыпты, әйнекке жабысуы бірден төмендеген.

Протромбиндік және тромбиндік уақыт қалыпты, әсерленген үлестік тромбопластиндік уақыт ұзарған.

Виллебранд жайты – 3 %, VIII жайттың белсенділігі – 5%

1. Диагноз қойыңыз

2. Байқалған өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз.

№ 3 есеп. Науқас Н., 36 жаста, ауруханаға аяқ-қолдарының көптеген сынықтарымен (2 қабаттан құлаған) әкелінді. Ауырусыздандыру үшін морфин және тромбозды болдрмау үшін гепарин енгізілді. 5 күннен соң науқаста тромбоциттер санының 170х109/л-ден 50х109/л-ге дейін азайғандығы анықталды.

1. Науқастағы тромбоцитопенияның мүмкіндік себебі қандай?

2. Осы жағдайдағы тромбоцитопенияның патогенезі қандай?

3. Науқаста тромбоцитопенияның мүмкіндік салдары қандай?

№ 4 есеп. Науқас З., 3 жаста, денесінде себепсіз аяқ астынан қанқұйылулар (ұсақ нүктелі, көгеру, қанталау), пайда болған. Ауруханаға түспестен бір күн бұрын гематурия және мұрынынан қатты қан ағулар болды. Ауруханаға түсер кезінде балада бірден анемия (гемоглобин 40 г/л) дамыды. Терісінде көптеген ұсақ нүктелі қанқұйылулар мен көгерулер, белі мен жамбасында үлкен, ауыратын қанталаулар көрінеді. Туыстары қанағыштықпен ауырмайды; балада бұдан бұрын геморрагиялық құбылыстар болған жоқ.

Қанда тромбоциттер мөлшері және олардың адгезиялық-агрегациялық қызметтері өзгермеген, тамырлық сынаулар оң, қан кету уақыты аздап ұзарған, тромбиндік уақыт қалыпты, протромбиндік уақыт бірден ұзарған (протромбиндік индекс 7%, үлестік тромбопластиндік уақыт бірден ұзарған)

Коррекциялық тест бойынша протромбиндік уақыт пен әсерленген үлестік тромбопластиндік уақыт жаңа және ескі қан плазмасын (V және VIII жайттарсыз) енгізгеннен кейін қалпына келеді. Механикалық сарғыштану, бауырдың ауыр зақымдануы және дисбактериоз анықталған жоқ.

1. геморрагиялық синдромның мүмкіндік себебі қандай?

2. Алынған мәліметтер негізінде диагноз қойыңыз

3. Гемостаздың бұзылуын қалпына келтіру емін ұсыныңыз

№ 5 есеп. Науқас А., хирургиялық клиникаға автокатастрофа болған жерден кеудесінің, ішінің, аяқтарының көптеген зақымдануларымен және көп мөлшерде қан кетумен әкелінді. Қарап тексергенде: есі сақталған, бірақ науқас жағдай туралы және уақыт туралы ешқандай есіне түсіре алмады; тері жабыны бозарған, тахикардия, тамыр соғысы «жіптәрізді», АҚ 165/15 мм с.б. Науқасқа қан кетіп тұрған тамырларды тігу мақсатында операция жасалынып, 1200 мл донор қаны (сақталу мерзімі 2 күннен 17 күнге дейін) және 2000мл қан ауыстырғыш құйылды. Реанимациялық бөлімшеде: науқастың жағдайы ауыр, тахикардиясы сақталған, артериалық гипотензия, ентік, тәуліктік диурез қалыптыдан айқын төмен; зақымданған тіндердің ұсақ тантамырларынан қан кете бастады. Зертханалық тексерудің мәліметтері бойынша қан ұйуының төмендегені, гипопротромбинемия, гипофибриногенемия және тромбоцитопения анықталды. Екінші тәулікте бүйректің жіті жеткіліксіздігі дамыды. Науқастың өлімі бүйрек пен жүрек – қантамыр жүйесінің үдемелі жеткіліксіздігінен дамыды. Өлікті ашып қарағанда ішкі ағзалардың ұсақ тамырларындағы көптеген тромбоздар анықталды.

  1. Науқаста қандай дерттік үрдіс дамыды: а) жарақаттан кейін, б) реанимация бөлімшесінде?
  2. Науқаста реанимация бөлімшесінде дамыған дерттік үрдістің патогенезі қандай?
  3. Науқастағы: а) бүйрек жеткіліксіздігінің б) жүрек-қантамыр жеткіліксіздігінің даму тетіктері қандай?

Гемостаз деп қан тамырлары қабырғаларының бүтіндігін сақтауға, тамыр сыртына қан кетуді тоқтатуға, сол арқылы қансыраудан сақтандыруға және айналымдағы қанды тамыр ішінде сұйық күйінде ұстап тұруға бағытталған организмнің гомеостаздық тетіктерін айтады.

Гемостаз- это совокупность биологических процессов, обеспечивающих сохранение жидкого состояния крови, поддержание целостности кровеносных сосудов и купирование кровотечения при их поврежлении

Гемостаздың құрамбөлшектері – қантамыры қабырғасы, қан жасушалары (тромбоцит), қан плазмасының жүйелері (қан ұйытқыш, ұюға қарсы, фибринолиз, калликреин-кинин).

Компоненты гемост аза- стенки кровеносных сосудов, клетки крови (тромбоциты), плазменные системы (свертывающая, противосвертывающая, фибринолитическая и калликреин-кининовая)

Гемостаздың бұзылу түрлері - геморрагиялық синдром, тромбоздық синдром, ТШҚҰ- синдромы

Формы нарушения гемостаза - геморрагический синдром, тромботический синдром, ДВС синдром

Механизмы геморрагического синдрома - вазопатии, тромбоцитопатии, тромбоцитопении, коагулопатии

Вазопатиялар – қанағыштыққа әкелетін, қан тамырлар құрылымы мен қызметінің бұзылыстары (тұқымқуаты, жүре пайда болған).

Вазопатии- кровоточивость, обусловленная повышенной проницаемостью стенки сосудов (приобретенного и наследственного происхождения)


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 454 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
СЫРТҚЫ ТЫНЫС ПАТОФИЗИОЛОГИЯСЫ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША МАШЫҚТЫҚ ДАҒДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ| Коагулопатии- кровоточивость, обусловленная снижением активности системы свертывая и повышением активности системы фибринолиза и противосвертывающей системы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)