Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дәріс. БасҚаныҢ мҮддесіне тапсырмасыз іс-Әрекет жасау. КонкурстыҚ міндеттемелер

Мердігерлік шартының жекелеген түрлері | Ылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың мердігерлік шарты. | ТЕМЕЛІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ | ЭКСПИДИЦИЯСЫ | Жолаушылар мен теңдеме жүкті тасымалдау шарты және тасымалдау шартының басқа да түрлері | Дәріс. НЕСИЕ ЖӘНЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ҚАТЫНАСТАРЫ | Дәріс. БАНКІЛІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ | Дәріс. ТАПСЫРМА | Дәріс. САҚТАУ | Комиссия шартының түсінігі мен элементтері |


Читайте также:
  1. Дәріс. БАНКІЛІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТТАРЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ
  2. Дәріс. МҮЛІКТІ СЕНІМГЕРЛІКПЕН БАСҚАРУ
  3. Дәріс. МЕРДІГЕРЛІК
  4. Дәріс. НЕСИЕ ЖӘНЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ҚАТЫНАСТАРЫ
  5. Дәріс. САҚТАУ
  6. Дәріс. ТАПСЫРМА

Біржақты іс-әрекеттерге біржақты мәмілелер - құқықтық іс-әрекеттер жатады. Бұған қоса, құқықтық іс-әрекеттер аясында бірқатар іс жүзіндегі іс-әрекеттерде маңызды болуы мүмкін.

Туындайтын міндеттеменің өзі шарттан тыс болып табылады. Ол тек іс-әрекет салдарының өзінен ғана емес, сондай-ақ заңнамада көзделген белгілі бір салдардың қатар туындауымен пайда болады. Яғни, міндеттеме өмір сүру үшін іс-әрекет жасау мен байланысты қандай да бір іс жүзіндегі өзгерістер ортада орындалу қажет.

Әрекет етуші заңнамаға сәйкес бұл құқықтық қатынас, құқықтар мен мүдделердің бұзылуына жол бермеу үшінші немесе белгілі-бір тұлғаға әкелу мақсатында басқа тұлға іс жүзіндегі немесе заңдық іс-әрекеттер жасайтын жағдайларда туындайды. Бұл орайда, біреудің пайдасына іс-әрекет жасаған тұлға белгілі-бір шығынға ұшырауға тиіс, немесе оның өз құқықтары мен мүдделеріне зиян келтірілуі мүмкін.

Соның салдарынан қосымша, заңмен анықталған талаптар болған кезде, пайдасына іс жүзіндегі немесе заңдық іс-әрекеттер жасалған тұлғаның міндеттемесі туындайды. Сонымен бірге, мұндай міндеттеменің туындау жағдайларынан алшақтайтын болсақ, онда оның мазмұны бір нәрседе тапсырма шартының мазмұнына жакын болатындығын атап өтуге болады, бірақ тапсырма шартынан елеулі ерекшелік болып бұл құқықтық қатынастарда олардың жеке сипаттылығынын болмауы табылады, өйткені пайдасына іс-әрекет жасалған тұлға тарапынан таңдау болмайды. Орын алған жағдайлардың ерекшеліктеріне байланысты, іс-әрекет жасаған тұлға мен міндеттеменің екінші субъектісі оған дейін жеке сенімі ерлік қатынастарда болуы мүмкін, және соған орай соңғысының пайдасына белгілі бір іс-әрекеітерді жасау мүмкін болуы мүмкін. Бірақ жеке сенімгерлік қатынастарда болуы міндетті емес. Сонымен қатар басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекетті кез келген тұлға тіпті кездейсоқ субъект жасай алады.

Міндеттеменің осы түрі тындау үшін пайдасына іс-әрекет жасалаған мүдделі тұлғаның тапсырмасынсыз, өзге де нұсқауынсыз немесе алдын ала уәде берілген келісімінсіз іс-әрекет жасау міндетті болып табылады (ҚР АК 855-бап 1-т.). Жалпылама түрде сол бір немесе өзге іс-әрекеттерді жасау туралы келісімнің болмауы туралы айтуға болады. Аталған норма, борышқор өзіне қандай да міндеттемелерді алдын ала алмаған және алуды да ойламаған жағдайда оның заңдық міндеттеу механизмінің әрекетін шартта енгізуді көздеген. Мысалы, мұндай формула орын алған іс-әрекет ақысыз тапсырма шарты емес, тапсырмасыз қызмет аясында болғанын анықтау міндетін қоюға тиіс. Ақысыз тапсырма шарты бойынша сенім білдірілген өкіл адал ниетсіз болуы да мүмкін. Бас кезінде ол тапсырманы (кәсіпкерлік қызмет аясында емес) ақысыз орындауға келісе отырып артынан негізсіз талаптар қоюы мүмкін. Тапсырма шарты бойынша өзінде сыйақы алуға деген құқықтың болмайтынын біле отырып ол талап арыз беріп өз талабын тапсырмасыз қызмет етуден-мыс туындайтын талап ретінде көрсетуі де мүмкін.

Іс-әрекеттерден тұлғаның жеке басына немесе мүлкіне зиян келтірілуін болдырмау, оның міндеттемесін орындау немесе оның өзге де заңға қарсы емес мүдделері мақсаттарында жасалуға тиіс. Яғни жасалатын іс-әрекеттер іс жүзінде немесе болжамды түрде нәтижелі болып табылады. Оларды жасаудың айқын тиімділігі немесе пайдалылығы анық болуға тиіс. Бірақ алдында айтылған сөзімізге сүйенетін болсақ, осы іс-әрекеттерді тұлға жасай отырып, олардың шын нәтижелігі туралы қателесуі де мүмкін екенін атап өтуге болады.

