Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Студенттің өз бетімен жұмысы: -50 мин

Читайте также:
  1. Quot;Ризыгы киң, гомере озын булуны теләгән кеше туганнары белән арасын өзмәсен".3 1 страница
  2. Quot;Ризыгы киң, гомере озын булуны теләгән кеше туганнары белән арасын өзмәсен".3 2 страница
  3. Quot;Ризыгы киң, гомере озын булуны теләгән кеше туганнары белән арасын өзмәсен".3 3 страница
  4. Quot;Ризыгы киң, гомере озын булуны теләгән кеше туганнары белән арасын өзмәсен".3 4 страница
  5. Quot;Ризыгы киң, гомере озын булуны теләгән кеше туганнары белән арасын өзмәсен".3 5 страница
  6. Quot;Ризыгы киң, гомере озын булуны теләгән кеше туганнары белән арасын өзмәсен".3 6 страница
  7. Quot;Ризыгы киң, гомере озын булуны теләгән кеше туганнары белән арасын өзмәсен".3 7 страница

Тақырып. Қазіргі заманғы есептеу техникасының архитектурасы

Мақсаты: Дербес компьютердің аппараттық бөлігінің қызметі және құрылымы туралы негізгі түсінік беру. Есептеу техникасының негізгі даму тенденциясымен танысу. Дербес компьютердің негізгі түрлерін ажырата білуге үйрету.

 

Оқытудың міндеті: Дербес компьютерлердің архитектурасы және компьютерлердің ішкі және сыртқы құрылғыларымен танысу.

 

Ұйымдастыру кезеңі: -5 мин

Студенттердің сабаққа қатысуын тексеріп, келмеген және дайындалмаған себептерін айқындап, жаңа сабаққа назар аударуын ұйымдастыру.

 

Құзыреттілікті қалыптастыру саны: біліктілік,практикалық дағды.

Тақырыптың негізгі сұрақтары: -45 мин

1. Логикалық элементтердің триггер болып қосылу схемасы

2. RS -триггердің схемасындағы мағлұматтың өту жолдары

Зіліс -10 мин

Студенттің өз бетімен жұмысы: -50 мин

Практикалық дағдыны қалыптастыру: ситуациялық және типтік есептерді шешу.

Өткізу формасы: типтік тапсырмаларды орындау

RS - триггер

Мағлұматтың барлық түрі әйтеуір бір материалдық тасымалдаушыға мұқтаж. Электроникада сондай тасымалдаушының қатарына электр заряды жатады, себебі мағлұматтың сигнал деп аталатын электр тогының немесе кернеудің өзгерісі түрінде бейнелеуге болады. Сондай сигналмен логикалық деп аталатын әртүрлі амалдарды орындауға болады. Қарапайым амалдар қарапайым логикалық элементтермен орындалады. Күрделі амалдарды орындау үшін мағлұматты өзгеріссіз сақтай білу қажет, яғни оның жоғалып кетпеуі ойластырылады. Сол үшін жадылық элементтің міндетін триггерлік схема атқарады. Триггерссіз бірде бір автоматикалық есептеу және өлшеу құрылғысын елестету мүмкін емес.

Триггер (ағыл: trigger – шүріппе) – орнықты екі күйде бола алатын, бір күйден екіншісіне секірмелі түрде басқарушы потенциалдың әсерімен ауыса алатын құрылғы. Сыртқы әсер жоқ кезде, триггер сол екі күйдің біреуін ұзақ сақтай алады.

RS – триггердің жұмысының логикасы ақиқат кестесінен анық байқалады (1-кесте).

1 – кесте. RS – триггердің ақиқат кестесі

S R Q  
        Тыйым салынған режим
          Мағлұматты жазу
       
        Мағлұматты сақтау

 

Мұндағы екінші қатардағы екі команда жаңа мағлұматты триггерге енгізу (жазу, орналастыру) үшін қолданылса, төртінші команда енгізілген мағлұматты сақтау үшін, ал ең алғашқы жағдай - тыйым салынған режим болып саналады, өйткені триггер, анықтамасы бойынша, бір күйден екіншісіне секірмелі түрде ауысатын құрылғы.

Триггерді өзара байланысқан екі ЖӘНЕ-ЕМЕС (НЕМЕСЕ-ЕМЕС) логикалық элементтермен де құруға болады (2а-сурет).

 

 


Бұл триггер 1 бит ақпаратты сақтауға арналған. 1Байт ақпарат сақтау үшін 8 триггер қажет. Ал 1Кб (1024 байт) ақпарат сақтау үшін 8192 (8*210).

Триггердің кірісі мен шығысындағы шамалардың арасындағы байланысты төмендегідей өрнектеуге болады:

 

Бақылау сұрақтары:

3. RS -триггер неден құралады?

4. RS -триггерді құраушы элементтің логикасы

5. Математикалық теңдеуі

6. RS триггердің ақиқат кестесі

7. Логикалық элементтердің триггер болып қосылу схемасы

8. RS -триггердің схемасындағы мағлұматтың өту жолдары

9. RS -триггер қандай көлемдегі мағлұматты сақтайды?

10. RS -триггерді нөлдік күйге қалай келтіруге болады?

11. RS -триггерді бірлік күйге қалай келтіруге болады?

12. RS -триггерге жазылған мағлұмат қанша уақыт сақталады?

13. RS -триггерге қандай көлемдегі мағлұматты жазуға болады?

14. RS -триггердің микросхема түрінде жасалу себебі?

2. формуласы үшін ақиқат кестесін толтырыңыз:

Айнымалылар Логикалық формулалар Формула
             
             
             
             

3. формуласы үшін ақиқат кестесін толтырыңыз:

Айнымалылар Логикалық формулалар Формула
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                 

 

Үлестірмелі материал: карточкада көрсетілген тапсырмалар

Әдебиеттер:

1. Бройдо В.Л. Персональные ЭВМ: архитектура и программирование на Ассемблере.

- СПб.:ГИЭА, 1994

2. Нортон П. Программно-аппаратная организация IBM PC. –Киев: 1997

3. Гельман В.Я. Медицинская информатика. СПб. “Пи­тер”. 2001

4. Герасевич В. Компьютер для врача. СПб. 2002

5. Симонович С. В. Информатика. Базовый курс. СПб. “Пи­тер”. 2003

6. Глушаков С.В., Сурядный А.С. Персональный компьютер. М.Фолио. 2004

7. Макарова Н.В. Информатика 3-издание. Москва 2006

8. Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика. 2004 ж.

9. Жапарова Г.Ә. Информатика негіздері. 2006 ж.

10. Лыскова В., Ракитина Е. Логика в информатике. Москва 2006 г.

 


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 72 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ОТЧЕТ О ВЫПОЛНЕННОЙ РАБОТЕ| Организаторы Конкурса.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)