Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Негізгі құралдар есебі

КІРІСПЕ | Кәсіпорынның ұйымдастырылу-экономикалық сипаттамасы | Кәсіпорында бухгалтерлік есептің ұйымдастырылу ерекшеліктері | Меншікті капитал есебі | Табыстар мен шығыстар есебі | Инвестициялар есебі |


Читайте также:
  1. Ақша қаражаттарының, есеп-айырысулар мен міндеттемелер есебі
  2. Болат құбырларының негізгі түрлерінің жіктелуі.
  3. Диаграмма. Негізгі құзыреттіліктер бойынша ОПҚ біліктілігін арттыру
  4. Еңбекақы есебі және оны төлеу
  5. Еңбекті қорғау жөніндегі негізгі заңды актілер актілер
  6. Е) барлық зерттеу құралдарын оңтайлы қолдану әдiсiн
  7. Инвестициялар есебі

 

Негізгі құралдар болған жағдайда, олар жинақталған амортизацияны және/немесе құнсызданудың жинақталған шығындарын шегергендегі бастапқы құн бойынша есептелінеді. Мұндай құн жабдықтардың бір бөлігін ауыстыру құнын және ұзақ мерзімді құрылыс жобаларын капиталдандыру критерийлері орындалған жағдайда займдар бойынша шығындарды қосады. Белгілі уақыт аралығынан кейін негізгі құралдардың едәуір компоненттерін ауыстыру қажет болғанда, Топ мұндай компоненттерді оларды пайдалы қолдану мен амортизациялаудың жеке мерзімдеріне сәйкес жеке активтер ретінде танитын болады. Негізгі техникалық байқауды өткізу кезінде баламалы түрде оларға байланысты шығындар, егер барлық тану критерийлері орындалса, негізгі құралдардың баланстық құнында жабдықтарды ауыстыру ретінде танылады Жөндеу мен техникалық қызмет көрсетудің барлық басқа шығындары жатқызылу сәтінде пайда мен шығындар туралы есепте танылатын болады. Активті пайдаланудан шығару бойынша күтілген шығындардың берілген құны, егер болашақтағы шығындарға резервті тану критерийлері орындалса, оны пайдаланғаннан кейін тиісті активтің бастапқы құнына қосылады.

4 кестеде көріп отырғандай тозу активтерді пайдалы қолданудың келесі есептік мерзімдері ішінде жүйелік әдіспен есептелінеді:

 

Кесте 4 - Активтерді пайдалы қолданудың есептік мерзімдері

 

  Жылдар
Ғимараттар  
Орынжайлар 10-20
Техникалық жабдықтары 3-20
Тағы басқалары 3-20

 

Бұрын танылған негізгі құралдарды немесе олардың айтарлықтай құрамдасын тануды тоқтату олардың кетуі барысында немесе болашақта пайдаланудан экономикалық пайда болмайтын жағдайда немесе осы актив істен шыққанда жүзеге асырылады. Активті тануды тоқтатумен байланысты (істен шығарудан түскен таза түсімдер сомасы мен активтердің баланстық құны арасындағы айырма ретінде есептелген) пайда немесе шығындар актив істен шығарылған жылдың пайда мен шығындары туралы есебіне қосылады.

Келесі кестеде жыл соңына негізгі құралдар көрініс тапты:

 

 

Кесте 5 – Жыл соңына негізгі құралдардың қозғалысы

Мың теңгемен

 

  Жер Ғимараттар мен Орынжай-лар Жабдық Басқалары Аяқталма- ған құрылыс Барлығы
Бастапқы құны
2013 ж. 1 қаңтарға 604.085 28.954.417 277.271.980 10.579.104 24.458.446 341.868.032
Түсімдер 37.306 217.083 22.069.787 797.047 17.141460 40.262.683
Аударымдар 20.715 2.637.635 11.302.637 169.003 (14.129.990) -
Істен шығу (3.362) (312.089) (4.707.891) (325.247) - (5.348.589)
Материалдық емес активтерлегі аударымдар   -   -   -   -   (1.321.346)   (1.321.346)
2013 ж. 31 желтоқсанға 658.744 31.497.046 305.936.513 11.219.907 26.148.570 375.460.780
Түсімдер 18.388 266.391 26.025.642 1.379.178 20.130.282 47.819.881
Аударымдар (13.916) 2.200428 16.138.086 144.127 (18.468.725) -
Істен шығу (10.573) (126.034) (3.740.540) (269.451) (24.321) (4.170.919)
Материалдық емес активтерлегі аударымдар   -   -   -   -   (589.995)   (589.995)
2014 ж. 31 желтоқсанға 652.643 33.837.831 344.359.701 12.473.761 27.195.811 (418.519.747)
Жинақталған тозу мен құнсыздану
2013 ж. 1қаңтарға - 6.426.772 117.135.868 5.959.830 24.321 129.546.791
Есептелген тозу - 1.217.092 30.488.336 1.170.882 - 32.876.310
Істен шығу - (81.880) (3.213.879) (2943416) - (3.590.175)
2013ж. 31 желтоқсанға - 7.561.984 144.410.325 6.836.296 24.321 158.832.926
Есептелген тозу - 1.191.069 33.180.284 1.148.267 89.165 35.608.785
Істен шығу - (32.346) (2.962.883) (249.171) (24.321) (3.268.721)
2014ж. 31 желтоқсанға - 8.720.707 174.627.776 7.735.392 89.165 191.172.990
Қалдық құны
2013ж. 1қаңтарға 604.085 22.527.645 160.136.112 4.619.274 24.434.125 212.321.241
2014ж. 31 желтоқсанға 658.744 23.935.062 161.526.188 4.383.611 26.124.249 216.627.854
2014ж. 31 желтоқсанға 652.643 25.117.124 169.731.975 4.738.369 27.106.646 227.346.757
               

 

5-кесте мәліметтері бойынша негізгі құралдардың шоттар корреспонденциясында көрінісі келесідей:

 

Дт Кт Сомасы, мың тг.

Түсімдер 2410 3310 40 262 683

Істен шығу 7410 2410 5 348 589

Кәсіпорынның қаржылық жалдау шарттары бойынша пайдаланатын және негізгі құралдар құрамына енгізілген баланстық құны 22.244.663 мың теңге болды (2013 ж.: 20.241.901 мың теңге). Жыл ішіндегі түсімдерге қаржылық жалдау шарттары бойынша алынған 7.596.073 мың теңге (2013 ж.: 4.175.774 мың теңге) көлеміндегі негізгі құралдар кіреді.

Жалданған активтер тиісті қаржылық жалдау шарттары бойынша қамтамасыз ету ретінде кепілге берілген.

2013 жылғы 31 желтоқсанға 58.951.625 мың теңге сомасындағы негізгі құралдар толық амортизацияланды (2013 ж.: 49.134.335 мың теңге).

 


Дата добавления: 2015-08-17; просмотров: 696 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ақша қаражаттарының, есеп-айырысулар мен міндеттемелер есебі| Еңбекақы есебі және оны төлеу

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)