Жасалатын іс-әрекеттердің негізділігі мен құқықтық маңыздылығы тағы бір критерий болып мүдделі тұлғаның шынайы немесе болжамды ниеттері табылады. Егер баска тұлғалардың мүддесіне жасалатын осындай іс-әрекеттер олардың қызмет мақсаттарының бірі болып табылатын мемлекеттік органдармен жасалатын іс-әрекеттер туралы сөз болып отырса, онда тапсырмасыз әрекет етуден туындайтын міндеттеме орын алмауға тиіс.

Басқаның мүддесіне іс-әрекет жасайтын тұлға алғашқы мүмкіндік туған жағдайда мүдделі тұлғаға бұл туралы хабарлауға міндетті. Бұл талапты сақтамаған кезде, мүдделі тұлғаны хабардар ету мүмкіндігі пайда болғаннан кейін жасалған іс-әрекеттер бойынша гестор мүдделі тұлғадан тиісті өтемақы алу құқығынан айырылады.

Жасалған іс-әрекеттер туралы хабардар еткеннен кейін гестор қисынды мерзім ішінде жасалған іс-әрекеттерді мақұлдайтындығы туралы немесе мақұлдамайтындығы туралы шешімді күтуге міндетті. Алайда егер шешімді күту мүдделі тұлға үшін елеулі залал келтіруі мүмкін болса, гестор жауапты күтпестен мүдделі тұлғаның пайдасы үшін қосымша іс-әрекеттерді де жасай алады. Егер мүдделі тұлғамен берілген жауапта гестордің іс-әрекеті мақұлданбаса немесе жауап берілмесе және жағдайға қарай оны мақұлдау ретінде бағалауға болмайтын болса, онда гестор өзінің одан арғы іс-әрекеттерін тоқтатуға тиіс болады.

Іс-әрекеттер жасаған тұлға оларды мүдделі тұлғаның мақұлдамағандығы белгілі болған соң жасаған бөтен мүдделердегі іс-әрекеттер осы іс-әрекеттер жасаған тұлғаға қатысты да үшінші бір тұлғаға қатысты да соңғысына міндеттер жүктемейді. Қатерге ұшыраған адамның өміріне төнген қауіпті жою мақсатындағы іс-қимылға осы адамның еркіне қарсы жол беріледі. Сондай-ақ тұлға біреуді асырау жөніндегі міндетті осындай міндеті бар тұлғаның тапсырмасынсыз және оның еркіне қарсы орындай алады. Яғни бұл жерде борышқор басқаның мүддесіне жасалатын іе-әрекеттен туындайтын міндеттеме бойынша заңға немесе шартқа сәйкес асырауға міндетті болған тұлғалар туралы сөз болып отыр. Мысалы, гестор өмірлік асыраудағы адамның ауыр жағдайын дұрыс тамақтанбауын суық күндері жылы киімінің жоқтығын көріп оған аяушылық білдіргендіктен тамағын, қажетті киімін беретін болса, артынан гестор өмірлік асырауда ұстауға міндетті болған тұлғаға тиісті талаптармен жүгіне алады.

Жоғарыда сипатталған жағдайға қатысты әрине, басканың мүддесіндесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасаудан туындайтын әдеттегі міндеттемелер сияқты дәл сол категорияларды қолдану, борышқорды мүдделі тұлға деп атау қиын және т.с.с. Бірақ заң шығарушылар осындай жағдайларда басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасаудың да болатындығын ескере отырып, оларды жалпылама белгілеген. Бұған қоса, біздің ойымызша бұл жерде регресстік міндеттемелер механизмі де әрекет етеді (қолданылады).

Егер бұл іс-әрекеттер онын қатысуымен жасалса, мүдделі тұлғаға оның мүддесіне жасалған іс-әрекеттер туралы арнайы хабарлау талап етілмейді. Мұндай іс-әрекеттердің жасалуын қаламайтын мүдделі тұлға оларды мақұлдамайтындығын өзі білдіруге тиіс. Басқаның мүддесіне мәмілелер де жасалуы мүмкін. Базардағы сатушы өзінің қасында тұрған басқа сатушы шыдаттырмайтын тіс ауруына байланысты өз тауарын уақытша қалдырып кеткенде оның тауарын ол үшін тиімді бағамен сатып жіберуі мүмкін. Кейбір жағдайларда басқаның мүддесіне іс-әрекет жасаудан туындайтын міндеттеме басқаның мүддесіне мәмілені кәсіпкердің бизнес бойынша әріптесі жасайтын кезде де туындауы мүмкін. Бұл,егер екі кәсіпкер қызметтесу туралы локалды келісімдер мысалы, бір жөнелтушіден алынған әртүрлі тауарларды бірлесе тасымалдау туралы келісімдер бекіткен болса, орын алады. Солардың бірі екінші кәсіпкердің тауарына қатысты жасалған сату туралы офертаға сүйене отырып, оның тауарын жол бойында оның келісімінсіз бірақ, пайда болатындығын ескере отырып сатып жібере алады. Заңнама сонымен бірге басқаның мүддесіне мәміле жасаудың арнайы салдарын көздейді. Басқаның мүддесіне жасалған мәміле бойынша міндеттер ол осы мәмілені мақұлдаған жағдайда мүддесіне мәміле жасалған адамға ауысады оған міндеттердің ауысуына гестор мәміле жасасқан қарсы тарап өз келісімін беруге тиіс. Егер мәміле жасасу кезінде ол бұл мәміленің басқаның мүддесіне жасалатындығын білген немесе білуге тиіс болған болса, оның келісімі талап етілмейді.

Мәміле бойынша міндеттер мүддесіне осы мәміле жасалған адамға ауысқан кезде соңғысына осы мәміле бойынша құқықтар да берілуге тиіс. Егер мүддесіне іс-әрекет жасалған тұлға оларды мақұлдаса, онда оның гестормен ара қатынасында туындайтын қатынастарға алдағы уақытта тапсырма шарты немесе жасалған іс-әрекеттердің сипатына сай келетін өзге шарт туралы ережелер қолданылатын болады. Сонымен гестордың іс-әрекетін мақұлдаған кезде басқаның мүддесіне тапсырмасыз әрекет етуден туындайтын шарттан тыс міндеттеме тиісті шартқа ауысатын болады. Бұл орайда шарттың заңнамамен талап етілетін нысанын сақтау міндетті емес, мүдделі тұлғаның ауызша мақұлдауы жеткілікті болады. Олар бір уақытта екі құқықтық қатынастарда болады.

