Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Рылыс объектілерінің жіктелуі

Геодезия | TOO KNAUF тарихы | Сурет. «КНАУФ Гипс Капчагай» заводы. |


Читайте также:
  1. АЗАҚ БАС СӘЛЕТ -ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ
  2. АЗАҚ БАС СӘЛЕТ -ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ
  3. АЗАҚ БАС СӘЛЕТ -ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ
  4. АЗАҚ БАС СӘЛЕТ -ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ
  5. АЗАҚ БАС СӘЛЕТ -ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ
  6. АЗАҚ БАС СӘЛЕТ -ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ
  7. АЗАҚ БАС СӘЛЕТ -ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ

Үймереттер мен ғимараттар пайдалаңу мақсатына орай өндірістік және азаматтық, инженерлік және гидротехникалық болып бөлінеді (1-сурет). Өндірістік ғимараттар — өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісін орналастыру, адамдардың еңбек етуіне және технологиялық жабдықтарды пайдалануға қажетті жағдайлар жасау үшін қызмет етеді. Азаматтық үймереттер мен ғимараттар — тұрғын үйлік және қоғамдык болып бөлінеді. Тұрғын үй үймереттері қатарына адамдардың тұрақты түруына арналған пәтерлік үйлер, уақытша тұруына арналған жатақханалар мен қонақүйлер жатады. Қоғамдық үймереттер мен ғимараттар түрғындарға әлеуметтік қызмет етуге (мектептер, театрлар, музейлер, ауруханалар) арналған; қоғамдық ғимараттарға метрополитендер, стадиондар және басқалар жатады. Барлық өндірісті және азаматтық ғимараттар, инженерлік қүрылыстар кеңістікке орналастырылуына қарай жинақталған, желі-бойлаған, территориялық — шашылыңқы түрлеріне бөлінеді. Жинақталған объектілер — шектелген территорияға орналасуымен сипатталады. Желі - бойлаған объектілерге көпірлер, төннелдер, эстакадалар, жолдар, құбырлар жүйелері және басқалар жатады. Территориялық-шашылыңқы объектілер бір-бірінен мақсаты жағынан байланыспаған, едәуір қашыктықта орналасқан, пайдалану мақсаты жағынан бір-біріне байланысты емес (Мәселен, ауылдық жерлердегі түрғын үйлер және азаматтық ғимараттар, автомобиль және теміржол бойына орналасқан үймереттер мен ғимараттар). Қүрылыстық-технрлогиялық белгілері жағынан бұл объектілер біртекті және әртекті болып бөлінеді. Біртекті объектілер — бірыңғай түзілістерді қолданумен орекшеленеді. Сопдықтан мұндай объектілер біртүрлі түрақты технологиялар бойынша салына береді. Бұл объектілер біртүрлі және әртүрлі учаскелерден тұруы мүмкін. Оларда атқарылатын жұмыс көлемі мен мөлшері түзілістерді жинақтау реттілігі мен әдістеріне байланысты болады. Біртекті объектілерді мелшері мен көлемі бірдей және бірнеше рет қайталанатын типтік секциялардан қүралатындығына байланысты оларды салуда ырғақты объектілік тасқын әдісін қолдану тиімді. Мұңдай объектілерге жеңіл, прибор жасау, радиотехникалық және басқа да әнеркәсіп салаларының турғын уйлері, біркатар азаматтык, бірқабатты және көпқабатты үймереттер, бойлап салынған ғимараттар (жолдар, кұбыр жүйелері және басқалар) жатады. Біртекті объектілер өз кезегінде біртурлі және әртүрліге-бөлінеді. Учаскелері әртурлі біртекті объектілерге орта және ауыр машина жасау өнеркәсібінің, автомобиль зауыттарының, токыма комбинаттарының көпшілік бірқабатты үймереттері және басқалары жатады. Бұл объектілер тиісті типтік түзілістерді толық бірқалыпқа келтірген күннің өзінде де жумыс мәлшері мен көлемі бірдей учаскелерге бөлуге келмейді. Мәселен, көп өткінді бірқабатты үймереттердің ішкі учаскелерінде сырткьг қорғағыш қабырғалар болмайды, кейбір учаскелерде негізгі түзілістерді жинақтау жамылғы элементтерін жинақтаумен шектелуі мүмкін, ал бағаналар мен кранасты арқалыктар шектес учаскелерге кран қатынай алатын болса алдын ала орна-тылады. Әртурлі учаскелері біртекті объектілерді салу кезінде жұмыс өндірісінің турақты технологиясы сақталады, алайда тасқындарды жузеге асыру үзақтығы түрліше болады. Әртекті объектілерде типтік көп кайталанатын секциялар болмайды, жұмыс көлемі әркелкі, үймереттің түрлі бөлектерінде әртурлі түзілістер (болатты, күрама темір бетон, біртұтас темір бетон және басқалар) пайдаланылады, курделі және улкен технологиялық жабдықтар.