Басқаның мүддесіне іс-әрекеттер жасаған адам мүддесіне іс-әрекеттер жасалған адамға есеп беруге міндетті. Бұл міндет тапсырмасыз жасалған әрекеттерге де шарт аясында жасалған іс-әрекеттерге де таралады. Шарт бойынша жасалған іс-әрекеттер бойынша есеп егер, тиісті шарт туралы нормалармен осындай міндет көзделетін болса берілуге тиіс. Есептің мазмұнында түскен кірістер мен жасалған шығындар және өзге де залалдар көрсетілуге тиіс.

Жоғарыда қарастырылған бірқатар талаптар болған кезде және гестор есеп беру жөніндегі міндетін орындаған кезде мүдделі тұлғаның өз міндеттерін орындау кезі туындайды. Оның көлемі заңнамамен анықталады. Міндеттеме тараптары өзара келісім бойынша оны орындаудың тәртібін мерзімдерін және басқа да талап етілетін қырларын нақтылай алады. Оның мазмұны басқаның мүддесіне әрекет еткен тұлғаға залалдарды өтеуді қамтиды. Залалдар басқаның мүддесіне әрекет еткен тұлға жасаған қажетті (артық емес) шығындарды қамтиды. Сондай-ақ залалдар құрамына басқаның мүддесіне әрекет еткен тұлғаның өзге де нақты залалы (алынбаған пайда емес) енгізілуі мүмкін. Мұндай нақты залалға атап айтқанда, егер мүдделі тұлғаның мүлкін құтқару нәтижесінде гестордың денсаулығына зиян келтірілсе, гестордың емделуіне кеткен шығындар жатқызылатын болады. Мүдделі тұлға өзі мақұлдамаған гестордың өз іс-әрекеттерінен туындаған залалдарды өтеуге міндетті емес.

Басқаның мүддесіне жасалған іс-әрекеттер болжанған нәтижеге жеткізбеген жағдайда да қажетті шығындар мен өзге де нақты зиянды өтеу құқығы сақталады. ҚР АК 859-бабының 1-тармағының 2-бөлігі гесторға төленетін сыйақының жоғарғы шегін шектеген. Гестордың қажетті шығындары мен өзге де нақты залалын мөлшеріне қарамастан мүдделі тұлғаның өтемі гестордың іс-әрекетімен құтқарылған сақтап қалынған мүліктің құнынан аспайтын мөлшерде төленуге міндетті. Шарттан тыс міндеттеме шарттық міндеттемеге ауысқаннан кейін тараптардың сыйақы төлеумен байланысты құқықтар мен міндеттері ауысады. Басқаның мүддесіне іс-әрекеттер жасаған тұлғаға мүдделі тұлғаның мақұлдауын алған соң жасаған іс-әрекеттерге байланысты келтірілген шығындар мен өзге де залалдар тиісті түрдегі шарт туралы ережелер бойынша өтеледі. Егер гестордың іс-әрекетінің салдарынан мүдделі тұлға пайда (кіріс) тапса, онда ол гестордың залалдарын өтеумен қатар оған сыйақы да төлеуге міндетті болады. Оның мөлшері мүдделі тұлғаның пайдасына сүйене отырып анықталатын болады.

Егер мүдделі тұлғамен гестор арасында бұл туралы келісімге қол жеткізілсе, сыйақы төлеу мүдделі тұлғаның пайда көруіне қарамастан барлық жағдайларда мүмкін болады. Гестордың іс-әрекеттері оң нәтижеге алып келетін және іскерлік айналым дағдылары сыйақы төлеуді көздейтін жағдайларда да сыйақы төленуге тиіс. Осы айтылғандарды қорытындылай келсек, басқаның мүддесіне тапсырмасыз әрекет ету салдарынан туындайтын міндеттеме деп – гестордың қалыптасқан жағдайларда орынды түрде жүзеге асуын ескерумен оларды болжамды пайдалылығы мен нәтижелігіне сүйене отырып жасалған біржақты іс-әрекеттерінен туындайтын міндеттемені түсінеміз. Ол мүдделі тұлғаның (пайдасына іс-әрекеттер жасалған адам) немесе заңнамада көрсетілген өзге де тұлғаның гесторға залалдарды өтеу ал заңнамамен тараптардың келісімімен немесе іскерлік айналым дағдыларымен көзделген жағдайларда оған сондай-ақ сыйақы төлеу міндетін қамтиды.

Біреуге қатысты іс-әрекеттер жасау әрқашан да оңды нәтижеге жеткізбейді, іс-әрекет әрқашан да орын алған жағдай мен тұлғаның болжамды ниеттерімен жетеленбейді, ол әр уақытта оның пайдасы немесе мүддесі үшін жасалмайды. Бұған қоса, адам беру үшін іс-әрекет жасай отырып, оның құқықтары мен мүддесіне зиян келтіруі де мүмкін. Мысалы, адам өміріне оның қандай да бір ауруының асқынуына байланысты жол бойына қауіп төнген кезде оның қасындағы жол серігі оған көмектесіп, ауруын жеңілдету мақсатында оның тамыр ішіне дәрі енгізуі мүмкін. Дәрінің әсер ету эффектісін білмегендіктен ол ауру адамның жағдайын ұшықтырып жіберуі де мүмкін. Осындай мүмкіндікті ескере отырып, 863-бап басқаның мүддесіне жасалған іс-әрекеттермен келгіріліен зиянды өтеу туралы норманы қамтыған.

Басқаның мүддесіне жасалған іс-әрекеттермен келтірілген зиян мүліктік зиянды және мүліктік емес залалды өтеудің жалпы ережелері бойынша өтеледі.

Егер тұлға басқаның мүддесіне іс-әрекет жасай отырып, өз әрекеттерімен басқа тұлғаны негізсіз байытса, онда соңғысы негізсіз баю міндеттемесі бойынша бірінші тұлға (басқаның мүддесіне іс-әрекет жасаған) алдында міндетті болады. Мұндай міндеттеменің негізі болып басқаның мүддесіне тапсырмасыз әрекет етуден туындайтын міндеттемелер негіздерімен шектес жағдайлар табылады. Яғни, мұнда басқаның мүддесіне әрекет ету қажеттілігі іс жүзінде болмаған жағдайлар туралы сөз болып отыр. Бұл орайда сол бір немесе өзге себептерге байланысты (қасақана емес, өз әрекеттерінің қажет емес екенін білмей) субъект басқаның мүддесіне іс-әрекет жасап, шығынға ұшырауы мүмкін. Әрине, өзіне қатысты іс-әрекет жасалған тұлға іс-әрекеттердің пайдасыздығына сүйене отырып, басқаның мүддесіне іс-әрекет жасаған тұлғаның залалдарын өтеуден бас тартуы мүмкін. Алайда, егер бірінші тұлға қандай да бір мүлікті соңғысының есебінен иеленсе немесе сақтап қалса, ол осы мүлікті қайтаруға міндетті болады. Іс жүзінде басқа тұлғаның мүддесіне әрекет ете отырып, оның өз мүдде үшін әрекет еттім деп болжамдауы да орын алған жағдайды өзгертпейді.

 

Конкурстық міндеттемелер. Конкурстық міндеттемелер біржақты іс-әрекеттерден туындайтын міндеттемелердің тағы бір түрі болып табылады. Оларда шетелдік мемлекеттердің жеке құқығында квази келісім-шарттық деп аталатын міндеітемелердің белгілері жақын көрініс тапқан. Осы айтылған сөз, жоғарыда қарастырылып өткен басқаның мүддесіне тапсырмасыз әрекет етуден туындайтын міндеттемелерге де қатысты.

Қазақстан Республикасының міндеттемелік құқығында топтастырудың мұндай негізі қолданылмайды, алайда квази келісім-шарттық міндеттемелерді атап өту конкурстық міндеттемелерді дұрыс түсінуге және бағалауға мүмкіндік береді. Олардың кейбіреулері шарттық міндеттемелерге өте ұқсас, өйткені конкурстық міндеттемелер қатысушылардың еріктерін іс жүзінде келістіру алдағы уақытта бәрібір орын алады, бірақ заңнама сол бір немесе өзге нысанда конкурсқа бастамашылдық білдірген субъектінің еркіне ғана және егер оның ерік білдіруі құқықтық қатынастың негізі ретінде жеткілікті болса, басымды құқықтық маңыз береді.

Қалған субъектілердің еркі есте ұсталады және олар көмекші маңызға ие болады (олардың міндеттемелерге қатысуы, бірқатар жағдайларда олармен конклюденттік іс-әрекеттерді жасаумен қамтамасыз етілуі мүмкін, алайда олардың белсенді іс-әрекеттерді де жасауды, конкурстың барлық талаптарын сақтауы жоққа шығарылмайды).

Осы міндеттемелердің мазмұны конкурстық тапсырма бойынша конкурсанттардың әдетте борышқорлармен бірқатар азаматтық-құқықтық шарттарды мердігерлік тапсырма, комиссия және т.б жасалатын іс-әрекеттерді қамтуы мүмкін. Конкурсант-тардың заңдық қылықтарды – ғылым, әдебиет және өнер туындысын жасауы жоққа шығарылмайды.

Бірінші жағдайда конкурсанттармен конкурсты жария еткен субъектінің пайдасына заңдық маңызы бар іс-әрекеттерді іс жүзінде жасау туралы емес, сол конкурсты жария еткен тұлғамен өз талаптарын сақтаудың орнына өздерінің заңдык міндеттеуге дайын екендігі туралы сөз болып отыр. Егер конкурсанттардың қайсібірімен іс-әрекеттер жасалса (жұмыс орындалса, тауарлар берілсе, қызметтер көрсетілсе) және конкурс жария еткен тұлға оны қабылдаса (олармен келіссе) және соңғысының мүліктік аясы конкурсант іс-әрекеттерінің салдарынан белгілі бір игіліктермен толықса, онда тараптардың ара-қатынасына белгілі бір шарт туралы ережелер қолданылуға тиіс.

Конкурс жария еткен шарттарды бекітуге қатысты тұлға оферталар жасауды ұсынуды және өзіне ең жақсы жағдайлары бар офертаға қосылу міндеттемесін алады. Ғылым, әдебиет және өнер туындыларын жасауға конкурс жария еткен кезде, нақты іс-әрекеттерді жасау талап етіледі. Конкурстық міндеттемелердің көмегімен тараптардың ара қатынасы және қажет болған кезде шарттар мен интеллектуалдық меншіктің әртүрлі обьектілерін жасаудан басқа өзге де заңдық маңызы бар іс-әрекеттер реттелуі мүмкін.

Конкурстық міндеттемелер туралы нормалар ҚР Азаматтық кодексінің "конкурстық міндеттемелер" деп аталатын 46-тарауында (910-914-баптар) қамтылған. Аталған баптардың нормаларымен сыйақы беруге көпшілік алдында уәде беруден туындайтын конкурстық міндеттемелер және саудаластық негізінде (тендерлер, аукциондар) туындайтын міндеттемелер реттеледі. Конкурстық міндеттемелер Қазакстан Республикасының өзге заң актілерімен де реттелуі мүмкін. Біз Қазақстан Республикасының 16 мамыр 2002 жылғы "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңын атап өткен болатынбыз. Сондай-ақ, міндеттемелердің аталған түрлері үшін маңызды болып табылатындардың қатарын Қазақстан Республикасы Президентінің 23 желтоқсан 1995 жылғы "Жекешелендіру туралы заң күші бар Жарлығы және басқа да бірқатар заңды актілер кіреді.