орнатылады, олардың астына қуатты іргетас қүйылады. Әртекті объектілер қатарына көмір және таукен кәсіпорьндарының, металлургиялық заводтардын, химия өнеркәсібінің, бірқатар кәсіпорындарынынң, қант және цемент заводтарының, жылу және атом электр станцияларының және тағы басқалардың корпустары жатады. Жұмыс көлемін біркелкі бөлмеу және уймереттердің түрлі бөлшектерінде әртүрлі тузілістерді пайдалану әдетте түрақты қүрылыс технологиясын колдануға мүмкіндік бермейді. Сондықтан жекелегеп учаскелерде жумыс өндірісінің турлі реттілігі мен әдістерін пайдалануға тура келеді. 1.2.Құрылыс өнімінің сапасын қамтамасыз ету. Өндірістің сапалық көрсеткіштерін жақсарту қазіргі заманғы құрылыстың өзекжарды міндеттерінің бірі болып табылады. Жобалау кезеңіндегі құрылыс өнімінің сапасы ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі дәрежесіне, қолданылып жүрген нормативті талаптарға сай келетіндей жоғарғы деңгейдегі жоба шешімдеріменайкындалады. Жобалық шешімдер үймереттер мен ғимараттарды тұрғызу процесінде жүзеге асырылады. Құрылыстағы сапаны басқару жүйесін құрудың негізіне өнім сапасың мемлекеттік басқарудың бірыңғай жүйесі алынады. Осы ережеге сәйкес сапаны басқару мемлекеттік, ведомстволық және өндірістік деңгейінде жүзеге асырылады. Құрылыстағы сапаны басқаруды мемлекеттік денгейде құрылыс жөніндегі мемлекеттік комитеттер жүргізеді. Олардың негізгі міндеттеріне мыналар жатады: өнім сапасын жоспарлау, сапаны сақтауға мемлекеттік бықылау ұйымдастыру, сапаны жақсарту жөніндегі шаралар жасау. Сапаны басқарудың өндірістік деңгейі жобалау ұйымдарда, қәсіпорындар мен құрылыс ұйымдарында (бірлестіктерде, трестерде, басқармалында) ішкі өндірістік қызметтер арқылы жүзеге асырылады. Өндірістік деңгей орындаушылық деңгей болғандықтан оның негізгі міндетіне қолданылып жүрген нормативтер мен құжаттарға сәйкес сапаны қамтамасыз ету жөніңдегі шаралар жүйесін жасау жатады. Құрылыс-жинақтау жұмыстарының сапасы әрбір өндірістік процестің орындалуына жүйелі бақылау жасау арқылы қамтамасыз етіледі. Ұйымдастыру тұрғысынан сапаға бақылау ішкі және сырткы болып бөлінеді. Сыртқы бақылау (техникалық қадағалау) – тапсырыс бойынша құрылыс салынып жатқан тапсырма берушінің және жобалау ұйымның авторлық қадағалау міндеті Тапсырма берушінің техникалық қадағалауы (құрылысты салушының) – құрылысты салудың барлық мерзімінде жұмыс көлемі мен сапасына бақылау жасайды және мердігерден пайдалануға берілуге даяр объектіні қабылдайды. Тапсырма беруші алғашқы, аралық және түпкі қабылдау кездерінде бақылауға қатысады, бұл жөнінде құжаттар толтырылады. Жобалаушы ұйымдардың автролық қадағалауы құрылыстың сапасын жақсарту, салыну мерзімін қысқарту және пайдалануға берілетін объектілердің сапасын және жетілдірілген материалдар мен түзілістерді құрылыстарда пайдалануды жобалау, құрылыс ұйымдарының және тапсырма берушінің жауапкершілігін арттыру мақсатында жүргізіледі. Авторлық қадағалау жобадан ауытқулар мен жұмыстардың орындалуында олқылықтар табатын болса құрылысты тоқтатуға правосы бар. Пайдалануға берілетін үймереттер мен ғимараттарды қабылдауды ұйымдастыру. Құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілетін объектілерді қабылдау сапаны бақылаудың қорытындылаушы және ең жауапты түрі болып табылады. Қабылдау тәртібі СНиП 111-3-76 «Құрылыстары аяқталған кәсіпорындарды, үймереттер мен ғимараттарды пайдалануға қабылдау. Негізгі ережелер» арқылы реттеледі. Тапсыру мен қабылдау екі кезенде жүзеге асырылады. Тапсырма берушінің жұмысшы комиссияның мердігерден объектіні алдын ала техникалық қабылдауы және мемлекеттік комиссияның түпкілікті қабылдауы.

 


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 131 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
МАЗМҰНЫ| Рылыс материалдары және олардың қассиеттері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)