Конкурстық міндеттемеде оның бастамашысы оның пәнін,. сондай-ақ конкурстың бастапқы шарттарын өзі немесс заңнама талаптарына сәйкес анықтайды. Ол осының негізінде тұлғалардың белгісін немесе белгілі бір тобына оған қатысуға ұсыныс жасайды және конкурстың жеңімпазына белгіленген сыйақы төлеуге және (немесе) онымен конкурстық міндеттемелердің мазмұнына сәйкес шарт жасауға міндеттенеді.

Конкурсқа қатысу туралы ұсынысты конкурстық бастамашысы тікелей өзі немесе конкурстық делдал – ұйымдастырушысы арқылы жасауы мүмкін. Конкурсты ұйымдастыру тәсіліне қарамастан ол бойынша міндеттеме конкурстың бастамашысында пайда болады. Делдал мен бастамашының құқықтары мен міндеттері олардың арасындағы шартпен анықталады, ол шарт, өз кезегінде, табиғаты жағынан комиссия немесе тапсырма шарты болады. Конкурс ашық болуы мүмкін. Ол бойынша конкурс бастамашысының конкурсқа қатысу туралы ұсынысы барлық тілек білдірушілерге арналады. Мұндай ұсыныс баспасөз немесе өзге де бұқаралық ақпарат құарыл арқылы хабар жолдаумен жасалады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдіруші тұлғаларға алдын ала іріктеу жүргізгенде ашық конкурс оған қатысушылардың біліктілігімен байланыстырылуы мүмкін. Ашық конкурсқа қарағанда, конкурсқа қатысуға шақырған ұсыныс конкурс бастамашысының таңдауы бойынша тұлғалардың белгілі бір тобына жалданғанда жабық конкурс жариялануы мүмкін.

Сыйақыға жария уәде беру. Жоғарыда атап өткеніміздей, міндеттеменің бір түрі болып сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттеме табылады. Мұндай міндеттеме де бөлінеді. Сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттеме тұрмыстық аяда пайда болуы мүмкін. Кейде азаматтар өздеріне тиесілі заттарды (құжаттарды, үй-жануарларын және т.с.с.) жоғалтып алып, оларды іздеп тауып өздеріне қайтаруға талпынады. Соған орай азаматтар оларды қайтаруға үміттене отырып бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе хабарлама ілуге арналған арнайы тақтайшаларда хабарламсы бар жария етеді. Азаматтардың осындай іс-әрекеттерінің салдарынан сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттемелер пайда болуы мүмкін. Олардың пайда болу талаптары мен элементтерін қарастырып өтейік.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөлімін қабылдаумен байланысты аталған қатынастар тек конкурстық міндеттемелер туралы нормалармен ғана емес, сонымен қатар тікелей олжа туралы (АК 245-6) нормалармен де реттелуі мүмкін. Кеңестік азаматтық құқықтың әрекет ету кезеңінде олжа табу мен затты тапқан адаммен оны қайтару кезіндегі тараптардың ара қатынастарын реттеу үшін ұқсастыру бойынша конкурстық міндеттемелер туралы нормалар қолданылды және олжа тапқаны үшін сыйақы төлеу тек соған сәйкес сыйақы алуға деген тікелей құқық туындамаған болатын. Енді, жоғарыда айтылғанға сүйене отырып, біз міндеттемелер сыйақыға жария уәде беру туралы норманың затын екінші тұлғамен тауып алуға байланысты тараптардың құқықтық қатынастарының аясында да туындай алады.

Егер еске түсірер болсақ, 245-баптың 6-тармағына сәйкес затты тауып алған тұлға затты алуға заңды құқығы бар адамнан зат құнының отыз пайызы мөлшерінде сыйақы алуға құқылы. Бұл заң нұсқауына орай туындайтын міндеттеме. Затқа онын меншік иесі немесе өзге де құқық иесі сыйақы беруге уәде бере алады. Бұл орайда сыйақының ескертілген мөлшері заңда көрсетілген мөлшерден кем болуы да мүмкін. Егер затты тауып алған тұлға сыйақының уәде етілген мөлшерімен келіспесе, онда ол не жоғарыда аталған норма негізінде онымен құқықтық қарым-қатынасқа түсе алады, не аз мөлшердегі сыйақыны алуға келіседі (конкурстық міндеттеме түзуге). Егер зат тек оның меншік иесі үшін ғана қызығушылық тудыратын болса, онда сыйақы мөлшері тікелей сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттеменің талаптарымен анықталатын болады. Сыйақының нақты мөлшерінің көрсетілмеуі маңызды емес. Мұндай жағдайларда ол сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттеме бойынша тараптардың қосымша келісімімен белгіленетін болады, егер келісімге қол жеткізілмесе, онда сот тәртібімен анықталады.

Олжа табу кезінде сыйақыға жария уәде беруден туындайтын міндеттеме туындау үшін сыйақы беру уәдесінің жария болуы кажет. Жариялылықтың басты белгісі болып адамдардың белгісіз тобына жүгіну табылады. Сондай-ақ мұндай жүгіну сыйақыға уәде берген субъектіні айқындауға мүмкіндік беруге тиіс. Кейбір осыған ұқсас жағдайларда да міндеттеме туындау мүмкін. Мысалы, қылмыскер туралы ақпарат бергені үшін сыйақы беруге уәде етіледі. Сыйақыға уәде берген тұлға оны төлеуді өз пайдасына, өз мүддесіне мүліктік және (немссе) мүліктік емес сипаттағы іс-әрекеттерді жасаумен шарттай алады. Сыйақының өзі бұл орайда әрқашан мүліктік (ақшалай немесе заттай) нысанда болуға тиіс.

Жоғарыда қарастырылып өткен осы жағдайлар конкурс туралы нормаларды ұқсастық бойынша қолдануға қатысты. Ал сыйақыға жария уәде беруден туындайтын конкурстық міндеттеме өз қолданысы көрініс табатын белгілі бір аяларға ие. Олар ҚР АК-ң 910, 911 және 912-баптарының нормаларына толык көлемде жүзеге асырылуына мүмкіндік береді.

Конкурстық міндеттемелердің көмегімен мәдениет, ғылым, білім ұйымдарының мемлекеттік органдар, коммерциялық құрылымдар, қоғамдық бірлестіктер алдында тұрган әртүрлі мәселелер шешімін табады. Кейбір жағдайларда конкурс конкурсанттардың өз мүдделері, яғни оларды ынталандыру, қолдау және т.б. үшін ұйымдастырылады. Конкурс арқылы интеллектуалдық меншік объектілерін (оларға басым түрде әдебиет, ғылым және өнер туындылары жатады) құру қажеттіліктері жиі қанағаттандырылады.

Конкурстық негізде әртүрлі бағдарламалар (аймақтарды дамыту, қала құрылысы, жастармен жұмыс істеу және т.с.с.) жасала алады. Конкурстық міндеттемелердің ерекшелігі - олар заңнаманың тек жалпы талаптарын ғана ұстануға міндетті. Конкурстық нақты шарттары мен оның мақсаты, пәні (құқық қайшыларын қоспағанда) тұтастай және толығымен конкурс ұйымдастырушыларымен анықталады. Сонымен қатар, сыйақыға жария уәде беру міндетті түрде тапсырма мәнісін, нәтижелерді ұсыну белгілері мен тәртібін, сыйақы мөлшері мен нысанын көздейтін шарттарды қамтуға тиіс. Конкурстың шарттары нәтижелерді жария етудің тәртібі мен мерзімдерін де көздеуге тиіс.

Бастамашы конкурсты ұйымдастыру кезінде өзінің жария хабарламасына сәйкес өзіне жұмысты жақсы орындағаны немесе өзге де нәтижелерге қол жеткізгені үшін ақшалай немесе өзгеше нысанда сыйақы төлеу туралы міндеттеме алады. Яғни, ол барлығына емес, тек аталған талаптарға сай келетін тұлғаға ғана төленеді. Орын алған жағдайға қарай бұл ережелер біршама өзгеруі де мүмкін, мысалы, егер конкурстың ұйымдастырушылары сыйақы төленетін бірнеше номинация көздеген болса.

Сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемені орындау конкурс шарттарына сәйкес жүргізіледі. Оны төлеу тәртібін конкурстық міндеттемеде тікелей реттеу, әрине, орын алмайды, ол ақшалай немесе өзге де мүліктік міндеттемені орындаудың жалпы ережелеріне сәйкес анықталатын болады, бірақ оны орындау мерзімі аса маңызды болып табылады. Сыйақы төлеу туралы шешім және оны іс жүзінде төлеу уәдеде белгіленген мерзімдерде қабылдануға және жүзеге асырылуға тиіс.

Сыйақыға жария уәде беру бойынша өз міндеттемелерін орындаған конкурс бастамашысы, егер сыйақыға жария уәде беруде өзгеше белгіленбесе, туындыны жасаушымен оған қаламақы төлей отырып, оны пайдалануға шарт жасауға басымды құқық алады. Яғни белгілі бір шамада конкурсқа қатысу конкурстантты да міндеттейді. Ол ұсынылған талаптарға алдын ала келісім береді және сондықтан ол жасаған туындыны пайдаланғаны үшін сыйақы азайтылуы мүмкін немесе автор конкурс бойынша сыйақыны алып қойғанына байланысты белгілі бір кезеңде мүлдем төленбейді. Мұндай жағдайларда тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтай отырып, сыйақыға жария уәде беру шарттарына, сондай-ақ интеллектуалдық меншік объектілерін жасауға байланысты қатынастарды реттейтін заңнамаға сүйену керек.

Сыйақы туралы жария уәде берген тұлға, егер конкурс шарттарында өзгеше көзделмесе, сыйақы тағайындалмаған жұмыстарды олардың жасаушыларына қайтарып беруге міндетті. Жұмыстар қайтарылмайтын жағдайда, конкурстың ұйымдастырушылары авторлардың айрықша құқықтарын сақтамайынша оларды пайдалануға құқылы емес. Сыйақы төлеу туралы жария хабарлама берген жеке тұлға немесе ұйым дәл сондай нысанда берілген уәдеден бас тартуға құқылы. Егер бұл конкурс шарттарында тікелей ескертілсе, олардан бас тартуға жол берілмейтіндігі айқын көрсетілсе немесе сыйақы уәде етілген іс-әрекеттерді жасау үшін белгілі бір мерзім берілген болса, бас тартуға жол берілмейді.

Жария уәдеден бас тартуға үн қоскан адамдардың ен болмағанда біреуі хабарламада көрсетілген іс-әрекеттерді орындап қойған кезде де жол берілмейді. Өз уәдесінен бас тартқан субъект хабарламада көзделген іс-әрекеттерді жасаған кез келген үн қосқан тұлғаға іс-әрекеттер жасауға байланысты көтерген шығындарын өтеуге міндетті. Аталған ережені конкурс бастамашысы үшін белгіленетін жауапкершіліктің санкциясы ретінде қарастыруға болады. оның мөлшері бұл жағдайда конкурстанттардың нақты залалдарымен шектеледі. Сонымен қатар барлық жағдайларда өтемнің мөлшері хабарландыруда аталған сыйақыдан аспауға тиіс.

Конкурстың күші жойылмайтын ал конкурсант сыйақы алуға лайық болмайтын кәдімгі жағдайларда оның шығындары өтелмейді. Сыйақыға жария уәде беруге лотереялар, тотализаторлар және өзге де ойындар өткізу де жатады. Конкурс бұл жерде басқа маңызға ие, үміткерлерді іріктеу кездейсоқ негізде жүзеге асады жәме лотереяларды тотализаторлар мен өзге де ойындарды өткізген кезде конкурстық міндеттемелердің шарттан тыс табиғаты неғұрлым айқын көрініс табады.

Бұл конкурстық міндеттеме субъектілік құраммен ерекшеленеді. Лотереялардың тотализаторлардың, ойындардың ұйымдыстырушылары болып уәкілетті органдар (немесе олардың өкілдері) арқылы мемлекет немесе әкімшілік аумақтық бөлініс не уәкілетті мемлекеттік органнан лотереялар, тотализаторлар мен тәуекелге негізделген басқа да ойындар өткізуге лицензия алған субъектілер табылады. Лотереялардың (тотализаторлардың, ойындардың) ұйымдастырушысы ретінде субъектілердің соңғы аталған тобы қатысқан кезде лотереяларды, тотализаторларды ойындарды өткізуден туындайтын міндеттеме кәсіпкерлік те болып табылуы мүмкін.

ҚР АК 913-бабында сөз болып отырған лотереялар, тотализаторлар немесе өзге де ойындар тәуекелге негізделген. Оларға қатысу жөніндегі ұсыныс әр уақытта адамдардың белгісіз тобына арналады. Аталған баптың 1-тармағында лотереялық билет, түбіртек немесе өзге құжат берумен рәсімделетін және ойынға қатысушы лотереялық билеттің құнын немесе ойынға қатысудың өзге төлемін төлеген кезден бастап жасалған боп танылатын шарт туралы айтылған. Мұндай шарттың болуы конкурстық міндеттеменің пайда болуының тек бір ғана алғышарты болып табылады. Шарт ойынға қатысу үшін қатысушының төлем енгізуіне және оны ойынға қатысуға ойындардың ұйымдастырушысымен жіберуге (қажетті акпаратты, толтыру карточкалары және т.б. беруге) қатысты тараптардың құқықтары мен міндеттерін бекітеді.

Ойындарды ұйымдастырудан туындайтын міндеттеменің өзі ойынның қатысушысы сол бір немесе өзі де ойын (лотерея тотализатор) бойынша ұтыскер критерийлеріне (ұтыскердің сол бір немесе езге категорияларына) сай келген жағдайда ғана туындайды.

Лотереяларды өткізу шарттары жалпылама түрде заңнамамен анықталады. Лотереялардың, ойындардың, тотализаторлардың нақты шарттары ұйымдастырушылардың өздерімен анықталатын болады.

Ұйымдастырушы міндеттемесінің мәнісі мынада: лотерея, тотализатор немесе өзге де ойындар өткізу шарттарына сәйкес ұтыскер болып танылатын адамдарға ұйымдастырушылар ойындарды өткізудің шарттарында көзделген мөлшер мен нысанда ақшалай немесе заттай) ұтысты төлеуге тиіс. Ұтысты төлеу мерзімдері ойындардың шарттарымен анықталуға тиіс. Егер мерзім көрсетілмесе ұтыс ойындардың нәтижелері шыққан кезден бастап он күннен кешіктірілмей төленуге тиіс. Егер ойындардың ұйымдастырушысы ұтысты төлеу жөніндегі өз міндетін орындамайтын болса, онда оларды ұтып алған қатысушы оған ұтысты төлеуді, сондай-ақ өзіне келтірілген залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.

Заңнама ережелеріне сәйкес, тиісті органдардың бақылауымен лотереяларды, тотализаторларды және өзге де ойындарды ұйымдастырудан туындайтын міндеттемелерден жекелеген азаматтар мен заңды тұлғалар арасында ойындар мен бәстесуді өткізуге және оларға қатысуға байланысты туындайтын міндеттемелерді ажыратқан жөн. Әрекет етуші заңнамада ойындар мен бәстесуден туындайтын талаптардың пайда болу мүмкіндігі танылады. Бірақ оларды осы құқықтық терминнің толық мағынасында міндеттемелер деп атауға да болмайды. Осы "міндеттемеден" туындайтын талаптар сот тарапынан қорғалуға жатпайды және соған орай, оларды орындау "борышқордың" еркіне қалдырылады.

Тендер, аукцион. Тендерден немесе аукционнан туындайтын конкурстық міндеттемелерге сәйкес оларды өткізудің бастамашылары оларға қатысу жөніндегі ұсынысты қабылдаған тұлғаларға сыйақы төлеуге міндеттенбейді. Ұйымдастырушылар жеңімпаз болып табылған (қойылған барлық талаптарға сай келетін) субъектімен шарт жасауға міндеттенеді. Бұл өз нәтижесінде жеңімпазға мүліктік пайда (немесе олардың мүддесін өзгеше қанағаттандыру) алып келуге тиіс. Тендер нысанында саудаластық өткізген кезде оның бастамашысы өзі ұсынған бастапқы шарттардың негізінде тендер бастамашысы үшін шарттың ең жақсы талаптарын ұсынған тендер қатысушысымен шарт жасасуға міндеттенеді. Бұл орайда бастамашы өзін ненің қызықтыратынына қарай, яғни басқаның тауарларын жұмыстары мен қызмет көрсетулерін иеленуге немесе өз тауарларын жұмыстары мен қызмет көрсетулерін сатуға байланысты әртүрлі мазмұндағы шарттар бекіте алады. Яғни ол сатушы, сатып алушы, мердігер, тапсырыс беруші, атқарушы, жалға беруші, жалға алушы және т.б. болуы мүмкін.

Тендерлік міндеттеме туындау үшін күрделі заңдық құрылым қажет. Атап айтканда:

- жария етілген талаптардың негізінде оған қатысуға адамдардың белгісіз тобын шақыруға арналған тендер бастамашысының ерік білдіруі;

- тендерге қатысатын тұлғалардың ерік білдіруі талап етіледі.

Соңғы аталғандардың ерік білдіруі заңнамамен белгіленген нысанда жүзеге асады. Олар тендер шарттарында белгіленген мерзімнің шегінде, тендер бастамашысына (ұйымдастырушысына) тендермен ұйғарылған барлық құжаттаманы қоса бере отырып, өз ұсыныстарын жазбаша түрде жібереді. Тендердің шарттарында ұсыныстарды желімдеген конверттермен және девиздермен жіберу көзделуі мүмкін.

Егер тұлға ұсыныстарды беру мерзімін бұзса, онда бұл мерзімді өткізіп алған тұлғаны тендерге қатысушылардың қатарынан шығаруға әкеп соғады. Тендер бастамашысының (ұйымдастырушы) шешімі бойынша оның жазбаша хабарламасымен ұсыныстарды беру мерзімін өткізіп алған тұлға тендерге қатысуға жіберілуі мүмкін.

Тендер шарттарымен тендерге қатысатын әрбір қатысушының кепілдік жарна енгізу міндеті көзделуі мүмкін, Ол тендер қорытындылары шығарылғаннан кейін қатысушыларға (жеңімпаз болмағандарға) қайтарылуға тиіс. Егер тендерге катысушы тендердің мерзімі өткенге дейін өз ұсынысынан бас тартса немесе оны өзгертсе, кепілдік жарна қайтарылмайды. Жеңімпаз өз ұсыныстарына жауап беретін жағдайларда тендер бастамашысымен тиісті шарт жасаудан бас тартқан жағдайда да кепілдік жарна жеңімпазға қайтарылмайды. ІІІарт жасасқан кезде кепілдік жарна жеңімпаздан шарт бойынша тиесілі төлемнің есебіне жатқызылатын болады.

Тендерге қатысушылардың арасынан оның жеңімпазын таңдауды тендер бастамашысы немесе ол құрған тендер комиссиясы жүргізеді. Тендер шарттарына қарай жеңімпазды таңдау ашық не жабық тәртіпте жүргізілуі мүмкін. Егер тендерге қатысушылар екеуден аз болса немесе тендерге қатысушылардың ұсыныстарын оның бастамашысы тендердің талаптарын қанағаттандырмайды деп таныса, оның бастамашысы тендерді өткізілмеген деп тануы мүмкін. Онда оны өткізу құқықтық маңызға ие болмайды.

Тендердің жеңімпазымен оның бастамашысы тиісті шарт жасасуға міндетті. Егер соңғысының шарт жасасудан бас тартуы орын алса онда тендердің жеңімпазы өзіне келтірілген залалдарды өтетіп алуға құқылы.

Аукцион да, тендер сияқты саудаластық жүргізудің ерекше нысаны болып табылады. Аукцион оның ұйымдастырушысының ал бірқатар жағдайларда пайдасына аукцион өткізілетін үшінші тұлғалардың мүдделерін барынша ескеруге мүмкіндік береді. Аукционнан туындайтын міндеттемеге сәйкес, конкурстық сауда-ластық нәтижелері бойынша сатушы аукционның затын ол үшін не-ғұрлым жоғары баға ұсынатын аукцион қатысушысына сатуға міндеттенеді.

Аукционның пәні болып азаматтық айналымнан шығарыл-маған кез келген қозгалатын немесе козғалмайтын мүлік табыла алады. Бұған қоса, аукциондарда интеллектуалдық меншік объектілеріне деген құқықтар, импорттық, экспорттык және өзге де квоталар мен лицензияларды қоса алғанда, шарттар бойынша және мүліктік құқықтар сатыла алады. Аукцион сатушымен бастапқы кезде жария етілген бағаны көтеру шарттарында ағылшын әдісі бойынша, не бағаны түсірумен голландық әдіс бойынша өткізілуі мүмкін. Бағаны төмендетуге өткізілетін аукционның шарттарымен минималды баға (ең төменгі баға) көзделуі мүмкін. Яғни аукцион пәнінің сатылу бағасы осы төменгі бағадан ары қарай төмендетілмеуге тиіс.

Аукционға қатысу туралы ұсыныстар аукцион пәні туралы мәліметтерді қамтуға, сондай-ақ сол бір немесе өзге сатып алушы қандай аукциондық, саудаластыққа қатысқысы келетінін нақты анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір сатып алушы, егер аукционды өткізудің шарттарында өзгеше белгіленбесе, аукцион басталғанға дейін аукционга қатысуға өтініш беруге және кепілдік жарнаның белгіленген сомасын енгізуге тиіс.

Егер аукционға кемінде екі сатып алушы қатысса, ол өткізіле алады. Егер аукционныц затын сатып алушылардың (қатысушылардың) бірде бірі сатып алғысы келмесе, бастапқы баға төмендетілуі (арине егер ол белгіленсе төменгі шекке дейін) немесе аукционның заты осы аукционнан алып тасталуы мүмкін. Егер аукцион шарттарында өзгеше белгіленбесе, аукцион міндеттемесіне сүйене отырып ең жоғары баға ұсынған аукционға қатысушымен оған аукционның затын сату туралы шарт жасалуға тиіс.

Егер сатып алушы шартты жасасудан бас тартса, ол аукционға қатысушылардың қатарынан шығарылады, оған кепілдік жарна қайтарылмайды. Сатып алушы сатып алудан бас тартқан аукционның заты қайтадан саудаластыққа шығарылуы мүмкін. Егер тұлға аукционға қатысып онда ештеңе сатып алмаса оған кепілдік жарна қайтарылуға тиіс. Аукционның қандай да болсын затын сатып алған тұлғаға кепілдік жарнасының сомасы төленген сатып алу бағасының есебіне есептеледі.

 

 


Дата добавления: 2015-08-02; просмотров: 1582 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәріс. МҮЛІКТІ СЕНІМГЕРЛІКПЕН БАСҚАРУ| ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕР 1 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.024 сек.)